1. |
Тегі,аты, әкесінің аты |
Шамшиева Рахима Нажибудиновна |
2. |
Ұйымның атауы |
№24 лицей |
3. |
Қызметі,атағы |
Математика мұғалімі |
4. |
Мекен-жайы |
Карасу-2,Астана көш -104үй |
5. |
Байланыс телефоны, электронды почтасы |
rakhima62@mail.ru |
6. |
Баяндама атауы |
Оқушылардың математикалық сауаттылық тарын қалыптастыру |
7. |
Дөңгелек үстел жұмысы бағытының атауы |
Ұлттық мектептерде функцияналдық сауаттылықты дамыту жолдары. (PISA;PIRLS;TIMSS) |
8. |
Дөңгелек үстелге қатысу түрі |
|
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Шамшиева Рахима Нажибудиновна
№24лицей, Өтеген батыр кенті
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Функционалдық сауаттылық–адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
Жай сауаттылық-адамның оқу, түсіну, қысқа мәтіндерді құру және қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындауы.Функционалдық сауаттылықтың мәні адамның оқу-жаттығу қызметін өз бетінше жүзеге асыру, сондай-ақ өмірдің әртүрлі салаларында өмірлік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін өмірде үнемі алған барлық білімін, іскерліктері мен дағдыларын қолдану қабілетінен тұрады.
Міндеттері:
o Математика ғылымдарына қызығушылықты ынталандыру;
o Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру;
o Сыныпты оқу қоғамдастығы ретінде қалыптастыру;
o Оқу-танымдық ынтасын дамыту.
TIMSS-2011 сынып оқушыларының зерттеу тестілерінде математика бойынша жабық түрдегі тапсырмалардың дұрыс жауаптарын халықаралық сарапшылар 1 баллмен бағалайды. Ашық форматтағы тапсырмалардың әрбір жауабы "дұрыс жауап", "ішінара дұрыс жауап", "дұрыс емес жауап"деген арнайы екі таңбалы кодты беру тетігін айқындайтын бағалау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес арнайы код беруді көздейді.
Қызмет түрі білім математикалық фактілерге, ұғымдар мен рәсімдерге бағытталған. Бұл санат ойлаудың негізін құрайтын математикалық тілді түсінуді қамтиды. Демек, оқушы неғұрлым тиісті білімді көбейтсе және ол жұмыс істей алатын ұғымдар шеңбері неғұрлым кең болса, оның математика саласындағы білімді қолдануды қажет ететін әртүрлі мәселелерді шешуге мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Ойлау әрекетін қамтитын тест тапсырмалары, дәлел ретінде, бейтаныс жағдайда білімді қолдануға байланысты стандартты емес мәселелерді шешуді қамтиды, оқушылардың логикалық және жүйелік ойлау қабілетін анықтайды.Мысалы тест тапсырмалынан сан мен фигура арасындағы байланыс есептері оқушылардың ойлау қабілетін мейлінше кеңейтеді.
Сандар мен фигуралар арасындағы байланыс
№1 I,II және III фигуралар топтарының арасында бір байланыс бар. Ендеше сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыз.
I II III
Жауабы: 44
№2
I II III
13+5+1=19
7+4+1=12
8+5+1=14 Жауабы:14
№3
I II III
(10*4)-6=34
(8*7)-3=53
(7*5)-10=25 Жауабы:25
№4
I II III
Жауабы:54
TIMSS бағдарламасына сандар блогына сандардың, жай және ондық бөлшектердің мәнін түсінуге, көп таңбалы сандарды жазуға, оларды ұсыну әдістеріне, олардың арасындағы тәуелділікті анықтауға, сондай-ақ натурал сандар мен операцияларды (қосу, азайту, көбейту және бөлу) қолданудың негізгі дағдыларына бағытталған мәтіндік тапсырмалар кіреді.Оқушылар өлшем бірліктері арасындағы байланысты түсініп, бір өлшем бірлігін екіншісіне (секундтағы минуттар немесе күндердегі сағаттар) айналдыра білуі керек.
Натурал сандар мектеп 5-сынып оқушыларының қарапайым математикалық операцияларды орындауы үшін негіз болып табылады. Оқушылардың логикалық ойлауды дамыту бойынша әртүрлі жұмыстарды орындауын ұйымдастыру олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, зияткерлікті дамытуға ықпал етеді. Уақыт өте келе, сабақтарда TIMSS зерттеулеріне дайындықты жүйелі түрде ұйымдастырған кезде, пән бойынша үй тапсырмасының әртүрлі түрлерімен бірге оқушылар тұрақты өзіндік жұмыс дағдыларын дамытады.
5- сынып математикасын оқытуда амалдарды орындауда шет тілдегі математикада есептеудің әр түрлі жолдарын өзіміз білетін қарапайым есептеумен қатар салыстыра үйрету оқушының білімін нығайтып пәнге қызығушылығын арттырады. Мысалы, мына жай бөлуді осылайша корсетейік.
Натурал сандарды көбейтуде осылайша орындау жолдары оқушылардың қызығушылығын оятуы тиіс. Әр мұғалімнің міндеті-жас оқушыларды шығармашылық ойлауға үйрету, оларды өмірге, практикалық жұмысқа дайындап,білім берудегі жаңа бағдарлар оқушылардың зияткерлік бастамасы мен ойлауын қалыптастыруға бағытталған.Өзіндік жұмыстарды жүргізудің мұқият ойластырылған әдістемесімен оқушылардың практикалық сипаттағы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру қарқыны жеделдетіледі, ал бұл өз кезегінде танымдық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және функционалдық сауаттылықты дамытуға оң әсер етеді.
Оқушының кез-келген сабаққа деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды. Олай болса, А.П.Конфоровичтің «Математиканың қорғаның тек күштілер мен батырлар ғана бұза алады» деген сөзін ұстана отырып, жалықпай, үлкен төзіммен, алдымызға келген шәкірттерге олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, жақсы тәрбие, терең білім беру үшін аянбай еңбек ете берейік. Мұғалімдер тек қана адал салиқалы еңбек етіп, функционалдық сауаттылығы бар тұлға тәрбиелеп шығаруға міндеттіміз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Тиімді кері байланыс беру дағдысын дамыту әдістері.Астана- 2016
2. Нұрлан Өтепов.Математикалық логика.Алматы-2019
4. https://pin.it/3j1xgN0
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.