Мектептегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған тапсырмалар жинағы
Оценка 4.7

Мектептегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған тапсырмалар жинағы

Оценка 4.7
Особые потребности +3
docx
другое +1
5 кл
22.05.2024
Мектептегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған тапсырмалар жинағы
Методическое пособие упражнениями для детей требующий инклюзивное обучение
Ерекше білім беру Авторлық жинақ (исправленный).docx

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«№34  МЕКТЕП – ЛИЦЕЙІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

 

 

МЕКТЕПТЕГІ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ

БАР ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН  ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ

 

https://xn----dtbhvcrdbcoh1a.xn--p1ai/wp-content/uploads/2019/06/8.jpg

 

Бағыты : қазақ тілі мен әдебиеті

Сыныптар: 5

Жасы: 11 жас

 

Құрастырушы:

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері

Сыдыкова К.Д.

педагог-зерттеуші

Мухамадиева Ж.К.

педагог -зерттеуші

 

 

 

Өскемен,

2023 – 2024 оқу жылы

Авторлық жинақ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласындағы білім бөлімінің «№ 34 мектеп- лицейі» КММ әдістемелік кеңесінде қаралды (№ 1 хаттамасы 2023 ж).

 

Рецензенті: Алимхан Айгуль Асетовна

С.Аманжолов атындағы ШҚУ қазақ, орыс филологиясы және

журналистика кафедрасының  қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к

 

 «Мектептегі  ерекше  білім  беру  қажеттілігі   бар  оқушыларға   арналған тапсырмалар жинағы »  5 сыныпқа арналған. 

Жинақ авторлары: Сыдыкова К.Д, Мухамадиева Ж.К

 

Жинақ мектептегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған, себебі бүгінгі таңда ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету өзекті болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

 Мазмұны ....................................................................................................2 бет

 Түсінік хат..................................................................................................3-4 бет

 КІРІСПЕ БӨЛІМ....................................................................................... 5-10 бет

 НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

 1.МЕКТЕП ӨМІРІ. ӘДЕПТІ БАЛА –АРЛЫ БАЛА.

 1.1 Сәлем! Сенің атың кім?.......................................................................11 бет

 1.2. Менің отбасым.................................................................................... 12 бет

 1.3. Менің мектебім................................................................................... 13 бет

 1.4. Менің сыныбым.................................................................................. 14 бет

 1.5. Менің досым....................................................................................... 15 бет

 1.6.Оқу құралдарым ................................................................................. 16 бет

 2. ЖАН-ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ

 2.1. Үй жануарлары .................................................................................. 17 бет

 2.2.Аңдар.................................................................................................... 18 бет

 3. МЕНІҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ

 3.1 Менің елім............................................................................................ 19 бет

 3.2 Менің аулам......................................................................................... 20 бет

 4. ДЕНСАУЛЫҚ ЗОР БАЙЛЫҚ

 4.1. Дене мүшелерім .................................................................................. 21 бет

 4.2. Дәрігердің қабылдауында .................................................................. 22 бет

 5. МЕНІҢ СҮЙІКТІ ІСІМ

 5.1. Сурет саламын .................................................................................... 23 бет

 5.2.Абайла, бағдаршам! ............................................................................ 24 бет

 6.  МЕН ДҮКЕНГЕ БАРАМЫН

 6.1. Азық – түлік дүкенінде ...................................................................... 25 бет

 6.2.Ойыншық дүкенінде ........................................................................... 26 бет

 6.3. Киімдер дүкенінде.............................................................................. 27 бет

 ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ......................................................................... 28 - 30 бет

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................................ 31 бет

        

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

Қазіргі кезде білім беру үдерісіне ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға көп көңіл бөлініп отыр. Яғни қолында анықтамасы бар бала  құрбылары сияқты мектептің білім үдерісіне  толық енгізу әлеуметтік бейімдеуге жынысына, шығу тегіне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарды белсенділікке шақыруға, балаларды түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдану, қоршаған ортаның балалардың жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімдеріне жағдай туғызу, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға арналған мемлекеттік саясат. Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға білімп беру дегеніміз  бала құқығын кемсітпеу, адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай қалыптастыру негізі жатыр. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеру ерекшеліктеріне байланысты, мұғалім олар үшін оқу бағдарламаларын ҚР МЖМБС негізінде бейімдей алады. Білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім алу және қосымша білім беру қызметтерін алудағы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайлы жағдай құру қамтамасыз етіледі. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді. Сабақтар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуға жеке ықпалды қолдану арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар  білім беру бағдарламасына сай әрбір  мұғалімі ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға  жеке бағдарлама, жинақ ретінде тапсырмалар немесе жинақ ретінде ұсынуына болады.

Мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға тапсырмалар жинағының  мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау  (құрбыларымен тең құқылы білім алу);

Міндеттері:

ü Әлеументтену, қоғамға бейімдеу;

ü Құрбыларымен  бірге тәрбиелеу;

ü Білім беру үдерісіне барлық қатысушылармен ерекше сұранысқа ие балалардың  жағымды, өзара қарым- қатынасын қалыптастыру;

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытудың негізгі принциптері:

                                                       

ü Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады;

ü Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;

ü Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы;

ü Барлық адам бір - біріне қажет;

ü Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады;

ü Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;

ü Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру;

ü Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді;

