Мағжан Жұмабаевтың жаңа технологияны зерделеу білім сапасын арттыруға қосқан үлесі.
Оценка 4.9

Мағжан Жұмабаевтың жаңа технологияны зерделеу білім сапасын арттыруға қосқан үлесі.

Оценка 4.9
Научные работы
docx
администрации +1
Взрослым
25.10.2018
Мағжан Жұмабаевтың жаңа технологияны зерделеу білім сапасын арттыруға қосқан үлесі.
Мақалада Мағжан Жұмабаевтың қазіргі таңдағы біздің қолданып жүрген жаңа технология бойынша қз заманында педагогикаға қосқан үлесі туралы сипатталады. Мағжан Жұмабаев қазақтың азаттығы үшін күрескен танымал тұлға. Оның күрескерлік өмірі мен шығармашылығы кеңес кезінде кісенде болды. Сол себепті оның асқақ армандары қыршын кетті.Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ерекше дарын иесінің ғұмыры ашық айтылып, ақындығы халыққа жария етілді.
Мағжан Жұмабаев.docx
Мағжан Жұмабаевтың жаңа технологияны зерделеу білім сапасын арттыруға қосқан үлесі. Мағжан Жұмабаев қазақтың азаттығы үшін күрескен танымал тұлға. Оның күрескерлік   өмірі   мен   шығармашылығы   кеңес   кезінде   кісенде   болды.   Сол себепті оның асқақ армандары қыршын кетті.Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ерекше дарын иесінің ғұмыры ашық айтылып, ақындығы халыққа жария етілді. Қысқа ғұмырын ел тағдырына арнап, Алаш ұранын аспандатып, халық игілігі үшін қара басын қатерге тігіп, күллі адамзаттың мүддесін қорғаған, әсіресе болашақ ұрпақ тәрбиесіне алаңдаушылық танытқан  Мағжан Жұмабаев замана сырын ашып, болашаққа жол сілтеген ұлт ақыны. Ол өмір шындығын поэзия шындығына айналдырып, таланты мен көрегендігі тоғысқан Мағжан ақынның ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесін    толыққанды талдап, санамызға сіңіре алған жоқпыз деп ойлаймын. Сондықтан зерттеген сайын зерттеуді қажет етіп, терең ойға,   сырлы   сезімге,   тұңғиық   әлемге   батырып   жіберетін   ақын  еңбектерін санамызға саралату бүгінгі ұрпақ, біздің еншімізде. Жас ұрпақты өз қоғамына пайдасы тиер жақсы мінездерді бойына жинаған  азамат болып өсуіне бірден бір себепші құрал – әдебиет десек, әдебиетті  жасаушы қауым – қаламгердің әр жазғаны жастарды жақсылыққа жетелеп, ізгі өмірге қанаттандырады. Мағжан ақын осы тұрғыда, «Мен дастарға сенемін»  өлеңі арқылы жастық жігерді жанып, халық жүрегіне үміт пен сенім ұялата   білді. Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты­ Мен жастарға сенемін! – деп, өзі армандаған бостандық таңына қажырлы жастардың қолы жететініне  сенім білдірген сұңғыла ойдың хас шебері келешек жас буынға ел тізгінін   бере отырып, олардың рухтарын жігерлендіре түсті.  Критериалды бағалау жүйесіндегі маңызды мәселелер жөнінде бұған дейін де  Мағжан Жұмабаев өз еңбегінде атап көрсеткен.  Қалыптастырушы бағалау  Балада жақсы оқысам молдадан мақтау сый аламын, жаман болсам малдадан  таяқ жеймін, ұрыс естимін деген ой болмасын. Мұндай болса баланың  іскерлігі соған жұмсалып, мұғалімнің беріп отырған сабағын білейін деген  шын ынтамен тыңдамайды – деген.  Ал мүғалімнің  бағалауы жайлы: Бала ылғи іске ұмтылады, бірақ бала не істеуге һәм қалай істеуге білмейді.   