Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсысына да мемлекеттігінің белгісі – рәміздері бар. Рәміз дегеніміз – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге жанама сипаттап көрсетуден туатын сыртаңба, эстетиқалық категория, шартты белгі. Тәуелсіз мемлекет егеменді ел болудың қыруар қиындығы ерекше жауапгершілігімен қатар бірқатар шарттары басты-басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнділері – Елтаңба, Ту және Әнұран. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес тәуелсіз бола алмайды
Ел рәзімдері.docx
А.Байтұрсынов атындағы ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын
бастауыш гимназиясы.
Мемлекеттік рәміздер ұлттық
мақтанышымыз.
Өткізген: Әбдіқасымова Ғ.Ж
Аркалық қаласы2012 Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтанышмыз.
Мақсаты: Оқушылардың отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал
қызмет етуге. елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге
Көрнекілігі: Рәзімдер, өлең жолдары, үнтаспалар.
тәрбиелеу.
Мұғалім: Жер бетіндегі мемлекет атаулының қайқайсысына да мемлекеттігінің белгісі
– рәміздері бар. Рәміз дегеніміз – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге жанама сипаттап
көрсетуден туатын сыртаңба, эстетиқалық категория, шартты белгі. Тәуелсіз мемлекет
егеменді ел болудың қыруар қиындығы ерекше жауапгершілігімен қатар бірқатар шарттары
бастыбасты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын
айрықша мәнділері – Елтаңба, Ту және Әнұран. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ
мемлекет дербес тәуелсіз бола алмайды.
Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жауға шыққан кезде шығарылып отырған.
Тудан айырылу өліммен бірдей болған. Енді, балалар, көк байрақтың жетілдірілген соңғы
бейнесіне көңіл бөлейік. Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің іргетасын
қалаушылардың бірі.
1оқушы:
Бәрі болған қазақ деген көне елде,
Ел белгісі де, ерлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді?
Ту болмады дегенге?!деп ақын Абзал Бекенов Ағамыз айтқандай, 1992 жыл 4 маусымда
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ту шашағын сүйіп тұрып «Мазмұнына өрнегі
жарсқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі сөнбесін» деген.
2оқушы: Тудың қабылданған күні1992 жылы 4 маусым. Ресми тұсауы кесілген күн
1992 жылы 6маусым, Алматы қаласы. АвторыШәкен Ниязбеков.
3оқушы: Туды сабындық тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көк жолақ
көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнелері алтын түстес.
Сахналық койылым: (Елтаңбаның әрбір белгісін сөйлету)
Мен жұлдызбын, ұдайы жарқырап, жанып тұрамын. Көк жүзінде адамзат баласына
ұстемдік сыйлаймын. Менің мекенім көк жүзінде болғандықтан, қазақ даласының
1оқушы: (Жұлдыз) өкілінен де, болашағынан да хабардармын. Менің мейірімді көтерген күндерге мың
мәртебе тілеймін, жарқырап жанамын мен.
2оқушы: (Шаңырақ)
Шаттық қонған мен шалқақ шақырып,
Шаңырақтан нұр төгер жадырап күн.
Бақытқа қолын созған бар қазақтың,
Сан ғасыр отын үрлеп, шамын жақтым.
Елтаңба еміреніп түрін берді,
Түрге өткізбес бұл қазақ ерінгенді
Ой толғамақ мұратпен?
Шаңырақ келді! Шаттық өмір келді!
3оқушы: (Уық)
Мен уықпын. Шаңыраққа шашыламын,
Бойымда байсалдылық бар шыдамым.
Ей, ұрпақ сен де өмірдің уығы бол,
Өшпестен қолыңда шамшырағың.
Шаңырақкүн, ал уық нұршуағым,
Ақ отауды жылытуға құлшынады.
Қаныменен боялған қызыл уық,
Ашылмаған әлемге шын сыр әлі.
4оқушы: (кереге)
Мен –керегемін, керегемін.
Ілінген ақ сауыты, берені ердің.
Ірге ұрып қараса керегеден,
Кеңістігі көрінер кемел елдің
Менкерегемін, ақ үйдің іргесімін,
Шаңырақпен аталар бірге есімім.
Керегеден үйіліп өрген ойға
Ұлы ақындар, тербеңдер жыр бесігін.
5 оқушы: (пырақ)
Мен –тұлпармын, дүлділімін, пырақ атпын,
Жаяу жүріп аттыны сынамақ кім?! Арасында адалдық орнатамын,
Жұптасқан елжұрт пенен жұрақатың.
Қажып болып, айыптан жаратылған,
Аспанға алып ұшар қатынасым бар.
Ал мүйізім айбыны Алашымның,
Даңқы биік, дауысы зор дароа туған.
Мұғалім:
Кім айта алар: «Болмаған деп Әнұран» деп ақын жүрегі жырлағандай біздің мемлекеттік
нышандарымыздың біріӘұран жайында пікірлерімізді ортаға салайық.
1. Әнұран қандай мағына береді?
2. Әнұранның қасиеті қандай.
3. Әнұранды қалай айтамыз? Неге?
4. Сөзін жазғандар кімдер?
5. Өзін жазғандар кімдер?
6. Өлеңнің шумақтарын талдаңдар.
Шығырмашылық жұмыс:
Оқушыларды үш топқа бөліп, Ту, Елтаңба, Әнұран сөздерінен сөзжұмбақ құрастыру.
Мұғалім:
Балалар, Қазақстан Туымен тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі, Әнұранмен айбатты.
Олай болса, еліміздің болашағы сендерсіңдер!
Отанды сүюге, қорғауға әрқашанда дайын болыңдар.
Хор: «Менің Қазақстаным»
Қорытынды тұжырымдама:
Сынып сағаты өз дәрежесінде өтті. Сынып оқушылары білімдерін шыңдап,
дүниетанымын кеңейте түсті. Бар ықыластарымен қатысып, сабаққа ынталана араласты.
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышмыз.
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышмыз.
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышмыз.
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышмыз.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.