Кеңейтілген мағынада ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білім беру дегеніміз кедергілерді жою мен инклюзивті білім беру арқылы  оқыту үдерісіне  енгізуге бағытталған білім беру үдерісі және олардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Сондықтан берілген тапсырмалар  жинағында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға   білім беру жағдайында қазақ  тілі пәнінен тапсырмалар жинағы құрылған. Әрбір тапсырма оқушының жас ерекшелігіне сай берілген. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында   көрсетілегн  дағдылардың барлығына  негізделген. Тапсырмалар жинағы  екеніне қарамастан сурет, сөздік, мәтін, сұхбат берілген, қалған тапсырмалар  мәтін мен сұхбатқа негізделіп жасалған, яғни оқушы қазақ тілі пәні бойынша бар білімдерін толықтырып, дамытуға жағдай  жасалған. Әрбір тақырып бойынша сөздікпен жұмыс  қамтылған, кейбір тақырыптарда шығармашылық тапсырмалар берілген. Қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде  жинақтағы тапсырмаларды нашар оқитын оқушыға немесе жақсы оқитын оқушыға сараланған тапсырмалар ретінде ұсынуға болады. Жинақ барлығы он жеті  тақырыптан  тұрады, тақырыптар бір – бірімен байланысты, оқушының логикалық ойлау мен сөйлеу дағдыларын арттыруға бағытталған. Дамуында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар интеграцияланған ортаға неғұрлым ерте тартылған болса, олардың әлеументтік бейімделуі соғұрлым жылдам әрі жеңіл болады. Қазақстан Республикасы жағдайында бұл мәселе әлі де өзекті болып табылады. Мұғалімдер ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға байланысты  мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескергеніміз дұрыс. 

 

 

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

Қазақстан Республикасының білім беру бағдарламасына сай ерекше білімді қажет ететін оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру мақсатында , олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып түзете дамыту тапсырмаларын сабақ үдерісінеи жүйелі қолдану арқылы оқушының сөйлеу, сұхбатқа түсу, өз ойын еркін айту, логикалық ойлау, сұрақтарға дұрыс  жауап беру білім, білік дағдыларын арттыру қажет. Оқушылардың бойындағы кемшіліктерді түзету, жан- жақты жүргізілетін оқу- тәрбие жұмысының нәтижесінде оқушыларды қоғамдық өмірге бейімдеу, сонымен қатар зейінін қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін және тілдерін дамыту, яғни танымдық қызметін дамытуда мектеп мұғалімдері  және арнайы маман иелері (дефектолог, логопед, психолог т.б) түрлі заманауи технологияларды қолданып келеді. Соның ішінде қазақ тілі пәніне байланысты тапсырмалар жинағы  маңызды екені сөзсіз. Заман талабына сай қазіргі таңда қазақ тілі –мемлекеттік тіл ретінде еліміздің барлық азаматтарының меңгеріп, дұрыс сөйлеуін талап етіп отыр. Яғни жалпы білім беру мектептерінде  мүмкіндігі шектеулі  оқушыларға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады. Соның ішінде  ннклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. 

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде

2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру кезеңімен енгізілуде. Қазақстан

Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары 1.1 тарауы «Қолжетімділік пен инклюзивті білім беру» дегеніміз оқушының психология, медициналық қорытындысына қарамастан қолжетімді, тең дәрежеде білім алу құқығы бар екені айтылып кетеді.  Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдылықтарының бірі білім беру жүйесінің дамуы болып табылады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне сапалы білім алуға барлығының құқықтарының теңдігі, әр адамның  жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып барлығымен тең дәрежеде  білімге қолжетімділігі жатады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға  жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үдерісін  сипаттауда қолданылады. Демек, ерекше білім беру қажеттілктері бар оқушыларды  оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру жатыр.Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру  жағдайын қалыптастырады. Жинақта көрсетілген әдіс-тәсілдердің  барлығы ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға бағытталған. Яғни 5-7 сынып балаларына қоғамға  жеңіл бейімделуіне,  жан-жақты еркін дамуына, бәсекеге қабілетті тұлға болуып қалыптасуына жағдай жасалған.  

 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға  білім берудің нормативтік-құқықтық базасы:

1."Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (24.12.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

2. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы

3. "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан   Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (өзгерістер бар)

4.Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығы

5. Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы

6. "Психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 17 қарашадағы № 462 бұйрығы.

7. Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдістемелік нұсқаулық  Елисеева И.Г., Ерсарина А.К.

Жинақта берілген тапсырмалардың барлығы ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың көпшіліктен қалай да болсын өзгеше болғандықтан мұндай балаларға сараланған тапсырмалар беру арқылы,  дұрыс сөйлеу, сұрақтарға дұрыс жауап беру, сұхбаттасу мен логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастырып, пәнге деген қызығушылығын  арта түсетіндей етіп жасалған. 2022-2023 оқу жылында ұсынылған жинақтағы тапсырмаларды апробациядан өткізу мақсатында  анықтамасы бар сыныптағы 9 оқушыдан «Менің отбасым» тақырыбы бойынша тапсырмалар ұсынылды. Тапсырмалар: сөздікпен жұмыс, дұрыс оқу, қайталау, көп нүктенің орнына қажетті әріптерді қойып жазу, берілген сурет пен сөздерді сәйкестендіру, сұхбатты жұбымен оқу, аудару, сұхбатты үлгі ретінде өз бетінше жұбымен шағын сұхбат құрастыру (4-5 реплика).  Біздің мақсатымыз  тақырып бойынша оқушының  білім, білік деңгейін тексеру арлықы білім беру үдерісі кезіндегі олқылықтарды анықтау болды (№1 диаграмма)

№1диаграммада тапсырмаларға қате жауап берген оқушылар саны басым екені байқалады, тіпті кейбір оқушылар №1тапсырманы ғана орындап, қалған тапсырмаларды орындамаған. Жұмыстың нәтижесінде сыныта отырған 9 оқушының 1 ғана оқушысы тапсырманы 7баллға орындап төрт деген баға алды (Меньшикова.К.) , ал қалған 8 оқушының 4 орта есеппен алғанда 5 баллдан, 4  оқушы 4 баллдан ғана алды. Яғни оқушылардың басым бөлігі берілген тапсырмалар бойынша білім деңгейлері орта деңгейден аспады. Бұл көрсеткіш ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың

қазақ тілі пәнінен білім деңгейі нашар екенін көрсетті (№1 кесте сауалнама)

 

«Менің отбасым» тақырыбы бойынша кіріс сауалнама

1.Түсіп қалған сөзді анықта «Менің атам мен әжем...»

