"Мәңгілік Ел- болашаққа ұмтылған Ел"
Оценка 4.7

"Мәңгілік Ел- болашаққа ұмтылған Ел"

Оценка 4.7
Документация
docx
география
8 кл—11 кл
30.11.2020
"Мәңгілік Ел- болашаққа ұмтылған Ел"
"Атажұрт" танымдық ойыны.
Муликова Ж инт игр.docx

«Атажұрт» танымдық сайыс «Мәңгілік Ел –болашаққа ұмтылған ел»

 

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

Бүгінгі  Туған өлке географиясы  мен мәдениетін оқып, үйрену мақсатындағы «Рухани жаңғыру» аясында «Өлкетану» базалық бағыты «Менің Отаным - Қазақстан» кіші жобасы аясында өтетін «Мәңгілік Ел –болашаққа ұмтылған ел» атты «Атажұрт»  аймақтық танымдық ойынына қош келдіңіздер!

      Отан , туған жер, атамекен, елім, ауылым деген – жүрек тебірентер  шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.

Туған жеріміздің тарихы, табиғаты, мәдениеті мен өңірден шыққан танымал тұлғалардың өмір тарихы жайлы өскелең ұрпақ жақсы біліп құрметтеуге міндетті. Бұл сендердің туған жер алдыңдағы парыздарың, тарихқа деген құрметтерің. Бүгінгі ойынның да басты мақсаты сендердің туған жер географиясы туралы біліктілік пен сүйіспеншіліктеріңді анықтау. Олай болса туған өлке географиясына арналған танымдық  ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Атам қазақ заманнан,

Тауып келген жалғасын.

Таныстырайын сіздерге,

Әділқазылар алқасын.

дей отырып, бүгінгі ойынымызға әділ төрелігін айтып, жөн сілтер әділқазылар алқысымен таныс болыңыздар:

1. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Кумашева Гулнур Жумашевна

2. Жансүгіров атындағы мектептің география пәні мұғалімі Тумабаева Гүлсім Салимовна

3. Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Тілеуқанова Бақыт Батаевна

4. Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Қаратаев Шалқар Ғазизович

Мінеки, әділқазылармен де таныс болдыңыздар. Енді алдыларыңызға

Бұлда ертеден, көнеден,

Жалғасқан салттың бір түрі.

Топтармен таныс болайық,

Жақсы оқитын үлгілі-

1.Абылайхан атындағы орта мектеп-«Тапқырлар» тобы

2. Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп

3.Егінсу орта мектебі –«Жалын» тобы

4.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-«

5. Кішкенетау орта мектебі –«Ұлы дала» тобы

6. Некрасовка орта мектебі- «Болашақ» тобы

7.Көкөзек орта мектебі-«Рухани ел бастауы, Ұлы дала жастары» тобы

8.Ер Қабанбай орта мектебі-«Жерұйық» тобы

9. Барқытбел орта мектебі –«Барқытбел қырандары» тобы

10.Әуезов орта мектебі- «Атамекен» тобы

 

 

Мінекей, ойыншылар құрамымен де таныс болдыңыздар. Ойыншылар жайғасып болса, ««Мәңгілік Ел –болашаққа ұмтылған ел» атты «Атажұрт»  аймақтық танымдық ойынының барысымен танысып өтсек.

1.     Таныстыру (әр команданың атауы, эмблемасы, киім үлгісі, ұраны, үй тапсырмасының презентациясы – 12 беттік альбом) – 5минут.5-10 ұпай аралығы

2.     «Қас – қағым сәтте» (Әр команда 5 сұраққа жауап береді) – 1 минут

Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан.

3.     «Ойлы болсаң, озып көр!» (жұмбақ-мәтіннің атауын табу) – 5 минут

Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан.   

4.      «Дода»(ұяшықтар арқылы сұраққа-жауап)

5.     1.Сандар сөйлейді(әр команда бір ұяшықтан таңдайды)-30 с  әр дұрыс жауап 10 ұпай

2. Суреттің жартысын тап(өңірдегі табиғат компонненттерін табу ұяшық таңдайды)-30 с

Әр дұрыс жауапқа 20 ұпайдан

3. Өлкеміз туралы зымыран сұрақтарға жауап(ұяшық таңдайды) уақыт берілмейді лезде жауап берулеріңіз тиіс. Әр дұрыс жауап 30 ұпай

 

 

 

Ойынның шарты түсінікті болса енді командалар өздерін таныстырып өтссін.

