"мен өз елімнің патриотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып
Оценка 4.8

"мен өз елімнің патриотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып

Оценка 4.8
Мероприятия
doc
история
9 кл
11.11.2018
"мен өз елімнің патриотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып
"мен өз елімнің патриотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып оқушыларына арналған. Бұл сайысты тарих пәні апталығы кезде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру ретінде өткізуге болады. қазақстан тарихы пәнінен оқушылар алған білімдерін көрсетеді, қорытындылайды. сайыста "тарихи тұлға" деген кезеңде оқушылар тарихи тұлғаны танып, білген мәліметтерін айту керек."Мен өз елімнің партиотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып
Мен өз елімнің патриотымын.doc
«№36 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС 9 «А» сынып Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»                                                                                          Тарих пәнінің мұғалімі Г.З.Ахметова 2016­2017 оқу жылы «Мен өз елімнің патриотымын» интеллектуалды сайыс. Сабақтың мақсаты: Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, болашақта Отанымыз  Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру.  Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл толып отырғанын айту. Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету. Сабақтың барысы. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. ­ Құрметті оқушылар, ұстаздар!  Биылғы 2016 жыл біз үшін ерекше жыл. Себебі Отанымыз  Қазақстанның тәуелсіздігіне 16 желтоқсанда 25 жыл толады. Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің,  сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен  жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы.  Интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын Отанымыз  жайлы видео ролик көрсету 2­3 мин. ­ Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер, атамекен –  Биік тау, орман, тоғай көлімізді. ­   Ел болдық ерік алдық астаналы     Енді кімнен қазағым жасқанады?     Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,     Нұрсұлтанның атымен басталады. ­ Н. Ә. Назарбаев «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан»  дегендей бүгінгі «Мен өз елімнің патриотымын!» интеллектуалды сайысымызды бастайық!  ­  Өз елінің патриоты болу – өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға  қызмет етуің керек. Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын.  ­ Белгілі ақын атамыз  Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, — деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат.  Осы орайда тақтаға назар аударайық. 1. Тапсырма.  «Ұлы тұлғалар» Суретте еліміздің патриоттары ұлы тұлғалар берілген. Осы тұлғалар кім және қандай ерлігі өзінің  артынан не қалдырғанын қысқаша айтып берсендер.                1. Ә.Бөкейханов 2. А.Байтұрсынов 3. Б.Момышұлы 4. Қ.Рысқұлбеков 5. Т.Әубәкіров 2 –тапсырма «Жалғастырайық» деп аталады. М –менмендікті Е ­ егеменді Н ­ намысын П ­ президентін А ­ абыройлы Т ­ толықтырам Р ­ рухани И ­ инабатты О ­отанымды Т ­ тигіземін П ­ парасатты Ы ­ ынтымақты Н – нағыз 3 тапсырма. «Полиглот» . Отан, туған жер туралы мақал­мәтелді жалғастыр.  ........ оттан да ыстық. (Отан)  Отансыз ....  ­ ормансыз бұлбұл. (адам)   1. 2. Туған жердің .......... ыстық, түніде ыстық.(күніде) 3. 4. Отаны бірдің жүрегі ........ Жүрегі бірдің тілегі бір. (Бір) 5. Туған жердей ...... болмас, туған елдей ел болмас. (Жер) 6. Отан .......... басталады. (Отбасынан) 4 тапсырма. «Ғажайып жетілік»  Викторина сұрақтары. 1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн) 2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан) 3. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз,  Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен 4. Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.) 5. ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Назарбаев) 6. ҚР неше облыс бар? – (14 облыс) 7. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл? 551 ж 8. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров) 9. Конституция күні? – (30 тамыз) 10.ҚР астанасы қай жылы Алматыдан Астанаға көшірілді? (1997) Қорытынды: ­ Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға  үлес қосатын саналы тұлға.  ­ Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды  көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін,  салт – санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу –маңызы жоғары тұрған зор  міндеттердің бірі. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары! ­ Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO­2017  көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы  сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!

"мен өз елімнің патриотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып

"мен өз елімнің патриотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып

"мен өз елімнің патриотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып

"мен өз елімнің патриотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып

"мен өз елімнің патриотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып

"мен өз елімнің патриотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып

"мен өз елімнің патриотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып

"мен өз елімнің патриотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып

"мен өз елімнің патриотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып

"мен өз елімнің патриотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып

"мен өз елімнің патриотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып

"мен өз елімнің патриотымын" интеллектуалды сайыс 9 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.11.2018