А.  Құрылысшы

В. Мұғалім

С. Зейнеткер

2. Сенің анаң …

А. Зейнеткер

В.Құрылысшы

С.Мұғалім

3. Менің әкем …

А.Мұғалім

В.Құрылысшы

С.Зейнеткер

4. Түсіп қалған әріпті анықта

ЗЕЙ…ЕТКЕ…

А. Қ,Ғ

В. Н,Р

С. Н,М

5.Сенің отбасың қандай?

А. Үлкен, тату

В. Әдемі, сымбатты

С. Биік, кең

 

 

 

 

 

Қорытынды: 1. Баланың денсаулығы мен психологиялық жағдайына байланысты   тапсырмалар қиындау болды;

2. Оқулықта берілген тапсырмалар мен мәтіндер ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға бейімделіп жасалмаған, сөздік пен мәтін арасында байланыс жоқ;

3. Оқулықта берілген  жазбаша тапсырмалар ерекше білім беру қажеттіліктері  бар оқушыларға бейімделмеген;

4. Бақылау жұмысына берілген тапсырмалар логикалық ойлауды қажет ететін, бірақ балалар орындай алмады ( себебі сабақта логикалық тапсырма орындамайды);

5. Түсіп қалған әріпті қой тапсырмасында оқушылар қазақ тіліне тән дысытарды алмастырады.

5. «Менің отбасым» тақырыбы бойынша 3-4 репликадан тұратын сұхбат құрау  тапсырмасы қиындық туғызды (оқушылар сабақта сұхбатмен, және сұрақ – жауап әдісімен жұмыс жасамайды.  

Ал, жинақта берілген тапсырмалар сөздікпен жұмыстан бастап бір- бірімен байланысты. Мысалы, жаңа сөздердегі сөздер мәтінде, жазбаша тапсырмаларда, сұхбаттарда кезедеседі, сөздік оқушыларға тапсырмаларды ары қарай дұрыс орындату мақсатында анықтама ретінде берілген. Осындай  тапсырмалар жинағының арқасында   мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға тақырыпты түсінікті әрі қолайлы етіп ұсынғанның арқасында баланың пәнге деген қызығушылығы артады, қазақ тілінде қарапайым сөз тіркестері мен жай сөйлемдері сауатты құрап дағдыланады, жұбымен дұрыс сұбаттасып үйренеді. Жинақтағы тапсырмаларды  күнделікті қысқа мерзімді жоспарға енгізу арқылы  тіпті  нашар оқитын оқушылар мен үлгерімі  жақсы оқушыларға сараланған тапсырма ретінде беруге болады. Жинақ барлығы он жеті  тақырыптан, әр тақырыпқа 2 сағаттан берілген, оқу жылында 34  сағатты қамтиды.  Әрбір сабақтың  тақырыбы  және сабақта орын алатын   дағдылар тізімі  күнтізбелік жоспарда көрсетілген (№1 кесте күнтізбелік жоспар)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күнтізбелік жоспар  5   сынып

 2023-2024 оқу жылы

Тақырыбы

Сағат саны

Дағдылар 

Мерзімі

1

Сәлем ! Менің атың кім?

2

1. Сөздік

2. Жазылым

3. Тілдесім

4. Оқылым

 

2

Менің отбасым

2

1. Сөздік

2. Жазылым

3. Оқылым

4. Тілдесім

 

3

Менің мектебім

2

1. Сөздік

2. Жазылым

3. Айтылым

4.  Оқылым

 

4

Менің сыныбым

2

1. Сөздік

2. Жазылым

3. Оқылым

4.Айтылым

 

5

Менің досым

2

1. Сөздік

2. Тілдесім

3. Жазылым

4. Айтылым

 

6

Оқу құралдарым

2

1. Сөздік

2.  Оқылым

3. Жазылым

4. Айтылым

 

7

Үй жануарлары

2

1. Сөздік

2. Тілдесім

3. Жазылым

4.Айтылым

 

8

Аңдар

2

1.Сөздік

2. Тілдесім

3. Жазылым

4. Айтылым

 

9

Менің елім

2

1. Сөздік

2. Жазылым

3. Оқылым

4. Тілдесім

 

10

Менің аулам

2

1. Сөздік

2. Тілдесім

3. Жазылым

4. Айтылым

 

11

Дене мүшелерім

2

1. Сөздік

2. Оқылым

3. Жазылым

4.Тілдесім

 

12

Дәрігердің қабылдауында

2

1. Сөздік

2. Оқылым

3. Жазылым

4. Айтылым

 

13

Сурет саламын

2

1. Сөздік

2. Оқылым

3. Жазылым

4. Айтылым

 

14

Абайла, бғдаршам!

2

1. Сөздік

2. Оқылым

3. Жазылым

4. Айтылым

 

15

Азық – түлік дүкенінде

2

1. Сөздік

2.Тідесім.

3. Жазылым

4.Айтылым

 

16

Ойыншық дүкенінде

2

1.Сөздік

2.Оқылым

3.Жазылым

4.Айтылым

 

17

Киімдер дүкенінде

2

1. Сөздік

2. Тілдесім

3. Айтылым

4. Жазылым

 

 

Мұғалімдер сабақ үдерісінде берілген ақпаратты ұғымды, түсінікті етіп берген жағдайда баланың пәнге деген қызығушылыңы артады, білім сапасы жоғарлайды. Сабақтардың үздіксіз өзара байланыстылығын басшылыққа ала отырып, одан кейінгі тақырыптарда оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін қолданып отырған жағдайда баланың тілдік дағдылары артады.

Ата –аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер мен мамандар іс-әрекетінде  бірлестік, жүйелілік болса ғана мектептегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білім беру үдерісі  жақсы нәтиже көрсетеді.Ерекше білім беру назарсыз қалмауы үшін әрбір мұғалім  сабағына қолданатын тапсырмаларды нақты ойластыру қажет. Тек қана баланың деңгейіне  бейімделген тапсырмалар оның ішкі потенциялын  ашуға  мүмкіндік туғызады, әр адамға қарап, сабырлылыққа тәрбиелейді, отбасыларымен қарым-қатынастықты нығайтып, оқу барысына  кірістіреді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Тақырыбы: «Сәлем! Сенің атың кім?»

https://sun6-21.userapi.com/s/v1/ig2/ylcLeLSvsTLLHMZOOJVkp_vOa2OszjP3YdU-4uKlQEI44VEPjBnJ70CGcbBuB11XCGDLqBLe7aoG36fA_j2MCiqh.jpg?size=905x1145&quality=95&crop=0,0,905,1145&ava=11 – тапсырма. Жаңа сөздерді оқимыз,  қайталаймыз.

