Мен өмірді сүйемін. Тәрбие сағаты. Бастауыш сынып.
Оценка 4.6

Мен өмірді сүйемін. Тәрбие сағаты. Бастауыш сынып.

Оценка 4.6
Мероприятия
docx
воспитательная работа
3 кл
15.02.2017
Мен өмірді сүйемін. Тәрбие сағаты. Бастауыш сынып.
Оқушылардың өмірге деген құштарлығын , қызығушылығын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру. Өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу, өмірден өз орындарын таба біліп , айналасына қуаныш сыйлай білуге баулу.«Өмір деген – бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы» М.Мақатаев.
Мен өмірді сүйемін. Тәрбие сағаты. Бастауыш сынып..docx
ШҚО, Курчатов қаласы «Курчатов қаласының №2 жалпы  білім беретін орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Кабдыкаримова М.А. Мен –өмірді сүйемін! Сабақтың мақсаты           Оқушыларға өмірдің мәні неде екенін туралы түсінік беру. Сабақтың мақсаты 1.Оқушылардың өмірге деген құштарлығын , қызығушылығын ояту.  2.Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру. 3. Өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге, өмірді бағалай білуге  тәрбиелеу, өмірден өз орындарын таба біліп , айналасына қуаныш сыйлай білуге  баулу. Ақпараттық құралдар Қанатты сөздер: 1. «Өмір деген – бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы» М.Мақатаев 2.«Өмір –теңіз,өтіп кетем демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз». Рудаки. 3.«Өмірдің қызығын көрудің бір­ақ жолы бар, батыл болып, жеңілістер мен  ауыртпалықтардан қорықпау». Д.Ж.Неру. Тәрбие сағатының барысы І.Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері. Өміршендік ережесі. Әр адамның ережесі­өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол  сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа  жетуге талаптанып, Өміршеңдік ережелерін айтайық. Барлығы бірге айтады. 1. Жігер деген ­ Мен 2. Күш деген ­ Мен 3. Кешірім деген ­ Мен 4. Жасөспірім деген ­ Мен 5.Жастық шақ деген ­ Мен 6. Денсаулық деген ­ Мен.  7.Адалдық деген ­ Мен 8. Жарқындылық деген ­ Мен 9. Бар ғажайып деген ­ Мен   Бәрі маған байланысты,   Бәрі менің қолымда.   ІІ. Тақырып бойынша жұмыс 1.Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі кездесуімізді Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп  отыр. Сіздер осы өлеңде ақын ағамыз не жайлы жырлағанын мұқият тыңдап  отырсаңыздар. Адам күліп қарсы алады таң нұрын Адам жырлап жөнелтеді әр күнін Сәл қайғырса , ол ұғына түседі Дүниенің кеңдігі мен тарлығын Адам күліп қарсы алады таң нұрын Адам жырлап ұзартады әр күнін Сәл қуанса , шығарады ол естен Дүниенің кеңдігі мен тарлығын!        Бұл өлеңде не жайлы жырлаған ? Әрине, өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің  тәрбие сағатымыз «Мен өмірді сүйемін!» деп аталады. 2.Пікірталас сұрақтары: 1. Өмір дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар? 3. Өмір адамға несімен қымбат? 4. Міне осы сұрақтарға сіздердің берер жауаптарыңыз қандай болмақ? Сөз  кезегі өздеріңізде. Дария      Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен , осы күнге дейінгі жүрген  жолы. Өмір былайша алып қарағанда төрт­ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау  сөзге қаншамаұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады.  Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Нұрасыл      Адам өмірге бір рет келеді, бір рет кетеді. Сол келіп кеткен кезінде көп  нәрсені білесің, үйренесің. Бір сөзбен айтқанда өмір­ ол емтихан секілді.  Емтиханды өткіздің бақыт құшағына бөленесің. Тапсыра алмадың бағың ары  қарай өзі шешеді. Өмірді бір жағынан ұзын жіп секілді деп қарауға да болады. Бір жерін үзіп алсаң жалғап қоясың. Кудайберген      Өмір деген – Алланың берген сыйы. Өмірдің ащы да, тәтті де кезеңдері  болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай  болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы , жарқын, өмір сүруі тиіс. Аяулы      Адал өмір сүру керек, яғни өтірік айипау керек, ұрлық жасамау керек. «  Ұрлық түбі қорлық» дегендей , жақсыға әуес болу керек. Олжас       «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген мақал бар. Сол мақалды ұстанымға алып, жақсы адамдардан үлгі алу керек. Меруерт     Ата­анамызды құрметтеп, олардың айтқан ақылдарын тыңдаымыз керек. Олар  біз үшін барлық жақсылықты жасайды емеспе! Рамазан    Жаман әдеттерден аулақ болуымыз керек. Темекі тарту, ішімдік , есірткі,  насыбай – бұлардың бәрі денсаулыққа зиян. «Дені саудың ­ жаны сау» Нұрай       Білім алуымыз қажет. « Оқу –білім бұлағы Білім өмір шырағы» Саян    Жалқау болмауымыз керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» Дамеля       Әдепті болуымыз керек. «Әдепті кім сақтайды, әркім оны мақтайды»  дегендей жаман сөздер айтудан аулақ болуымыз қажет. Еркежан Біз бір­бірімізбен төбелеспей дос болуымыз қажет. Темирлан Біз өмір сүріп жатқан Отанымызды жақсы көруіміз керек. Дамир Жасы үлкен адамдарды сыйлауымыз қажет. Мұғалім  Жарайсыңдар балалар. Жауаптарыңа көп­көп рахмет! Өмір,Өмір! Өмірдің мәні қандай? Қайратыңды жігерге жанығандай Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып Достықтарың жарасып дәл осылай Шыдамдыны мына өмір ұнатады Бірде қуантып , бірде ол жылатады Сүріндіріп кейде сені құлатады Жылатып тұрып жұбатады Дұшпандарға кейде сені сынатады, Қатал тағдыр бірақта шыдатады, Мына өмір бірақта қымбал әлі, ­ демекші өмір жолы сан тарау , қия шатқал, қия шың. Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол ­ өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау,  өзіңді өзің қадірлеу! ІІІ. Қорытынды. Постермен жұмыс. тақтаға шығып берілген сызбамен жұмыс  жасайды. Жағымды қасиеттер Жағымсыз қасиеттер

Мен өмірді сүйемін. Тәрбие сағаты. Бастауыш сынып.

Мен өмірді сүйемін. Тәрбие сағаты. Бастауыш сынып.

Мен өмірді сүйемін. Тәрбие сағаты. Бастауыш сынып.

Мен өмірді сүйемін. Тәрбие сағаты. Бастауыш сынып.

Мен өмірді сүйемін. Тәрбие сағаты. Бастауыш сынып.

Мен өмірді сүйемін. Тәрбие сағаты. Бастауыш сынып.

Мен өмірді сүйемін. Тәрбие сағаты. Бастауыш сынып.

Мен өмірді сүйемін. Тәрбие сағаты. Бастауыш сынып.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.02.2017