"Минут" Математика 1-сынып
Оценка 4.6

"Минут" Математика 1-сынып

Оценка 4.6
Образовательные программы
docx
математика
1 кл
27.01.2017
"Минут"                   Математика  1-сынып
Математика Сабақ тақырыбы: Уақытты анықтау Күні : 20.01.2017 жыл СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Оқу мақсаты: 1.1.3.1 **шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу 1.1.3.2 **өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу: сағат Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: Ресурстар: 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшалар;­ қатты қағаздан жасалған сағаттық және минуттық­ тілдер; интерактивті тақта;әр оқушыға арнап жасалған қозғалып тұратын­ тілдері бар сағат моделі. Тірек сөздер Уақытты анықтау Сабақтың мақсаты: Сағат циферблатында уақытты анықтау дағдысын қалыптастыру және сағаттың көмегі арқылы іс- әре­ кеттің басталуы мен аяқталуы арасындағы уақыт ара­ лығын өлшеуді (минутпен немесе сағатпен) үйрету. Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер “Уақыт” ұғымы табиғи және тарихи құбылыстардың­ ауысып отыратынын білдіреді. Уақыт бір орнында тұрмайды. Ол еш нәрсеге қарамастан алға жылжи береді. Аспандағы Күн мен Айдың тұрған орнына қарап, Жердегі уақытты анықтаймыз. Тәулікті 24 сағатқа, сағатты 60 минутқа, ал әр минутты 60 секундқа бөледі. Кіріспе тапсырма. Сабақты өткен тақырыптарды еске түсіруден бастаңыз. Ол үшін алдын ала 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды дайындап қойыңыз. Ортаға он екі оқушыны шақырыңыз. Оларға 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды таратып беріңіз де, шеңбер бойымен тұруын сұраңыз. Содан соң ортаға тағы бір оқушыны шақырыңыз. Оны шеңбердің ортасына тұрғызыңыз. Ортаға шыққан оқушыға сағаттың тілдерін беріңіз. Сағат тілдерін де алдын ала дайындаңыз. Басқа оқушыларға жақсы көрініп, түсінікті болу үшін сағаттың қысқа тілі қызыл түсті, ұзын тілі көк түсті болсын. Орындарында отырған оқушылардан кез келген уақытты айтуын сұраңыз. Ал шеңбердің ортасында тұрған оқушы орнында тұрып, айтылған уақытты көрсетуі тиіс. Егер қателесетін болса, онда басқа оқушы көрсетеді. Жаңа тақырыпты меңгерту үшін оқулық пен дәптердегі жаттығу тапсырмаларын орындатып, олардың білімін­ толықтыра түсуге жағдай жасаңыз.Кино. Тапсырманы топта орындатуыңызға бола­ ды. Осындай жұмыс түрін жасау арқылы оқушылар­ өздерінің пікірлерін айтуға, тыңдауға және достары­­ ның пікірлерімен санасып, бірге шешім қабылдауға үйренеді. Ойын қашан басталды? Оқушыларды топтас­ тырыңыз. Тапсырма оқушыларды сағаттағы уақытты дұрыс анықтауға жаттықтыра түседі. Тапсырманы орындау­ барысында минуттық тілдің ұзын болаты­­-нын, оның минутты көрсететінін, ал сағаттық тілдің қысқа болатынын, оның сағатты көрсететінін ес­ терінде сақтап қалады. Мектептегі сабақтар. Тапсырма ойлау және санау дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Жұп­ пен жасалатын жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушы­ лардың есепті оқуы, талдауы және шешуі тиіс. Өткен сабақта дайындаған сағаттың моделін пайдалану­ына­ болады. Есептің шарты бойынша іс-әрекеттің басталу және аяқталу уақыты белгілі. Оқушылар сағат моделі бойынша тілді жылжыта отырып, әрекеттің қанша уақытқа созылғанын біле алады. Жауабы:4 сағат. Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар бір-бірімен сұхбаттасып, шешу жолын талқылайды. Тапсырманы орындау үшін оқушыларға уақыттың өлшем бірліктері — минут пен сағаттың арақатынасы туралы білімдерін қолдану­ қажет болады. Оқушыларға 2 сағат пен 60 минутты салыстыру керек. Олар 2 сағаттың 60 минуттан артық екенін біледі, бірақ тапсырманы орындау барысында олар бір тұжырымға келуі тиіс. Белгіленген жерге көп уақыт кететін көлік түрімен емес, керісінше аз уақыт кететін көлік түрімен жету керектігін ұғынуы қажет. Шешімін тапқан соң олар басқа оқушыларға түсіндіріп беруі қажет. Жауабы: жеңіл мәшине. Орындап көр. Тапсырманы оқушыларға жұпта орындатыңыз. Оқушылар сағат моделімен жұмыс істейтін болады. Сағат моделіндегі тілдерді қозғалта отырып, олар циферблат шеңберін екі жарты шеңберге бөліп көрсететін жерде сағат тілдерінің орналасуын табуы тиіс. Осындай қалыпты тауып, онда минуттық және сағаттық тілдер орналасқан жағдайда уақытты анықтау керек. Біз сағат моделінде сағат тілдерін қалай, қай бағытта жылжытсақ та, шын өмірде сағаттағы тілдер тек қана бір бағытта ғана қозғалатынына оқушы назарын аудару қажет. Жауабы: 6:00. Үй тапсырмасы. Тапсырма ойлау және ауызша есептеу дағдыларын дамытады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар уақытты есептеу жолдарын атаулы сандарды қосу арқылы дамытады. Бұл сандаріс-әрекеттің басталу уақыты мен оның өту уақытының ұзақтығын көрсетеді. “Атаулы сандар”деген термин қолданылмайды. Жауабы: сағат 4-те. Ойлан. Тапсырма оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Оны орындау тиянақтылықты қажет етеді. Оқушылар суреттерді тігінен және көлденеңінен сәйкестендіре отырып, сұрақ белгісінің­ орнына қандай сурет тұратынын табуы тиіс. Жауабы: 11:00-ді көрсетіп тұрған сағат бейнеленуі тиіс Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру Қосымша тапсырмалар Өткен сабақтағы тірек сөздерді қайта­латыңыз­. Жаттығуға қабырға сағатын қолданыңыз. Содан­ соң оқушыларды екі топқа бөліңіз. Топқа бөлу үшін өтілген уақыт өлшем бірліктерінен “минут” және “сағатты” қолданыңыз. Ол үшін оқушыларды­ ортаға шақырып, сапқа тұрғызыңыз. Содан соң кезек-кезек “минут”, “сағат” деп айтып шығуы қажеттігін ескертіңіз. “Минут” деп айтқан оқушылар бірінші топ, “сағат” деп айтқан оқушылар­ екінші топ болатынын айтып түсіндіріңіз. Оларға тапсырманың шартын түсіндіріңіз. Өзіңіз уақытты айтып бастаңыз (содан соң оқушылардың бірі жалғастырады). Екі топтың оқушылары кезекпен шығып, сағаттағы тілдерді (минуттық немесе сағаттық) айтылған уақыт бойынша дұрыс қалыпқа қойып көрсетуі тиіс. Сағат тілдерін сал. Тапсырма мәтінінде сағаттық және минуттық тілдердің орналасуы туралы­ айтылған. Оқушылар уақытты сағат моделінсіз (не­месе­ суретсіз) тілдердің орналасуы бойынша анықтауы­ тиіс. Оқушылар бос орынға сандарды тауып қоюы қажет. Тапсырма оқушылардың уақытты сағаттың­ көмегін­сіз­ анықтау дағдысын дамытадыСағат тілдерінің орналасуына қарай уақытты анықта. Жауабын жаз. Оқушылар уақытты сағаттілдерінің орналасу сипатына қарап жазуы тиіс. Жауабы: сағат 4; сағат 8; сағат 9; сағат 12; сағат 1; сағат 7; сағат 3; сағат 11; сағат 6. Бағалау Оқушылар сабақ соңында:сағатқа қарап уақытты анықтауды және оны сағат тілдерімен көрсетуді үйренеді; іс-әрекеттің минут немесе сағат жағынан ұзақ­ тығын анықтауды үйренеді; сағат пен минут арасындағы қатынасты біледі. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру­ дәреже­ сін тексеру мақсатында төмендегідей­ сұрақтарды қоюыңызға болады: — уақытты не үшін өлшейміз? — Уақытты қандай құралдардың көмегімен өлшеуге болады? Олар неден тұрады? — Сендер қалай ойлайсыңдар, сағатсыз уақытты анықтауға бола ма? Қалай? — Кейде анаң: “Бір минут күте тұр”, — деп айтады. Қалай ойлайсыңдар, анаң нені айтпақшы болды? Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалатыңыз. Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Публикация является частью публикации:
Айгул.docx
