Мектепалды даярлық сыныбына арналған оқу жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық картасы Тақырыбы: «Өзім туралы әңгіме»

  • Документация
  • docx
  • 17.05.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Балаға өз бетінше өзі туралы дұрыс мағлұмат беруге үйрету. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздік қорын кеңейту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.Баланың өзін өзі таныстыруға қатысты сөздерімен таныстыру.Сұрақтарға жауап беруге, сөйлем құрастыруға, қазақ халқының аталған тақырып бойынша мақал – мәтелдерін үйрету.Тақпақтар, жаңылпаштар жаттату, әңгіме құрастыру.
Иконка файла материала Озим туралы ангиме.docx
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 27 бөбекжай – бақшасы» Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны Мектепалды даярлық сыныбына арналған оқу жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық картасы Тақырыбы: «Өзім туралы әңгіме»                                  Қазақ тілі мұғалімі: Иманкулова Р.А.Қостанай қаласы Білім беру саласы: «Қатынас»  Бөлімдері: Қазақ тілі. Тақырыбы: «Өзім туралы әңгіме»  Мақсаты: Өзі туралы дұрыс мағлұмат беруге үйрету. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздік  қорын кеңейту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру. Сөздік жұмыс: баланың өзін өзі таныстыруға қатысты сөздер. Іс –әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс ­ әрекеті Мотивациялық  қозғаушы Балалардың іс ­ әрекеті Орындарынан тұрады. Амандасады.  Балалар мұғалімнен кейін  қайталап, тілдерін  жаттықтырады. Балалар қуыршақ Лераны  мұқият тыңдап, сөйлемді дұрыс құруға дағдыланады. Балалар шеңбер құрып,  «Айгөлек» әнін орындайды.. ­ Сәлеметсіздер ме, балалар!  ­ Отырыңдар. ­ Бүгінгі біздің сабағымыздың  тақырыбы: «Өзім туралы әңгіме».    ­Алдымен тілімізді жаңылтпашты айту  арқылы жаттықтырып алайық:        ­ Біреуі көрікті кісі,         Біреуі бөрікті кісі.         Көрікті кісі – зорықты,         Бөрікті кісі – қорықты. ­ Кір, Кер, Көр, Іздену ұйымдастырушы         Күл, Кел, Көл,         Кілең қысқа сөз, Кім оқиды тез? Бүгін біз сендермен: ­ Сенің атың кім?  ­ Сенің фамилияаң кім? ­ Сен неше жастасың? т.б.  сұрақтарға жауап беріп өзімізді  таныстыратын боламыз. Бұған бізге интерактивтік тақтадағы  қуыршақ қыз Лера көмектеседі: ­Сәлеметсіңдер ме балалар! ­ Менің атым Лера. ­Мен алты жастамын. ­Мен Қазақстанда тұрамын.  ­Менің әкемнің аты Василий Иванович. Менің анамның аты Ирина Анатольевна. Сергіту сәті «Айгөлек».Рефлексивті  коррекциялаушы Ойын: «Мен кіммін». Мақсаты: өздері жайында қысқаша  мәлемет беріп, әңгіме құрастыру. ­ Өзім туралы әңгіме тақырыбын  жалғастыра отырып, мақал –  мәтел жаттату:   Өзін өзі білген ер бақытты.  Өзін өзі билеген ел бақытты.   Өсер елдің баласы  Қозысын күтіп қой қылар.  Өспес елдің баласы  Қозысын сойып, той қылар.  ­ Балалар бүгінгі сабақты  қорытындай келгенде қандай  сөздерді үйрендіңдер? ­ Мадақтау. ­ Қоштасу. Балалар өздері туралы қысқаша әңгіме құрастырады. Балалар мақал – мәтелдерді  қайталап, жаттайды. Балалардың жауаптары. ­Балалар қоштасады. Күтілетін нәтиже: Орындайды:өзі туралы дұрыс мағұлмат бере алады, жаңа сөздерді біледі. Түсінеді: Сөздік қоры арта түсіп, дұрыс сөйлеу дағдысы қалыптасады, сұрақтарға жауап  береді. Қолданады: сұрақтарға жауап беріп, сөйлем құрастырады, қазақ халқының аталған тақырып  бойынша мақал – мәтелдерін біледі.