1.     Таныстыру (әр команданың атауы, эмблемасы, киім үлгісі, ұраны, үй тапсырмасының презентациясы – 12 беттік альбом) – 5 минут.5-10 ұпай аралығы

1.Абылайхан атындағы орта мектеп-«Тапқырлар» тобы

2. Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп

3.Егінсу орта мектебі –«Жалын» тобы

4.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-«

5. Кішкенетау орта мектебі –«Ұлы дала» тобы

6. Некрасовка орта мектебі- «Болашақ» тобы

7.Көкөзек орта мектебі-«Рухани ел бастауы, Ұлы дала жастары» тобы

8.Ер Қабанбай орта мектебі-«Жерұйық» тобы

9. Барқытбел орта мектебі –«Барқытбел қырандары» тобы

10.Әуезов орта мектебі- «Атамекен» тобы

Регламент сақтау.

 

2.«Қас – қағым сәтте» (Әр команда 5 сұраққа жауап береді) – 1 минут

Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан.

1.Үржар ауданы қай жылы құрылды?-          1928 жыл

2. Үржар ауданының халық саны қанша? -     78.235 адам

3.Үржардың батыс шекарасы қай ауданмен шектеседі? –  Аякөз ауданы

4.Алакөл көлі теңіз деңгейінен неше метр биіктікте орналасқан?-    347  м

5. Тарбағатай мемлекеттік ұлттық паркі қашан құрылды ?-    ҚР Үкіметінің 2018 ж 27 маусымдағы №382 қаулысымен құрылған

Муратова Айжүздің орындауында Көпберген Қаламқанның әні «               »

 

3.«Ойлы болсаң, озып көр!» (жұмбақ-мәтіннің атауын табу) – 5 минут

 

1.     Ықылым заманнан бері басы сонау Үнді мен ішкі Қытайдан жібек, шәй, басқадай қажетті заттарды керуенмен өткізген Ұлы Жібек жолының бір тармағы Үржар жерімен өтеді. Жоңғар қақпасын басып, Жалаңашкөл, Алакөл арасын қиятын керуен жолы Үржардың тұсында  осы жол арқылы Аякөзге, одан әрі Семей, Алтай жақтарына бағыт алады. Ал, оңтүстігіне өтетін жол Жетісу арқылы бұрынғы көне Тараз, Отырар қалаларынан Сарайшыққа дейін өтетін болған.

Сұрақ:    Жоңғар қақпасын басып, Жалаңашкөл, Алакөл арасын қиятын керуен жолы Үржардың тұсында қалай аталды?

Жауап: Бұл керуен жолы «Төменгі жол» деп аталған.

 

 

 

 2.Алакөлдің ең ғажап құсы реликті шағала. Реликті шағала тыныштықты, жайлылықты жақсы көретін құс екен. Реликті шағала адам аяғы баспайтын көл ортасындағы Аралтөбелерде, қия тастардың арасына  жұмыртқа басады. Бір қызығы, «Қызыл кітапқа» енгізілген  осы жұдырықтай сұлу шағала әлемде екі жерде ғана мекен етеді екен. . Сол мекеннің бірі – Үндістанның кішкентай көлшіктері болса, екіншісі – Алакөл аралдары. Бұл да Алакөлдің бір қасиеті.

Сұрақ: . Бұл өңір табиғатының ашылмаған құпияларын зерттеп,  1971 жылы «Реликті шағала» қорықшасын құрған қазақтың тұңғыш орнитолог, ғалымы кім?

Жауап: Қазақтың тұңғыш орнитологі, ғалым Ернар Әуезов

3.Сирек кездесетін өзгеше хош иісімен, әдемі нәзік гүлімен танымал көпжылдық шөптесін дәрілік өсімдік. Сонымен қатар ірі гүл жаратын, биік бұтақты түрлері де бар. .  Еуропада, Жерорта теңізінің маңайында және Солтүстік Америкада көптеп өседі. Табиғатта 45-тен аса түрі белгілі. Біздің жердің табиғатында, тау бөктерлерінде  шөптесін түрі жиі ұшырасады. Бірақ кейінгі кездері қатары сиреп бара жатқандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Көгалдандыруда негізінен шетелден әкелінген түрлері егіледі. Көбіне оны топтап отырғызады. Сонымен қатар гүлшоғырын жасауға да қолданады. Биіктігі 60-80 см шамасында, гүлі ақ, күлгін, қызыл, сары түсті. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Оның тамырын рак, сүйек ауруларын емдеуге қолданады. Ал, сабағынан табиғи әк алуға болады. Қытайдың халқы бұл гүлге ерекше құрметпен қарайтын көрінеді.Хынан  өлкесінің Лояң қаласында 1984 жылдан бастап осы гүлдің құрметіне ерекше мереке ұйымдастырылып келеді.

 

Сұрақ: Осы гүлдің атын атаңыз?

