Кіріспе
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда
сапалы және терең білім алуын шығармашылықпен жұмыс істеуін,
жылдам ойлауға қабілетті көздейді. Бұл жинақта оқушылардың іс
әрекетінің сипатқа ие болуын үйрететін математикалық есептерді
шығарудың мәні зор. Шығармашылық есептер оқушылардың ой
қызметінің шектеусіз қозғалыста болуын қамтамасыз етеді.
Оқушылардың өмір құбылыстарын танып, білуге талпындыратын ой
өрісін, қиялын кеңейтеді, есептеу дағдыларын қалыптастырады. Ойын
есептері арқылы балалардың математикалық ұғымдары кеңейіп, ойлау
қабілеттері артады. Әр түрлі жұмбақ есептер, сөзжұмбақтар, әріпті
есептер, әзіл есептер, өлең есептер, математикалық викториналар,
санамақтар, жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер оқушылардың
қызығушылығын туғызып, оларды сергітеді, оқуға ынтасын арттырады.
Логикалық есептер оқушыны ойлауға, қиялдауға, ұстамдылыққа,
еңбектене білуге тәрбиелейді. Тек логикалық тапсырмаларды жиі
орындайтын балалар ғана тез шешімге келеді, бағдарлама
материалдарын оңай, терең игереді. Жинақта қамтылған тапсырмалар
оқушылардың есептерді шығару, қабылдау, есте сақтау, көз алдына
елестету қабілеттерін, назарды дамытуға, логикалық жанжақты
ойлаудың интеллектуалдық функциялар мен ой өрістерінің қалыптасуына
ықпал етеді, қажетті машықтық пен біліктілікті дамытуға
көмектеседі. Абстрактілі ойлау деңгейі олардың ой қорытып, логикалық
ойлау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Математикалық
тапсырмаларды орындау үрдісінде оқушылардың шығармашылық
қабілеті, жеке тұлғаның бойына қалыптасады.
Тапсырмалардың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес,
талапқа сай өз дәрежесінде беріледі.
Жинақта төмендегідей тапсырмалар қамтылады:
1 арифметикалық амалдарды орындауға арналған тапсырмалар
геометриялық мазмұндағы және кеңістік туралы түсініктерге
арналған тапсырмалар
логикалық есептерді шешуге арналған тапсырмалар
сандық заңдылықтарды анықтауға арналған тапсырмалар
жиынмен жұмыс жүргізуге арналған тапсырмалар
логикалық ой қорыту
математикалық жұмбақтар: сиқырлы фигуралар, фигуралардан
белгілі бір затты құрастыру және қызықты қоршаулар
Бағдарламаны оқыту барысында ана тілі, қазақ тілі, дүниетану
пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.
Бұл жаттығулар жинағы оқушының ақыл – ойын, интеллектуалдық ерік
пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсуге бағытталғандықтан, үлгі
ретінде ұсынылады.
2 сынып оқушыларының ойлау ерекшелігіне, танымдық іс әрекетке,
өздігінен білім алуға, математикалық білімін өмірде қолдануға негізделген
жаттығулар 5 – 6 тапсырмадан 34 сабаққа іріктелініп алынған.
Әр сабақтың мақсаты белгіленген. Жаттығулар жүйелілік тәртіпке
бағынғандықтан, сабақтардың берілу тәртібі сақталуы шарт.
2 І.Математикалық ұғымдар 9сағат
1.Тақырыбы: Сандарды оқу, жазу, салыстыру
Мақсаты: Оқушылардың есептеу дағдысын жетілдіру. Оқу, жазу,
салыстыру элементтерін дамыту.
№ 1.Сандарды өсу ретімен жаз:
1
2
5
8
10
40
70
10
0
№ 2. >; < ; = таңбаларын жаз:
1 дм 10 см 1 дм 40 см 5 дм 3 см 53 см
10 дм 10 см 6 дм 1 м 87 см 8 дм 6 см
№ 3. Есепті шығар.
Гүлназ 3 шелек алма және 4 шелек өрік терді. Гүлназ барлығы неше
шелек жеміс терді?
№ 4. Өрнектің мәнін тап
5 + 2 = 50 + 20 = 4 + 5 = 40 + 50 =
2 + 5 = 20 + 50 = 5 + ... = 50 + 40 =
7 – 5 = 70 – 50 = 9 – 4 = 90 .... =
7 – 2 = 70 – 20 = 9 ... = 90 – 50 =
3 № 5. Цифрмен жаз
3 онд. 2 бірл =
6 онд. 8 бірл =
5 онд. 7 бірл =
7 онд. 1 бірл =
8 онд. 6 бірл =
9 онд. 4 бірл =
№ 6. «Кері сөздер»
Сен ойла, ол сөзді кері оқысаң жаңа сөз шығатын болсын. Мысалы: қал –
лақ,
2.Тақырыбы: Ауызша қосу, азайту
Мақсаты: Оқушыларға ауызша қосу және азайту тәсілдерін меңгерту,
ойлау қабілеттерін жетілдіру, зейіндерін дамыту.
№ 1. Жаз:
А) Бір таңбалы сандарды кему ретімен.
Ә) Толық ондықтарды өсу ретімен
№ 2. Салыстыр:
20 + 2 * 13 + 9 4 дм 5 см * 4 дм 8 см
82 – 80 * 30 – 2 6 дм 5 см * 4 дм 9 см
50 – 1 * 40 + 9 7 дм * 70 см
№ 3. Есепті шығар:
4 Бірінші ыдыста 30 л сүт, ал екінші ыдыста 9 л сүт бар. Екі ыдыста
барлығы неше литр сүт бар?
№ 4. Теңдеуді шеш:
30 + Х = 35 35 – Х = 5 Х + 5 = 35
№ 5. Тік және сүйір бұрыш сыз.
№ 6. Әжейдің 28 кәмпиті бар. Ол өзінің немерелеріне 5 кәмпиттен
бергенде 3 кәмпит қалды. Әжейдің неше немересі бар?
Жауабы: 5 немересі бар.
3.Тақырыбы: Жазбаша қосу, азайту.
Мақсаты: Оқушыларға жазбаша қосу және азайту тәсілдерін меңгерту.
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, зейіндерін дамыту.
№ 1. Амалдарды орында.
70 – 24 = 34 + 26 = 59 + 31 = 60 – 26 =
90 – 43 = 47 + 23 = 42 + 38 = 80 – 36 =
№ 2. Салыстыр:
65 + 21 * 86 – 31 33 + 27 * 46 27
34 + 35 * 89 – 25 37 + 35 * 90 – 34
№ 3. Есеп құрастыр және шығар:
Қаз 12 балапан
5 Үйрек – 8 балапан 27 балапан
Тауық ? балапан
№ 4. Теңдік тура болатындай етіп +, таңбаларын қой.
59 * 4 * 20 = 83 67 * 8 * 4 = 71
48 * 50 * 7 = 91 68 * 40 *10 = 18
№ 5.
Ұзындығы 13 см болатындай үш буынды сынық сызық сыз.
№ 6.
А) Поезда 7 вагон бар. Сәуле тең ортадағы вагонға билет алды. Ол нешінші
вагонда?
Ә) Аптаның ортасы қай күн?
Жауабы: А) 4 – вагон Ә) бейсенбі
4.Тақырыбы: Кестелік қосу, азайту.
Мақсаты: Оқушылардың есептеу дағдысын жетілдіру. Ақыл – ойларын
дамыту, жылдамдыққа баулу.
№ 1. 16, 20,6 сандарын «+» мен «» таңбаларын және жақшаны
пайдаланып, төрт өрнек құр және мәнін тап.
№ 2. Есепті шығар.
Мектеп асханасына 30 кг картоп және одан 15 кг кем сәбіз әкелінді.
Мектеп асханасына барлығы неше кг көкөніс әкелінді?
6 № 3. 3 см кесінді сыз. Одан 4 см ұзын кесінді және 2 см қысқа кесінді сыз.
Шыққан кесінділерді салыстыр.
№ 4. Теңдеулерді шеш:
Х + 5 = 13 13 – Х = 8 Х – 4 = 8
№ 5. Өрнектің мәнін тап.
(6 + 2) + 30 = (32 + 7) – 20=
28 – (6 + 2) = 18 + (37 7)=
(40 + 20) – 50 = (9 + 21) + 45=
2
№ 6. Айгүл достарымен тығылмақ ойнады. Қалқаның артынан 10 аяқ
көрінеді. Айгүлдің тығылған достары нешеу?