Сондықтан ол ересек адамдардың не істегенін һәм қалай істегенін өнеге  қылады. Жас бала ­жас шыбық, жас күнде қай түрге иіп тастасаң, есегенде сол иілген  күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін деп  сындырып аласың – десе , қазіргі таңдағы өзін –өзі бағалау жайлы былай  деген: Өзін бақылау деген сөз адамның бір уақытта екі іс істеуі. Әрі бақылаушы, әрі  бақыланатын зат болуы деп шығады. Адамның өзін­өзі тексеруі –оның жан  тұрмысының өркендеуін түзу жолға түсуіне бірінші шарт: өз қатесін көре  білген адам келешекте сол қатені істемеуге ұмтылады адамның өзін –өзі яғни  өз қатесін өзі көре білуі оның жанының едеалға, қасиетті қияға ұмтылатын  мінезі барлығын көрсетеді. Өзара бағалау:  Жан көріністерін екінші жолы –бақылау, яғни бір адамның өзінен басқа  адамдардың жан көріністерін байқауы, егер адам өзін бақылап, басқа  адамдардың жан көріністерін бақыламаса, білімі толық балмас еді. Сондықтан бұл бақылау­ әбден керек нәрсе. Ал кері байланыс жайлы былай деген: Баланын өзін мақтама, ісін мақта. Мақтағанда мақтауға тұрарлық ісін мақта.  Баланың жеңіл істерін мақтай беру балада менмендік,ретсіз тәкапарлық  туғызады.қайта бір жеңіл дұрыс іс болса да, үлгірімі төмен  шәкіртті мақтау  керек. Ал енді жақсы оқуы , дұрыс құлқы үшін шәкірттерге сый беру, үлестіру тіпті дұрыс емес.мұндайда сый алған бала сый алу үшін ғана тырысады, сый  алмаған бала өзіне өзі сенбейтін  болады. Ойлау дағдыларының деңгейі: Ұстаз балаға түрлі істерді салыстырып,сынатып үйретуге міндетті.бала  салыстырып, сынап үйренсе, алдағы өмірде дұрыс пен терісті, ізгі мен  жауызды, ақ пен қараны дұрыс, жеңіл айыратын болады. Жиынтық бағалау: Баланы жазамен қорқыту еш дұрыс емес.жазамен қорқытқанда бала нәрсені  істегісі келіп істеп, болмаса істемегісі келіп істемейді.жазадан қорыққанан  ғана  не істейді, не істемейді. Яғни бала өтірік айтуға, алдауға үйренеді. Мағжан Жұмабаев халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет­ғұрып,  салт­ дәстүрі мен тәлімдік мұраларын жас ұрпаққа тәлім­тәрбие беруде  пайдалану жолдарын көрсеткен. Мағжан өз   «Педагогикасында»   «Баланы   ешбір   уақыт   қорқытпау   керек. Баланы қорқыту – қып­қызыл зиян. Жасында қорқытылып үйренбеген бала өскенде   ер   болады.   Ерлікке   іспен   үйрету   керек.   Баланы   ұру,   соғу   ісі адамшалыққа ұнамайтын іс», ­ дейді . Ендігі жерде мектебімізде оқу­тәрбие ісінде ізгілік, демократияландыру принциптері етек жаюы керек­ақ. Ұлттық қағидаларды   оқу­тәрбие   ісіне   терең   кіргізе   отырып,   оны   әлемдік   алдыңғы қатарлы өркениетті идеялармен қабыстыру қажет. Ол үшін тілдерді тереңдете оқу,  әсіресе,   қазақ,  шетел   тілін   3­4  жастан   оқытуды   қолға   алу.   Тәрбиенің басты   ұстанымдары   жалпы   адамзаттық   құндылықтарды   және   тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт­дәстүрін сүю арқылы басқа халқының да тілі мен мәдениетіне құрметпен қарайтын адам қалыптастыру. Мағжан   психология пәніне   өте   кең   орын   беріп,   барынша   зер   сала қарастырады. Оның жан қуаттары жайлы пікірлерінде дала өмірі мен қазақ қаламгерлерінің туындыларын, ұлттық психологиялық өзіндік бояу, нақышын нәзік   шеберлікпен   пайдалана   білу   тәсілі   де   құптарлық.  Сыртқы   сезімдерді көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі деп алты айырыммен анықтап алып, оларды дұрыс жетілдіру тәрбиесіне ерекше назар аударады. М.Жұмабаевтың пікірінше, «Бұл сезімдер сау һәм берік болуына, екінші бұл сезімдердің өткір, терең,   дұрыс   болуына   ыждаһат   қылу   керек.   