Мақала"Әлемді өзгертер көптілділік"
Оценка 4.6

Мақала"Әлемді өзгертер көптілділік"

Оценка 4.6
Научные работы
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
28.03.2017
Мақала"Әлемді өзгертер көптілділік"
Қазақстанды өзгертер көптілділіктің маңызы мен оның мән мағынасы сипатталған.Мақалада тілді үйренуге барлық адам мұқтаж. Тіл – халықтың ең басты байлығы. Қазір заманға сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдауға міндеттіміз.Бірнеше тіл білу уақыт сұранысы,талабы.«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – деген даналық сөзді басшылыққа алып жүруге тиіспіз.Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениетті еліміздің алға ұмтылуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді игеру керек.Үш тілді қатар меңгеру жақсы қаруланған бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті. Қазақстанның білікті, білімді әр патриоты ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесіп ағылшын тілін үйренуге бет бұруы керек.Бұл еліміздің бәсекеге қабілеттілікке жетудің ең алғашқы сатысы болып саналады. Өйткені қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген азаматтардың қай ортада жұмыс істесе де жолы ашық.Әлемді өзгертер көптілділік
СаттыбаеваӘлемді өзгертер көптілідлік.docx
ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕР КӨПТІЛДІЛІК Саттыбаева Мейрамкүл Асқарқызы Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Астана қаласы №36 ОМ Тіл – халықтың ең басты  байлығы. Қазір заманға  сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдауға міндеттіміз.Бірнеше тіл білу уақыт сұранысы,талабы.«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді   құрметте»   –   деген   даналық   сөзді   басшылыққа   алып   жүруге   тиіспіз.Тіл   білу   – байлық. Әсіресе, өркениетті еліміздің алға ұмтылуына   үлес қосқымыз  келсе, көп тілді игеру керек.Үш тілді қатар меңгеру жақсы қаруланған бәсекеге қабілетті ел  азаматының  міндеті.   Қазақстанның   білікті,   білімді   әр   патриоты   ғаламдық   ақпараттар   мен  инновациялық   ағынына   ілесіп   ағылшын   тілін   үйренуге   бет   бұруы   керек.Бұл   еліміздің бәсекеге   қабілеттілікке   жетудің   ең   алғашқы   сатысы   болып   саналады.   Өйткені   қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген азаматтардың қай ортада жұмыс істесе де жолы ашық. Мемлекеттік тіл мемлекет өмірінің барлық саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін, орыс тілі ұлтаралық қатым­қатынас тілі, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік   қауымдастыққа   кірігуімізге   қызмет   етуде.   Классик   жазушы   С.Мұқановтың  «Әркімнің туған тілі ­ туған шеше, оған бала міндетті сан мың есе» деген сөздерін мысалға ала отырып, түсіне, ұғына  білгенге адамдағы ұлттық мақтаныштың алғашқы ұшқындары да жүрекке тіл  арқылы ұялайды. Өз ана тіліңді қадірлемей, ел­жұртыңды сүйе алмайсың. Әр азамат ана тілінің бай қорын игерумен бірге орыс, ағылшын тілдерінің де асыл қазынасынан сусындап, оны іске асыра білгені де жөн. Елбасы өз Жолдауында: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз... Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз... Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Біз өз елімізде өз ана тілімізде, қазақ тілінде сөйлеуге міндеттіміз. Өйткені,   тіл   –   біздің   қазақтығымыздың   кепілі.   Мемлекетіміздің   мызғымас   бөлігі. Мемлекеттік тілге деген көзқарас өзгермей, ештеңе де өзгермейді. Қоғам мен қоғамдық сана өзгерген сайын тіл де өзгеріп отырады. Бүгінде   еліміз   жаңа   ғасыр   табалдырығын   аттап,жаңа   өмір   бастап   кетті.Елу   елдің қатарына   енуге   бет   бұрғандықтан,ұрпағымыз   да   жан­жақты   білімді   көптілді   болуы керек.Үш тілді білу­өмірден өз орнын таңдай алатын,өзара қарым­қатынаста өзін­өзі ұстай алатын,кез­келген ортаға бейімделетін,білім мен білігін басқа ортада көрсете алатын,өзге дамыған елдермен бәсекеге түсе алатын,еліміздің дамуына үлес қосатын  жеке тұлға болып қалыптасуға ықпал  етеді.Бүгінгі жас­ ертеңгі елдің тірегі,келешектің келбеті.Сол себепті олардың білімді, алғыр бәсекеге қабілетті және көптілді болып өсуі ел дамуындағы аса маңызды   фактор.Біздің   алтын   діңгегіміз   –   қазақ   тілі,ал   жан­жағынан   өзге   тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады.Қазіргі уақытта еркін айналымда жүрген бұл­   ағылшын   тілі.Бұл   үшін   халықаралық     қатынас   тілі   болып   жүрген   ағылшын   тілін үйрену   керек.Оның   қажеттілігі   уақыт   өткен   сайын   өткір   сезініп   келеміз.Ағылшын   тілі­ қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі.Ағылшын тілі­әлемдік бизнес тілі,мемлекеттік тіл  ­ ұлт тілі.Әлемдік ғаламдандыру тілі болып табылған ағылшын тілін білу –ағылшын тіліді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орынын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік.Мәселен, М.Әуезовтың «Абай жолы» романы ағылшын тіліне аударылмаса   Абайдай   ғажап   ақынымызбен   мақтана   алмас   едік.   ХХІ–ғасыр   білім ғасыры,тек   қана   білімді   азаматтарымызбен   халқымыздың   жолы   дара,болашағы   жарқын болар еді.Білімді азаматтары бар мемлекет қай жағынан жел соқса да,сол желге төтеп беріп,тосқауыл бола біледі. [1] Қазақ халқының «Жеті түрлі білім біл,Жеті жұрттың тілін біл» ­ деген мақалы текке емес.Көптіліді   болу   менің   ойымша,бәсекеге   қабілетті   қоғам   құрудың   негізін   қалауға көмектеседі.Тілдің   адам   өміріндегі   маңыздылығын   әркім   түсінеді.Ол   танудың, түсінудің,дамудың   негізгі   құралы.Көп   тіл   білу   біздің   мемлекетіміздің   халықаралық байланыстарын   дамытуға   мүмкіндік   беретін   тұлғааралық   және   мәдениаралық   қарым­ қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.Қазіргі кезде тілді меңгеремін деген азаматтар үшін барлық жағдай жасалған.Көптілді білім алу мақсаты: ­ Әлем бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлға болу; ­ Тілік ортаны,мемлекеттік мәртебесін көтеру және дамытудың дұрыс жолын таңдау; ­ Әртүрлі   деңгейдегіми   мәселелерді   шешуге   бағытталған     оқушылар   қатысатын жобаларға,халықаралық сайыстарға қатысу;[1] Бірнеше тілді білетін адамның миы жақсы жұмыс істейді деген пікір ғылыми тұрғыда дәлелденген.Ол адам сөзден шектеліп қалмайды.Психологиялық ғылым баспасында жарық көрген мақалаға сүйенсек,екінші тілді білу  тіпті есейген кезде үйренген адамдарға да, ана тілінде   кітап   оқуына   әсер   етеді   екен.Яғни,екінші   тілді   білетін   адам   мәтінді   оқып шыққаннан   кейін,сол   мәтінді   екінші   рет   қарап   шықпайды,сөздердің   мағынасын   жылдам түсінеді делінген. Бельгиядағы   Гент   жоғарғы   оқу   орнының   екі   тілді   психологы   Ева   Ван   Асше   өзінің әріптестерімен   бірге   Даниялық   студенттерге   тәжірибе   жасаған.Тәжірибе   жасау   үшін ағылшын тілін 14­15 жасында үйренген 45 студентті таңдап алған.Олар өз тілінде берілген мәтінді   оқып   шығады,ал   мәтін   екі   тілде   бірдей   қолданылатын   сөздер   болған.Мысалы: спорт,тенис   т.б.Тәжірибе   барысында   студенттердің   мәтін   оқып   жатқан   кездегі   көз қозғалысын   бақылаған.Бақылау   нәтижесі   бойынша   адамның   көзі   екі   тілде   бірдей қолданылатын сөздерді жылдам оқып,өз тілдеріндегі сөздерге бірнеше секунд тоқтайтыны анықталған.Осыдан,адам өз тілінде мәтін оқып жатқан кезде,оның білетін екінші тілі де ықпал   ететіндігі   анықталған.Ван   Асше     «Екі   тілді   болу   адамның   автоматикалық қабілеттерін   дамытады»   деген   пікір   айтқан.Ол   екі   тілді   адамдардың   ақпаратты   есту арқылы есте сақтау қабілеттеріндегі айырмашылықтарды анықтап,екі тілді жақсы білетін адамдардың артықшылықтарын анықтаған. Екінші зертеу барысында 30 шақты 63 жастағы адамдар қатысқан.Олардың жартысы көптілді,жартысы бір тіл  білетін адамдар  болған.Берілген тапсырмалар  кезінде көп тіл білетін   азаматтар   миы   жетік   және   жылдам   жұмыс   істейтіндігі   анықталған.Берілген тапсырмалар кезінде олар жылдам ойланып тез жауап берген.[2] Бізге берілген осы мүмкіндікті жібермей тіл үйреніп,көптілді азамат болу керек.  «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыруды ұстана отырып,қазақ елін әлемдегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде танытуымыз қажет екенін және мемлекеттік тіл­ қазақ тілі,ұлтаралық қарым –қатынас тілі –орыс тілі және жаһандық экономикаға   кірігу   тілі­   ағылшын   тілі   болуы   тиіс   екенін   ерекше   атап   өткен   болатын. Қазақстан   халқына   арналған   Жолдауында   Елбасымыз   Н.