Жауабы: 5 досы бар.
5.Тақырыбы: Өлең есептер.
Мақсаты: Оқушыларды жылдамдыққа баулу, логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын арттыру.
№1.
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
7 Қос лақты, қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге ойлап қой.
№ 2.
Жұмбақ айтам сенсеңіз,
Қоян, тауық он сегіз.
Аяқтары қырық сегіз.
Тауықта бар екі аяқ,
Қоянда бар төрт аяқ,
Сонда қанша коян бар,
Сонда қанша тауық бар?
Тапқыр болсаң тауып қал.
№ 3.
Дүкеннен кеп сабын алдым,
Және оның қабын алдым,
Бір тіс жуғыш, орамал,
Сусабынды тағы да алдым,
Сонда қанша зат алдым?
№ 4.
Бір ыдыста тоғыз алма,
Екіншіде он алма.
8 Інім алды үшеуін,
Ағам алды төртеуін,
Өзім алдым бесеуін.
Қалды сонда неше алма?
3
Жауаптары:
№ 1. 19
№ 2. 12 тауық, 6 қоян
№ 3. 5
№ 4. 7
6.Тақырыбы: Математикалық мақал – мәтелдер
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
№ 1. Жасырынған сөзді тап
А) Піл к3 ті, піл к3 ті емес, тіл к3ті.
Ә) 6н балдақ қол сәні,
Әшекей кесте т10 сәні
Б) Әкесіз 7м жарты 7м,
Шешесіз 7м анық 7м.
№ 2. Санмен өрнектелген мақал – мәтелдерді оқы
а) Еңб2* адамның 2 – інші анасы.
ә) Ерінш2*тің ертеңі 1*тп*5
9 б) Өм*1 адам б6** асын еңб2*ке үйр*7*еді.
в) Өм*1 мен еңб2* *8
№ 3. Не жазылған? Мақалды оқы.
Қ Ғ Д
Ы Ы А
С Н Ж
А Ж И
З А Н
Ы З А
№ 4. Мақалды оқы
тал
рж
анұ
ар
тығ
4
ап
ау
№ 5. Не жазылғанын тап. Сонда мақал оқисың.
Z O S Қ W Ы R F F A L H D Щ Һ O N З W A J P D
10 № 6.
7 шырша ағашы өсіп тұр. Олардың арасына 1 – ден орындық қойылды.
Орындық нешеу?
Жауаптары:
№ 1.
А) Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті.
Ә) Алтын балдақ қол сәні,
Әшекей кесте тон сәні.
Б) Әкесіз жетім – жарты жетім,
Шешесіз жетім – анық жетім.
№ 2.
А) Еңбек – адамның екінші анасы.
Ә) Еріншектің ертеңі бітпес.
Б) Өмір адам баласын еңбекке үйретеді.
В) Өмір мен еңбек егіз.
№ 3.
Қыс азығын жазда жина
№ 4.
Талаптыға нұр жауар.
№ 5.
Оқыған озар
№ 6.
6 орындық
11 7.Тақырыбы: Математикалық жұмбақтар.
Мақсаты: Оқушылардың өздігінен ой қорыта білу дағдыларын
қалыптастыру, ойлау элементтерін дамыту.
№ 1. Жұмбақты шеш
Туысқан бес кісі,
Бірінен – бірі кіші.
Бәрінің аты бір,
Ең кішісі шеткісі.
№ 2.
Екі егіз ажырап тұра алмайды,
Бірінсіз – бірі қияға шыға алмайды.
№ 3.
Бес адам жүгіртті,
Бір темір сырықты.
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
№ 4.
Салтанат болса екіде,
Бақытжан да екіде.
Екеуін қоссаң шырағым,
Саматтың жасы шығады.
12 Саматтың жасы нешеде?
№ 5.
Бірінші әріп көзде бар, мұрында жоқ,
Екінші әріп тісте бар, ауызда жоқ.
Үшінші әріп бетте бар, білекте жоқ.
Төртінші әріп құлақта бар, жүректе жоқ.
«П» әрпі бесінші – ақырғысы,
Жұмбақ шешкіш – баланың ақылдысы.
Жауаптары:
№ 1. 5 саусақ
№ 2. Аяқ
№ 3. Сызғыш
№ 4. Төрт жаста
№ 5. Кітап
8.Тақырыбы: Математикалық викториналар.
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтауын
жетілдіру, танымдық қызығушылығын арттыру.
№ 1. «Он бір ара»
1. Бұл араның атымен аталыпты қыз аты
.
А
Р
А
2. Бутылкамен бұл ара сатылыпты дүкенде.
13 А
Р
А
3. Бұл арамен күнде біз сурет салып жатамыз
А
Р
А
4. Қарқылдаған бұл ара қап – қара құс болыпты.
А
Р
А
5. Бұл араның атымен қала атын қойыпты.
А
Р
А
6. Бұның атын ертеде Колумб өзі ашыпты.
А
Р
А
7. Өзі ылғи бұл ара тауда ғана жүріпті.
А
Р
А
8. Бұл араны өзіміз нанмен жейтін болыппыз.
А
Р
А
9. Үлкен тау боп бұл ара шыңнан бізге қарапты.
А
Р
А
10. Бұл араның атымен құрлық аты аталған
А
Р
А
14 11. Ал мынаған балалар журнал атын беріппіз.
А
Р
А
№ 2. «Қайда бардым, не көрдім?»
А) Жазда барып өзеннің,
Жағасына бөгелдім.
Кім айтады қанеки,
Мен ол жерден не көрдім?
Ә) Қыста барып өзеннің,
Жағасына бөгелдім.
Кім айтады қанеки,
Мен ол жерден не көрдім?
№ 3. «Тез ойлан»
А) Ұзын жіпті үш бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек?
Ә) Үш ұлда бір апай бар. Отбасының баласы нешеу?
Б) Сағаттың бетін тең екі бөлікке бөлгенде әр бөлігіндегі сандардың
қосындысын тап. Ол нешеге тең?
9
Жауаптары:
№ 1.
1. Майра
2. Айран
15 3. Қарындаш
4. Қарға
5. Қарағанды
6. Америка
7. Арқар
8. Қарақат
9. Арарат
10. Арктика
11.Балдырған
№ 2. Жаздассу, қыста – мұз.
№ 3.
а) екі рет
ә) төрт
б) 39 – ға тең
9.Тақырыбы: Математикалық санамақтар
Мақсаты: Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру, бір – біріне
көмектесуге деген ықыластарын кеңейту.
№ 1. «Бәрі қанша құс болды?»
Мынау да бір санамақ,
Өздерің көр саралап:
Төбеден төрт бөктергі,
Аңдыпты қос кептерді.
Шаңқылдаса көк қарға,
16 Үн қоспапты көп қарға,
Секем ап бір дауыстан,
Безектеп бес сауысқан
Алты белден асыпты,
Тым тырақай қашыпты.
Үш үкі үркіп ұшыпты
Тасқа құлап түсіпті.
Жарда жеті жапалақ
Отырғанда қаталап,
Топ – топ тоғыз тоқылдақ
Қарғып кеткен топырлап.
Сөйтіп қызық іс болды,
Бәрі қанша құс болды?
№ 2.
Салтанат екіде,
Бақытжан он жетіде,
Екеуін қосып шыққаның
Сәулеттің жасын ұққаның.
Білгің келсе егер сен
Сәулеттен 13 жас шегерсең,
Қиын емес онша да
Сағаттың жасы соншада.
№ 3.
Бақшаға жақсы аға
17 Көп – көп ойыншық келді алып:
Бір балық, екі есек, үш үйрек,
Төрт түлік, бес бүркіт,
Алты орындық, жеті жарқанат
Сегіз саулық, тоғыз тауық,
Он торпақ.
Болма есепке сен шорқақ!
Ауызша, жазбаша қосып шық.
Бақшаға жақсы аға қаншама
Әкелді ойыншық.
№ 4.
Қолдан ұшты топ торғай
Емес бірақ көп торғай
Алдында оның бастаушы
Артында он бір қостаушы
Және тағы қарасаң
Қайта оны санасақ
Соңында жетеу қап келеді.
Үшеуі қатар жарасқан
Түзіліп үшеу қалыспан
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу есепкер?
№ 5.
18 Үй иесінің тауық, үйрек, қаз – барлығы 7 құсы бар. Үйрек қаздан көп, бірақ
тауықтан аз. Сонда тауық нешеу, үйрек қанша, қаз ше?
