Мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын ұғындыру.
Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң орындай білуге дағды қалыптастыру. Еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, «жаттығу тапсырмалары», тест сұрақтары, фигуралар, сөздер, оқулық, тапсырмалар, оқулық.
матем4.docx
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер.
Мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара
білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын ұғындыру.
Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң орындай білуге
дағды қалыптастыру. Еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, «жаттығу тапсырмалары», тест сұрақтары,
фигуралар, сөздер, оқулық, тапсырмалар, оқулық.
Сабақтың түрі: ойын
Әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақжауап, ой қозғау, ой ашар, өздік жұмыс,
тест сынағы, топтастыру, білім сайысы
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. «Жаттығу сұрақтары»:
1.қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40 әріп, 2 белгі, 42 әріп)
2.Математикада неше цифр бар? (10)
3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14)
4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6)
5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)
ІІ. Жаңа сабақ.
«Ой ашар»
І. Ойын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: Сұрақтар өтілген тақырыптарға
байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам , әрі
ұтымды жауап берген бала ұтады.
1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйықталған)
2. Көбейтудің заңдарын ата
(ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік)
3. 1кмде неше метр бар? 1000м
4.1дмде неше мм бар? 100мм
5.1 мде неше мм бар? 1000мм
6.1тоннада неше кг бар? 1000кг 7. 1тоннада неше центнер бар? 10ц
км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар)
Қандай өлшем бірліктері?
км, дм, м, мм бұлар ұзындық өлшем бірліктері
т, ц, бұлар салмақ өлшем бірліктері.
Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер?
Азықтүлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым.
Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс.
Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере
құлаш.
Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт, 64кг)
Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен
өлшенетін, астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты
өлшем бірлігі, мүшел жас, жыл санау, ай аты, күндерді санау т.б өлшемдер
бар.
Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер.
ІІ. «Түсіндір» («№1 кестемен жұмыс)
1. Не өзгерген? Не тұрақты? (саны өзгерген, бағасы тұрақты, құны да
өзгерген)
2. Заттың бағасы тұрақты болып, саны артса, онда құны қалай өзгереді? (құны
екі есе артады)
3. Ал, заттың бағасы тұрақты, саны кемісе ше, қандай өзгеріс болады екен?
(құны екі есе кемиді)
Сергіту сәті. Қоян шықты далаға,
Жанжағына қарады.
Секірді, жүгірді,
Отырды, тұрды.
ІІІ. «Ойлан, тап!» (№3 сөз есеп)
Дәптермен жұмыс
Проблемалық сұрақтар: не белгілі?(оң және сол жақтағы орындықтардың
қатары, оң жақтағы сол жақтағыдан 24і кемдігі) не белгісіз? (оң және сол
жақтағы орындықтар саны, барлық орындықтар саны) нені табу керек?
Сөз есеп Оң ж.6 қатар орындық 24 орындық кем
Сол ж.8 қатар орындық? орындық
Ш: 1) 86=2
2) 24:2=12
3) 6•12=72
4) 8•12=96
5) 72+96=168
Жауабы: Оң ж.72орындық, сол ж.96 орындық, барлығы168 орындық.
ІV. «Құрастыр!» (№5 кестемен жұмыс)
Проблемалық сұрақ: Не белгілі? (бірінші көйлектің құны, саны, екінші
көйлектің құны)
Не белгісіз? (бірінші көйлектің бағасы, екінші көйлектің саны мен бағасы)
Қалай табамыз? (бірінші көйлектің құнын санына бөлеміз, екеуінің бағасы
бірдей болғандықтан екінші көйлектің құнын бағасына бөлеміз)
24480:12=2040 48960:2040=24
Сергіту сәті. Жаза, жаза қолымыз,
Талып кетті көзіміз.
1, 2, 3
Бойға жинап күш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты ұғып аламыз.
V. «Теңдеу құру» Логикалық тапсырма.
Х+х+х=20217
Х=бірінші қосылғыш ең кіші бес таңбалы сан (10000)
х=екіншісі –ең үлкен төрт таңбалы сан (9999)
х=? (үшіншіні тап)
10000+9999+х=20217
19999+х=20217
х=2021719999
х=218
10000+9999+218=20217
19999+218=20217
20217=20217
Қандай теңдеу құрастырдық? (күрделі)
Салыстыру: Күрделі мен жай теңдеудің ұқсастығы, айырмашылығы неде? VІ. «Өздік жұмыс» (№9 тапсырма І, ІІ нұсқаға)
*І нұсқа 4310
Х 56
25860
+ 21550
241360 (бөлумен тексереміз)
*ІІнұсқа 4300
Х 56
258
+215
240800 (бөлумен тексереміз)
• «7» саны қандай сан? (киелі сан)
«7» саны туралы не білеміз?
Топтастыру
7 қазына, 7 ата, 7 күн, 7 шелпек,
7 күнді ата (бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, қасиетті күн, соңғы күн, азына)
7 күнді ата. (дүйсенбі….)
7 атаны ата. (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)
МАБ ға дайындық. Тест сынағы.VІІ.
1. 7 ыдыста 21кг тосап болды. Сонда бір ыдысқа неше кг тосап құйылған?
А)3кг В)10кг С)12кг Д)13кг
2. Жәшіктің саны 8, жәшіктің жалпы массасы 96кг болса, бір жәшіктің
массасы қанша?
А)11кг В)10кг С)12кг д)13кг
3. Заттың саны 18, жалпы массасы 90 тонна болса, бір заттың массасы қанша
болған?
А) 2т В)5т С)3т Д)4т
4. Бір жәшіктің массасы 12кг, жәшіктің жалпы массасы 48кг болса, онда неше
жәшік болған?
А)3 В) 1 С) 2 Д) 4
5. Егер бір ыдысқа 3кг тосап сыйса, 9 ыдысқа неше кг тосап сыяды?
А)27кг В)25кг С) 24кг Д) 23кг
6. Бір заттың массасы 5 тонна, заттың саны 2 болса, заттың жалпы массасы
қанша болады?
А) 20т В)10т С)30т Д)40т 7. Бір заттың массасы 5тонна, жалпы массасы 30 тонна болса, заттардың саны
қанша болғаны?
А)9 В)8 С)6 Д)7
Жауабы: 1А, 2С, 3В, 4Д, 5А, 6В, 7С
Қорытындылау. Бағалау.
Үйге тапсырма. №8202бет. (өрнек құру)
Математика 3 сынып
Математика 3 сынып
Математика 3 сынып
Математика 3 сынып
Математика 3 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.