Менің Кіші Отанымның тарихы
Оценка 4.8

Менің Кіші Отанымның тарихы

Оценка 4.8
Исследовательские работы
docx
окружающий мир
29.11.2020
Менің Кіші Отанымның тарихы
Менің Кіші Отанымның тарихы.docx

                «Менің Кіші Отанымның тарихы»                       

                                      

                                        Сырға толы жұмбақ болған өз жерім,

 

                                       Келдімұрат атанған ғой өзенің.

                                      Тарихыңның тылсым сырын таба алмай,

                                      Ауызекі аңызыңнан іздедім.

Кіріспе.

Еліміздің қай жерін алсақ та, көрген жанның көзін жадыратып, көңілін марқайтатын табиғаты ерекше десек те артық болмас.Туған жер- балалық бал дәуреннің,жастықтың куәсі,балалық шақтың тәтті арманы мен қиялдың ордасы.Бұл жерде шыр етіп дүниеге келген сәтте қуанған елің мен жұртың,азамат болып қалыптасқан кезде мақтаныш еткен ,жақсылығыңды асыра, жамандығыңды жасыра төбесіне көтерер жүрегі кең жерлестер бар.

Әркімге иісі бойға сіңірген өз жері қымбат.Біздің туған өлкеміз де-табиғаты таңғажайып, бай өлке, тарихи шежіре.

 

                     І. Ауыл атауларының шығу тарихы:

Ауылымыз-Тарбағатай тау бөктерінде орналасқан Келдімұрат ауылы. Сол ауылымыздың атауының шығу тарихына тоқталып, қариялардан сұрастырып зерттеу жұмыстарын жүргіздік.

Атаулар тарихына үңіліп көрейік.Ауылымыздың қадірлі қариямыз Мұқажанов Қалибек ақсақалдан естіген әңгімемізді жазып алдық.Атамыздың айтуынша:

Жалпы ауылдың ертедегі атауы – Кеңқарын екен. Тарбағатай тауынан алатын көп сулы өзен –Келдімұрат өзені деп аталған.Жазғы күндері шөбі аз ауылдар,аудандар өз малдарын осы тау етегіне айдап әкеліп бағатын.Яғни,жайлауға шығатын,көшпелі мал шаруалығымен айналысқан.

Қазақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы екенін барлығымыз білеміз. Өзен бойына жайғасып, малмен айналысқан ата-бабаларымыз мал жайып  жүріп, ауылдың табиғатын, жерін, тау-тасын  жақсы меңгерген.Жаз бойы малын Тарбағатайдың шүйгін жайылымдарына баққан ауыл жұрты күзде күзеуге қайтқанда ауылымыздың өңірін малға ұқсайтынын байқаған.Ауылымыздың орналасқан жерін  малдың қарнына ұқсас екенін байқап, «Кеңқарын» деп атап кеткен екен. Ал ауылдың төменгі жағында «жамбас»деген жерді,малдың жамбасына ұқсатып атаған. Ал ауылдың жоғарға жағында кішкене ауыл «Қызыл жұлдыз» бар, оны қарынның қасында тұратын кішкене қарынға теңеп «жұмыршақ» деп атау берген екен. Жалпы біздің байқауымызша ата-бабаларымыздың белгілі бір оқыған білімдері болмаса да атпен жүріп-ақ, ауылдың атауларын көрегенділікпен қойғаны бізді таң қалдырды. Кейіннен ауылдың шетінен ұшақ ұшатын болған. Сол ұшақпен егінді дәрілейтін көрінеді. Сонда ұшақтан қарағанда ауыл өңірін расында малға ұқсайтыныны тағы растлаған.

 Ал кейбір жергілікті адамдар Благодарное ауылын «Кеңқарын» деп аталуын Базархан атаның әңгімесін негізге алады:

Ауыл 1929 жылы колхоз болып құрылған. Ал орыс ұлты 1910 жылдан бастап қоныстана бастаған. Ол кезде қазақ ауылдары бұл жерден біршама қашықта Қарғалы өзенінің бойында, Соқыртұма жотасында, Бәйел шұқыры деген жерлерде 10-20 үйден тұрып жататын. Бір күні қазіргі осы  ауылдың орналасқан жерінен шұбатылып шығып жатқан көп түтінді байқайды. Ауыл ақсақалдары: «Бұл не болды екен?»-деп бірнеше жігіттерді біліп келуге жіберіпті. Аттылы жігіттер келсе, орыстар жаңадан келіп орналасып жатыр екен. Аттарын доғарып, ас пісіріп жатыпты. Олармен тілдесу мүмкін болмайды, түсі бөтен, тілдері басқа, тез кері қайтады. Ауылдастарына: «Ол жерге қарындары кең , жуан-жуан сары адамдар  қоныстанып жатыр екен»- депті. Сол оқиға бойынша бұл жер ертеде «Кеңқарын» аталып кеткен екен.