Жауаптары:
№ 1. 31 құс
№ 2. Сәулет 19 – да, Сағат 6 – да.
№ 3 . 55 ойыншық
№ 4. 25
№ 5. Тауық – 4, үйрек 2, қаз – 1
ІІ.Қызықты математика. 7 сағат.
1.Тақырыбы: Қызықты математикалық сайыс.
Мақсаты: 1. Математикалық ойындар арқылы оқушылардың сабаққа деген
қызығушылықтарын арттыру.Өз бетінше істелетін кезкелген жұмыстың
нақты шартты белгілерін білу. Топтар арасындағы сайысты дұрыс
ұйымдастыра білу.
Миға шабуыл.
Балалар сендер қызықты математика сабағын қалай болады деп
елестетесіңдер?
Ендеше осы елесімізді түрлітүсті қарындашпен дәптерге түсіріп
көрелік.
(Топ арасында талқылап, үздіктерін жариялату.)
2. Үш топқа бөліну.
19 1 – топ: 2топ: 3топ:
«Рене Декарт» «Пифагор» «Әл Фараби»
Бастаушы:
Ал балалар, балалар
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді күн жасаймыз
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар.
1.Тапсырма.
« Қызықты математика» әлеміне саяхат. Ұпаймен есептеу керек.
(Ауызша тапсырмалар)
1. 2 санынын квадраты нешеге тең?
2.Ең үлкен төрт таңбалы санды ата:
3.Ең кіші төрт таңбалы санды ата:
4.Ағаштың бұтағында 6 торғай қонып отыр еді. Торғайлардың 4 атып
тастады. Бұтақта неше торғай қалды?
5.Сандарды немен белгілейміз?
6.Әнуар Сабырдан 5жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе,
Данир үлкен бе? Және неше жасқа үлкен?
2.Тапсырма: Сөзжұмбақтың шешімін тап.
1. Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы
3. Ондықтан құралған сан. Қырық
4. Бір таңбалы сан. Үш
5. Кеміту амалы. Азайту
20 6. Бір таңбалы сан Бір
7. Геометриялық фигура. Төртбұрыш
8. Бұрыш түрі. Сүйір
9. Уақыт өлшем бірлігі. Ғасыр
10. Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. Шеңбер
3 тапсырма:
І топ: Суретте неше үшбұрыш, төртбұрыш, бар?
ІІ топ: Суреттегі фигураларды анықтау .
топ: Сандарды көлденеңінен, тігінен және диагональ бойынша
ІІІ
қосындылары тең болатындай етіп орындарын ауыстыр.
5 5
6
6
7 7
5
6
7
5 7
7
6
6 5
6
5
7
Жауабы:
4 тапсырма: Бос торкөздерге тиісті санды жаз.
8 865
9
+5 0 3 +22
4 1 7
7
5 тапсырма: Көбейту мен бөлудің тиімді тәсілдері. Уақытпен есептей
отырып, жылдамдыққа тапсырмаларды орындау (жеке жұмыс)
21 8 х 0 0 х8 8 х 10 8 х 100 80 х 10 80 х80
8 :8 0 :8 80 :8 80:10 80:1 800 :80
2.Тақырыбы: Жасырынған санды тап.
Мақсаты: Оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамытатындай
тапсырмаларды орындай білуге үйрету.
№1.Сандардың қосындысы көлденеңінен, тігінен және диагональ бойынша
өзара тең болатындай етіп, шаршының торкөздеріне 20дан 100ге дейінгі
дөңгелек сандарды орналастыр. Түрлі нұсқалар ұсын.
100
50
60
30
80 60
70 20
40
90
№2. Қандай сандар жазылмаған?
2 4 3
х______
2 4 3
243____
2 4 5 4 3
№3. Жұппен жасырынған сандарды пайдалана отырып, мысалдар құрастыру.
№4.Көлденең және тік қатарлардағы сандар қосындысы тең болатындай етіп,
шаршының бос торкөздерін сандармен толтыр.
7
7
5
2
9
1
22 6
1
8
5
3
9
4
№5.. Қарлығаш ұсынылған бес кітаптың екеуін таңдағысы келді. Қарлығашта
таңдаудың неше нұсқасы бар?
Әр кітапты нөмірле және барлық мүмкін нұсқаларды жаз.
Жауабы: Кітаптың әрқайсысына 1ден 5ке дейін нөмір береміз. Сонда
мүмкін нұсқаларды үшбұрыш түрінде жазуға болады:
12 13 14 15
23 24 25
34 35
45 Барлығы 10 нұсқа болады.
3.Тақырыбы: Математикалық фокус.
Мақсаты: Есептеудің жасырын түрдегі әдіс – тәсілін үйренеді.
№1.
«Лезде қосу» фокусы.
Тақтаға оқушы мен фокусшы кезектесіп, бірінің астына бірі жазылған,
цифрлар саны үш сан болатын үш сан жазамыз. Фокусшы жауабын бірден
айтады.
Мысалы: 156 тақтаға шыққан оқушы
843 – фокусшы
372=1+371 тақтаға шыққан оқушы.
Жауабы :1371
Табу әдісі: Фокусшы тақтаға шыққан оқушының жазған санының әрбір
цифрын (1,5,6) тоғызға дейін (8,4,3) толтырып отырады да, оқушыға соңғы
23 санды (372) жаздырып, өзгеріссіз қалдырады. Енді қосындыны (1371) табу
үшін соңғы саннан 372 ден бірді шегеріп, (3721) пайда болған (371) алдына
бір жазсаң (1371) болады.
№2.
«Белгісіз сандар қосындысын табу» фокусы.
Тағы да жоғарыдағы «Лезде қосу» секілді, бірақ 2 пар сан, 3 пар сан алып,
қосамыз. 2 пар сан болса, соңғы сан алдына 2, үш пар сан болса 3ті
шығарамыз.
Мысалы: 345 тақтаға шыққан оқушы
654 фокусшы
127 тақтаға шыққан оқушы
872 фокусшы
349=2347 – фокусшының қосымша жолы
Бұл жерде 2 пар сан, барлығы 5 жол.
Жауабы: 2347
№3.
Басқа мысалдар арқылы фокусты ойнап жаттығу.
№4.
Фокус деген 5 сөзден 7 рет фокус сөзі шығатындай етіп жаз.
4.Тақырыбы: Санмен ойындар.
Мақсаты: Санмен ойындар арқылы оқушылардың есептеу
дағдыларын дамыту.
№1.
Жүз ойыны.Ойын ережесі.Ойынды екі оқушы кезектесіп ойнайды.Біріншісі
1ден 10ға
дейінгі бір санды атайды.Екіншісі оған 10нан аспайтын бір санды қосады
да,қосындыны айтады.Біріншісі оған 1ден 10ға дейінгі бір санда
қосып,қосындысын айтады.Осылай кезекпекезек ойнау арқылы,кім 100ді
бұрын атаса,сол ойында ұтып шығады.
24 ,таблицадағы бірінші
Методикалық нұсқау.Әуелі ойынды кезектесіп 23 пар оқушы ойнайды..Одан
әрі мұғалім бірінші оқушы қарсыласын ұту үшін алғашқыда қандай санды
атауы керек еді?деген сұраққа тірейді.Оқушыларды ойландырады.
№2.
18 таяқша ойыны.Ойын ережесі.Ойынды екі оқушы ойнайды.18 таяқша
үймесінен кезекпе –кезек 1,2,3 және 4 таяқша алуға болады.Әркім қанша
таяқша алатынын өзі біледі.Соңғы таяқшаны кім алса,сол ұтады.Қалай
жеңімпаз атануға болады.Ойлан.Нұсқау:Алдыңғы ойындағыдай талдау
арқылы қарсыласыңды 5 таяқша қалатындай жағдайға келтіруің керек.Сонда
соңғы таяқшаны өзің аласың.
Оқутәрбиелік сипаты.Талдау,салыстыру арқылы ой қорытындысын жасауға
үйренеді.
№3.