Сәлеметсіз бе ! – Здравствуйте!

Сәлем! – Привет!

Сау болыңыз! – До свидание!

Сау бол! – Пока!

Сенің атың кім?- Как тебя зовут?

Менің атым... – Меня зовут...

2- тапсырма. Берілген жаңа  сөздерден  «Негізгі сөз» әдісі арқылы сөйлем құрап жаз

 Иллюстрация 1 из 9 для Тетрадь в косую линейку " Пушистые любимцы", 12  листов (12Т5В6_08419) | Лабиринт -

3 – тапсырма. Суретке қарап 3-4 репликадан тұратын сұхбат құра.

Прочитай диалог и соотнеси его с подходящим рисунком

              Автоэлектрик | Восклицательный знак, Школьные художественные проекты,  Школьные темы4 – тапсырма. Сұхбатты жұбыңмен оқы, жұбыңмен ұқсас сұхбат құрап айт.

-         Сәлем!

-         Сәлем!

-         Сенің атың кім?

-         Менің атым – Әсем.

-         Әсем қалың қалай?

-         Рахмет! Жақсы.

-         Сау бол!

 

 

 

Тақырыбы: «Менің отбасым»

1 – тапсырма. Жаңа сөздерді оқимыз, қайталаймыз

    Отбасым - семья

    Бұл кім? – Кто это?

    Ата – дедушка

    Әже – бабушка

    Ана – мама

    Әке – папа

    Зейнеткер -пенсионер

ᐈ Рисунок ручка фото, фотографии ручка | скачать на Depositphotos®2 – тапсырма. Көп нүктенің орнына керек әріптерді жаз.

  

 Мен....ң, отба...ым, ....та, әж....., а.....а, ә.....е.

3 – тапсырма. Сурет пен сөздерді сәйкестендір.

 

ата

 

 

әке

 

 

әже

 

 

ана

 

 

4 – тапсырма. Сұхбатты жұбыңмен оқы, жұбыңмен ұқсас сұхбат құрап айт

-         Сәлем!

-         Сәлем!

-         Отбасың бар ма?

-         Иә, бар.

-         Отбасың туралы айтшы?

-         Әкем құрылысшы, анам мұғалім, атам мен әжем зейнеткерлер

-         Сау бол!

-         Сау бол!

 

Тақырыбы: «Менің мектебім»

1 – тапсырма. Жаңа сөздерді оқимыз, қайталаймыз

                    Мектеп – школа

                    Әдемі – красивый

                    Үлкен – большой

                    Кішкентай – маленький

                    Жарық – светлый

                    Ұнайды -  нравится

  

2- тапсырма. Берілген жаңа сөздерді  жаз.

 

  3 – тапсырма. Суретті боя, сурет бойынша 3 сөйлем құрап айт.

 

 

   4 – тапсырма. Көп нүктенің орнына керек әріптерді жаз.

     Біздің   мек...еп, ...лкен, әд...мі. Сашаның мектебі к....шкентай, жа...ық, әд....мі. Бізге мектеп ...найды.

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Менің сыныбым»

1 – тапсырма. Жаңа сөздерді оқимыз, қайталаймыз

                     Сынып  - класс

                     Таза – чистый

                     Үлкен – большой

                      Парта – парта

                      Тақта – доска

                      Үстел - стол

  

        2 – тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құра. 

Мынау

әдемі

Мектеп

таза

сынып

жарық

тақта

сынып

      

       3- тапсырма. Сынып заттарын боя, толықтырып жаз.

 

 

 

...........

...........

.............

4 – тапсырма. Сурет бойынша мектеп тақырыбына  2 сөйлем құрап айт, жұбыңмен 4 репликадан тұратын сұхбат құрап айт.

 

 

 

Тақырыбы: «Менің досым»

        1 – тапсырма. Жаңа сөздерді оқимыз, қайталаймыз

                Дос – друг

                 Ақылды – умный

                 Күшті – сильный

                 Жақсы – хороший

                 Әдемі – красивый

       2 – тапсырма. Сұхбатты жұбыңмен оқы, берілген сұхбатты үлгі ретінде алып  жұбыңмен 4 репликадан тұратын сұхбат құрап айт.  

-         Сәлем!

-         Сәлем!

-         Сенің досың бар ма?

-         Иә, бар.

-         Досыңның аты кім?

-         Досымның аты – Қанат.

-         Досың қандай?

-          Досым күшті, ақылды, жақсы.   

               3-тапсырма. Кластерды толтыр.

Менің досым                                                    

 

 

 


         4 – тапсырма. Берілген сурет бойынша сөйлем құрап айт.

Бұл менің    .........

Досым ..........

Досым........

Рисунок друзьям — cdo21.ru

 

Тақырыбы: «Оқу құралдарым»

1 – тапсырма. Жаңа сөздерді оқимыз, қайталаймыз

   Оқу құралдар – учебные принадлежности

   Дәптер – тетрадь

   Кітап – книга

   Қаламсауыт – пенал

   Сөмке – сумка

   Әдемі – красивый

 

 

    2 – тапсырма. Сурет пен сөздерді сәйкестендір.

қаламсаут

сөмке

дәптер

кітап

 

        3  тапсырма. Кластерді толықтырып жаз.

Оқу құралдарым
 

 

 

 


                                

   4 –тапсырма. Суретті боя, сөмкеңдегі оқу құралдары  туралы 4 сөйлем құрап айт.

                                   

Мынау менің сөмкем. Сөмкемде  .........., ........ ,......... бар. Менің сөмкем үлкен, әдемі.