Ә   Назарбаев   Қазақстанның мәдениеті мен тарихы,тілі мен әдебиетінің қазақша, кей пәндерді ағылшын тілінде және орыс     тілін   пән   ретінде   оқыту   мәселесіне   тоқталып   өткені   белгілі.   «Үш   тұғырлы   тіл» мәселесі   дұрыс шешім.[3]Бұл тіл саясатының мақсаты көпұлтты мемлекеттердің ішінде келісім мен достықты сақтап қалу нығайту.Бұл саясат дүниежүзіндегі басқа мемлекеттерде де жүзеге асырылуда.Біздің  мемлекеттегідей  басқа да мемлекетте бұл мәселе өте өзекті болып отыр.Ана тілі арқылы қосымша екі тілді үйрену адамның жан –жақты болуына ықпал етеді.Тілді   үйретудің   негізгі   мақсаты­   азаматтардың   тілдік   біліктілігін   арттыру   және экономикалық­әлеуметтік мәселелерді қиындықсыз шеше білуге мүмкіндік береді. Лингвистика   заңы   бойынша   жалпының   жаппай   қолданатын   ерекше   тілдері болады.Қазіргі кезде ол тіл­ағылшын тілі.Елбасымыздың көтеріп отырған «Үш тұғырлы тіл» саясаты және осы тілде білім беру мәселесі әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданысқа еңген бағыт.Бұрын бұл ақылы мектептерде ғана болса қазіргі кезде бүкіл халықты сипатқа ие   болып   отыр.Елбасы   тапсырмасының   жүзеге   асыуы   үшін   бүгінгі   бағыт   пен   сабақты түбегейлі   өзгерту   қажет.Үш   тілді   оқытуды   тәжірибеге   еңгізу   үшін     оқулықтар   мен педагогтар білім беру әдістерін жаңарту қажет себебі, олардың барлығы   бір тілді білім беру айналасында құрылған.[3] Бүгінді таңда жаңа бағытта білім алуға арналған CLIL (пән мен тілді кіріктіріп оқыту) әдісі бар.Ол тілдерді оқыту әдістерінің ішінде өз орнын табады деген ойдамын .Ол тілдерді қолдану аясын кеңейту құралы.Осыдан бір ғасыр бұрын Ж.Аймауытов «....баланы тілге жаттықтырудың мағынасы:тбаланы сөйлеуге ,басқалардың сөзін ұғынуға ,өз бетімен жазуға,оқуға   төстелдіру.Бірақ   бұл   мағынасыз     әдеттендіру,құрғақ   төселдіру   емес,тілге жаттығумен     бірге   адам   ойлауға   да   жаттығады.Сөз   –   ойдың   анасы   .Ойсыз   сөз   –сөз болмайды».Ой жетілуімен   тіл жетілуі қатар жүреді.Тілді ойдан бөлек   дамыту мүмкін емес .Олдай болса  тілді жеке пән ретінде  оқыту дұрыс емес, яғни тілсіз ұғынатын пән жоқ екені анық . Тілді үйрену үшін адамға ең алдымен сол тілде ойлана алуы қажет.Кез келген тілді үйрету үшін төрт қағидатты қамти алуымыз қажет.CLIL –дің негізгі төрт қағидаты  ол 4Cs (content     communication   culture   cognition)   мазмұн,   коммуникация,   таным   ,мәдениет   деп қарастырылады.[2] Коммуникация   яғни,   тек   қана   тіл   аясында   ғана   емес   ,сонымен   бірге   сол   тілдің негізін салған мәдениетті де түсіну жолы.Бүгінгідей жаһандану заманында,көптілді және көпмәдениетті ортада тілді дұрыс қолдана білу ,олардың мәдениетін түсіну адамға қажет дағдыларлың бірі.     1994   жылы   CLIL   терминің   көптілді   білім   беру   саласындағы     Дэвид   Марш қолданысқа енгізген.Пәндерді қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде оқыту басқа мәдениеттерді барынша терең түсінуге қол жеткізуді кеңейтуге көмектеседі.[4]Бірнеше тілді меңгерген бала жаңа технологияны емін­еркін қолданатын,кез­келген ақпаратты іздеп таба алатын ,өзгерістерге   және   өзгертуге   дайын   өскелең   ұрпақ.Сондықтан   бұл   өскелең   ұрпақты бұрынғы   әдістермен   оқытып   болашағын   тежемей,жаңа   жолға   салуға   міндеттіміз.Әрбір азамат заман талабымен қоса өзгеруі қажет. Әдебиеттер тізімі 1. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік­педагогикалық журнал. №4 (22), 2006 2. Designing Creative Resumes /Berryman  Gregg­rev. ed.­ Boston . MA/Thomson Learning 3. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 4.  Солташұлы Ы. Заман Талабы ــ көптілді болу. // Ақиқат. 26 қараша­ 2012 ж. № 11. 14­15 б.

Мақала"Әлемді өзгертер көптілділік"

Мақала"Әлемді өзгертер көптілділік"

Мақала"Әлемді өзгертер көптілділік"

Мақала"Әлемді өзгертер көптілділік"

Мақала"Әлемді өзгертер көптілділік"

Мақала"Әлемді өзгертер көптілділік"

Мақала"Әлемді өзгертер көптілділік"

Мақала"Әлемді өзгертер көптілділік"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.03.2017