Бұлардың   біреулері   жақсы, біреулері нашар тәрбие қылынса, жан тұрмысы да тегіс, бүтін болмақ емес». Әр сезімді психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, олардың әрқайсысына өзінше   анықтама   беріп,   бұларды   тәрбиелеуде   ұлттық   дәстүрлерге   сүйену қажеттілігін айтады. Мәселен, есту сезімін дамыту үшін сәби жарық дүниеге келген күннен бастап оның есту сезімін дамытуда түрлі дыбыстардың мән­ мәнісіне   көңіл   бөліп,   бұл   жерде   бесік   жырының   тәрбиелік   мәніне   ерекше тоқталады. Жұмабаевтың   адамның зейінін тәрбиелеу жөніндегі ой­пікірі де  қазіргі кезде де маңызын жоғалтқан жоқ. Ол оқушылардың зейін дамуы  үшін әсердің   күшті,   жеке,   жаңа   болуын,   жаңа   алынған   білім   мен   ескі   білімнің байланысуын және оның болашақ әсерге даярлану есебінде болуын талап ете отырып,   оқу   жүйесінің   сабақтастығына   мұқият   зер   салады.   Адам   зейінін ерікті, еріксіз, табанды, табансыз ішкі, сыртқы деп жіктейді. Бала абайының ерекшелігі   мен   жасына,   тәрбиелеу   жолдарына   айрықша   мән   береді.   Адам өміріндегі естің алатын орнын көрсете келіп, оны есту, көру, қозғалу есі деп жеке­жеке   қарастырады.   Естің   адам   жасына   байланысты   өзгерісі   де   өзекті мәлесе   екендігін   айта   келіп,   баланың   есін   дамыту   жайлы   баяндайды. Жұмабаев қиялды еріксіз және ерікті деп екіге бөледі. Өз кітабында Мағжан қиялдың жасалу жолдарын көрсетеді: «1.Заттардың өздерін яғни олардың бір мүшелерін зорайту яғни күшейту.  2.Әр заттың түрлі мүшелерін алып қосу. 3.Реті   келгенде   өздері   де   жиыла   алатын   көріністерді   бір   суретке жиюмен, түрлі адам мінездерін бір адамға жиюмен жасалатынын көрсетеді. Баланың қиял табиғатына көңіл қоя отырып, оны өркендетудегі ертегі, бала ойындары мен ойыншықтардың ролін де қарастырады. Мағжан   Жұмабаев   эстетика   сезімдері   жайлы   ғылыми   ұғымдарды   да   әр қырынан ашып, өнер адамына тән өрнекті бейнелер арқылы түсіндіреді. Кітапта   ойлау,   ұғым,   ой,   қорытынды,   ішкі   сөйлеу   мәселелері   де   таратыла талданған. Ақын тілдің жеке адам өміріндегі маңызы жайлы айта келіп, оның ұлттық мәнін де   оқырманға жеткізеді. « Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри   бастағанын   көрсетеді.   Бұл   ұлттың   тілінде   сол   ұлттың   жері,   тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады.  Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді қайраты, біресе желсіз түндей тымық, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінездері көрініп тұр»,­   деп   жазады   Мағжан.   Бала   темпераментіне   байланысты   ұғымдарды ұтымды   тілмен   баяндап,   баланың   жалпы   жаратылысы,   табиғаты   туралы түсініктерді   қазақ   ұғымына   түсінікті   береді.   «Адамның   шын   мағынасымен «адам»   болуы   үшін   өзін   сүю,   жақындарын   сүюмен   қанағаттанбай   жалпы адамзатты сүю шарты.... Адам өз халқының адамдарының сүюінің үстіне басқа халықтардың   да   адамдарын   сүюге   міндетті. Жер   жүзіндегі   адам   адамды сүймек.   Бұл   адамның   жаратылысындағы   негізгі   мінез».   Әлемдегі   тіршілік қауіпсіздігі,   жалпы   адамзат   ұрпағының   өзара   сүйіспеншілігіне, ынтымақтастығына тікелей тәуелділікте тұрған бүгінгі таңдағы бейбітшілік мәселесімен жоғарыдағы пікірлері жақсы үндеседі. М.Жұмабаев – орыс педагогикасының атасы К.