Менің Кіші Отанымның нышандары
Оценка 4.6

Менің Кіші Отанымның нышандары

Оценка 4.6
Исследовательские работы
docx
окружающий мир
29.11.2020
Менің Кіші Отанымның нышандары
Менің Кіші Отанымның нышандары.docx

                «Менің Кіші Отанымның нышандары»

  Туған жер адам өмірінде ерекше орын алады.Өйткені осы жерде менің шатыққа толы, балалық балдәурен шағым өтуде. «Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем...»деп, ақиық ақын М.Мақатаев тура менің туған өлкемді жырлағандай. Менің туған өлкемдегі асқар тау-Тарбағатайымыз, ағынды өзен-Келдімұрат өзені ауылымыздың тірі нышандары деп білеміз.

Менің туған өлкемнің табиғаты өте әсем, көркем, көрер көзге, естір құлаққа жетерлік ерекшеліктері бар. Ендеше, сіз бен біз сыршыл суреттер әлеміне аздаған сапар жасап, біздің ауылымыздың нышандарымен таныстырып өтейін.

Өз туған жеріміздің  тарихын қайта жаңғыртуда фотосуреттер де зерттеушілердің көңілін өзіне аударатыны сөзсіз.

Сурет-тарих. Өткен күннен бір белгі. Сөйлете білсек, әр суреттің астарында  шежіре бар. Бүгінгідей секунд сайын объективке түсіп жатқан заманның өзінде сурет мән-мағынасын жоймақ емес. Оның құндылығы ерекше болмақ.

Бар болғаны бір-ақ сурет бір адамның өткенінен сыр беріп, тұтастай өмір жолын ашады, немесе бір ауылдың тарихына қатысы болмақ.Сондықтан осы суреттер біздің ауылдың табиғаты, тарихы, шаруашылығынан сыр шертеді десем артық болмас.

Келдімұрат ауылының туы. Ауылдың туы ақ түсті,тік бұрышты кездеме. Ақ түс-бейбітшілікті білдіреді.Оның ортасында ауыл елтаңбасы бейнеленген.Ағаш сабына бекітілген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген,тік жолақ өрнектелген.Ою-өрнек алтын түстес. Тудың ені ұзындығының жартысына тең.

Келдімұрат ауылының елтаңбасы. Келдімұрат ауылының елтаңбасының негізі- Тарбағатай тауынан бастау алатын Келдімұрат өзенінің және ауылдың тау басынан түсірілген көрінісі. Бұл ауылдың табиғатының қандай әсем екенін көрсетеді.Көріністі айнала ұлттық ою-өрнектер.бидай масақтары мен домбыра бейнеленген.Бидай масақтары-ауылдың егіншілікпен айналысатынын,ал ою-өрнектер мен домбыра-ауыл тұрғындарының салт-дәстүрге жақын екендігін және өнерлі жандар көп екеннін білдіреді.

Келдімұрат ауылының әнұраны.Сөзін ауылымыздың ақын, қариясы-Саметбаев Марлес атамыз жазған.

Мал шаруашылығы ауылымыздың басты кәсібі болып саналады.Ішсең сусын,жесең асың,мінсең көлігің болатынтөрт түлік малдың барлық түрі ауылымызда өсіріледі.

Мал шаруашылығымен қатар, егіншілік шаруашылығы жақыс дамып, мемлекетеміздің экономикасының өркендеуіне үлкен үлесін қосып кееледі.

Ауылымызда бидай, күнбағыс, зығыр өсіріледі.

Ауылымның бар байлығы-жаны жайсаң,жүрегі жомарт адамдары. Ауызбіршілігі жарасқан ауыл тұрғындары сондай тату тұрады.Көне көз қарияларымыздың айтуыншы,кезінде осы өлкеде өзге ұлт өкілдері көп қоныс тепкен көрінеді.

Ауылымызда жаңа мектеп, емхана,балабақша, мәдениет үйі халық игілігіне қалтықсыз қызмет етуде.

Туған жер, туған ауыл...Бұл сөздің мағынасы тереңде жатыр.Бұны тек құрғақ сөзбен айтып емес, жүрекпен жақсы көріп,іспен дәлелдеу керек.

                                           Қорытыныды.

   «Ғажайып жүрек». Көктем мезгілінде наурыз айында ауылдың тұсынан таудағы қар ери бастаған кезде Тарбағатай тауында үш-төрт күнге «ғажайып жүректің» көрінісі пайда болады.Жүрек Ермендібұлақ дейтін жердегі екі сайдың ортасында қардың аз жауып, көктемде ерте еріп кетуінен байқалады. Бұл табиғаттың ғажайыбы құдды бір Тарбағатайдың жүрегі секілді.Біздің ауылымыздың жүрегі- Тарбағатай тауы, мақтанышы-Келдімұрат өзені. Осының барлығы біздің ауылдың символдары деп білеміз.

 


 

Менің Кіші Отанымның нышандары»

Менің Кіші Отанымның нышандары»

Бұл ауылдың табиғатының қандай әсем екенін көрсетеді

Бұл ауылдың табиғатының қандай әсем екенін көрсетеді

Бұл табиғаттың ғажайыбы құдды бір

Бұл табиғаттың ғажайыбы құдды бір
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020