«Математика панин улттык салт – дастурмен байланыстыра отырып окыту»
Оценка 4.9

«Математика панин улттык салт – дастурмен байланыстыра отырып окыту»

Оценка 4.9
Конкурсы
docx
математика
5 кл
29.03.2017
«Математика панин улттык салт – дастурмен байланыстыра отырып окыту»
Математика – нақты ғылым. Сондықтан сабақ процесінде пәннің ғылыми тұрғыдан тереңірек түсіндірілуіне көбірек көңіл аударылады. Бірақ соңғы жылдардың педагогикалық басылымдарда оқушының ұлттық танымын тереңдету мақсатында, көптеген әріптестеріміздің өткізген сабақтары, тәжірибелері жарияланып жүр. Сабағымда халықтық педагогика элементтерін қолдану – оқытудың сапасын жақсартып, оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыратынын байқадым. Халық педагогикасының тиімді әдістерін пайдалану арқылы оқушы бойына өз халқына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін арттыруға болады. «Ата - баба дәстүрі асыл мұра» деп тегін айтылмайды. Халық педагогикасы - болашақ азаматты жан - жақты жетілген ізгілікті, мейірімді етіп тәрбиелеуде педагогика ғылымының негізгі көзі болып табылады«Математика панин улттык салт – дастурмен байланыстыра отырып окыту»
Математика пәнін ұлттық салт.docx
«Математика пәнін ұлттық салт – дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту» Математика – нақты ғылым. Сондықтан сабақ процесінде пәннің ғылыми тұрғыдан тереңірек түсіндірілуіне көбірек көңіл аударылады. Бірақ соңғы жылдардың педагогикалық басылымдарда оқушының ұлттық танымын тереңдету мақсатында, көптеген әріптестеріміздің өткізген сабақтары, тәжірибелері жарияланып жүр. Сабағымда халықтық педагогика элементтерін қолдану – оқытудың сапасын жақсартып, оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыратынын байқадым. Халық педагогикасының тиімді әдістерін пайдалану арқылы оқушы бойына өз халқына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін арттыруға болады. «Ата - баба дәстүрі асыл мұра» деп тегін айтылмайды. Халық педагогикасы - болашақ азаматты жан - жақты жетілген ізгілікті, мейірімді етіп тәрбиелеуде педагогика ғылымының негізгі көзі болып табылады. Математика пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт - дәстүрінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, сондай - ақ ұлттың табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерімен көрініс бере отырып оқытқан тиімді. Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану, оның салт - дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуі сөзсіз. Халықтық педагогиканың математика пәнінің есептері мынандай түрлерге бөлінеді: - мақал - мәтелдер; - жұмбақтар; - ойлан тап отауы; - халық есептері; - ертегі есептер; - санамақтар; - жаңылтпаштар; - математикалық сиқырлар; - тоғыз құмалақ ойыны; Мысалы 5 – сыныпта “Натурал сандар” тарауын өткен кезде “Қасиетті сандар“,, “Мүшел жасты есеп есептеу”, “3 санына” байланысты халықтық ұғымдар, Үш қуат: 1. Ақыл. 2. Жүрек. 3. Тiл. Үш жүз: 1. Ұлы жүз. 2. Орта жүз. 3. Кіші жүз. Үш адамның ниеті бұзық: 1. Өтірік айту. 2. Сөзінде тұрмау. 3. Аманатқа қиянат жасау. Төрт асыл: 1. Иман. 2. Намаз. 3. Ілім. 4. Мейір - Шапағат, Бес анық: 1. Тiл. 2. Дiн. 3. Тарих. 4. Дәстүр. 5. Ата мекен. Алты асқар: 1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл. “7 санына” байланысты халық даналығы сияқты халықтық ұғымдармен Жеті ата: 1. Тек ата. 2. Түп ата. 3. Баба. 4. Арғы ата. 5. Ата. 6. Әке. 7. Бала. Жеті керемет: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Тайқазан, Айша бибі мазары, Домбыра, Күлтегін ескерткіші, Алтын адам, Тамғалы жартас суреттері. “Жеті қазына” Жігіттің жеті қазынасы Жүйрік аты – жігіт қаны, қанаты Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты. Құмай тазы - бастан берік сенімі, Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы Ау жылымы – амал, айла, әдісі Қара қақпан серті себі тірліктің Осы жеті қазынасы жігіттің. байланыстыра өткізген сабақтарымда оқушы натурал сандарды меңгеріп қана қойған жоқ, оның ұлттық танымында біршама тереңдеді. Қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнері тек ою - өрнек, әшекей