Д. Ушинскийше педагогиканы психологиямен   атастыра   байланыстырған   тұңғыш   қазақ   ойшылы.   Ол диалектиканың   психологиясыз,   әсіресе   шәкірттердің   жан   жүйесі   (зәйін,   ес, қиял, ойлау, сөйлеу т.б.) ерекшеліктерін ескермейінше, оқу­тәрбие процесінің теориялық қисындарын баяндайтын педагогиканың дәрменсіз болатындығын көрсетеді. Педагогика адамды жан­жақты терең зерттеу қажеттігіне нұсқаған ұлы Ушинскийдің пікірімен Мағжан ойлары да ұласып жатыр. Ұлы ақынның методикалық   еңбектері   дері   де   психологиялық   жағынан   ерекше   көңіл аударарлық. Бұлар өз алдына бөлек әңгіме ететін мәселе. «Қазақ Пушкині» атанған   дүлдүл   ақын   Мағжан   Жұмабаевтың   сонау   дүрбелең   шақта   айтқан тәлім­тәрбиелік ойларына қайран қалмасқа болмайды.  Қорыта келгенде, Халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасу жолында да,  одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет – қайым күндерді де, талай қилы  замандарды да, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді. Білектің  күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты  өмір кешудеміз Тәуелсіздік идеясын ұсынған Алаш Орданың құрылуы, сол  тәуелсіздіктің туы желбіреп, төбемізден бұлт кеткеніне үстіміздегі жылы 27  жыл толуда. Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына қадам басар шақта  Елбасының оралымды ойлары ойға келеді. Ол: «Қазақстанның болашағы —  бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады», — деген. Кешегі жас, бүгінгі ірі тұлға Алаш боздақтары  Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев ұлы дала өрендері өмірден озса да, олардың есімдері мәңгіге айтылмақ, қазақ жерінде олар жаққан сәуленің  шамшырағы сөнбек емес. Елдігімізді алып берген, тіліміз бен дініміздің  сақталып қалуына тікелей себепші болған қайраткерлерге бүгінгі ұрпақ басын  иеді. Елін сүйген біздей өскелең ұрпағы бар елдің ертеңі айқын, келешегі  кемел, болашағы жарқын. Себебі, біз Мағжан сенген жастармыз. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. М. Жұмабевтың көп томды шығармалар жинағы, Алматы: «Жазушы»  2002 жыл; 2. М. Жұмабаевтың шығармалары, Алматы: «Жазушы» 1989 жыл; 3. 4. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан ­2030:Барлық қазақстандықтардын өсіп­ «Педагогика» М.Жұмабаев өркендеуі ,қауіпсіздігі және әл­ауқатының артуы.Ел Президентінің  Қазақстан халқына Жолдауы. –Алматы: Білім,1997­176 б. 5. Ш.Р.Елеукенов «Мағжан Жұмабаев», Алматы: «Білім» 1990 жыл.

Мағжан Жұмабаевтың жаңа технологияны зерделеу білім сапасын арттыруға қосқан үлесі.

Мағжан Жұмабаевтың жаңа технологияны зерделеу білім сапасын арттыруға қосқан үлесі.

Мағжан Жұмабаевтың жаңа технологияны зерделеу білім сапасын арттыруға қосқан үлесі.

Мағжан Жұмабаевтың жаңа технологияны зерделеу білім сапасын арттыруға қосқан үлесі.

Мағжан Жұмабаевтың жаңа технологияны зерделеу білім сапасын арттыруға қосқан үлесі.

Мағжан Жұмабаевтың жаңа технологияны зерделеу білім сапасын арттыруға қосқан үлесі.

Мағжан Жұмабаевтың жаңа технологияны зерделеу білім сапасын арттыруға қосқан үлесі.

Мағжан Жұмабаевтың жаңа технологияны зерделеу білім сапасын арттыруға қосқан үлесі.

Мағжан Жұмабаевтың жаңа технологияны зерделеу білім сапасын арттыруға қосқан үлесі.

Мағжан Жұмабаевтың жаңа технологияны зерделеу білім сапасын арттыруға қосқан үлесі.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.10.2018