Ойша өшірілген цифр ойыны.Ойын ережесі.Алдымен 1ден 9ға дейін
цифр жазылған таблица жасап алу қажет.Ойынға бірнеше бала қатыса
алады.Ойынды бірінші бастаушы дауыстап таблицадағы әрбір цифрды ретімен
көрсетіп,11ге дейін санауы тиіс.Санақ басталатын цифрды басқарушы
айтады.Таблицада барлығы 9 цифр болғандықтан , ал санау 11ге дейін
жүргізілетіндіктен,ойнаушы таблицаның соңғы 9 деген цифрына жеткеннен
соң
тұрған цифрдан бастап санауды
жалғастырады.Айталық,басқарушы 4 цифрын көрсетсе,онда ойнаушы 11ге
дейін санап 5 цифрына келеді.Бұл 5 цифры таблицадан ойша өшірілді деген
сөз . Оны әркім ұмытпауы тиіс.Енді 11ге дейін санау қатардағы келесі
цифрдан (6дан) басталады,бірақ өшірілген цифр санаққа қосылмай,одан
аттап өтіледі.Санауда мұны ескермегендер ойыннан шығады.
Екінші айналымда екі цифр өшірілетін болады.Ойын өшірілмеген бір
цифр қалғанша жалғастырылады.Ойыншыға таблицада ешбір белгі қоюға
болмайды,ондай белгіні тек басқарушы жасайды.Басқарушыда әрбір
ойыншыға арналған бақылау таблицасы болады.Кім өшірілген цифрды көп
аттаса,сол жеңімпаз атанады.
№4.Екі санды өзара көбейту.Әдісті бір орынды екі санды өзара көбейту үшін
қолдануға болады.Бірақ санды өзөзіне көбейтуге болмайды.7*8ді
түсіндірейік.Көбейткіштерден әрқашанда 5ті азайтамыз.Сонда қалдық 2 және
3 болады.Солдан оңға қарай бірінші қолдан 2саусақты,ал екінші қолдан 3
саусақты бүгеміз.Бүгілген саусақты қоса есептегенде сол жағы ондақты,ал оң
жағы бірлікті көрсетеді.Бірліктерді өзара көбейтіп,ондықтарға қосамыз
,Сонда:
20+30=50 3*2=6
50+6=56 7*8=56
25 5.Тақырыбы: Математикалық өлең есептер.
Мақсаты: Өлеңдер арқылы математиканың өмірде алатын
орнын,қоғамды дамытудағы ролін сипаттаймыз.
№ 1. Өлең есеп «Қосу».
Дүкеннен кеп сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер,бір қарындаш,
Есептеші,сонда бәрі,
Қанша болды,
Қолда бары? Жауабы: (Алты)
№2. Математикалық жұмбақ «Бұл не?»
Егіз қайың,
Бойбастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бесбестен. Жауабы:(Қос қол)
№3. Математикалық тақпақ «Екеу дегенше,бекем де».
Бірді бірге қосқанда,
Екеу болады.
Жалғызсырап,жасқанбай,
Бекем болады.
Екі қолды қосқанда,
Құшақ емес пе?
Екі қанат аспандап,
Ұшады емес пе?
Тіркелсе екі дөңгелек,
Өзің тебетін,
Зырылдайтын дөңгелеп,
Велосипедің...
№4. Математикалық тақпақ «Кім қаншада?».
Салтанат екіде,
Бақытжан жетіде,
Екеуін қосып шыққаның
Сәулеттің жасын ұққаның.
Білгің келсе егер сен,
Сәулеттен үш жас шегерсең,
26 Қиын емес онда да
Сағаттың жасы соншада.
№5. Математикалық жұмбақ.
Үш шаршыдан бір есік,
Құрастырып көр шешіп.Жауабы: (П әрпі) 16
№6. Математикалық жаңылтпаш.
Ұшып кетті үш құс
Ұшып келді ұшқыш.
№7. Математикалық тақпақ «Есеп».
Бес алманың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы,сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
Сол досым сол алманың
Бәрін алсын!дей салдым.
№8. Математикалық өлеңесеп «Бәрін бірге ойлап қой».
Түйе,бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой. Жауабы:(Он жеті бас мал)
№9. Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?».
Талдан ұшып топ торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында төртеу қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ.
Соңында біреу қап келеді,
Алдында төртеу,топ келеді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Тізіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу,есепкер? Жауабы:(Бес торғай)
27 6.Тақырыбы: Қасиетті сандардың сыры.
Мақсаты: .Қасиетті сандар жайында мағлұматтарды көпшілік
қажеттілігіне жарату. Оқушылардың ізденушілік қабілетін дамыту, ойөрісін
шыңдау, шығармашылыққа баулу. Ұлттық қазына – ұлттық таным, ұлттық
рухани сананы қалыптастыру.
Түрі: шығармашылық.
1.Сабаққа көңілді келеміз,
«Сабақтан қалмаймыз» дегенбіз,
«4» пен «5»ке оқып бәріміз,
Жалқаулықты жеңеміз!»
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген
сандардың сырларын ашып, қасиеттерін саралаймыз. Сендер ойлайсыңдар,
сандар тек математика есептерін шығару үшін керек, дүкенде алған
заттарымыздың бағасын білу, есептесу үшін қолданамыз деп.
Байырғы кезде халық әр алуан құбылысқа бақылау жасап, олардың ортақ
қасиеттерін санмен түйіп, санамалап айтып отырған.
Ендеше, осы сандардың кейбіреуіне тоқталайық.
Әр санның өзіне тән орны, қасиеті бар. Қазір біз сол сырларды ашайық.
«1» санының киелігі:
Алла жалғыз, Алладан басқа Тәңір жоқ.
«2»: Күнітүні дем алмайтын екеу
А) Ай; ә) Күн.
«3»: Үш жұрт: өз жұртың, нағашы жұртың, қайын жұртың.
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл.
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
Үш арсыз: ұйқы, тамақ, күлкі.
28 Үшақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Үш би: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
«4»: мезгіл – қыс, көктем, жаз, күз.
Құбыла – Шығыс, Оңтүстік, Батыс, Солтүстік.
Тоқсан – І, ІІ, ІІІ, ІV.
Төрт түлік малдың төрт Атасы – Ойсыл қара, Қамбар Ата, Зеңгі баба, Шопан
Ата.
Төрт тұлға – от, су, жел, жер.
«5»:1. Бес парыз Мұхамбеттің пайғамбарлық қасиетін мойындау
Намаз оқу ,Ораза тұту,Қайырсадақа беру , Қажылыққа
бару
2. Бес асыл, бес дұшпан.
Бес нәрседен қашық бол,
Өсек, өтірік, мақтаншақ.
Еріншек бекер мал шашпақ.
Бес нәрсеге асық бол,...
«6». Ізгілік – денсаулық, қазына, дос, әйел (жар), білім.
Асқар – ақыл, білім, жомарттық, әділдік, шыншылдық, кеңпейілділік.
Парыз – сәлем беру, шақырған жерге бару, кеңес сұраса ақыл қосу, сұрағына
жауап беру, ауырып қалса көңіл сұрау, қайтыс болса жерлеуге қатысу.
Осы сандарға байланысты айтылған ұғымдарды (қағаздан қиылған) гүлдерге
толтырыңдар, тақтаға ілесіңдер. Қазір қараша, күздің соңғы айы, сондықтан
күз көрінісін бейнелейміз (қыркүйек айы деп есептеңдер).
Мұғалім: 7, 9, 12, 40 сандарын қазақ халқында қасиетті, киелі сандар деп
есептеген. Себебі: орта ғасырда ғалымдарының 7 күнге 7 жұлдыздың атын
беруі, 7 металдың пайда күні деп, бір аптаны 7 күнге бөлуі осыдан болса крек.
29 Енді осы сандарға байланысты оқушылардың кітаптан, ғаламтордан алған
мәліметтеріне тоқталайық.
1) Мәліметтер оқылады.
2) Қасиетті, киелі деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
3) 7 санына байланысты ұғымдарға тоқталайық (айтып отырғанда, гүл
сабақтарын да толтырыңдар). Жеті Атаны айтқанда, өзінің Жеті Атасын
айтады. Не себепті «Жеті Атасын білмеген жетесіз» деген?
4) Тақтаға іледі (міне, оқушылар бізде күз көрінісі пайда болды).
5) Қ.Мырзалиевтің «Жеті» өлеңі оқылады.
Деңгейлік тапсырмалар:
І. Тоғыз, жеті, қырық – осы сөздердегі әріптерді пайдалана отырып, сөздер
құра.
ІІ. Осы сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құра.
ІІІ. Сандарды қатыстыра отырып, шағын мәтін құра.
Ой сергіту: «Ойлан, тап».
1. Оқушылар бірбіріне есептер айтады.
2. Мұғалім: Бір үйде әжесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы
үйде неше адам отыр?
5. Көрініс: Қарт немересіне 1 тиын береді. Қарт: «Осыдан барып, 3 түрлі зат
ал», дейді. Немересі қауын әкеледі. Атасы: « Мен саған үш түрлі зат ал деп
едім, бұның не?», дейді.
