Зерттеу жұмысының мақсаты: Талдау, саралау негізінде ұтқыр, дәл айтылған тіркестерде берілген қазақ халқының тілінің жалпы және жеке ерекшеліктерін анықтау; ұлттық мінез-құлықтың мақал-мәтелдерде айтылған өзіндік ерекшеліктерін зерделеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Оқушылардың, менің достарымның сөйлеу тілінде пайдалануын белсендіруге және жеке өмірлік тәжірибесін кеңейтуге ықпал ететін қазақтың тіл шығармашылығының
бірегей формасы, мақал-мәтелдердің тақырыптарын зерделеп, мәнін ашу.
Зерттеу объектісі – Сонау ықылым заманнан бізге өзінің тағылымдық мәнін жоғалтпай жеткен қазақ әдебиетінің ажырамас бөлігі болып табылатын мақалдары мен мәтелдері, сонымен қатар халқымыздың мақал-мәтелдерінде айқындалған мәдениеті.
Зерттеудің болжамы – Қазақ мақал-мәтелдерінің тақырыптары мен мағынасын зерделеу заманауи адамның тілінің мәдениетін, нақтылығын, байлығын анықтайтындығы жөніндегі болжам алынды
Зерттеудің болжамы – Қазақ мақал-мәтелдерінің тақырыптары мен мағынасын зерделеу заманауи адамның тілінің мәдениетін, нақтылығын, байлығын анықтайтындығы жөніндегі болжам алынды.
Зерттеу объектісі – Сонау ықылым заманнан бізге өзінің тағылымдық мәнін жоғалтпай жеткен қазақ әдебиетінің ажырамас бөлігі болып табылатын мақалдары мен мәтелдері, сонымен қатар халқымыздың мақал-мәтелдерінде айқындалған мәдениеті.
Зерттеу пәні – Қазақ халқының мәдени және әдеби мұрасы.
Зерттеу әдістері – Талдау, бақылау, іс-тәжірибеде қолдану.
Зерттеудің жаңалығы – Зерттеу жұмысында мақал-мәтелдер арқылы қазақ халқының салттары мен дәстүрлерінің ерекшеліктері сараланды.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындылар – жастарға тәлім-тәрбие беретін, ұнамды үлгі қалыптастыратын мақал-мәтелдерді насихаттау; мақал-мәтелдерді мектеп өмірінің барлық бағыттарына /сабақта, сынып- тан тыс өмірде және т.б. кеңінен енгізу керек деген қорытындыға келдім.
Іс-тәжірибеде пайдалану аясы – Мектепте тек қазақ тілі мен әдебиеті пәні ғана емес, сонымен қатар басқа да оқу пәндерін оқыту іс-тәжірибесінде; әсіресе, жастардың сөйлеу тілінде пайдалану керек.
Мақал-мәтел – әрі қысқа, әрі нұсқа айтылған сөз мәйегі, ой маржаны. Мақал-мәтел бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған ықылым за манда туып, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде талай ғасырмен бірге жасасқан.
Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жа ғынан ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негі зінде пікір айтылады.
Мақалдарды жасаудағы көркемдік тәсілдердің бірі – әсірелеу. Мысалы, «Көп түкірсе – көл», «Жақсы – ай мен күндей, әмбеге бірдей». Сондай-ақ салыстыру әдісі жиі қолданылады. Мысалы,«Жақ-сы қыз – жағадағы құндыз, жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз». Мақалдар мен мәтелдердің үш жақты ерекшелігі бар тұлғалар екендігіне ғалым дар ертеден-ақ назар аударып келеді. Біріншіден, мақалдар мен мәтелдер – фразеологизм сияқты тілдік құбылыс. Екіншіден, пайымдау мен ой - пікірдің түйіні ретінде логикалық тұлға. Үшінші-ден, келелі ой, кең мазмұнды қысқа айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Мақал-мәтелдердің осындай үш жақты қасиеті оларды тіл- дік құбылыс ретінде және ойлау құбылысы ретін-де бөлек-бөлек зерттеуді қажет етеді.
Мақал – мәтелдердің өзара айырмашылығы
Мақалдарда тиянақты, тұжырымды ой айтылады, құрылысы жағынан бір немесе бірнеше сөйлемнен құралып келе береді, алдыңғы ой екінші ойдың шарты түрінде көрінеді. Мысалы, «Мезгілі жетсе, мұз да ерір».
Мәтелдерде аяқталған тиянақты ой айтылмайды, құрылысы жағынан олар сөйлемдік дәрежеде болмай, бірнеше сөздердің тіркесі түрінде келе береді. Мысалы, «Қой семізі қойшыдан».
Халық даналығына баулудағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні
Қазақ халқы мақал - мәтелге өте бай. Мақал-мәтелде халқымыздың өніп-өсуіне, қалыптастыруға, тіршіліктің қыры мен сырын түсінуге, оның қайшылығын тануға терең баға беріледі. Жастарға өнер-білім, тіл үйретуге, жан-жақты тәрбие беруде мақал-мәтелдің мән-маңызы өте зор. Білім мен өнер еңбектің бір түрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып, білімін байытқан бала ғана өмірден өз сыбағасын алып, өз орнын таба алатыны сөзсіз.
Қазақтың мақал – мәтелдерінің өскелең ұрпақтың эстетикалық мәдениетін дамытуда да маңызы зор. Мұндай мақал-мәтелдердің мазмұны ата-бабаларымыздың бүкіл өмір тәжирибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезі- мін, талғамын, көзқарасын дамытады. Осыған орай көптеген ғалымдарымыздың ғылыми зерттеу еңбектерінде сөз болған мақал мен мәтелдердің тәрбиелік мәні жөніндегі пікірлеріне көңіл аударып көрелік. Мысалы, Б.Адамбаев «Халық даналығы» деген еңбегінде: «Әр халықтың мақалы мен мәтелі – сол халықтың өзі жасап алған логикалық формуласы, ережесі. Ол кез-келген оқиғаның, мәселенің тұсында еске түседі, тілге оралады. Сөйтіп, көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсеніжеп-жеңіл, оп-оңай, бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіреді, ұғындырады» деп, мақал-мәтелдердің мінез-құлық мәдениетіне, өнерге, әдебиетке, деген негізгі талаптарын тұжырымдауға болатынына тоқталады.
Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол – ғасырлар бойы халқымыздың ұқыптап сақтап келген тәжірибесінің жиынтығы,ой-пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, көнеден жаңаға, атадан балаға қалдырып келе жат-қан тозбайтын, тот баспайтын, өмірлік өшпес мұра.
Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол – ғасырлар бойы халқымыздың ұқыптап сақтап келген тәжірибесінің жиынтығы, ой-пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, көнеден жаңаға, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын, өмірлікөшпес мұра.
Осы зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде өркениетті елдердің өрге тартқан көшінде, алға тартқан легінде халқымыздың мерейін көтеруге, қажыр-қайрат жұмсауға, қасиетті қызыл тіліміздің үстемдігін көтеруге үлес қоссам деген тұжырымға келдім.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.