Менің туған өлкем
Оценка 4.8

Менің туған өлкем

Оценка 4.8
Исследовательские работы
docx
окружающий мир
29.11.2020
Менің туған өлкем
Менің туған өлкем эссе.docx

                              «Менің туған өлкем» эссе

                                                                 Уа,дариға, алтын бесік туған жер

                                                                 Қадіріңді келсем білмей кеше гөр...

                                                                Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

                                                                 Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

                                                                                                   Қасым Аманжолов

Туған жер-қазақтың ары мен рухы, алтын бесігі, киелі шаңырағы. «Туған жер» деп кеудемді кере дем алғанда, жүрегім қуаныш сезіміне толады.

Менің туған жерім,туып-өсіп келе жатқан ауылым – Келдімұрат ауылы. Туған жерім,яғни, кіші отаным көптеген адамдар үшін әлі күнге дейін беймәлім, жер бетіндегі ғажайып өлке дер едім. Кішкентай ғана ауылымның табиғаты мен тыныс-тіршілігі көз алдымызда.

Әр таң сайын таңғы көріністерді тамашалауға, исі мұрныңды жаратын гүлдер мен жусанды көруге, самал ауасын жұтуға асығып тұрамын.Таң нұры мен шапағатын тамашалап, далада біраз тұрдым. Шіркін, ауылдың таңғы көрінісі қандай керемет!Мінеки,көкжиектен көкпеңбек болып таң атып келеді....

Қырға шығып, табиғат аясында демалғанды жақсы көремін.Ағаштардың жап-жасыл жапырақтарының сыбдырына қызығамын.Ауылдың керемет көріністерін тамашалай отырып, табиғаттың шебер суретші екенін мойындадым.

Ауылымның жұпар аңқыған гүлдерін, таза ауасын, көкмайса шөбін,ойнақтап тебіскен құлын-тайларын айтсаңшы. Кең алқап далама қарасам, көз тоймайды. Табиғаттың көркемдігіне тіл жетпейді.Жаздың ыстығында бетті өпкен самал желі, салқын суы қандай! Көгорай шалғынды далаға қарап тұрып: «Ауылым менің!»-деп мақтанамын.

Менің ауылымның даласына көз жетпейді.Таулары айбатты, халқы қайратты. Кілемдей өрнектелген көк шалғын, асау өзен,  үйіріле жусаған отар-отар қой, құлын-тайы ойнақтаған үйір-үйір жылқы, жібектей толқыған ақ селеу, қоңыраулатқан бозторғай үні еліміздің бақытына берілген. Мұнда даңқы көнеден шарықтап алысқа кеткен кен байлықтары, дәнді-дақылдарын беретін күнбағысы мен бидайы,бағалы терілі аңдары, таза да мол сулы-Келдімұрат  өзені, өзен бойындағы төбешіктерге құлашын жайған, күн шуақты тоғай алқаптары бар.

Біздің өлкемізде тарихтың арынды арнасының айшықты іздері сайрап жатыр. Жолбарыстай тарғыл Тарбағатайдың киелі топырағы талай ел таныған саңылақтарды өсіріп жетілдірді. Атап айтқанда атынан жау сескенген Ер Қабанбай, акындар Жабайыл Бейсенов,Айжарық Абылқасымов және мұзбалақ ақын Дәурен Берікқажыұлы, әнші Мырзаханов Қайрат Қамзаұлы, бас мұфти Маямеров Ержан Малгажыұлы, министр Мұхтар Абрарұлы, Қазақстан барысының екі мәрте жүлдегері Жоламан Шалқардай т.б елге танымал азаматтарымыз бар.

   Жердің төсін еміп, түтінін иіскеп өскен, жемісін теріп жеген адам әрдайым туған елін есінде мәңгілік сақтауы – заңдылық.

  Еліміз егемендік алып тәуелсіздік салтанат құрған сәттен ауыл көркейіп жатыр.Үкіметіміз ауылды көркейтуге,жұмыс орындарын ашуға көптеп көңіл бөліп келеді.Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында.Келешекке үлкен сеніммен көз тастасақ, біздің ауылымыз сәулеті асқан, дәулеті тасыған құт мекен болады деп сенеміз.Біздің ауылымыздың жүрегі Тарбағатай тауы, мақтанышы Келдімұрат өзені. Мен үшін өз жерімнен артық сұлу, табиғаты көркем  жер жоқ!

 

 


 

Менің туған өлкем» эссе

Менің туған өлкем» эссе

Біздің өлкемізде тарихтың арынды арнасының айшықты іздері сайрап жатыр

Біздің өлкемізде тарихтың арынды арнасының айшықты іздері сайрап жатыр
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020