Ұлулар типі
Оценка 4.7

Ұлулар типі

Оценка 4.7
Документация
docx
биология
7 кл
27.04.2017
Ұлулар типі
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өзін – өзі дамуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру. Ұқыптылыққа тәрбие және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. - Ұлулар типінің өкілдеріне және кластарына жалпы сипаттама беру. - топта, жұпта, жеке жұмыс жасауға үйрену. - жауапкершілікті, табандылыққа, қоршаған ортаны қорғай білу.
Ұлулар типі.docx

Пән атауы: биология

Сабақтың тақырыбы: Ұлулар типі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өзін – өзі дамуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбие және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттері: - Ұлулар типінің өкілдеріне және кластарына жалпы сипаттама беру.

 - топта, жұпта, жеке жұмыс жасауға үйрену.

-  жауапкершілікті, табандылыққа, қоршаған ортаны қорғай білу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

 - оқушылармен амандасу
- сыныптың тазалығын тексеру
- сыныптың кезекшілігін анықтау
- оқушыларды түгендеу
- сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сөзжұмбақ шешу:
1. Денесінде қылтандары болмайтын буылтық құрт.
2. Құрамы нәруызға бай, сүліктің сілекейінде болатын, қанды ұйытпайтын ерекше зат.
3. Егістік жерді жыртқанда қарғалар теріп жейтін буылтық құрт.
4. Әрі аталық, әрі аналық жыныс мүшелерінің бір құрттың бойында болуы
5. Көпқылтанды буылтық құрт
6. Буылтық құрттар типінің теңізде мекендейтін түрі.
7. Шұбалшаңның қанның түсі
Жауаптары:
1. Сүлік    2. Гирудин     3. Шұбалшаң   4. Гермафродит   5. Құмқазар    6. Нереида   7. қызыл
Сұрақ-жауап.

1.      Ұлулар типінің кластары?

2.      Тип неге «ұлулар» деп аталған? Бұрын қалай аталған?

3.      Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері?

4.      Ұлулар қалай тыныс алады?

5.      Ұлулардың қантарату жүйесі?

ІІІ. Негізгі бөлім:

Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.

І топ: «Бауыраяқтылар» класы

ІІ топ: «Қосжақтаулылар» класы

ІІІ топ: «Басаяқтылар» класы

Флипчарт,түрлі-түсті қағаздар, интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар.

Оқушылар жұптасып, топтасып пікірлесе отырып, өз ойларын еркін, дәл, анық түрде презентацияға түсіріп, қорғайды.

 

IV. Жаңа сөздер мен терминдерге анықтама

Шапанша – ерекше қатпарлы қабат.

Бақалшақ – шапаншаның үстіңгі беті.

Үккі – тіс орны.

Шапанша қуысы – тұлға мен шапанша аралығы.

Планктон – теңіздің қалың қабатында кезіп жүріп тіршілік ететін ұсақ тірі ағзалар жиынтығы.

Гемоцианин-тыныс алу пигментi.

 Малакология- ұлуларды зерттейтін зоология ғылымының саласы.

Гректің “малакион”- ұлу, “логос” – білім деген сөзінен алынған.

Гемолимфа- түссіз қан.

Фотофор – суда тіршілік ететін басаяқты ұлулардың жарық шығаратын мүшесі.

“Бентос” -грекше судың терең қабаты немесе судың түбі деген ұғымды білдіреді.

 

V.  Бейнефильм көрсету.

 №1 Бауыраяқты ұлулар класының өкілі жүзім ұлуын көрсетеді.

 №2 Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі алып тридакнаны көрсетеді.

 №3 Басаяқты ұлулар класының өкілі сегізаяқты көрсетеді.

 

VI. Қорытындылау. Тест.

ҰЛУЛАР ТИПІ

1.      Былқылдақденелілердің тұлғадан ерекше қатпарлы қабаты:

А) целом       в) кутикула     с) полип     д) шапанша     е) планула

2. Көптеген былқылдақденелілердің қаны:

        А) қызыл      в) сарғыш     с) түссіз      д) көк    е) қызғылт

3. Былқылдақденелілердің зәр шығару мүшесі:

     А) несеп жолы   в) қуық    с) мальпигий түтікшелері   д) бүйрек   е) түтікше

4. Бауыраяқты  былқылдақденелілердің өкілі:

       А) айқұлақ    в) каракатица    с) тоспаұлу   д) мидия    е) кальмар

5. Қосжақтаулы былқылдақденелілердің өкілі:

     А) жалаңаш шырыш   в) мидия   с) кальмар   д) тоспаұлу    е) каракатица

6. Басаяқты былқылдақденелілердің өкілі:

    А) жалаңаш шырыш   в) мидия   с) кальмар   д) тоспаұлу    е) айқұлақ

7. Ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін тесетін қосжақтаулы былқылдақдене:

    А) устрица    в) жалағаш шырыш   с) сегізаяқ    д) мидия    е) кемеқұрт

8. Көкөніс және жемістерге зиян келтіретін бауыраяқты былқылдақдене:

    А) ұлулар    в) жалаңаш шырыш    с) айқұлақ  д) мидия    е) кемеқұрт

9. Тағам ретінде пайдаланатын қосжақтаулы былқылдақдене:

    А) ұлулар    в) жалаңаш шырыш    с) айқұлақ  д) мидия    е) кемеқұрт

10. Сия қапшығына түсі қоңыр сұйықтығы бар басаяқты былқылдақдене:

     А) кальмар  в) сегізаяқ      с) ұлу   д) каракатица   е) жалаңаш шырыш

ЖАУАПТАРЫ:


1-      Д

2-        С

3-      Д

4-      С

5-      В

6-      С

7-      Е

8-      В

9-      Д

10-  А

 

 


VIІ.Үй тапсырмасын беру кезеңі: 208-беттегі кестені талдау.

VIІІ. Бағалау. Оқушыларды бағалау.

 

 

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі"ММ-нің "№2 орта мектеп" КММ-сі

 

 

 

 

 

 

 

«Заманауи сабақ келбеті» ашық сабақтар марафоны

Тақырыбы: Ұлулар типі

 

 

 

 

 

 

           Өткізген биология пән мұғалімі:

И.М.Жұмағазы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

Қосжақтаулы ұлулардың бірі- тридакна. Тридакна салмағы-200кг-ға дейін жетеді. Дене мөлшері үлкен болғанымен , тридакналар ұсақ организмдермен қоректенеді.

Самоа, Фиджи арал тұрғындары тридакнаның етін тағамға пайдаланады. Дүние жүзінде ең үлкен меруерт алып тридакна ұлуынан алынған. Оның бақалшағының ішінен 7 кг меруерт табылған. Алып тридакна ұлуының бақалшағының ұзындығы 1,4 метрге жетеді, денесінің жұмсақ бөлігі 30 кг-ға жуық. Тридакна ұлулары Үнді және Тынық мұхиттардың маржан полиптері арасында тіршілік етеді.

Сегізаяқ

Қазіргі кезде сегізаяқтың – 150-ге жуық түрі субтропиктік және тропиктік аймақтардағы теңіздер мен мұхиттарда кеңінен таралған. Ең ірілерінің қармалауыштарының ұзындығы – 3 метрге, салмағы 50 кг-ға жетеді. Ең ұсақ түрлерінің денесінің салмағы 1 г мөлшерінде, ал ұзындығы бірнеше милиметрге жетеді. Дүниежүзіндегі ең ірі сегізаяқтарға алып және жартас сегізаяқтар жатады. Ұзындығы 4,5-5 метр, ал салмағы 50 кг-нан асады. Сегізаяқтың қаны көгілдір түсті , бұл қанның құрамында мыстың болуымен тікелей байланысты. Жүйке жүйесі өте жақсы дамыған., жүйке түйіні 170 млн жүйке жасушаларынан тұрады. Көзінің құрылысы жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың көзіне ұқсас. Қармалауыштары аузының айналасын қоршай орналасады. Аузы онша үлкен емес, ол бұлшық етті жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншағында мүйізді өсінділері болады. Ас қорыту сөлі қорегін 4 сағатта қорытады. Қанайналымы – тұйық, яғни қаны тек қан тамырларының бойымен ағады. Қорегі – балықтар, таңқышаяндар, ұсақ ұлулар.

 


 

П ә н атауы: биология Саба қ ты ң та қ ырыбы: Ұ лулар типі

П ә н атауы: биология Саба қ ты ң та қ ырыбы: Ұ лулар типі

Шапанша – ерекше қ атпарлы қ абат

Шапанша – ерекше қ атпарлы қ абат

Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі"ММ-нің "№2 орта мектеп"

Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі"ММ-нің "№2 орта мектеп"

Тридакна салмағы-200кг-ға дейін жетеді

Тридакна салмағы-200кг-ға дейін жетеді
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.04.2017