Математика_9 сынып_Геометриялық прогрессияның анықтамасы (1)

  • docx
  • 13.05.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Математика_9 сынып_Геометриялық прогрессияның анықтамасы (1).docx

Қысқа мерзімді сабақ жоспары                            Тексерілді:                                        

9.3А бөлім: Тізбектер

Мектеп:   

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:  

Сынып: 9  «   »

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Геометриялық прогрессия

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.3.6

геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға:

- Геометриялық прогрессияның арифметикалық прогрессиядан айырмашылығын ұғындыру;

- сипаттамалық қасиетін байқап,  сан тізбектерінің арасынан геометриялық прогрессияны тануға үйрету;

- геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласымен берілген тізбектің мүшелерін жаза алуға үйрету;

- берілген шарттары бойынша геометриялық прогрессияның  n-ші мүшесінің формуласын жаза алуға дағдыландыру.

Бағалау критерийлері

- геометриялық прогрессияның анықтамасын және сипаттамалық қасиетін біледі;

- сан тізбектерінің арасынан геометриялық прогрессияны таниды;

-геометриялық прогрессияның n-мүшесінің формуласын қорытып шығарады және қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-          бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын есеп шешуде қолданады;

-          арифметикалық және геометриялық прогрессияны есеп шығаруда қолданып дәйектейді;

-          банктік пайызға есеп шығарып түсіндіреді;

бөлінгіштікке, қосындыға және теңсіздікті дәлелдеуге есеп  шығарып түсіндіреді;

Пәндік лексика мен терминология

-          сандық тізбектер;

-          тізбектің берілу тәсілдері;

-          тізбектің алдыңғы мүшесі, тізбектің кейінгі мүшесі;

-          тізбектің бірінші мүшесі және  т.с.с., тізбектің n-мүшесі;

-          тізбектің n-мүшесінің формуласы;

-          рекурренттік формула;

-          өспелі, кемімелі тізбек;

-          арифметикалық прогрессияның айырмасы;

-          геометриялық прогрессияның еселігі;

-          арифметикалық ортасы;

-          геометриялық ортасы;

-          арифметикалық/геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

-          тізбектің n-мүшесінің формуласын  … түрде беруге болады;

-          тізбектің келесі элементі болады;

-          прогрессияның ... мүшесін табу үшін ... ;

-          тізбек кемімелі/өспелі болып табылады, себебі ;

-          ... саны геометриялық прогрессияның мүшесі болып табылады, себебі … ;

Пәнаралық байланыстар

Геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Презентация,  https://bilimland.kz/kk

 

Бастапқы білім

Сандық тізбектер, олардың берілу түрлері туралы жалпы мәліметтерді біледі.Арифметикалық прогрессияның қасиеттерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың  жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың сабаққа даярлығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа кешікпеуін қадағалау.

Үй тапсырмасын тексеру, қателермен жұмыс жасау, оқушыларды бағалау.

 (Көзге жаттығу жасату (белгіленген уақытта))

 

Сабақтың ортасы

10 минут

Жаңа сабақ

Миға шабуыл

Проблемалық оқыту стратегиясы. Мәселе есеп:  

 

 



1)      Бұл тізбектерді сан түрінде жазыңыз.

 

 

2)      Бұл тізбектер несімен ерекшеленеді?

 

 

3)      Бірінші тізбек қалай аталады?

 

4)      Қалай ойлайсыз, екінші тізбек қалай аталады?

 

5)      Оқулықтан геометриялық прогрессияның анықтамасын оқып шығыңыз.

6)      Реккуренттік формула:

арифметикалық  прогрессия үшін:

геометриялық прогрессия үшін:

 

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаты анықталып, бағалау критерийлері таныстырылады. Күтілетін нәтижелерге тоқталып кетемін.

 

Оқушылар жұпта ақылдаса отырып, оқулықпен жұмыс жасап, геометриялық прогрессияның  n-ші мүшесінің формуласын қорытып шығарады. «Еселік» ұғымын енгізіп , сипаттамалық қасиетін тұжырымдайды.

Қажет болған жағдайда оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы тапсырманы орындауға кететін уақытты реттеп отырамын.

 

Оқушылар проблемалық сұрақтың жауабын өздері  анықтайды.  Мұғалім  тек жетелеуші сұрақтар қойып отырады.

Проблемалық сұрақтың жауабы бойынша оқушыларды ауызша бағалау.

«Банктегі жинақ шоты», «Геометриялық прогрессия» видеоларын көрсетіп оқушылардың пікірін сұрау.

Кеспе, презентация

 

 

 

 

Алгебра 9. Шыныбеков Ә.Н.Жалпы білім беретін мектептің  9 – сыныбына арналған оқулық.

 

15  минут

 

«Карусель» әдісі.