 

Тақырыбы: «Үй жануарлар»

1 – тапсырма. Жаңа сөздерді оқимыз, қайталаймыз

    Үй жануарлары – домашние животные

     Сиыр – корова

     Бұзау – теленок

     Шошқа – свинья

     Торай  - поросенко

     Қора – загон

 

  2 – тапсырма. Сұхбатты досыңмен оқы.

-         Мынау не?

-         Мынау қора?

-         Қорада бұзау бар ма?

-         Иә, қорада бұзау мен торай бар.

-         Бұзау қандай?

-         Бұзау кішкентай

-         Жақсы. Сау, бол!

-         Сау бол!

     3 – тапсырма. Сөз тіркестерін толықтырып жаз, орыс тіліне аудар.

 

Мынау .....

Мынау ......

Мынау ......

Мынау.....

 Это .......

Это .....

Это ......

Это .......

4 –тапсырма. Суретті боя, сурет бойынша  4 сөйлем құрап айт.

 

Раскраска Домашние животные - детские раскраски распечатать бесплатнораскраски для детей домашние животные птицы детеныши корова и теленок,  раскраска домашние животные и птицы дет… | Раскраски, Раскраски с  животными, Книжка-раскраска

 

                                    Бұл  - қора. Қорада ....., ......., .........., ........... бар .

 

 

Тақырыбы: «Аңдар»

1 – тапсырма. Жаңа сөздерді оқимыз, қайталаймыз

         Аңдар – звери

         Қоян – заяц

         Орман – лес

         Қасқыр – волк

         Түлкі – леса

2 –тапсырма. Сүхбатты досыңмен оқы, жұбыңмен ұқсас сұхбат құрап айт.

-         Мынау не?

-         Мынау орман.

-         Орманда аңдар бар ма?

-         Иә, бар

-         Қандай?

-         Олар: қоян, қасқыр, түлкі.

-         Орман қандай?

-         Орман үлкен, әдемі.

     3 – тапсырма. Кө нүктенің орына керек әріптерді қойып жаз және суреттермен сәйкестендір

  қ....ян

ор...ан

қас....ыр

т...лкі

      4 – тапсырма. Суретті боя, сурет бойынша  4 сөйлем құрап айт.

раскраска лес для детей распечатать бесплатно

Бұл – ........ Орманда............ бар.

 

 

Тақырыбы: «Менің елім»

1 – тапсырма. Жаңа сөздерді оқимыз, қайталаймыз

        Менің елім – моя страна

        Табиғат – природа

        Орман – лес

        Өзен – река

        Көл – озеро

        Тамаша – замечательный

 

  2 – тапсырма. Сөз тіркестерін толықтырып жаз, орыс тіліне аудар.

Мынау .....

Мынау ......

Мынау ......

Мынау.....

 Это .......

Это .....

Это ......

Это .......

 

   3 – тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріп сөз тіркестерін оқы.

Менің

өзен

тамаша

көл

кішкентай

табиғат

әдемі

елім

  4 – тапсырма. Сұхбатты досыңмен оқы, жұбыңмен ұқсас сұхбат құрап айт.

-         Сенің елің қандай?

-         Менің елім тамаша.

-         Табиғаты қандай?

-         Табиғаты тамаша.

-         Айтып берші?

-         Орман, өзен, көлдер бар.

-         Жақсы , рахмет!

-         Сау бол!

-         Сау бол!

     

 

Тақырыбы: «Менің аулам»

     1 – тапсырма.  Жаңа сөздерді оқимыз, қайталаймыз

        Аулада – во дворе

        Таза – чистый

        Сырғанақ – горка

        Әткеншек – качели

        Қоқыс жәшігі – мусорная урна

2 – тапсырма. Сұхбатты досыңмен оқы,  жұбыңмен ұқсас сұхбат құрап айт.

-         Сәлем!

-         Сәлем!

-         Сенің аулаң қандай?

-         Менің аулам таза. Қоқыс жәшігі бар.

-         Аулада тағы не бар?

-         Сырғанақ, әткеншек бар.

-         Сау бол!

-         Сау бол!

  3 – тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісі әріпті қойып жаз, суретпен сәйкестендір

та...а

сыр....анақ

әткен.....ек

қоқыс ж....шігі

4 – тапсырма. Берілген суретті боя, сөйлемді аяқта, сөйлемдерге байланысты сұрақ қой

Бұл  менің  ........ аулам. Алада...... бар. Аула үлкен, таза. Мен аулада ойнаймын.

 

Тақырыбы: «Дене мүшелерім»

   1 – тапсырма.  Жаңа сөздерді оқимыз, қайталаймыз

           Дене мүшелерім – части тела

           Құлақ – уши

           Көз – глаза

           Мұрын – нос

           Тіс – зубы

           Шаш - волосы

   2 – тапсырма Мәтінді оқы , не туралы айтылғанын суреттен  белгіле

  Менің атым – Айгуль. Менің көзім үлкен. Құлағым кішкентай. Мұрным әдемі. Аузым кішкентай. Шашым ұзын, қоңыр. Тісім ақ. Мен әдемі қызбын.

Картинки по запросу рисунок медведя Похожее изображение Похожее изображение Картинки по запросу рисунок глаз

 

   3 – тапсырма Мәтін бойынша керек сөздерді қойып оқы.

   Оның аты - ........ Оның көзі......, құлағы....... мұрны........., ....... кішкентай. Шашы........, қоңыр, тісі ақ. Ол өте әдемі......

 Қажет сөздер: Айгуль, үлкен, кішкентай, әдемі, аузы, ұзын, қыз.

4- тапсырма. Сұхбатты досыңмен оқы.

-         Сәлем!

-         Сәлем!

-         Сенің атың кім?

-         Менің атым – Айгуль

-         Сен қандай қызсың?

-         Мен әдемі қызбын.

-         Неге?

-         Менің көзім үлкен, шашым қоңыр, мұрным әдемі, ауызм кішкентай.

-         Иә, әдемі екенсің.

-         Рахмет!

-         Сау бол!

-         Сау бол!

