Ұлттық ойындар
Оценка 5

Ұлттық ойындар

Оценка 5
Мероприятия
docx
воспитательная работа
1 кл
18.06.2017
Ұлттық ойындар
«Ұлттық ойындар» жарысы Сабақтың мақсаты: а) теориялық ойын түрлерін, мазмұныны, ережелерін, ерекшелігін меңгерту. ә) жетілдіру өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттілігін жетілдіру. б) тәрбиелік Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару әдісі: Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан – жақты түсіндіру. Құрал – жабдықтар: Ысқырық, доптар, сақина, арқан т. б. ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢ 1. Оқушыларды сапқа тұрғызу 3. Рапорт қабылдау. Рапортты дұрыс тапсыруын қадағалау. 4. Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау. Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау 5. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары
Ұлттық ойындар.docx
«Ұлттық ойындар» жарысы Сабақтың мақсаты:  а) теориялық ойын түрлерін, мазмұныны, ережелерін, ерекшелігін меңгерту. ә) жетілдіру өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттілігін жетілдіру. б) тәрбиелік Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару  әдісі: Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан – жақты түсіндіру. Құрал – жабдықтар: Ысқырық, доптар, сақина, арқан т. б.           ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢ 1. Оқушыларды сапқа тұрғызу 3. Рапорт қабылдау. Рапортты дұрыс тапсыруын қадағалау. 4. Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау. Бұрылыстарды дұрыс  орындауын қадағалау 5. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары НЕГІЗГІ КЕЗЕҢ Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар «Тұтқынға алу» - ойыны Ойынның ережесі: Екі топқа бөлінеміз де бір бірімізге қарап сызылған сызықтың екі жағында тұрамыз. Тұрдық па? Енді қарама - қарсы тұрғандар бір - бірінің қолынан ұстап әр бақталас топ өз жағына қарай тартады. Кімнің тобы мықтырақ, қай топ өз жағына көп тартып алады, сол топ жеңіске жетеді. «Арқан тарту» Ойынның ережесі: Арқан тарту. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Ойынға екі ұшы тұзақтап байланған ұзын жіп немесе арқан керек. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіске жетеді. Тартыс — ұлттық ойын Ойынның ережесі: Ойыншылар тепе - тең екі топқа бөлінеді, екі - екіден жұптасып тұрысады. Ортаға екі жұп шығады. Бірі екіншісін арқалап алады. Белгі бойынша олар бір - біріне жақындаса бастайды. Мақсаттары бірін - бірі аударып кету. Тартыс басталады. Егер арқадағы ойыншының бір жері жерге тиіп кетсе, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі жұп шығады. Олар да осылай тартысады. Ойын жалғаса береді. Қай топ көп аударса, сол топ жеңген болып есептеледі. Артынан ойыншылар бір - бірімен орын ауыстырады. Асық ойыны «Тас қала» Ойынның ережесі: Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7 — 8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші. Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда саңалар қайта иіріледі. Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта түрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмаганға дейін ата береді. Қалған ойыншыларды бүзылған «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады. Ойын ережесін түсіндіру. Ойын ережелерін қатаң түрде сақталуын ескерту. Хан талапай Ойынның ережесі: Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Хан талапай». Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез - тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢ                     «Шал ақын ауданының қазақ мектебі» КММ      «Қазақтың ұлттық ойындары»                   3 «А», «Ә»­сыныптары Өткізген: Абжанова А.Қ                                                                         Курмангалиева А.Б                           2016­2017оқу жылы

Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.06.2017