1912 жылға дейін Тарбағатай тауының етегінде ешқандай тұрғылықты ел болмаған. Ауылымыздың келесі «Благодарное» атауының шығу тарихы: 1912 жылы Келдімұрат өзенінің жағалауына қоныс аударып келген бірінші тұрғылықты тұрғындар – орыс шаруаларымен тығыз байланысты.

        Орыс шаруалары Ресейдің Ставропольдің «Благодарный» уезінен келгендіктен, селоның атын «Благодарное» деп атады. Бастапқы кезде олар кішкентай жер үйлерде,қазіргі Ибраев (бұрыңғы Центральная)деп аталатын көшенің маңайында тұрған. Бұл жер бірнеше шақырымға созылған,әртүрлі шөп басқан иен дала болатын.Әсіресе көктем айында құлпырып кететін.

              Ауыл тарихы:

     Біз тарихтан білетініміздей  1868 жылы орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудару туралы жарғы шыққан. 1912 жылы осы ауылға алғаш қоныс аударып келген бірінші  тұрғылықты тұрғындар-орыстар еді.Бастапқы кезде олардың саны -10 жанұя болатын. Олар: Водопьяновтар,Лобанов, Немцов,Нестеренко және тағы басқалар еді.                                  

Жер көлемі көп болғанымен оны игеру оңай болған жоқ. Ол кезде еңбек құралдарын, астық тұқымдарын Мақаншы,Үржар аудан орталықтарынан сатып алды. Ауыл шаруашлық өнімдерін Мақаншы, Үржар ауданына апарып, орнына киім-кешек,аяқ киімдерге айырбастап алып отырған.Яғни айырбас саудасы жүргізілген.Әрбір жанұялар жер бөлігіне ие болды.Біртіндеп тұрғындар саны көбейе бастады. Оларға Харьков,Воронеж,Чернигов губерниясының тұрғындары көшіп келді. Село тұрғындары арасында көпшілігі орыстар мен украйндықтар болды. Қазақтар мен орыстар арасында достық қарым-қатынас орнай бастады. 1965 жылға дейін колхоздың аты «Красные горные орлы» деп аталған.Ол алғаш 1929 жылы құрылған.Колхоз құрылғаннан кейін мұнда «казсельхозтехника»,сельпо,май зауыты- Үржар сүт зауытының филиалы,диірмен және күнбағыс майын шығаратын зауыт- Мақаншы быткомбинаты атынан ашылған.Ауылда тағы  орысша орта мектеп,ауылдық кітапхана,35 орындық емхана, ауылдық совет және почта болған.1970 жылғы санақ бойынша ауыл тұрғындарының саны – 2174 адам болған.

1929 жылы қазан айында үш колхоз құрылады.Біріншісі «Красные горлые орлы»басшысы Веха, екіншісі «Коммуна-свой труд» басшысы Фисенко,үшіншісі «Майское утро» басшысы Соколенко.Осы кезде колхозға агроном Пучкова деген әйел келеді.Коммунист Пучкова колхоздың құрылуына көп көмегін тигізген.1930 жылы «бір колхозға бірігіңдер» деген бұйрық келеді.Халық шақырылып жиналыс ашылады. Тұрғындар колхозға бірігуге қарсы болып, көбісі құрамынан шығып кетеді.

 Благодарное ауылы 1913 жылы құрылады.Тұрғындар саны 1000 ға жуық немесе 130-140 аула.1912-1920 жылдары «Благодарное» ауылдық болыс болған. Ол кезде ауылдық совет жок еді. Аға болыс - Андрей Ширяев, хатшысы-Плотников Иван Никитович.Жетісу губерниясының Лепсі уезіндегі Ивановск болысы- осы Мақаншы еді, ал ауылдық болыс сол Ивановск болысына қарады.

 Ауылымыздың қазіргі атауы «Келдімұрат». Тарбағатайдан бастау алып, ауыл маңынан ағып өтетін суы мол Келдімұрат өзенімен тікелей байланысты. Ол туралы бірнеше аңызды ел аузынан жазып алдық.