 

 

 

 

Тақырыбы: «Дәрігердің қабылдауында»

1 – тапсырма.  Жаңа сөздерді оқимыз, қайталаймыз

     Дәрігер – врач

     Қабылдау – принимать

     Емхана – больница

     Көз дәрігері – окулист

     Қабат – этаж

     Жолдама – направление

 

2 – тапсырма. Мәтінді оқы, сұрақтарға жауап бер

            Мен бүгін таңертең анаммен емханаға бардым.  Бірінші қабаттан көз дәрігеріне жолдама алдық. Екінші  қабатта көз дәрігеріне бардық. Көз дәрігері көзімнің жақсы көретінін айтты.  Анам ертең   тіс дәрігеріне барамыз деді.

1) Сен бүгін таңертең қайда бардың?

2) Бірінші қабатта қайда жолдама алдың?

3) Екінші қабатта қайда бардың?

4) Көз дәрігері не деді?

5) Анаң саған не деді?

3 – тапсырма  Көп нүктенің орнына тиісті  сөзді қойып жаз

    Мен бүгін   .................     бардым. ................  алдым. Жолдама алып ............... дәрігеріне кірдім.  Көз дәрігері ............ жақсы екенін айтты. Менің ........................    жақсы болып қайттым.

 

 Керек сөздер: емханаға, жолдама, көз, көзім, көңіл  -күйім.

  4  – тапсырма Суретке байланысты сұрақтар құрап айт

Сен бүгін

Картинки по запросу рисунок больницы

бардың ба?

Ертең анаңмен

Картинки по запросу рисунок зубов

барасың ба?

Көз дәрігері

Похожее изображение

 екенін айтты ма ?

 

 

Тақырыбы: «Сурет саламын»

1 – тапсырма. Жаңа сөздерді оқимыз, қайталаймыз

        Сурет – рисунок

        Қағаз – бумага

        Қарындаш – карандаш

        Түрлі – түсті – цветные

        Бояу – краска

        Қылқалам – кисточка

         2 – тапсырма. Мәтінді оқы, сұрақтарға жауап бер

     Мен бүгін үйдемін. Әпкем екеуіміз қағазға түрлі – түсті қарындашпен және бояулармен сурет салдық. Әпкем отбасымызды салды. Ал мен әжем мен атамның суретін  салдым. Әжем мен атама сурет қатты ұнады. Маған алғыс айтты.

1) Әпкең екеуің не істедіңдер?

2) Әпкең қадай сурет салды?

3) Сен қандай сурет салдың?

4) Әжең мен атаңа сурет ұнады ма?

5) Олар саған нем деді?

      2 – тапсырма. Суретке сәйкестендіріп сөз тіркестерін құрап жаз.

.................       ...........

................          .....................

Цветные карандаши - paint.net клуб любителей

..................          ....................

Lenagold - Клипарт - Краски

.................      .......................

 

   4 – тапсырма.  Берілген суретті боя, сурет бойынша 3 сөйлем құрап айт, сөйлемдерге сұрақ қой.

Мен ......... сурет салдым. Әпкем..........  салды. Мен ........., ..........суретін салдым.

Тақырыбы: «Абайла, бағдаршам!»

1 – тапсырма. Жаңа сөздерді оқимыз, қайталаймыз

             Бағдаршам – светофор

             Үш түс – три цвета

             Қала - город

             Ереже – правило

             Көшеде – на улице

    2 – тапсырма. Мәтінді оқы, сұрақтарға жауап бер

      Бағдаршамның қызыл, сары, жасыл көздері бар.  Қызыл түс – тоқта, сары түс – дайындал және жасыл түс – жүр дегенді білдіреді.  Біздің қаламызда  бағдаршам көп. Бағдаршам жол ережелерін сақтау үшін қажет.

 1) Бағдаршамның неше көзі бар?

 2)  Бағдаршамның көздерінің түстерін нені білдіреді?

 3) Біздің қалада бағдаршам бар ма?

 4) Бағдаршам не үшін қажет?

3 – тапсырма. Берілген Кластерді толтырып жаз.

 

 

Бағдаршам
 

 

 

 

 

 

 


 

4 – тапсырма. Берілген бағдаршамның суретін боя, үш көзін сипаттап айт. «Бағдаршам» тақырыбына байланысты 6 сөйлемнен тұратын  монолог құрап жаз

                                                       Детские рисунки светофора           

 

 

Тақырыбы: «Азық – түлік дүкенінде»

1 – тапсырма. Жаңа сөздерді оқимыз, қайталаймыз

      Дүкен –  магазин

      Шұжық –  колбаса

      Ірімшік – сыр

      Балмұздақ – мороженое

      Азық – түлік – продукты питания

      Сатып алу – купить

2- тапсырма. Сұхбатты досыңмен оқы

-         Сәлем!

-         Сәлем!

-         Сен қайда барасың?

-         Мен азық-түлік дүкеніне барамын.

-         Дүкеннен не алдың?

-         Дүкеннен нан, сүт, шұжық, ірімшік, сатыл аламын.

-         Балмұздақ аласың ба?

-         Иә, аламын.

-         Жақсы. Рахмет. Сау бол!

-         Сау бол!

3 – тапсырма. Көп нүктенің орнына керек әріпті қойып жаз, сурет пен сөзді сәйкестендір.

ш...жық

ірім....ік

балм....здақ

н...н

с.....т

Бизнес по производству колбасы (1 часть)

 

 4- тапсырма. Сөйлемдердің дұрыс\бұрыстығын  анықта, белгіле.

Сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

Мен азық – түлік дүкеніне барамын.

 

 

Балмұздақ сатып алмадым.

 

 

Дүкеннен нан, сүт, шұжық, ірімшік, сатыл аламын.

 

 

 

 

Тақырыбы: «Ойыншық дүкенінде»

1 – тапсырма. Жаңа сөздерді оқимыз , қайталаймыз

              Ойыншық – игрушка

              Қуыршақ – кукла

              Мәшине – машина

              Қонжық – медвежонок

             Сыйлады – подарил

             Жақсы көремін – люблю

    2 – тапсырма. Мәтінді оқы, сұрақтарға жауап бер.

             Мен анаммен дүкенге бардым. Маған анам қуыршақ, қонжық сатып берді.  Мен бауырыма мәшине сатып алдым. Үйге келіп  бауырыма мәшинені сыйладым. Бауырым қуанып қалды. Мен бауырымды жақсы көремін.

