Математикалық эстафета сайысы сыныптан тыс шара. Оқушылар 5-6 сынып топтасып жылдамдықпен қоса дәлдікті талап ететін ойын түрі. 5 сайыстан тұратын, Әр топ бірлесіп есепті шешіп әділ-қазы алқасына апарып жауабын тексерту кажет етеді. Барлығына сәттілік тілейміз. Жүргізушілерге алғыс айтамыз көп-көп. Рахмет...
эстафета.docx
Сабақтың тақырыбы: Математикалық эстафета
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларға логикалық, викториналық т. б есеп түрлерін шығарудың
шапшаң түрлерін ойын арқылы үйрету
Дамыту: Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін
тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, адамгершілікке,
ұқыптылыққа, зейінділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: сыныптан тыс сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: доп, маркер, секіртпе,шар, шеңбер, карточкалар, тақта,
плакатқа жазылған есептер жиыны
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Балалар, математикалық эстафета ойынымызды бастайық. Бүгінгі
эстафеталық ойынымызды «Математикалық эстафета» деп атап отырмыз, Осы
сапардан сүрінбей өтулеріңе тілектеспін!
1Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі ойын төрінде,
Математика еліне, математика тілінде, есеп шешіп жарысып, шабыт тасып
шалқысып, көңілді ойын жасайық!
2жүргізуші:
Бүгінгі өткізілетін спортты математикалық эстафетаға «Қош келіпсіздер!»
Құрметті ұстаздар, көрермен қауым және тікелей осы эстафетаға қатысушылар!
Біреу озса жарыста, біреу артта қалады.
Ренжімей тараса, озбағандар жарады
Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол, еңбектену жалықпау.
1жүргізуші:
Сәт сапар тілеп бәріңе, сайысты біздер басталық.
2Жүргізуші: Енді қатысушыларға сәт сапар тілеп, сайысты бастайық! 1Жүргізуші:
Бірінші сайыс
Әрбір команда өздеріне атау және топтың ұранын ойлап табу.
Сіздерге 2 минут уақыт беріледі.
Конкурс 5 балдық жүйе бойынша бағаланады.
2Жүргізуші:
Сіздерге әділ бағасын беруге келіп отырған әділқазы мүшелерімен таныстырып
өтейік:
1_______________________
2_______________________
3_______________________
4_______________________
1Жүргізуші
Ендеше топтарды кезек кезек ортаға шақырып топтың атымен таныс болайық
2жүргізуші
1 топ
2 топ
3 топ
1жүргізуші
Әділ қазы алқасынан топтордың ұпайымен таныс болайық
2Жүргізуші:
Екінші сайыс “Секіртпенмен секіру”. эстафетаның барысы туралы мәлімет тыңдаймыз. Бірінші ойыншы скакалкамен
секіріп, кедергілерден айналып өтіп тапсырмалар орналасқан столға дейін барып,
скакалканы столға қойып карточкадағы есепті шығарады. Есепті шығарып болған
соң, скакалкамен секіріп қайтадан келген жолымен келеді, келесі ойыншыға
скакалканы табыс етеді. сосын өз тобының соңына барып тұрады. Эстафета осылай
жалғасын тауып соңғы ойыншы орындап болғанша жалғасады. Ең соңында соңғы
ойыншы алға шығып қолын жоғары көтереді. Бұл эстафетаның аяқталғанын
білдіреді. Алға!
1Жүргізуші:
Құрметті әділқазы алқасы екінші сайыстың бағасын көрсетсеңіздер!
1.командасының бағасы
2. командасының бағасы.
3.команданың бағасы
2Жүргізуші:
Үшінші сайыс “Математикалық ақыл құрылымы”.
Баскетбол добын еденде ойнатып, шығыршыққа доп лақтырып түсіруге тырысады,
содан кейін столдағы есепті шешеді де, жауабын қағазға жазады. Содан кейін допты
еденде ойнатқан күйі артымен жүріп орнына қайтып келеді.
1Жүргізуші:
Құрметті әділқазы алқасы 3 сайыстың бағасын көрсетсеңіздер!
1.командасының бағасы
2. командасының бағасы.
3.команданың бағасы
2Жүргізуші: 4 сайыс Шеңбермен топтасу
Әр топ мүшесі шеңбермен берілген мәреге барып келіп келесі топ мүшесін алып
кетуі қажет Осылайша топ түгел болғаннан кейін үстелдегі логикалық есепті шешуі
қажет. Есептің жауабы жазылғаннан кейін орындарына бару.
1Жүргізуші:
Құрметті әділқазы алқасы 4 сайыстың бағасын көрсетсеңіздер! 1.командасының бағасы
2. командасының бағасы.
3.команданың бағасы
1жүргізуші 5 сайыс
Топ басшылар сайысы
_______________________________________________________________________
_____________________________________________
Жүргізуші: Сайысымыз аяқталды ал енді есептеушілер жиналған ұпайлардың
қорытындысын жарияласын.
Жүргізуші:
Мінекей, біздің спорттық мерекеміз де мәресіне жетті. Біз жарысқа
қатысушылардың барлығын жеңістерімен құттықтаймыз. «Абай атындағы орта мектебі» КММ
«Математикалық эстафета»
Дайындаған: Усербаев Даулет
Туленова Асел 2019ж
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.