Математика 6 сынып Құлаш, медиана, мода

  • pptx
  • 06.04.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала кулаш, мода, медиана.pptx

“Науалы орта мектебі” КММ

Математика

6 сынып

Сабақ тақырыбы:
8.2 Берілген сандар қатырының өзгеру құлашы, медианасы, модасы

математика және информатика пәні мұғалімі Касымова Анар Кияшовна

Сабақтың мақсаты:

8.2 Берілген сандар қатырының өзгеру құлашы, медианасы, модасы ұғымдарымен танысу

Берілген сандар қатырының өзгеру құлашы дегеніміз ондағы ең үлкен мән мен ең кіші мәннің айырмасы

Ең үлкен мән – 11
Ең кіші мән - 5

1 мысал:
7, 9, 8,10,11, 5 – сандар тізбегі

11-5=6

7, 9, 8,10,11, 5 – сандар тізбегінің өзгеру құлашы 6-ға тең

Медиана – шамалардың орташа мәнін сипаттайтын статистикалық сипаттама

Берілген сандар қатарының өзгеру медианасын табу үшін:
Берілген сандарды өсу ретімен орналастыру керек;
Өсу ретімен орналастырылған сандарды номірлеу керек. Бірінші номерге ең кіші сан жазылады. Берілген номерлер санның сандар қатарындағы орнын көрсетеді.

2 мысал: Мұзайдынында мәнерлеп билеуге қатысушының алған ұпайлары: 5,4; 5,2; 5,7; 5,3; 5,5; 5,6; 5,2; 5,6. Мұзайдынында мәнерлеп билеуге қатысушының алған ұпайларының медианасын табыңдар.

Шешуі: 5,4; 5,2; 5,7; 5,3; 5,5; 5,6; 5,2; 5,6 сандары берілген сандар қатарын құрайды. Кестеге осы сандарды осу ретімен орналастырайық

Рет саны

1

2

3

4

5

6

7

8

Балл саны

5,2

5,3

5,4

5,5

5,6

5,7

Берілген сандар қатарының медианасы – 5,45

3 мысал: 95, 60, 45, 100, 80 сандар қатары берілген. Осы сандар қатарының медианасын табу керек.

Рет саны

1

2

3

4

5

сандар

45

60

80

95

100

Сандардың берілген қатарында 5 сан бар, 5 – тақ сан. Оның ортасында бір ғана сан бар. Ол 80 саны.

80 саны берілген сандар қатарының медианасы болады.

а) Егер берілген сандардың саны тақ болса, онда реттелген қатардың қақ ортасындағы сан – осы қатардағы сандардың медианасы болады.

ә) Егер берілген сандардың саны жұп болса, онда реттелген қатарда ортада тұрған екі санның арифметикалық ортасы – осы қатардағы сандардың медианасы болады.

Берілген сандар қатарындағы жиілігі ең көп сан, сол қатардың модасы болып табылады

Мұзайдынында мәнерлеп билеуге қатысушының алған ұпайлары: 5,4; 5,2; 5,7; 5,3; 5,5; 5,6; 5,2; 5,6. Қатысушылардың алған ұпайларының модасын табайық

Шешуі: берілген сандар қатарында 5,6 санының жилігі 2-ге тең. Өзге сандар бір рет қана кездеседі. Яғни, 5,4; 5,2; 5,7; 5,3; 5,5; 5,6; 5,2; 5,6 қатарының модасы – 5,6 саны

1,2; 3,24; 1,9; 3; 2,1 сандар қатары берілсін. Мұндай жағдайда сандар қатарының модасы болмайды, себебі әрбір сан бір рет қана берілген.

Үй тапсырмасы:

№ 1225 137 бет

Оқулықпен жұмыс

136 беттегі
№1221, №1222, №1223, №1224