Оның бірінші нұсқасы былай баяндалады: Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезі еді. Ел-жұрт қалмақтардан көп зорлық-зомбылық көрген кезең. Бірде қазақтың батыры Мұрат келіп, осы өзеннің бойында қалмақтармен шайқаста үлкен жеңіске жетіпті. Қуанған халық бір-бірінен «Мұрат келді, Мұрат келді»-деп сүйінші сұрапты. Сол оқиғаға байланысты өзен аты Келдімұрат аталған екен дейді.

Екінші нұсқасын осы ауылдың тұрғыны, қазіргі зейнеткер Жаңылхан апайдың аузынан естідік. Ол кісі бұл аңызды бала кезімде газеттен оқыған едім деп ескертті.

Келдімұрат-байдың жалғыз ұлы болған. Жаугершілік заманда ол сүйген қызының ағасын өлтіріп алады. Қыздың әкесі: «Ағаңның кегін ал, әйтпесе о дүниеде мен тыныш жатпаймын,»-деп өсиет айтып кеткен екен. Әке аманатына қиянат жасай алмаған қыз жігітті осы өзеннің жағасына кездесуге шақырыпты-мыс. Сол жерде қапылыста жігітке қанжар сұғып өлтіріп, өзі суға ағып өліпті. Ел-жұрт екеуінің денесін  өзен жағасына жерлепті.Өзеннің аты «Келдімұрат» аталуы сол оқиғаға байланысты болған болуы керек.

Үшінші нұсқасы: Өзен атауы орыс халқының айтуы бойынша кісі есімімен байланысты қойылған. Алғашқы ауылдың орыс ұлтты  тұрғындары коныс аударып келіп орналасу барысында оздеріне тұрғын үйлерді сала бастайды. Үй салу үшін Тарбағатай тауына барып ағаштарды кесіп, бөренелерді өзен бойымен ағызып жіберіп, ауылдың тұсынан судан алып шығады екен. Көктемде өзен суы арнасынан асып тасып жатады. Сол жылдары орыс ұлтты тұрғындармен бірге Мұрат есімді қазақтың жас баласы тауға барады. Бөренелерді суға түсіру барысында байқаусызда Мұрат өзенге құлап батып кетеді. Оны іздеген тұрғындар баланың денесін тек ауыл маңынан ғана судан шығарып алады екен. Сол оқиғадан кейін өзен атауы «Мұрат ағып келді» деп «Келдімұрат» атанып кетеді.

Төртінші нұсқасы:  Өзен таудан басталып ағатын жаңағы атаған «жамбасқа» дейін суы мол ағады екен, ары қарай суы азайып, жер асты суына айналатын көрінеді.Сондықтан өзеннің негізгі атауы –Келте мұрат. «Келте»-қысқа деген мағына береді.

Мен өз жұмысымды елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы: «Туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзінің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды.

                    Ақтарып тарихтың сан қойнауларын

                   Аралап батыр өткен жол бойларын.

                  Біліп жүргін танытып ізденісті

                 Тарихта баға жетпес қойнау барын –

                                              деп өз шығармашылық жұмысымды аяқтаймын.

 

 

 

 

 

 



 

Менің Кіші Отанымның тарихы»

Менің Кіші Отанымның тарихы»

Тарбағатайдың шүйгін жайылымдарына баққан ауыл жұрты күзде күзеуге қайтқанда ауылымыздың өңірін малға ұқсайтынын байқаған

Тарбағатайдың шүйгін жайылымдарына баққан ауыл жұрты күзде күзеуге қайтқанда ауылымыздың өңірін малға ұқсайтынын байқаған

Орыс шаруалары Ресейдің Ставропольдің «Благодарный» уезінен келгендіктен, селоның атын «Благодарное» деп атады

Орыс шаруалары Ресейдің Ставропольдің «Благодарный» уезінен келгендіктен, селоның атын «Благодарное» деп атады

Пучкова деген әйел келеді.Коммунист

Пучкова деген әйел келеді.Коммунист

Алғашқы ауылдың орыс ұлтты тұрғындары коныс аударып келіп орналасу барысында оздеріне тұрғын үйлерді сала бастайды

Алғашқы ауылдың орыс ұлтты тұрғындары коныс аударып келіп орналасу барысында оздеріне тұрғын үйлерді сала бастайды

Менің Кіші Отанымның тарихы

Менің Кіші Отанымның тарихы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020