Топтық жұмыс:

 

Тапсырма 1:

bn-1; bn; bn+1 сандары – геометриялық прогрессияның  тізбектей орналасқан үш мүшесі. Бос орындары бар үлестірмелерді пайдаланып bn мүшесін алдыңғы және кейінгі мүшелері арқылы өрнектеңіз.

 

Теңдік шығу қажет:

bn-1 мен bn+1 арқылы bn–ді өрнектейміз:

(бұл геометриялық орта)

Сипаттамалық қасиетін тұжырымдаңыз:

Мысал келтіріңіз:

Тапсырма 2:

...; 9; x; 36; … геометриялық прогрессияның тізбектелген бірнеше мүшесі берілген. Прогрессияның х әрпімен белгіленген мүшесін табыңыз.

Дескриптор:

 

Тапсырма 3:

...; 4; x; 9; …  геометриялық прогрессияның тізбектелген бірнеше мүшесі берілген.   Прогрессияның х әрпімен белгіленген мүшесін табыңыз.

Тапсырма 4:

Алғашқы бірнеше мүшесімен тізбектер берілген. Олардың қайсысы геометриялық прогрессия болады?

а) 1; -1; 1; 1;…

б) 1; 2; 3; 4;…

в)

г).

Тапсырма 5:

Тізбектердің қайсысы геометриялық прогрессия болады?

а)      5-ке еселік болатын натурал сандардың тізбегі;

б)      Натурал сандардың квадраттарының тізбегі;

в)      5 санының натурал дәрежелерінің тізбегі;

г)      5-ке бөлгенде 1 қалдық қалатын сандардың тізбегі.

Дескриптор:

Ø  Геометриялық орта қасиетін пайдаланады

Ø  Сипаттамалық қасиетін біледі

Ø  Геометриялық  прогрессия болатын тізбекті анықтайды

Тақтада қорғайды, өзара бағалау орын алады.

Қосымша 1

 

 

 

Есептер оқу жоспарынан алынды

 

 

 

 

8 минут

Тақырыпты бекіту мақсатында есептер шығару.

1-тапсырма (А деңгейлі)

Геометриялық прогрессияда b1 = 36b3 = 9. Еселігін тап.

 

Жауабы:

Бағалау критерийі:

Геометриялық прогрессияның еселігін анықтай алады

Дескриптор:

Ø  b3 –ті  b1  және еселігі арқылы өрнектейді;

Ø  Құрылған өрнектен еселікті анықтайды.

2-тапсырма. (В деңгейлі)

 

Жауабы: АВСД-дің ішінде С

3-тапсырма

Геометриялық прогрессияда b3 + b4 = 36; b2 + b3 = 18. Осы прогрессияның b5  мүшесін тап.

Жауабы: 48

Бағалау критерийі:

Геометриялық прогрессияның белгісіз мүшесін анықтай алады

Дескриптор:

Ø  Жүйе құрады

Ø  Бірінші мүшесін табады

Ø  Еселігін анықтайды

Ø  n-ші мүшесінің формуласын біледі

Ø  5-ші мүшесін табады.

 

Дайын жауаптар арқылы бағалау.

Оқушыларды бағалау. Сабақты қорытындылау. Кері байланыс алу.

Қосымша 2

 

Кеспе парақтар

 

 

Сабақтың соңы

2 минут

 

 Сұрақтар қорапшасы. Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады. 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта …

а) Бүгінгі жұмысыма ризамын, менде барлығы дұрыс болды. 

б) Менде қателер болды, бірақ мен өз ісіме ризамын. 

в) Мен теориялық материалды білемін, бірақ мен практикалық жұмыста қиналдым. 

г) Маған қиын және түсініксіз болды .

Үйге тапсырма:  Оқулықпен жұмыс. 

2,8,9,16 жаттығулар

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/sandar-tizbegi/geometriyalyq-progressiya/lesson/geometriyalyq-progressiya-geometriyalyq-progressiyanyng-n-shi-mushesining-formulasy

 

Question%20box[1]стикер

Алгебра 8. Шыныбеков Ә.Н.Жалпы білім беретін мектептің 9 – сыныбына арналған оқулық.

 

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырамын. Қабілеті жоғары оқушылар зертеу сипатындағы топтық жұмыстарда көшбасшы болып, топ мүшелерінің толық түсінуіне көмектесіп, өз білімімен бөліседі. Ол оқушы С деңгейдегі тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз шығара алуы керек деген міндет қоюды жоспарлаймын. Ал шығара алмаса түрткі сұрақтар мен жетелеуші сұрақтар қою арқылы қолдап отырамын.

Дайын жауаптары бойынша өзін-өзі және мұғалім пікірі бойынша бағаланады.  Ауызша сұрақтар қою және жеке жұмыс

 АКТ-ны тиімді қолдану.

Партада дұрыс отыруын қадағалаймын

Белсенді топтық жұмыс орындатамын

Техника қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалаймын

 

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

 

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

 

2:

 

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

 

2:

 

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru