MaxScript тілінде макростармен жұмыс жасауға арналған құрылғылар
Оценка 5

MaxScript тілінде макростармен жұмыс жасауға арналған құрылғылар

Оценка 5
docx
02.10.2020
MaxScript тілінде макростармен жұмыс жасауға арналған құрылғылар
Оразбаева Новый.docx

MaxScript тілінде макростармен жұмыс жасауға арналған құрылғылар

 

MaxScript бумасын шақыру үшін 2.10.1–суретте көрсетілгендей, Utilities (Сервис)  командалық тақтасынан MaxScript батырмасын басу керек.

MaxScript – қолданушыны келесі мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін МАХ программасына құрамдас макропрограммалау:

·          Макростарды құру сахнаның объекттерін визуализациялау және анимациялау, материалдарды, камераны орналастыру, геометриялық модельдерді құру тәрізді МАХ барлық функционалды мүмкіндіктерін өндіреді;

·          Жаңа батырмаларды құру және оларды МАХ құралдар тақтасына орналастыру;

·          Сұқбаттасу терезесі және Utilities (Сервис)  командалық тақтасы үшін жеке бума құру;

·          Процедуралық контроллер анимациясын іске асыру, енгізу–шығару файлдары, объектілерді модификациялау, эффекттерді визуализациялау, тақырыппен жұмыс жасау үшін  жеке модульді жазу;

·          Өңдеу файлының пакеттік құрылымын құру;

·          Қолданбалы  Windows OLE  механизиміне байланысты берілгендермен алмастыруды ұйымдастырады;

·          Макро командалар жинағы түріндегі МАХ программасында қолданушымен жасалған барлық әрекетері автоматты түрде жазылады.

MaxScript тілінің функционалдық мүмкіндіктері толығымен МАХ  программасының мүмкіндіктеріне және оның дамыған интерфейсіне сәйкес келеді. Тіл синтаксисі, макропрограмманы форматтау және пунктуация ережесінің мөлшері минималды болғандықтан, программашы емес азаматтар қолдану үшін қарапайым болып келеді.

MaxScript–те жұмыс жасауға арналған командалар және құралдар

MaxScript тілінің құрылымымен жұмыс жасау үшін MaxScript мәзірінің командалары сонымен қатар, Utilities (Сервис) командалық тақтасының MaxScript бумасы қызмет етеді. Бұл буманы шақыру үшін  Utilities (Сервис) командалық тақтасына өтіп,  Utilities (Сервис) бумасының төменгі жағында орналасқан MaxScript батырмасын шерту керек.

 

2.10.1–сурет. Utilities (Сервис)  командалық тақтасының MaxScript батырмасы

 

MaxScript мәзірі және сол атпен берілген бума келесі командаларды құрайды:

·          New Script (Макросты жасау) – Untitled MaxScript (Аты жоқ MaxScript) макрос редактрінің модалды емес терезесінің пайда болуын шақыратын команда мәзірі және MaxScript бумасының батырмасы.

·          Open Script (Макросты ашу) – МАХ программалық қамтамасыз ету құжатына енгізілген макрос файлдарын құрайтын типтік терезесінің ұсынатын  Choose Editor File (Редактор файлын таңдаңыз) сұқбаттасу терезесін шақыратын MaxScript бумасы және мәзір командасы. Макрос файлдары, .ms кеңейтілуінде аттарды құрайтын қарапайым мәтіндік файлдарды құрайды. Қажетті файлды ерекшелеп,  Open батырмасын шерткенде, макростармен жүктелген редактр терезесі пайда болады. 

·          Ran Script (Макросты орындау) – Choose Editor File (Редактор файлын таңдаңыз) сұқбаттасу терезесін шақыратын MaxScript бумасы және мәзір командасы. Макросты таңдап, Open (Ашу)  батырмасын шерткеннен кейін макрос жылдам орындалады.

·          MaxScript listener (MaxScript интерпретаторы) – MaxScript командасы интерпретатор терезесінің пайда болуын шақыратын мәзір командасы. Интерпретатор терезесін шақыру үшін, MaxScript бумасының Open listener (Интерпретаторды ашу) батырмасын шертуге немесе Ғ11 пернесін басуға болады.

·          Macro Recorder (Макросқа жазу) – бұл команданы таңдау, ерікті макрокоманда түріндегі МАХ орындалған, тіркеу әреттерін автоматты режим түрінде іске қосады және өшіреді. Тіркелген тізбекті файл түрінде жазуға және қайтадан қолдануға болады.

MaxScript бумасы қосымша келесі басқару элементтерін құрайды:

·          Utilities (Сервис) – MaxScript тілінде жазылған, қатынау сервистік программа тізімін ашады. Сервистік программамен бейнеленген макрос аты тізімде пайда болуы үшін, макрос кем дегенде бір рет орындалуы қажет.

·          Close (Жабу) – Utilities (Сервис) командалық тақтасымен бірге MaxScript бумасын жоятын батырма.

MaxScript тіліндегі макростар редакторы

Жаңа және редактрленген макропрограммаларды бейнелеу үшін макрос редакторының модалды емес терезесі қолданылады.

Макрос файлдары типтік командаларды енгізетін жеке мәзірлермен жинақталған:

·          File (Файл) мәзірінде – New (Жаңа), Open (Ашу), Close (Жабу), Save  (Сақтау), Save As (Қалай сақтау).

·          Edit (түзету) мәзірінде – Undo (Қайтару), Cut (Кесіп алу), Copy (Көшіру), Paste (Қою), Delete (Жою), Select All (Бәрін белгілеу).

·          Help (Анықтама) мәзірінде – Help (Анықтама), About Max Script (Max Script программасы жайлы).

Мәзір редакторында жоғарыда аталғаннан басқа келесі командалар да бар:

·          File→Evaluate All (Файл→Барлығын бағалау)–редактор терезесінде жүктелген макросты орындау үшін іске қосады. Бұл мақсатпен барлық макрос мәтіндерін ерекшелеуге және Slift+Enter пернесін басуға болады.

·          Search→Find (Іздеу→Табу), Search→Find Next (Іздеу→Ары қарай іздеу), Search→Raplace (Іздеу→Ауыстыру) макропрограммада берілген мәтін фрагменттерін алмастыруды және іздеуді қатамасыз етеді.

MaxScript тілінің макрокоманда интерпретаторы

Max Script тілінде жазылған программа, өзінің орындалуы  үшін компиляцияны талап етпейді. Бұл программа–макростар, тізбектелген  интерпретатор әдісімен орындалады. Макростың орындалуын бақылау үшін, 2.10.2–суретте көрсетілгендей, MaxSript Listener (MaxSript интерпретаторы) модальды емес сұқбаттасу терезесі қызмет етеді. Интерпретатор терезесінің мәзірі горизонталь бойынша 2 тақтаға бөлінуі мүмкін. Жоғарғы қызыл түсті тақта, макрос жазуының тақтасы деп аталады және Max орындалған макростың тізбектелген әрекеті түрінде автоматты түрде жазылуға арналған. Төменгі ақ түсті тақта, нәтижелі тақта деп аталады және ағымдағы макрокомандалардың орындалу нәтижесін бейнелеуді қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, берілгендердің нәтиже тақтасы, сұрату мәнін бейнелеу және ағымдағы айнымалылар мәні туралы сұрату үшін, қателер жайлы хабарлама немесе бейнелеудің нәтижелері және оларды қолданудың енгізу макрокомандалары қолданылуы мүмкін.

 

2.10.2–сурет. MaxSript Listener (MaxSript интерпретаторы) модальды емес сұқбаттасу терезесі

 

Max  жәрдемдесу және қалып–күй жолының сол жақ бөлігінде, бір  жолдан тұратын әрбір енгізу мәліметтері және макросты жазу тақтасы, мини–интерпретатор терезесі бар. Бұл жолдарда әрқашанда MaxSript Listener (MaxSript интерпретаторы) терезенің ағымдағы жолдар тақтасындағы мәліметтер бейнеленеді және керісінше, мини– интерпретатор жолының біреуіне қандайда бір мәліметтерді енгізу, Max Sript Listener (MaxSript интерпретаторы) терезесіндегі тақтаға сәйкес мәліметтерді тасымалдау автоматты түрде шақырылады.

Интерпретатор мәзірінің командалары

File (Файл) мәзіріндегі интерпретатор терезесінде Close (Жабу), Save As (Қалай сақтау) дәстүрлі командалардан басқа MaxScript басты мәзіріндегі бөлімнен сол команданы тағайындау бойынша аналогты New Script (Макросты жасау), Open Script Макросты ашу, Run Script (Макросты орындау) командалары бар.

Интерпретатор терезесіндегі Search (Іздеу) және  Help (Анықтама) мәзірі макрос редакторының мәзіріне сәйкес толық аналогты болып табылады.

Macro Recorder (Макросты жазу) мәзірі келесі командаларды іске қосады:

·          Enable (Рұқсат ету)–тізбектелген макрокоманда түріндегі Max орындалған барлық әрекеттердің тіркеуін режим автоматты түрде іске қосады.

·          Explicit Scene Object Names (Сахна объекттерінің нақты атаулары), Selection Relactive Scene Object Names (Сахна объекттерінің белгілегенде анықталатын атаулары)–таңдауға мүмкіндік беретін бірнеше ауыстырып қосқыш командалары, макрокомандаларда сахна объектілерінің аттарына сілтеме немесе операциялар ретінде ағымдағы ерекшеленген объекттер қолданылады.

·          Absolute Transform Assignments (Түрлендіруді абсолютті көрсету), Relative Transform Operations (Түрлендірулердің салыстырмалыр амалдары)–бағыттайтын ауыстырып–қосқыш командалары макропрограммада абсалютті немесе салыстырмалы командалар қолданылады.  

·          Explicit Sub–Object Sets (Бағыныңқы объекттердің нақты жиыны), Selection Relactive Sub Object Sets (Бағыныңқы объекттердің белгілегенде анықталатын жиыны)– бағыттайтын ауыстырып–қосқыш командалары макрокоманда сахнаның бағыныңқы объекттерінің сілтемелі жинағы немесе ағымдағы ерекшеленген объекттер қолданылады.

·          Show Command Panel Switchings (Командалық тақталардың іске қосылуын көрсету), Slow Tool Selections (Таңдалынған құралды көрсету), Show Nenu Item Selections (Таңдалынған мәзір командасын көрсету)–үш біртипті команда жалаушасы, мәзір командасы және құралдарды таңдау, командалық тақтаға макростың ауыстырып–қосқыш командасын іске қосады.

Микрокомандаларды орындау

Жаңа макросты құру кезінде макрокоманданы  орындаудың қарапайым әдісі төменде берілген:

1.        Интерпретатор терезесінде деректер нәтижесінің тақтасында макрос листингісінің  соңына кезекті команданы енгізу керек. Енгізілген макрокоманда мәтіні қара қаріппен бейнеленеді.

2.        Enter батырмасын шертсек, листингтің жаңа жолына өту және осыған орай соңғы енгізілген команда іске асырылады. Команданы орындау нәтижесі немесе пайда болған қателер туралы хабарлама интерпретатор терезесіндегі деректер нәтижесінің тақтасында бейнеленеді.

Егер дайын макросты өзгерту орындалса, онда кез–келген команданы қолдану үшін бұл командаға қатысты макрос жолына бағыттауышты орнатып,  Enter батырмасын шерту керек. Анықталған кезекті макрос командасын орындау үшін бұл командалардың жолын ерекшелеп, Shift+Enter пернесін шерту керек.

 


 

MaxScript тілінде макростармен жұмыс жасауға арналған құрылғылар

MaxScript тілінде макростармен жұмыс жасауға арналған құрылғылар

Utilities (Сервис) командалық тақтасының

Utilities (Сервис) командалық тақтасының

Open listener (Интерпретаторды ашу) батырмасын шертуге немесе Ғ11 пернесін басуға болады

Open listener (Интерпретаторды ашу) батырмасын шертуге немесе Ғ11 пернесін басуға болады

MaxSript Listener (MaxSript интерпретаторы) модальды емес сұқбаттасу терезесі

MaxSript Listener (MaxSript интерпретаторы) модальды емес сұқбаттасу терезесі

Explicit Sub–Object Sets (Бағыныңқы объекттердің нақты жиыны),

Explicit Sub–Object Sets (Бағыныңқы объекттердің нақты жиыны),
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.10.2020