Балалар сендер қалай шешер едіңдер?
Жауабы: (қауынның сырты, дәмі, іші).
Қорытынды :
Келешекке тілек ретінде 10 санға дейінгі санамақпен аяқтайық.
123 – Бойға жинап күш,
456 – Жаса қазақ халқы.
30 789 – Болмасың еш соғыс,
10 – дегенім «Отан» қорға оны, ботам!
7.Тақырыбы: Математикалық тілде сөйлеуді жаттықтыру.
Мақсаты: Қызықты тапсырмалар арқылы өз бетімен ісәрекет етуге, өз
пікірін математикалық тілде айтып жеткізуге дағдыландыру.
Ой сергіту:
Сонау сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрін де,
Математика Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
№1. «Сен маған, мен саған» ойыны.
Математикалық диктант:
А. 96 мен 170 қосындысын 180 кеміт.
Ә. 1000 нан 524 пен 236 сандарының қосындысын азайт.
Б. 715 ті ойлаған саннан азайтқанда 500 шықты. Ойлаған санды та
(Бірбірін тексеріп,бағалайды)
№2. «Жемістерді себетке жинау» ойыны арқылы орындалады.
1. Қосудың ауыстырымдылық қасиетіне мысал берілген.
2. Қосудың терімділік қасиетіне мысал берілген.
Оқушылар жемісте берілген тапсырмаларды математикалық тілде оқи
отырып, орындау арқылы, себетке орналастырады. Тапсырмалар тақтаға,
дәптерге орындалады.
№3. 1000Х=654 956 Х =345 Х+548= 718
31 №4. 9 санын 2 есе арттыр. 5 санын 3 есе арттыр.
25санын 4ке кеміт. 25санын 3есе кеміт.
(Математикалық тілде сөйлеу арқылы дәлелдеу.)
№5. «Алма ағашынан жеміс теру» ойыны
Амалдарды математикалық тілде оқып, шығару.
(2800+140) :7 (1000+600)70
18720(3508+6007) 2500(130+455)
№6.
Жұлдыз Әсиядан көңілдірек, Әсия Сәниядан жеңілдеу, Сәния Жұлдыздан
күштірек, Жұлдыз Сәниядан ауырлау, Сәния Әсиядан көңілсіздеу, Әсия
Жұлдыздан әлсіздеу. Ең көңілді кім? Ең жеңілі кім? Ең күштісі кім?
Ең көңілді
Ең жеңіл
Ең күшті
ІІІ. Логикалық тапсырмалар. 10 сағат
№1 Сабақтың тақырыбы: Белгісіз санды тап.
Сабақтың мақсаты: Логикалық жанжақты ойлаудың интеллектуалдық
функциялар мен ой өрістерінің қалыптасуына ықпал ету .
№ 1. Оқушылардың қызығушылық қабілеттерін ояту:
А. Әжесі 4 котлет пісіру керек. Әр котлеттің бір бетін 5 минут,
екіншісінің бетін де 5 минут қуыру керек, 4 котлет пісіру үшін неше
минут керек?
Ә. Қайсысы үлкен: жарты метр, 5 дм, әлде 50 см?
№2. Белгісіз санды тап:
□ *9 = 63 36: 6= □ 81:□ = □ *100 = 0
32 □*8 =72 45: 9= □
15 : □ =1
7* □ =49
21:
□
= 1000 :
□
0: 1000= 8*
□
□
=
№3.Амал таңбалары мен жақшаларды дұрыс теңдік шығатындай
етіп орналастыр:
А: 5□ 5 □ 5 □ 5 = 9
Сергіту сәті:
Ә: 5 □ 5□ 5 □ 5 = 1
Б: 5 □ 5 □ 5 □ 5= 6
№4. Алдияр бір сан жасырды: бұл сан 30 –дан кем, ол – сегіздікпен немесе
алтылықпен санағанда шығатын сан. Алдияр қандай сан ойлады?
№5. Белгісіз сандарды табуға жұмбақ есептер құрастыру:
Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау:
№2. Сабақтың тақырыбы: Логикалық тізбектілік заңдылықтары.
Мақсаты: Балалардың назарын аударуды дамыту,қызығушылығын арттыру.
І. Қызығушылықты ояту
Бұтақта 7 торғай қонып отыр. Үшеуінен басқасы ұшып кетті. Бұтақта неше
торғай қалды?
Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы және екі артқы аяғы бар.
Жануардың неше аяғы бар?
Көлде 7 қайық жүзіп жүрді. 3 қайықты жағаға әкеліп қойды. Көлде неше
қайық бар?
ІІ. Мағынаны ажырату
№1.Орындықта Майра, оның анасы, әжесі және қуыршақ отыр.Әжесі
немересінің қасында отыр, бірақ қуыршақтың қасында емес. Қуыршақ
анасының қасында отырған жоқ. Майраның анасының қасында кім отыр?
№2.Бөлменің төрт бұрышында бірбір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында
үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық
№3.Қосындының да мәні, көбейтіндісінің де мәні 6ға тең болатын тізбектес
үш натурал санды тап.
Шешуі: 1, 2, 3; 1+2+3=1•2•3
№4.Сұрақ белгісінің орнына қандай сан жазу керек, егер екі
дөңгелектің үстіндегі сан сол сандардың қосындысына тең болса?
33 ІІІ. Ойтолғаныс: Рефлексиялық қорытынды жасау.
3.Тақырыбы: Интеллектуалды ойын есептер.
Мақсаты: Оқушылардың ой ұшқырлығын байыту, ойлау операцияларын
жетілдіру, пайымдау қабілеттерін арттыру.
№ 1.
Ұзын жіпке шет жақтарын бос қалдырып, үш жерден түйін түйілді. Сонда бұл
түйіндер жіпті неше бөлікке бөліп тұр?
№ 2.
Қазір таңғы сегіз жарым. Бұл неше сағат неше минут деген сөз?
№ 3.
Театрға әдемі киінген бес бала келе жатыр. Жолда олар үш үлкен кісіні
кезедстірді. Сонда театрға неше адам келе жатыр деп ойлайсыңдар?
№ 4.
Жігер Күдердің немересі. Мирас Күдердің немересі емес. Жалғас Жігердің
атасы емес. Жігердің атасы кім?
№ 5.
Бір парақ қағазды екіге бүктеп, содан соң тағы да екіге бүктеу керек.
Бүктелген жерлерді қиғанда қағаз неше бөлікке бөлінеді.
Жауаптары:
№ 1. 4 бөлікке бөлінеді №2. 8 сағат 30 минут. №3. 5 адам
№ 4. Жігердің атасы – Күдер. № 5. 4 бөлікке бөлінеді.
34 4. Сабақтың тақырыбы: Ребустарды шеш және құрастыр.
Мақсаты: Көру арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,
қызығушылығын арттыру.
І. Қызығушылықты ояту
Ұшарын жел біледі,
Қонарын сай біледі.
Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.
Күні бойы тынбайды,
Дәмді тағам жинайды.
Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді.
Әріптердің театрдағы ойын көрсететін орны
Көңілсіз жыл мезгілі
ІІ. Мағынаны ажырату
№1.
№2.Суреттегі ойыншықтардың орналасуын мұқият қара. Келесі бетте
олардың орналасуын цифрмен белгіле.
Сергіту сәті
№3. Қосынды 99 болатындай етіп цифрлардың орнын ауыстырмай,
кейбіреулерінің арасына плюс таңбасын қой.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 =99 1 2 3 4 5 6 7 8 9 =99
1 2 3 4 5 6 7 8 9 =99
35 №4.Бірдей 5 кесіндіден шаршының және екі үшбұрыштың суретін сал.
ІІІ. Ойтолғаныс: Рефлексиялық қорытынды жасау.
5. Сабақтың тақырыбы: Сөзжұмбақ құрастыру және шешу
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға сөзжұмбақ құрастыруға және оны
шешуге үйрету.
2.Логикалық ойлауларын, ойөрісін шыңдауға дамыту
3.Ұжымда жұмыс істеуін тәрбиелеу
№1Қызықты тапсырмалар:
1.Дымбілмес алдында 4 құлпынай , содан кейін 3 құлпынай жеді.Дымбілмес
барлыға неше құлпынай жеді?
2. Айнұр 2 пирамида, ал Гүлнұр 3 пирамида құрастырды.Екі қыз неше
пирамида құрастырды?