Сабақ тақырыбы:  Күні : 20.01.2017 жыл СЫНЫП: 1­сынып Оқу мақсаты: Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: Ресурстар: Тірек сөздер Сабақтың мақсаты: Математика Уақытты анықтау                         Қатысқандар саны:         Қатыспағандар саны: 1.1.3.1 **шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу 1.1.3.2 **өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу: сағат 1­ден 12­ге дейінгі сандар жазылған парақшалар; қатты қағаздан жасалған сағаттық және минуттық тілдер; интерактивті тақта;әр оқушыға арнап жасалған қозғалып тұратын тілдері  бар сағат моделі. Уақытты анықтау Сағат циферблатында уақытты анықтау дағдысын қалыптастыру  және сағаттың көмегі арқылы іс­ әре кеттің басталуы мен аяқталуы  арасындағы уақыт ара лығын өлшеуді (минутпен немесе сағатпен)  үйрету. Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер “Уақыт” ұғымы табиғи және тарихи  құбылыстардың ауысып отыратынын білдіреді.  Уақыт бір орнында тұрмайды. Ол еш нәрсеге  қарамастан алға жылжи береді. Аспандағы Күн  мен Айдың тұрған орнына қарап, Жердегі  уақытты анықтаймыз. Тәулікті 24 сағатқа,  сағатты 60 минутқа, ал әр минутты 60 секундқа  бөледі. Кіріспе тапсырма. Сабақты өткен тақырыптарды еске түсіруден бастаңыз. Ол үшін алдын ала 1­ ден 12­ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды дайындап қойыңыз. Ортаға он екі оқушыны  шақырыңыз. Оларға 1­ден 12­ге дейінгі сандар  жазылған парақшаларды таратып беріңіз де,  шеңбер бойымен тұруын сұраңыз. Содан соң  ортаға тағы бір оқушыны шақырыңыз. Оны  шеңбердің ортасына тұрғызыңыз. Ортаға шыққан оқушыға сағаттың тілдерін беріңіз. Сағат  тілдерін де алдын ала дайындаңыз. Басқа  оқушыларға жақсы көрініп, түсінікті болу үшін  сағаттың қысқа тілі қызыл түсті, ұзын тілі көк  түсті болсын. Орындарында отырған  оқушылардан кез келген уақытты айтуын  сұраңыз. Ал шеңбердің ортасында тұрған оқушы орнында тұрып, айтылған уақытты көрсетуі тиіс. Егер қателесетін болса, онда басқа оқушы  көрсетеді. Жаңа тақырыпты меңгерту үшін  оқулық пен дәптердегі жаттығу тапсырмаларын  орындатып, олардың білімін толықтыра түсуге  жағдай жасаңыз.Кино. Тапсырманы топта  Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз.  Оқушылар бір­бірімен сұхбаттасып, шешу жолын  талқылайды. Тапсырманы орындау үшін оқушыларға  уақыттың өлшем бірліктері — минут пен сағаттың  арақатынасы туралы білімдерін қолдану қажет болады.  Оқушыларға 2 сағат пен 60 минутты салыстыру керек.  Олар 2 сағаттың 60 минуттан артық екенін біледі, бірақ  тапсырманы орындау барысында олар бір тұжырымға  келуі тиіс. Белгіленген жерге көп уақыт кететін көлік  түрімен емес, керісінше аз уақыт кететін көлік түрімен  жету керектігін ұғынуы қажет. Шешімін тапқан соң олар  басқа оқушыларға түсіндіріп беруі қажет. Жауабы: жеңіл мәшине. Орындап көр. Тапсырманы оқушыларға жұпта  орындатыңыз. Оқушылар сағат моделімен жұмыс істейтін  болады. Сағат моделіндегі тілдерді қозғалта отырып, олар циферблат шеңберін екі жарты шеңберге бөліп көрсететін  жерде сағат тілдерінің орналасуын табуы тиіс. Осындай  қалыпты тауып, онда минуттық және сағаттық тілдер  орналасқан жағдайда уақытты анықтау керек. Біз сағат  моделінде сағат тілдерін қалай, қай бағытта жылжытсақ  та, шын өмірде сағаттағы тілдер тек қана бір бағытта ғана  қозғалатынына оқушы назарын аудару қажет. Жауабы: 6:00. Үй тапсырмасы. Тапсырма ойлау және ауызша есептеу  дағдыларын дамытады. Тапсырманы орындау барысында  оқушылар уақытты есептеу жолдарын атаулы сандарды  қосу арқылы дамытады. Бұл сандаріс­әрекеттің басталу орындатуыңызға бола ды. Осындай жұмыс түрін  жасау арқылы оқушылар өздерінің пікірлерін  айтуға, тыңдауға және достары ның пікірлерімен санасып, бірге шешім қабылдауға үйренеді. Ойын қашан басталды? Оқушыларды топтас  тырыңыз. Тапсырма оқушыларды сағаттағы  уақытты дұрыс анықтауға жаттықтыра түседі.  Тапсырманы орындау барысында минуттық  тілдің ұзын болаты­нын, оның минутты  көрсететінін, ал сағаттық тілдің қысқа  болатынын, оның сағатты көрсететінін ес  терінде сақтап қалады. Мектептегі сабақтар. Тапсырма ойлау және  санау дағдысын қалыптастыруға бағытталған.  Жұп пен жасалатын жұмыс ұйымдастырыңыз.  Оқушы лардың есепті оқуы, талдауы және шешуі тиіс. Өткен сабақта дайындаған сағаттың  моделін пайдалануына болады. Есептің шарты  бойынша іс­әрекеттің басталу және аяқталу  уақыты белгілі. Оқушылар сағат моделі  бойынша тілді жылжыта отырып, әрекеттің  қанша уақытқа созылғанын біле алады. Жауабы:4 сағат. Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру Өткен сабақтағы тірек сөздерді қайталатыңыз.  Жаттығуға қабырға сағатын қолданыңыз. Содан  соң оқушыларды екі топқа бөліңіз. Топқа бөлу  үшін өтілген уақыт өлшем бірліктерінен “минут” және “сағатты” қолданыңыз. Ол үшін  оқушыларды ортаға шақырып, сапқа  тұрғызыңыз. Содан соң кезек­кезек “минут”,  “сағат” деп айтып шығуы қажеттігін ескертіңіз.  “Минут” деп айтқан оқушылар бірінші топ,  “сағат” деп айтқан оқушылар екінші топ  болатынын айтып түсіндіріңіз. Оларға  тапсырманың шартын түсіндіріңіз. Өзіңіз  уақытты айтып бастаңыз (содан соң  оқушылардың бірі жалғастырады). Екі топтың  оқушылары кезекпен шығып, сағаттағы тілдерді  (минуттық немесе сағаттық) айтылған уақыт  бойынша дұрыс қалыпқа қойып көрсетуі тиіс. уақыты мен оның өту уақытының ұзақтығын көрсетеді.  “Атаулы сандар”деген термин қолданылмайды. Жауабы: сағат 4­те. Ойлан. Тапсырма оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға  бағытталған. Оны орындау тиянақтылықты қажет етеді.  Оқушылар суреттерді тігінен және көлденеңінен  сәйкестендіре отырып, сұрақ белгісінің орнына қандай  сурет тұратынын табуы тиіс. Жауабы: 11:00­ді көрсетіп тұрған сағат бейнеленуі тиіс Қосымша тапсырмалар Сағат тілдерін сал. Тапсырма мәтінінде сағаттық және  минуттық тілдердің орналасуы туралы айтылған.  Оқушылар уақытты сағат моделінсіз (немесе суретсіз)  тілдердің орналасуы бойынша анықтауы тиіс. Оқушылар  бос орынға сандарды тауып қоюы қажет. Тапсырма  оқушылардың уақытты сағаттың көмегінсіз анықтау  дағдысын дамытадыСағат тілдерінің орналасуына қарай  уақытты анықта. Жауабын жаз. Оқушылар уақытты  сағаттілдерінің орналасу сипатына қарап жазуы тиіс. Жауабы: сағат 4; сағат 8; сағат 9; сағат 12; сағат 1; сағат 7; сағат 3; сағат 11; сағат 6. Бағалау Оқушылар сабақ соңында:сағатқа қарап уақытты анықтауды және оны сағат  тілдерімен көрсетуді үйренеді; іс­әрекеттің минут немесе сағат жағынан ұзақ тығын анықтауды үйренеді; сағат пен минут арасындағы қатынасты біледі. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру дәреже сін тексеру мақсатында  төмендегідей сұрақтарды қоюыңызға болады: — уақытты не үшін өлшейміз? — Уақытты қандай құралдардың көмегімен өлшеуге болады? Олар неден тұрады? — Сендер қалай ойлайсыңдар, сағатсыз уақытты анықтауға бола ма? Қалай? — Кейде анаң: “Бір минут күте тұр”, — деп айтады. Қалай ойлайсыңдар, анаң нені айтпақшы болды? Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін­өзі бағалатыңыз. Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

"Минут" Математика 1-сынып

"Минут"                   Математика  1-сынып

"Минут" Математика 1-сынып

"Минут"                   Математика  1-сынып

"Минут" Математика 1-сынып

"Минут"                   Математика  1-сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.01.2017