бұйымдар мен заттар ғана емес, олар – математикалық білімнің, есептің, бұрыштар өлшемдерінің, сызбаның, т. с. с. көрінісі. Мәселен, қолөнер туындылары, оларға түсірілген ою - өрнектер геометриялық фигуралар пішінді (сызық, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, т. с. с.) болып келеді. Оларды жасауда, ою - өрнектеуде шеңберлер симметриялық, пропорциялық сияқты негізгі принциптерді басшылыққа алған. Оқушыларға геометриялық фигуралар туралы түсінік беруде сәндік - қолданбалы өнер материалдарын пайдаланудың мүмкіндігі зор. Ою - өрнектің барлығының негізінде геометриялық ұғым элементтері бар, әсіресе, геометриялық ою - өрнектің негізі геометриялық фигуралардан тұрады, атаулары да солардың пішініне сәйкес. Ең қарапайым оюлар нүкте мен сызықтар туралы түсінік беруге, ал олардың күрделі формаға айналуының нәтижесінде пайда болған үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, шеңбер, т. б. тәріздес көпбұрыштар туралы ұғымды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Қазақ жерінен табылған көне мұралардан геометриялық оюлар ромб, шаршы, тік және көлбеу үшбұрыштар мен көпбұрыштар, жұлдызша бейнелерінде кездеседі. Геометриялық оюлардың негізгі сарындары кейінгі қазақ өнерімен ұштасып “қошқар мүйіз”, “жұлдызша” оюларымен және тұс киіз, алаша, ағаштан жасалған бұйымдарды әшекейлеуде тұрақты түрде пайдаланылды. Геометриялық фигуралар тектес: 1. Қосдөңгелек. 2. Қостұмарша. 3. Төртқұлақ. 4. Тұмарша. 5. Сүйір. Мәселен, «Шеңбер» ою - өрнегін шеңбер туралы ұғымды қалыптастыруда қолдана отырып, өмір сүріп отырған жеріміз, күніміз, киз үй, оның шаңырағы – бәрі дөңгелек екндігін, шеңбер осыларды бейнелейтіндігін айту қажет. «Тұмарша» оюы үшбұрыш үлгілес болып келеді. Осындай тұмарлар тіл - көзден сақтау үшін үй жануарларының, бойтұмар ретінде балалардың мойнына тағылатындығы туралы әңгімелеу оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді. “Шеңбер” тақырыбында үйдің шаңырағын, 7 – сыныпта “Бұрыштар”, “Параллель түзулер” тақырыбында кереге, кереге көздерінің арасындағы бұрыштар, 8 – сыныпта “Төртбұрыштар” тақырыбына есік, киіз үйдің киіздерінің формалары, 9 – сыныпта “Аудан” тақырыбына әр түрлі қанатты киіз үйлердің ауданын табуға есептер шығартуға болады. 11 – сыныпта “Айналу денелері және көлемі” тақырыбына киіз үйдің моделін ұсынып, цилиндрдің жәене қиық конустың көлемі, бүйір беті, толық бетін табуға байланысты есептер шығартамын. Математика сабағында халықтық дәстүрлі ойындарды қолданудың бірнеше жолдары бар. Ойынды сабақтың барысында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылса, онда мұғалімнің мақсаты оқушылардың көңіл күйін сергіту, шаршағанды ұмыттырып, ерік - жігер дамыту. Ойын сабақтың соңында болса, тақырыпты бекіту, не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. Халықтық дәстүрлі ойындар: “Бәйге” ойыны. Бәйге ойыны ат жарысы. Оған жүйрік, бапталған атпен шабандоздар қатысады. «Ақсүйек» ойыны. Оқулықпен жұмыс жасауға. «Ақ серек, көк серек» ойыны. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру. «Қазақша күрес» ойыны. Бұл ойында «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дегендей білімдерін есеп шығару арқылы көрсетеді. «Сақина салу» ойыны. Бұл ойынға қатысушылар екі - екіден қатар отырады. Ойын бастаушы адамның қолында сақина болады. Ол сақинаны қолдан қолға, жүгіртіп отырғандардың біреуінің қолына салу керек. Алақанына сақина түскен адам мұны қасындағы көршісіне білдірмей орнынан шапшаң тұру керек. Егер ол тұра алмай қалса айып төлейді. Ал біз ойын ретінде білім және еңбек туралы мақал - мәтелдер айтамыз.

«Математика панин улттык салт – дастурмен байланыстыра отырып окыту»

«Математика панин улттык салт – дастурмен байланыстыра отырып окыту»

«Математика панин улттык салт – дастурмен байланыстыра отырып окыту»

«Математика панин улттык салт – дастурмен байланыстыра отырып окыту»

«Математика панин улттык салт – дастурмен байланыстыра отырып окыту»

«Математика панин улттык салт – дастурмен байланыстыра отырып окыту»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.03.2017