3. Алпамыс аптасына 3 кітап, ал Берік сонша кітап оқыды.Балалар қанша
кітап оқыды?
4. Күлшеқызға 3 тиін және 7 қоян қонаққа келді. Күлшеқызға барлығы неше
қонақ келді?
5.Қызыл телпек әжесіне 6 тәтті тоқаш және 3 етті тоқаш әкелді.Қызыл телпек
барлығы неше тоқаш әкелді?
№2. Шығармашылық тапсырмалар: Дәптермен жұмыс. Сөзжұмбақ
құрастыру және шешу.
1) Сөзжұмбақ.
т о
ғ ы
н
ө
з
л
і
ш
ө ш
і
р
г
н а
н
б
е
с
к ө
к п
а р
36 1.Төрт жерде екім.
2.Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі барда, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
3.Тоғыздан кейін қандай сан.
4.Жақсы ......үшін жан пида.
5.Үш жерде үшім.
6. Заттың жоқ екенін қай санымен белгілейді.
7. Оқушы құралы.
8.Ас атасынан.
9. Ең жақсы баға.
10. Қазақ халқының ұлттық ойыны.
№3 .Дәптерге тез орындап, жаз:
100х5= 500/Е/ 900:10=90/р/
5х9=45/т/ 6х3=18/і/ 14:2=7/с/
Ертіс –еліміздегі ең ұзын өзен, солтүстіктен–шығысқа дейін созылып жатыр
Сергіту сәті.
№4. Топтық тапсырмалар:
Сөзжұмбақ жазылған карточкалар таратып беру арқылы, оқушылардың
логикалық қабілеттерін арттыру.
№5. Сұрақ жауап арқылы қорытындылау.
6.Тақырыбы: Судокулар шешу
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық ойлау, пайымдау қабілеттерін
дамыту. Талдау, жинақтау дағдыларын жетілдіру.
№ 1.
37 Төмендегі шаршының бос бөліктеріне 4, 5, 6, 7 , 8, 9 сандарын әр жолда
тігінен және көлденеңінен 15 шығатындай етіп орналастыр.
1
3
2
№ 2.
6, 5, 4, 3, 2, 1 сандарын әр жолдағы дөңгелектерге қосындысы 12 ге тең
болатындай етіп орналастыр.
№ 3.
Сандар арасындағы байланысты анықтап, бос орынға сан жаз.
14
36
46
10
19
32
4
17
?
№ 4. Судоку шеш:
3
4
2
5
38 6
№ 5.
Кестедегі шаршының саны – 16. Ал ондағы цифрлардың қосындысы бірдей
емес. Әр шаршыдағы сандардың орындарын ауыстырып орналастыру керек.
Егер цифрлар жүйесін дұрыс тапсаң, тігінен де, көлденеңінен қосып
есептегенде қосынды 20 – ға тең болу керек.
2
4
5
7
3
4
5
7
3
4
5
8
3
5
5
9
7. Сабақтың тақырыбы: Артығын тап.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын,
жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.
№ 1.Қызықты тапсырмалар:
1. Үстелдің үстінде 7 тоқаш жатты.Айжан 2 тоқаш жеді. Үстелдің үстінде
неше тоқаш қалды?
2. Самал кітапханадан 7 кітап алды.Оның 3 кітабын оқыды. Неше оқитын
кітап қалды?
3. Диас 6 сурет салды. Ол 3 суретін досына сыйлады.Диаста неше сурет
қалды?
4. Гүлжанның туған күніне 8 қыз келді. 3 қыз үйлеріне кетті. Гүлжанның туған
күнінде неше қыз қалды?
2.Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды.
3. Суреттерге қарай отырып, артығын табуды ұсынады және неге артық
екенін дәлелдейді.
39 №4.Жұптық жұмыс: әр жұпқа заңдылықты анықтайтын тапсырма
ойластырып, бір – бірімен алмастыру арқылы шештіру.
4.Сұрақ – жауап арқылы қорытындылайды.
8. Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ есептер құрастыру
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жұмбақ есептер шешкізуді түсіндіру.
Қызығушылық, жан жақты ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Кел, балалар ойнайық
Ойлайық та ойнайық
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық!
І. Оқушылардың қызығушылын арттыру:
1)Тауық бір аяғымен тұрғанда 2 кг, екі аяғымен тұрғанда неше? (2кг)
2)Сенің әкешешең көршіңе кім болады? (көрші)
3)Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр.Әрқайсына қарап 3 мысық отыр. Үйде
неше мысық отыр?(4 мысық)
4) 1 жұмыртқа 3 мин піседі.2 жұмыртқа неше мин піседі? (3)
40 5)Бір адам қалаға бара жатыр еді,жолда 3 танысы қарсы шықты. Қанша адам
қалаға барды?
6)Ержанның төрт ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындастары бар.
Ержанның неше ұлы, неше қызы бар?
ІІ. Жұмбақ есептер құрастыру:
1. Мұз айдында жеті бала.
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала.
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң –жарадың!
2.Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді?
3.Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып.
2. Мұғалім оқушыларға басқа да жұмбақ есептер оқиды, оқушылар
шешеді.
3. ІІІ. Топтық жұмыс: «Мен саған, сен маған» әр топ 5 минут ойланып
бірбіріне жұмбақ есептер жасырады.
4. ІV. Сұрақжауап арқылы қорытындылау.
9. Сабақтың тақырыбы: Математикалық шытырман!
Мақсаты: Көру арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,
қызығушылығын арттыру.
І. Қызығушылықты ояту
Екі қолыңдағы саусақ
Осыдан сегіз жыл бұрын жиырма жастағы жігіт
41 Аптадағы күн саны
Бір жылдағы күн саны
Қыркүйек пен қаңтар арасындағы ай саны
Төрт үстелдің аяғы
Оң қолдағы саусақ саны
ІІ. Мағынаны ажырату
Суретті мұқият қара. Осы ойыншықтардың суретін келесі беттегі
шатастырмадан тап. Оны бастыра сыз.
Сергіту сәті
№3. 5 кесіндіден 2 үшбұрыштың суретін сал.
№4. 4 * 12 + 18 : 6 + 3 өрнегіне мәні 50ге тең болатындай етіп жақша қой.
Шешуі: 4 * 12 + 18 : (6 + 3)
№5. 10 011 + 100 110 010 өрнегінен 0 мен 1 ді ауыстыруға рұқсат етіледі.
Солай неше алмастыру жасап, 18ге бөлінетін санды шығаруға болады.
Жауабы: 2 алмастыру
ІІІ. Ойтолғаныс: Рефлексиялық қорытынды жасау
10. Сабақтың тақырыбы: Логикалық ой қорыту
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тез ойлап, жылдам шешу қабілеттерін
дамыту. Логикалық тапсырмаларға ой – тұжырымдама
жасауға үйрету
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
2. Психологиялық дайындық: Оқушылар хормен.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізсін сіздей өренді
Математика сырына.
3.Қызығушылықтарын ояту:
42 № 1.Қоян 4 сәбіз жегеннен кейін ода тағы 5 сәбіз қалды.Қоянда қанша сәбіз
болды?
№2.Ара бақбақтан тосап қайнатты.Ол досына 3 банка бергеннен кейін, 7
банка қалды.Арада қанша банка тосап болды?
№3.Бөбектер ұшу шарында 2 километр ұшқаннан кейін, оларға тағы 3
километр ұшу қалды. Бастапқы кезде Бөбектерге қанша километр ұшу қажет
болды?
№4.Суретші қорабынан 6 бояу алғаннан кейін, 4 бояу қалды. Суретшіде қанша
бояу болды?
№5.Қоян көжектеріне 4 сәбіз бергеннен кейін, тағы 3 сәбіз қалды. Қоянда
қанша сәбіз болды?
4. «Ой қозғау» аялдамасы.
Осы аялдамада сендер ғарыш туралы есептерді шығарасыңдар.
1. Тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин болды. Ол Жер айналасын 108
минутта ұшып өтті. Жер айналасындағы ғарыштық ұшу неше сағат жіне неше
минутқа созылды? (1 сағат 48 минут)
2. «Союз 9» ғарыштық кемесі 18 тәулік бойы ғарышта болды. Ұшу неше
сағатқа созылды? (432 сағат)
3. 1979 жылдың 25 ақпанында «Союз 33» ғарыштық кемесі ұшты. Ұшу 175
күнге дейін созылды. Ғарыштық кеменің жерге орылу мерзімін атаңдар. (19
тамыз 1979жыл).
4. «Союз 35» ғарыштық кемесі 1980ж. 10 сәуірінен 11 қазанды қоса ұшуда
болды. Ұшу қанша күнге созылды? (185күн)
Сергіту сәті.
5. Ой қозғау аялдамасынан кейін логикалық тұжырымдама жасалады.
Оқушыларға жекелей логикалық есептер құру ұсынылады. Сол
есептерден кейін логикалық ой қорытады.
6. Ойтолғаныс: Рефлекциялық қорытынды жасау.
IV. Тапқырлықты талап ететін есептер. 8 сағат.
1.Сабақтың тақырыбы: Сандар қатарын жалғастырайық
Сабақтың мақсаты: Сандар қатарын логикалық тұрғыда жалғастыруға
үйрету ;Жылдамдық, шапшандық қасиеттерін дамыту.
Қызығушылықтарын ояту:
А. 3+ 3+ 3= 2+2+2+2+3+3=
8+8+8+7+7=
6 + 6+ 6=
1+1+1+1+1+1= 9+9+9+5+5=
43 7+ 7 + 8= 4+4+4+3+3+3 1+1+1+10+10=
Қосуды көбейтумен алмастырып жаз:
Б. Қайыңда 11алма өсіп тұр. Оның 7 еуін үзіп алды. Қайыңда неше алма
қалды?
1. Дәптермен жұмыс:
А.Мұғалім 16 дәптерді 4 оқушыға бөліп берді. Бір оқушы қанша дәптер алды?
Б.Күрделі теңдеуді шеш: Тексер.
1 топ: 2 топ: 3 – топ:
655 –х = 448 319 987 – х =362+ 214 25:Х = 200 : 20
Х +356 = 1000 – 821 Х+ 701 = 601 229
360: 6= 10*6
2. Ұзындығы 6см. Ені 3см тіктөртбұрыш сыз:
А: Ауданын тап: S ? Формуласын жаз: S= а * в
Б.Периметрін тап: Р ?
3.Топ бойынша « Қызықты есептер» құрастыру:
1.
Ойтолғаныс: Рефлекциялық қорытынды.
2. Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы шаршылар.
Мақсаты: Сиқырлы шаршының сырын аша отырып,оқушылардың
қисынды ойлауын дамыту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Қызығушылығын ояту
№1.
Бос орындарға тігінен, көлденеңінен, диагональынан есептегенде 24 қосынды
шығатындай етіп, 1,4,5,9,11,15 мына сандарды орналастыр.
44 12
7
8
№2.
Жоқ санды тап.
2
6
1
5
1
4
7
7
?
2
4
6
5
7
12
9
3
?
№3.
7
5
9
16
21
?
9
16
4
қосылғышты жаз.
Сиқырлы шеңбер.
Тұрақты сан шығатын
№4. Математикалық жұмбақты шеш: Сызықтар бойына орналасқан сандардың
әрқайсысының қосындысы бірдей болу үшін, бос дөңгелекшелерге тиісті
цифрларды тауып жаз. Ол қандай цифрлар?
45 3. Сабақтың тақырыбы: Геометриялық басқатырғыштар
Мақсаты: Геометриялық басқатырғыштарды шеше отырып, балалардың есте
сақтау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру.
Қызығушылықты ояту
Екі қолыңдағы саусақ
Аптадағы күн саны
Бір жылдағы күн саны
Қыркүйек пен қаңтар арасындағы ай саны
Төрт үстелдің аяғы
Оң қолдағы саусақ саны
№ 1.
Бос торға фигуралардың суретін сал. Олар бір қатарда және бір бағанда
қайталанбайтын болсын.
№ 2. Геометриялық басқатырғы. «Тоғыз нүкте»
* * * Суреттегі 9 нүктені қарындаштың ұшын көтермей,
* * * төрт кесіндімен қосу керек.
* * *
№ 3. Басқатырғы «Балық»
46 С Ы Н Ы Т Н Е М І
С
А З
А М
Ң О Н Ғ
А
І
Л А
І
Ө
А Й Р Л
І
Т
Т
Т
Е Ы Д Р
Г
Е У Е
Д Ғ
Е Ш К Е
І
Р С Т
Ы А Н Д
А Б А Л Ы Қ
Басқатырғының басталар жерін тауып, сызық бойымен үзбей, бір
торкөзге екінші рет келмей жүргіз. Қандай сөйлем шығады?
№ 4.
Тағаны бөлу. Балтамен 2 рет ұрып, тағаны 6 бөлікке бөл.
*
*
*
№ 5.
Санжар 4 жаста, Қуат одан 2 жас кіші, ал Алмас мектепке барады.
Балалардың ең үлкені қайсы? Ең кішісі қайсы?
4. Тақырыбы: Логикалық ізденіс тапсырмалары
47 Мақсаты: 1. Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын , жылдамдығын,
таным белсенділігін арттыру.
2.Математикалық сұраққа мәдени түрде жауап беру, қарым қатынасты
дамыту.
3. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика
пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Ойын ережесі:
Ойынға 4,5 оқушыдан командалар қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек
ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз
жауаптарына көбірек ставка қою керек..Турларда әр сұрақтың өз бағасы
болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе,
онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын
берсе ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе шегеріледі.
Әдебиеттегі сандар
100. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
200. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы
немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )
300. Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта,
ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша
сағатта жеп бітіреді? (бір)
100.Төртінші артығын тап: 37;19;27;19 .(27)
200.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
Қызықты сұрақтар:
100.Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
200. Сиқырлы қаптағы сұрақ 7 ағалыінілердің бірбірден қарындастары
бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)
300 . Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік
пайда болды? (15)
400. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2
мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге
неше аң келген? (3)
Логика
100.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
200. АУКЦИОН сұрақ : Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр.
Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)
300. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма?
(еменде алма өспейді)
400. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып
алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен
жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт
48 бақырды.Анасы Есетті 11мин жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін
қанша уақыт бақырды?(5мин)
Сандар
100. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал
сандар)
200.Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
300.Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1ге
ғана бөлінетін сандар)
400.Заңдылықты анықтап, сан қатарының келесі санын анықта: 0, 3, 8, 15, ? тін
сандар 2;3;7)
Ойынның нәтижесін шығару.Әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі.
Жеңімпаздар марапатталады.
5. Сабақтың тақырыбы: Қызықты есептер.
Мақсаты: Оқушылардың зейінін дамыту және ойша тұжырымдама жасауға
дағдыландыру, қиялын дамыту.
№ 1. Бала сөзін неше рет оқуға болады?
б а л
а л а
№ 2. Екі шиді қозғалту арқылы үйді басқа бағытқа қарат.
49 № 3. Үш шиді қозғау арқылы шаянның бағытын өзгерт.
№ 4. Бос орынға қандай сан, қандай әріп жазылады?
2 Б
6
А
4 Г
?
?
№ 5. Ішінде сандар жазылған төрт дөңгелек. Сандардың өзгерісін анықтай
отырып, үш дөңгелекке ұқсамайтын бір дөңгелекті анықта.
2 11
6 6
3 8
7 3
4 9
7 5
5 10
9 5
6.Тақырыбы: Тапқырлықты талап ететін ойындар.
Мақсаты: Оқушылардың ойлау элементін дамыту және қалыптастыру,
елестету, назар аудару қабілеттерін жетілдіру.
50 № 1. «Бірден сызып шық»
Бір сызықты қайталамай, фигураны бірден сыз.
№ 2 . Бірден сызып шық.
№ 3. Графикалық диктант.
51 № 4.
Бір бөлмеде 10 маса мен 2 өрмекші жүр еді. Кенеттен әр өрмекші 3 масадан
жеп қойды. Бөлмеде неше маса қалды?
Жауабы: 4 маса қалды.
7.Тақырыбы: Түрлі фигуралар құрастыру.
Мақсаты: Түрлі фигуралар туралы түсініктерін кеңейту. Талдау, салыстыру,
қорытынды жасау біліктілігін дамыту.
№ 1. Жалғастыр.
№ 2. Машина құрастыру.
52 № 3. Әртүрлі геометриялық фигуралардан үй, зымыран құрастыр.
31
№ 4. Айнаның сынған сынығын тап . Оларды орнына қой.
№ 5.
Айжан, Балжан, Гүлжан үш түрлі көйлек киіп театрға келді. Біреуі – ақ,
екіншісі – көк, үшіншісі – қара. Айжанның көйлегі ақ та, көк те емес, ал
Гүлжан көк көйлек кимесе, қыздар қандай көйлекпен келген?
Жауабы: Айжан – қара, Балжан – көк, Гүлжан – ақ.
53 8.Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ
(Қызықты математикалық ойындар)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін
тексеру,алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлеңесептер,ертегі есептер,сөзжұмбақты
шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын
еркін айта білуге қалыптастыру.Оқушыларды ауызбіршілікке ,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақжауап,көрнекілік.ізденушілік,ойын , құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, интер/к ,,
тақта ,тест,ертегі есеп, өлең есеп,слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздер 2 сыныптар арасында өтетін «Қызықты
математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!.
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырма
ларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін
пысықтау.
Сайыс сағатымызда өлең есептер,ертегі есептер, сөзжұмбақтар ,бейнелі
сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс
айтылған жауаптарға ,бір ұпайдан қосылып отырады.Сайыста ұпайды көп
жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады.Ал ұпайды аз
жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапат
талады.
54 2. Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
«Алғырлар» тобы 1) Топ басшысы
«Білгірлер» тобы» 1) Топ басшысы
Енді сөз кезегін топтарға берейін,өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.
«Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.
«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді
жұмып,мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды)
«Жасыл дала,құлпырған қыпқызыл гүлдер,сарқырап аққан
мөпмөлдір су,жайқалған ағаш,ашық аспан,жарқырап күлімдеген
күн сәулесі.»
Осы сезімге беріле отырып,көзімізді жаймен ашайық.
Арайлап нұрлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырап әсем табиғат,
Желекке бөлеп аймақты.
55 Оқушылар қандай көрініс көріп тұрдық.? Әсем табиғаттың.
Ендеше мен сіздерге проблемалық ой тастағым келіп тұр.
Жаздың бір шуақты күнінде Асқар мен Болат атаанасымен бірге көлдің
жағасына дем алуға барады.Асқар мен Болат суға шомылып,күнге қызды
рынып болған соң,анасы оларды тамақтануға шақырады.Тамақтанған соң
ойнады. Кетер кезде әкесі оларға қарбыз жарып берді.Қарбызға тойған соң,
олар қабықтарын көлге лақтырып ойнады.Анасы тамақ ішкен ыдыстарын
салып алды да,тамақтың қалдықтарын көлге,лақтырып қалған қоқыстарын
жинамастан балаларына:
Тез машинаға отырыңдар,үйге қайтамыз деді.Сөйтіп олар машинаға отыр
ып кете берді. Табиғатымыз қоқыстанған,ластанған.Соны тазалау үшін ,өз
үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймын. Ол үшін «Сөзжұмбақ» шешулер
іңіз қажет.
Сонда әсем табиғатымыз қоқыстан тазартылады.
Ей,балалар,балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Сөзжұмбақты қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
«Алғырлар»
1.Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз
2.Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы
3.Ондықтан құралған сан. Қырық
4.Бір таңбалы сан. Үш
5.Кеміту амалы. Азайту
56 «Білгірлер»
1.Бір таңбалы сан Бір
2.Геометриялық фигура. Төртбұрыш
3.Бұрыш түрі Сүйір
4.Уақыт өлшем бірлігі. Ғасыр
5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. Шеңбер
Әсем табиғатымызды,суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады.Таза
ауамен дем алсақ,денсаулығымыз да мықты болады.
Жолдау.
Міне оқушылар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында : «Қазақстан
ауасы таза, суымөлдір,жасыл желекке айналуы тиіс»,деген болатын.
Балалар ,біз даламызды жасыл желекке айналдыру үшін қандай үлес қоса
қоса аламыз?
Қоқыстан тазалаймыз,ағаш отырғызамыз,гүл егеміз.
Ендеше ,балалар,табиғатымызды таза ұстап,қамқорлыққа алу,гүлдер
егіп,даламызды жасыл желекке айналдыруболашақ ұрпақ сендерге
байланысты.
Сондықтан өз үлесімізді қосайық..
4. «Ағаш отырғызамыз»
Ағашты жақсы етіп отырғызбасақ,ол дұрыс өспей қалады.Ад сіздердің
ағашты дұрыс отырғызғандарың , тапсырманы дұрыс орындағандарын болып
саналады.
1 ағаш тапсырмасы:
«Баспалдақ» ойыны
«Алғырлар» 90 +10=80 «Білгірлер»
24+2=26 35+2=37
388=30 56+1=57
72+2=75 4010=30
25+3=28 24+3=27
4020=20 8050=30
57 2ағаш тапсырмасы:
«Математикалық бейнелі сөз» шешу
, Қаз Ай Ту (Азайту) Мысық ,Етік, Р (Метр)
Сергіту сәті:
Жапырақтары жайқалып,
Биік ағаш өседі.
Самал желмен тербеліп,
Бұлттар жылжып көшеді.
Тағы қандай үлес қосамыз.
Гүл егеміз.
Жақсы. Бірақ гүл егу кезкелген адамның қолынан келе бермейді.Оны
баптап күту қажет.
Қызғалдақ тапсырмасы. Бейне сұрақ
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен ,панасы жоқ жалғыз кемпір
болыпты.Жаз шығып ел жайлауға көшкенде,сүйенері жоқ кемпір жалғыз
сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.Кемпір:«Бұлар менің жалғаз
сиырымды нысанаға алмақ болған екен,мен де бұларды алдайын»,деп
ойлайды.Сөйтіп жалма –жан бір шелек суды сапырып отырып ,мынадай өлең
айтыпты:
5. Сапырыпсапырып Арманға бер,
Құйыпқұйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
58 Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер»,деген екен.Мұны естіген ұрылар:«Қой мұнымыз
болмас үй» толы кісі ,әрі бізден екі есе көп,кетейік»,деп кетіп
қалыпты.Кемпір тапқырлығымен ұрылардыосылай қорқытыпты.Сонда үйде
адам нешеу? Жауабы:10 адам.
Раушан гүл тапсырмасы.
Математикалық санамақ айтып жарысу.
4дегенім жақсы баға,
1дегенің жаман баға,
Алады оны жаман бала.
2дегенім нашар баға,
Інішегім нашарлама.
3дегенім орта баға
Сапасы да орта ғана.
Енді әсем табиғатымызға көрік беретін құстар жетіспейді,қәне
құстарымызды шақырайық.
Құстар біздің досымыз
Біз қамқоршы боламыз
Құстарға ұя саламыз
Жем су беріп жаз бойы
Балапанын бағамыз.
1құс «Аққу» тапсырмасы
Математикалық викторина.
15 шырпыдан метр деген сөзді құрастыру керек.
2 –құс «Кептер» тапсырмасы.
Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады .
Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау.
59 Кел балалар ,ойнайық
Қандай есеп болсада.
Шешпей оны қоймайық.
Ал,тыңдаңдар,тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге.
Бөгеліп те тұрмаңдар
6. Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу,топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу,есепкер
(Бес торғай)
Көлден ұшты 50 қаз, 6 аламаның 2уін
Қайтып қонды 20 қаз Досың сұрап алады.
Қонбады оның нешеуі, Айтшы сонда нешеуі
Қане кім тез шешеді? (30 қаз) Өз қолыңда қалады. (4)
Аулада 60 үйрек, 11 түйе,бес жылқы.
Қорада 20 үйрек, 2 сиыр,бір ешкі
60 10 үйрек тығылды 2 қоян,үш түлкі,
10 үйрек жығылды, Болды сонда нешеуі? (24)
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
Табақта 55 алма 100 асықтың 30ын,
Қолымда 5 алма Досым сұрап алды
Барлығын қосқанда Айтшы сонда нешеуі
Болады неше алма? (60 алма) Өз қолымда қалады.
5ін бердім апама,
5ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
3құс «Саршымшық» тапсырмасы. Тест
1 топ 2топ
1. Амалды орында:
27 + 42 28 + 32
а) 69 а) 60
ә) 47 ә) 61
б) 29 б) 62
2. 1 жылда қанша ай бар? 1 аптада қанша күн бар?
а) 12 а) 7
ә) 18 ә) 14
б) 36 б) 21
3. Сатылғаны10 л Кесе – 70 теңге
Қалғаны – 30 л Қасық – 30 теңге
7. Болғаны ? Барлығы ?
а) 10 а) 40 теңге
ә) 33 ә) 90 теңге
б) 40 б) 100 теңге
4. Салыстыр: 8 жүздік * 6жүзд 9 жүзд * 5 жүзд
61
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Логика авторлық бағдарлама
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.