    1) Сен анаңмен қайда бардың?

    2) Саған анаң  қандай ойыншық сатып берді?

    3) Сен бауырыңа қандай ойыншық алдың?

    4) Сен үйге барып не істедің?

    5) Сен бауырыңда жақсы көресің бе?

 

3 – тапсырма. Берілген Кластерді толтырып жаз.

 

Ойыншық
 

 

 

 


 4- тапсырма. Берілген ойыншықтарды боя, атауларын айт, сөйлемдер құрап айт.

....................

...........................

.....................................

Раскраски для детей всех возрастов, раскраски для малышей, раскраски для  мальчиков и девочек» — карточка пользователя Алёна Дмитриенко в  Яндекс.Коллекциях

Раскраска Медвежонок малыш - распечатать бесплатно

 

 

 

 

Тақырыбы: «Киімдер дүкенінде»

     1 – тапсырма. Жаңа сөздерді оқимыз, қайталаймыз

       Киімдер – одежда

       Сырт киім  - верхняя одежда

       Күрте – куртка

       Шалбар – штаны

       Қолғап – варежки

       Бас киім – головной убор

    

       2 – тапсырма. Мәтінді оқы, сұрақтарға жауап бер.

           Мен бүгін әпкеммен дүкенге бардым. Әпкем киімдер дүкеніне барайық деді. Маған сырт киім сатып алдық. Олар: күрте , шалбар, қолғап. Содан кейін бас киім қарадық. Кешке үйге қайтып келдік.

     1) Сен бүгін әпкеңмен қайда бардың?

     2) Әпкең қайда барайық деді?

     3) Саған не алдыңдар?

     4) Содан кейін не істедіңдер?

     5) Үйге қашан келдіңдер?

 

    3 – тапсырма. Суреттерді сөздерге сәйкестендір.

Күрте

Бас киім

Шалбар

Қолғап

 

Детские варежки с рисункомВыкройка: брюки-стретч для девочки | Шкатулка

 

 

 4 – тапсырма. Берілген Кластерді толтырып жаз.

Киімдер
 

 

 

 


ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Қорыта айтқанда, балалар, ата-аналар,  мұғалімдер , отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болса керек. Біз мұғалімдер балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезінетіндей жағдай жасауымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек мектепте отырған  әрбір ерекше білім беру қажеттіліктері бар  балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз. Жинақтағы тапсырмаларды апробациядан өткізу барысында оқушылардын «Менің отбасым» тақырыбы бойынша тапсырмаларды ұсыну арқылы білімдері тексерілді. Нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі төмен көрсеткіштер көрсетті, оның себебі айтылды. Оқу жылында қысқа мерзімді жоспарға  жинақтағы тапсырмаларды енгізу арқылы апробациядан өтті. Екінші жартыжылдықта   «Менің отбасым» тақырыбы бойынша бақылау жұмысы алынды. Тапсырмалар сөздікпен жұмыс, сөз тіркестерін құрау, түсіп қалған әріптерді орнына қою, сурет пен сөздерді сәйкестендіру, сұхбатты оқу, жұбымен ұқсас сұхбат құрап айту. Оқушылар сұхбатты өткен тақырыптардағы сөздерді қолдана отырып толықтырып шықты. Бақылау жұмысының нәтиже мониторингі бойынша балалар тапсырманы жақсы орындады (ортадан жоғары деңгей). Жинақтағы тапсырмалар ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға сараланған тапсырма ретінде ұсынылды (№2 диаграмма)

Қорытынды: 1. Жинақтағы тапсырмалар бір-бірімен байланысты болғандықтан оқушыларға орындаған өте тиімді болды (тапсырмалардың барлығы жаңа сөздермен байланысты);

2. Тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін артуға ықпал етті (суретт бояп шағын мәтінр құра, сурет пен сөздерді сәйкестендір);

3. Қорытынды бақылау жұмысында оқушылар сұрақтарға толық жауап беруге тырысты (оқушылар сұрақты түсінеді шамаларына қарай нақты жауап беруге тырысады);

4. Жинақтағы тапсырмалармен жүйелі жұмыс оқушылардың қазақ тіліне тән әріптерді алмастырмай,  сауатты жазу дағдыларын арта түсірді.  

(№2 кесте  сауалнам)

5. Жинақта берілген тапсырмалар оқушылардың қазақ тілінде ауызекуі сөйлеу дағдыларын арттырады;

6.Жинақта берілген тапсырмалар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде көрсетілген негізгі бес дағдыны дамыту бағытында ықпалы зор.

«Менің отбасым» тақырыбы бойынша қорытынды сауалнама

1.Түсіп қалған сөзді анықта «Менің атам мен әжем...»

А.  Құрылысшы

В. Мұғалім

С. Зейнеткер

2. Сенің анаң …

А. Зейнеткер

В.Құрылысшы

С.Мұғалім

3. Менің әкем …

А.Мұғалім

В.Құрылысшы

С.Зейнеткер

4. Түсіп қалған әріпті анықта

ЗЕЙ…ЕТКЕ…

А. Қ,Ғ

В. Н,Р

С. Н,М

5.Сенің отбасың қандай?

А. Үлкен, тату

В. Әдемі, сымбатты

С. Биік, кең

 

Мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға сараланған тапсырмалар беру арқылы  балалардың ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағытта сабағымызда дұрыс әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы,   білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Біз  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ретінде сыныпта отырған әрбір оқушының бойында мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін  ояту, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қазақ тілінде сауатты жазып, ауызекі сөйлеу дағдыларын арттыру міндетіміз деп айтуға болады. Мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білім беру–балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып,  барлық білім алушылардың білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін үдеріс.

Білім беру бағдарламасына  сай әр балаға оның мұқтаждығына және басқа мән-жайларға байланыссыз, өз әлеуетін және білім алуға құқығын  іске асыруға мүмкіндік береді. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады.

Бұл  жинақта  тапсырмалар мектепте ерекше білім беру  қажеттіліктері бар оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінен  сараланған тапсырмалар ретінде ұсынылған. Жинақтағы тапсырмалар бір жылға  жасалған, күнтізбелік жоспар мен қамтылатын дағдылар кестесі берілген. Мұғалімдердің   өзара әрекеттестігі - бұл баланың проблемаларын шешуде кешенді ыңғай жасауды қамтамасыз ететін, балаларды оқыту, тәрбилеу мен әлеуметтендіру міндеттерін шешуге бағытталған.  Осылайша, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жалпы білім беру үдерісінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға  педагогикалық қолдауда мұғалімдердің  өзара әрекеттестігі баланың  тұлға ретінде дамуына маңызы зор екенін айтып өту жөн. Сондықтан да құрметті әріптестер болашақта бәсекеге қабілетті  тұлға тәрбиелеу тек өзіміздің қолымызда деп   санаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының білім туралы заңы, 2008 жыл Мектептегі психология, №3 2010 жыл.

2. Әлеументтік педагогика, №3, 2019 жыл.

3. Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы №7 (128) 09.2017жыл.

4. Р.Б.Каримова «Основные проблемы и задачи инклюзивного образования в Республике Казахстан» журнал «Открытая школа» №9, 2013г.

5. Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы ҚР БжҒМ 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығы.

6. Инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығы туралы ереже. – Астана:

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016 жыл – 28 бет.

 

 7. Инклюзивное образование в Республике Казахстан. - Астана:

Министерство науки и образования Республики Казахстан, 2016г – 32стр.

 

8. Инклюзия жағдайында білім беру процесі үшін заманауи ресурстарды пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар.\ Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии -  Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,   Астана  2023 ж, - 34, 85 беттері

 

9. Сахнова И.А. «Инклюзивное образование: теория, практика, опыт» Материалы международной научно-практической конференции, 2018 г.

 

10. Оразбаева.Ф.Ш., Аяпова.Т.Т. және басқалар, қазақ тілі (6 деңгейлік оқыту әдістемелік кешендер) , Алматы,. Жазушы 2007 – 121 б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ

Авторлық жинақ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласындағы білім бөлімінің «№ 34 мектеп- лицейі»

Авторлық жинақ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласындағы білім бөлімінің «№ 34 мектеп- лицейі»

Мазмұны: Мазмұны .........

Мазмұны: Мазмұны .........

Түсінік хат Қазіргі кезде білім беру үдерісіне ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға көп көңіл бөлініп отыр

Түсінік хат Қазіргі кезде білім беру үдерісіне ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға көп көңіл бөлініп отыр

Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады; ü Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті; ü Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы; ü

Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады; ü Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті; ü Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы; ü

КІРІСПЕ БӨЛІМ Қазақстан Республикасының білім беру бағдарламасына сай ерекше білімді қажет ететін оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру мақсатында , олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып түзете…

КІРІСПЕ БӨЛІМ Қазақстан Республикасының білім беру бағдарламасына сай ерекше білімді қажет ететін оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру мақсатында , олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып түзете…

Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады

Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады

Тапсырмалар: сөздікпен жұмыс, дұрыс оқу, қайталау, көп нүктенің орнына қажетті әріптерді қойып жазу, берілген сурет пен сөздерді сәйкестендіру, сұхбатты жұбымен оқу, аудару, сұхбатты үлгі ретінде…

Тапсырмалар: сөздікпен жұмыс, дұрыс оқу, қайталау, көп нүктенің орнына қажетті әріптерді қойып жазу, берілген сурет пен сөздерді сәйкестендіру, сұхбатты жұбымен оқу, аудару, сұхбатты үлгі ретінде…

Баланың денсаулығы мен психологиялық жағдайына байланысты тапсырмалар қиындау болды; 2

Баланың денсаулығы мен психологиялық жағдайына байланысты тапсырмалар қиындау болды; 2

Күнтізбелік жоспар 5 сынып 2023-2024 оқу жылы №

Күнтізбелік жоспар 5 сынып 2023-2024 оқу жылы №

Дене мүшелерім 2 1

Дене мүшелерім 2 1

НЕГІЗГІ БӨЛІМ Тақырыбы: «Сәлем!

НЕГІЗГІ БӨЛІМ Тақырыбы: «Сәлем!

Тақырыбы: «Менің отбасым» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Менің отбасым» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Менің мектебім» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Менің мектебім» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Менің сыныбым» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Менің сыныбым» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Менің досым» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Менің досым» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Оқу құралдарым» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Оқу құралдарым» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Үй жануарлар» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Үй жануарлар» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Аңдар» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Аңдар» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Менің елім» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Менің елім» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Менің аулам» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Менің аулам» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Дене мүшелерім» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Дене мүшелерім» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Дәрігердің қабылдауында» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Дәрігердің қабылдауында» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Сурет саламын» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Сурет саламын» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Абайла, бағдаршам!» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Абайла, бағдаршам!» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Азық – түлік дүкенінде» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Азық – түлік дүкенінде» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Ойыншық дүкенінде» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Ойыншық дүкенінде» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Киімдер дүкенінде» 1 – тапсырма

Тақырыбы: «Киімдер дүкенінде» 1 – тапсырма

ОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ Қорыта айтқанда, балалар, ата-аналар, мұғалімдер , отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болса…

ОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ Қорыта айтқанда, балалар, ата-аналар, мұғалімдер , отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болса…

Жинақтағы тапсырмалармен жүйелі жұмыс оқушылардың қазақ тіліне тән әріптерді алмастырмай, сауатты жазу дағдыларын арта түсірді

Жинақтағы тапсырмалармен жүйелі жұмыс оқушылардың қазақ тіліне тән әріптерді алмастырмай, сауатты жазу дағдыларын арта түсірді

Бұл жинақта тапсырмалар мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сараланған тапсырмалар ретінде ұсынылған

Бұл жинақта тапсырмалар мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сараланған тапсырмалар ретінде ұсынылған

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1

Мектептегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған тапсырмалар жинағы

Мектептегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған тапсырмалар жинағы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.05.2024