Жауап: Шұғынық гүлі

4.Шоқан Уалиханов Құлжа сапарында жүргенде Үржар өңірінде болып, жер атауын жазып, картасына түсіріп әкеткен.Осы жер атауы Науалы ауылының Қусақ өзенінің ағысымен төмен жүргенде батыс жақтағы «Ащылы өзек» жотасының бауырына таяу жерде орны жатыр. Бұл қала әлі күнге дейін зерттелмеген, сыры ашылмаған тарихи қала орны.

    Сұрақ: Шоқан Уалиханов картасына түсірген қала қалай аталады?

     Жауап:  Қала атауы «Найманқала»

 

4.«Дода»  өз өлкеңді танып біл ( ұяшықтар арқылы сұраққа- жауап )

Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан

 

                Сандар сөйлейді

1.     Үржар өзенінің ұзындығы қанша ?-     206 км

2.     Тарбағатай тауының  ең биік нүктесі -2992м Тастау

3.     Ауданымыздың халқының неше пайызы қазақтар?    -92,2 пайыз

4.     Аудан аумағындағы автомобиль жолының ұзындығы  -1504 км

5.     Барлық-Арасан шипажайы қай жылы ашылды-1965 жыл

6.     Үржар ет комбинаты алғаш қай жылы іске қосылды?- 1977 жылы

7.     Алакөл көлінің ең терең жері-     54 м

8.     Жайтөбенің биіктігі – 791м,ұзындығы-5км, ені-3км

9.     Атбас тауының биіктігі -2263м

10. Қаңтар айының орташа температурасы -14-17 С

 

Суреттің  жартысын тап

1.Алма

2.Аю

3.Тау

4.Өзен

5.Арқар

6.үржар ауданының картасы

7.Күн

8. найзағай

9. Бұлт

10.Елік

 

Сұраққа-жауап

 

1. Біздің өлкемізде туризмді дамытуға қандай мүмкіндіктер бар?-Алакөл,     Барлық-Арасан санаторилері

2. Пәктіктің, сұлулықтың белгісі саналатын аққу біздің туған жерде кездесеме?- Малақ ауылында бар наурыз-сәуірде келіп қазан айында ұшып кетеді.

3. Алакөлге құятын трансшекаралық өзен- Еміл

4. Найман-қаланы жергілікті тұрғындар қалай атайды?- Жамбы

5. Алакөл көлі қай облыстармен шектеседі?-Алматы, ШҚО

6. Қусақ өзені Үржар өзенінің қай жақ саласы?-сол жағы

7. Үржар шығысында қай елмен шектеседі?-Қытай Халық  Республикасы

8. Ауданымыздың ішкі сулары қай алапқа жатады?- Балқаш –Алакөл алабы

9. Алакөл көлінің емге шипалы бөлігі- шығыс бөлігі Жарбұлақ өңірі

10.Қазақстан бойынша тек біздің өңірде өсетін жабайы алма ағашы қалай аталады?-Сиверс алма ағашы, Ресейлік дәріханашы Сиверсов есімімен байланысты.

Болатова Аружанның орындауында «                      » әні

 

 

 

11.  «Шваб шұжықтары» қай қалаларда сатылымда?-Аягөз, Семей,Алматы, Өскемен

12. Өлкеміздің климаты қандай?-тым континентті

13.  «Тарбағатай» мемлекеттік Ұлттық паркінің аумағы қанша?-143550,5га

Осымен «Атажұрт» танымдық сайысы өз мәресіне жетті. Ендігі кезекті әділ қазылар алқасына берейік.

 

Болатова Аружанның орындауында «                      » әні

 

 

 

 

 

 


 

Атажұрт» танымдық сайыс «Мәңгілік

Атажұрт» танымдық сайыс «Мәңгілік

Жалғасқан салттың бір түрі. Топтармен таныс болайық,

Жалғасқан салттың бір түрі. Топтармен таныс болайық,

Ойынның шарты түсінікті болса енді командалар өздерін таныстырып өтссін

Ойынның шарты түсінікті болса енді командалар өздерін таныстырып өтссін

Алакөл көлі теңіз деңгейінен неше метр биіктікте орналасқан?- 347 м 5

Алакөл көлі теңіз деңгейінен неше метр биіктікте орналасқан?- 347 м 5

Жауап: Қазақтың тұңғыш орнитологі, ғалым

Жауап: Қазақтың тұңғыш орнитологі, ғалым

Алакөл көлінің ең терең жері- 54 м 3

Алакөл көлінің ең терең жері- 54 м 3

Осымен «Атажұрт» танымдық сайысы өз мәресіне жетті

Осымен «Атажұрт» танымдық сайысы өз мәресіне жетті
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020