Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Оценка 5

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Оценка 5
Научные работы
doc
воспитательная работа
Взрослым
19.12.2018
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Мүмкіншілігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесі жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол өз бетінше оқыту және тәрбиелеу жүйесінің бөлігі болып табылады. Ол негізгі психолого-педагогикалық, әлеуметтік, адамгершілік және идеологиялық проблемаларға, гуманизациялануға, демократиялануға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге жекеге бағытталғанға ықпал етуге тәуелді. 3. Міндеттері: мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беріп, қоғамдағы өз орнын табуға мүмкіндік жасау; мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық іс - әрекетімен эмоциялық ерікті жағының кемшіліктерін ескеру; өз бетімен өмір сүруде, балаларды қазіргі қоғамдық жағдайларда әлеуметтік бейімделуге дайындау. 4. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың педагогикалық-психологиялық сипаттамасы Ауру түрлеріне қарай:(нашар естидіндер, естимейтіндер,кейіннен саңырау болғандар) • Көру қабілеттеріне қарай: (нашар көретіндер, зағип,соқыр,кейіннен соқыр болғандар) • Сөйлеу кемістігі(сөйлемейді,ымдау арқылы саусақпен көрсету арқылы) • Қимыл – қозғалыс аппараты бұзылғандар • Психикалық дамуы тежелгендер • Интелектісі жеңіл және өлшемді бұзылғандар. 5. Арнайы мектептерде (мектеп - интернаттар) балалардың кемшіліктеріне байланысты бөліп оқытылады. Жалпы мектепте есту, көру қабілеті зақымд Арнайы мектептерде (мектеп - интернаттар) балалардың кемшіліктеріне байланысты бөліп оқытылады. Жалпы мектепте есту, көру қабілеті зақымдалған, ауыр тіл кемістігі бар, қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, интелектісі жеңіл және өлшемді бұзылған балаларға арналған ұзартылған күн жағдайындағы арнайы сыныптар. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды жалпы сыныптарға қосып білім беретін жалпы мектептер. Мүмкіндігі шектеулі балаларға коррекциялық көмек көрсететін арнайы ұйымдар: психология-педагогикалық коррекция кабинеті; мектепаралық логопедиялық бөлімшелер, оңалту орталықтары. Стационарлы емдеу мекемесінде мүмкіншілігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру. Үй жағдайында мүмкіншілігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру. Мүмкіншілігі шектеулі балаларға кәсіби білім беруді ұйымдастыру кәсіби мектеп, лицей, колледждер, оқу-өндірістік кешендер. Жыл өткен сайын сондай балалардың да саны үлкейіп келеді. Орта мектептерден оларға арнайы топтар да ашылып жатыр. Сондықтан мамандар әрқашан керек болады. Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда ересек мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар - ожданын кемсітетін, оның дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші көріністер болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда біз оқушының деңгейіне мән бермейміз, нәтижесінде көптеген оқушылар осы деңгейге жетпей қалу салдарынан үлгермеушілер қатарына жатады. Мектептегі үлгермеушіліктің негізгі себебі мектептегі білім беру жүйесінің баланың интеллектуалдық жүйесіне сәйкес келмеуі. Ал біз болсақ, білім беру бағдарламаларын күрделендіру үстіндеміз. Баланың меңгеру деңгейін, оның жас ерекшелігін назарға алмай, бір жағынан баланың жаңа бағдарламамен оқуы қиынға соғатынын түсіне отырып, оны беделді мектепке, мықты мұғалімге беруге тырысамыз. Қазіргі уақытта арнаулы білім берудегі нақты прогресске бірнеше факторлар: мүгедек оқушыларға қатысты үміттің аздығы, жоқтығы, инклюзивті білім беруге мектептердің дайын еместігі кедергі келтіруде. Арнаулы білім беруді кез келген білім беру реформаларының бағдарламаларына енгізу, жоспарлау кезінде мүгедек балалардың нақты мүмкіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту және оны алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету, арнаулы заңдарды әзірлеу, ерекше білім алу қажеттіліктері бар адамдардың санаттарының құқықтарын қамтамасыз ету осының барлығы жағдайды едәуір өзгертіп, барлық адамдардың білім идеяларын іске асыру үшін алғы шарттар жасап, үйден оқыту мәселесін қатаң қадағалау қолға алынып отыр. Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе болып отыр. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану. Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады: логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға , шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. «Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне «Сапалы білім барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп - интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытып, қандай әдістемелік құралдарды пайдаланады соны білмейді. Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе - кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді - енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. Осы орайда Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына байланысты қаламызда осындай мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналып жартылай стационар «Аялы алақан» атты бөлімше ашылды. Онда балалар таңертеңнен кешке дейін мамандардың қарамағында болып, үйірмелерге қатысып, бір - бірімен танысып, ұжымдық тәртіпке үйреніп, дәріс алады. Балалар бес мезгіл тамақтанады, тынығып дем алады, әр маманмен бірге ұсақ қол жаттығуларын орындап, бұлшық еттердің қызметтерін жақсартады, сюжетті рөлдік ойындарды сахналауды үйренеді. Бөлімшеде мүмкіншіліктері шектеулі балалардың толықтай дамуына, өзгерістерді түсінуіне, өз бетімен білімін жетілдіруіне барлық жағдай жасалған, мұнда балалар тікелей дәрігерлердің бақылауында болады. Баланың шындықты тануға ақыл - ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады . Таңдану баланың әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән - жайын танып, оларды тереңірек түсінуіне жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Ақыл - ой сезімі адамның кез келген әрекеттегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл - күй болып табылады. Ал сондай ақыл - ой сезімі кейбір балада жетілмей артта қалып қояды. Оның себебі негізіне тұқым қуалаушылық, ортаның экологиялық әсері, отбасының әлеуметтік жағдайы. Мұндай ауруларға ұшырау салдарынан жапа шеккен балалар, дене кемістіктеріне ақыл - ой кемшілігі қосылып, ақыл - есі тоқырап қалған балалар, тағы да басқа себептермен кеміс болып қалғандар жатады. Сонымен бұл топқа дені сау, бірақ тұрмыс жағдайының ауыр болу себептерінен бір қалыпты дамымай қалған балаларды да қосамыз. Мұндай жәйттер негізінен әлеуметтік жағдайларға байланысты. «Аялы алақан» атты жартылай стационарға келетін мүгедек балаларға әр апта сайын қаламыздағы психологиялық – медициналық педагогикалық консультациядан мамандар: психиатр, лор, көз дәрігерлері келіп тексеріп, психологиялық зерттеудің нәтижесімен таныстырып, олардың жалпы арнаулы түзеу арқылы білім беретін жүйеде оқуға және тәрбиеленуге қабілеттері туралы шешім шығарады. Ақыл - ойы кем болған балаларға әлеуметтік көмек көрсету барысында медициналық бейімдеудің маңызы зор. Осындай ақыл - ойы кем балалармен жігерлі терапия жүргізе отырып, оларға дәрілік емдеу, физио, психотерапия , емдік дене шынықтыру жаттығулары , жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары қолданылады. Ақыл ойы - кем балаларды оқытудың негізгі әдісі - біріктіру болып табылады. Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін анықтап, білім беру стандартына сай қалыпты дамуын қадағалап, зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу - басты мақсат болып отыр. Біріктіру әдісі - білімді түзетудің, дамытудың заңдылығы болып табылады. Біріктіре оқыту келесі қағидалар негізінде жүргізіледі: - дамуындағы кемшілікті ерте бастан түзету; - дамуында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына келтіру қабілеттері. - Біріктіре оқыған балаға түзету көмектері міндетті: Біріктіре оқуға негізделген балаларды таңдау психоэмоционалдық дамуы терең бұзылған балалар қалыпты балалар арасында тәрбиелене алмайды. Ақыл - ойы кем балалардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау, мейірімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу, олардың қиыншылығын түсіну және жағдай жасау. «Ең бастысы мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан күндізгі шағын стационар да арнайы жұмыс тобын құрып, әр баланың қабілет – қарымын анықтап, дұрыс бағыт – бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз керек». Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға Үкіметтен бастап, мектептерге дейін мән берілуде . Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып ғана қоймай,
ДМШ балалар.doc
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып­тәрбиелеудің әдіс­тәсілдері «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс­ бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз.» Н.Ә. Назарбаев Мүмкіншілігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесі жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол өз бетінше оқыту және тәрбиелеу жүйесінің бөлігі болып табылады. Ол негізгі психолого­педагогикалық, әлеуметтік, адамгершілік және идеологиялық проблемаларға, гуманизациялануға, демократиялануға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге жекеге бағытталғанға ықпал етуге тәуелді. 3. Міндеттері: мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беріп, қоғамдағы өз орнын табуға мүмкіндік жасау; мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық іс ­ әрекетімен эмоциялық ерікті жағының кемшіліктерін ескеру; өз бетімен өмір сүруде, балаларды қазіргі қоғамдық жағдайларда әлеуметтік бейімделуге дайындау. 4. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың педагогикалық­психологиялық  сипаттамасы Ауру түрлеріне қарай:(нашар естидіндер, естимейтіндер,кейіннен саңырау болғандар) • Көру қабілеттеріне қарай: (нашар көретіндер, зағип,соқыр,кейіннен соқыр болғандар) • Сөйлеу кемістігі(сөйлемейді,ымдау арқылы саусақпен көрсету арқылы) • Қимыл – қозғалыс аппараты бұзылғандар • Психикалық дамуы тежелгендер • Интелектісі жеңіл және өлшемді бұзылғандар. 5. Арнайы мектептерде (мектеп ­ интернаттар) балалардың кемшіліктеріне  байланысты бөліп оқытылады. Жалпы мектепте есту, көру қабілеті зақымд Арнайы мектептерде (мектеп ­ интернаттар) балалардың кемшіліктеріне байланысты бөліп оқытылады. Жалпы мектепте есту, көру қабілеті зақымдалған, ауыр тіл кемістігі бар, қимыл­қозғалыс аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, интелектісі жеңіл және өлшемді бұзылған балаларға арналған ұзартылған күн жағдайындағы арнайы сыныптар. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды жалпы сыныптарға қосып білім беретін жалпы мектептер. Мүмкіндігі шектеулі балаларға коррекциялық көмек көрсететін арнайы ұйымдар: психология­педагогикалық коррекция кабинеті; мектепаралық логопедиялық бөлімшелер, оңалту орталықтары. Стационарлы емдеу мекемесінде мүмкіншілігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру. Үй жағдайында мүмкіншілігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру. Мүмкіншілігі шектеулі балаларға кәсіби білім беруді ұйымдастыру кәсіби мектеп, лицей, колледждер, оқу­өндірістік кешендер. Жыл өткен сайын сондай балалардың да саны үлкейіп келеді. Орта  мектептерден оларға арнайы топтар да ашылып жатыр. Сондықтан  мамандар әрқашан керек болады. Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі  орын алып келеді. Алайда ересек мүгедектердің өз құқықтарын іске  асыруына байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып  жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді.  Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға  кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне  дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын  алуда. Бұл баланың адамзаттық ар ­ ожданын кемсітетін, оның  дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі  келтіретін әр түрлі кемсітуші көріністер болып табылады. Осы  мақсатты жүзеге асыруда біз оқушының деңгейіне мән бермейміз,  нәтижесінде көптеген оқушылар осы деңгейге жетпей қалу  салдарынан үлгермеушілер қатарына жатады. Мектептегі  үлгермеушіліктің негізгі себебі мектептегі білім беру жүйесінің  баланың интеллектуалдық жүйесіне сәйкес келмеуі. Ал біз болсақ,  білім беру бағдарламаларын күрделендіру үстіндеміз. Баланың  меңгеру деңгейін, оның жас ерекшелігін назарға алмай, бір жағынан  баланың жаңа бағдарламамен оқуы қиынға соғатынын түсіне отырып, оны беделді мектепке, мықты мұғалімге беруге тырысамыз. Қазіргі  уақытта арнаулы білім берудегі нақты прогресске бірнеше факторлар: мүгедек оқушыларға қатысты үміттің аздығы, жоқтығы, инклюзивті  білім беруге мектептердің дайын еместігі кедергі келтіруде. Арнаулы  білім беруді кез келген білім беру реформаларының  бағдарламаларына енгізу, жоспарлау кезінде мүгедек балалардың  нақты мүмкіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту және оны алуға  қол жеткізуді қамтамасыз ету, арнаулы заңдарды әзірлеу, ерекше  білім алу қажеттіліктері бар адамдардың санаттарының құқықтарын  қамтамасыз ету осының барлығы жағдайды едәуір өзгертіп, барлық  адамдардың білім идеяларын іске асыру үшін алғы шарттар жасап,  үйден оқыту мәселесін қатаң қадағалау қолға алынып отыр. Еліміздің  Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса  да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе  болып отыр. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие  берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны  игеріп, компьютерді пайдалану. Компьютерді пайдалануда мынадай  дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады: логикалық ойлау  жүйесін қалыптастыруға , шығармашылық еңбек етуіне жағдай  жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен  беріліп түсіндіріледі.             «Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік  білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ.  Бұл термин көбіне «Сапалы білім барлығы үшін» түсінігімен бірге  қолданылады. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері  шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын  оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау.  Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде  арнайы мектеп ­ интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі  мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде оны қандай  оқулықтармен оқытып, қандай әдістемелік құралдарды пайдаланады  соны білмейді. Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе ­ кадр  жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса  бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі  бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан  арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді ­ енді қолға алына  бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға  олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. Осы орайда Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына  байланысты қаламызда осындай мүмкіншіліктері шектеулі балаларға  арналып жартылай стационар «Аялы алақан» атты бөлімше  ашылды. Онда балалар таңертеңнен кешке дейін мамандардың қарамағында болып, үйірмелерге қатысып, бір ­ бірімен танысып,  ұжымдық тәртіпке үйреніп, дәріс алады. Балалар бес мезгіл  тамақтанады, тынығып дем алады, әр маманмен бірге ұсақ қол  жаттығуларын орындап, бұлшық еттердің қызметтерін жақсартады,  сюжетті рөлдік ойындарды сахналауды үйренеді. Бөлімшеде  мүмкіншіліктері шектеулі балалардың толықтай дамуына, өзгерістерді  түсінуіне, өз бетімен білімін жетілдіруіне барлық жағдай жасалған,  мұнда балалар тікелей дәрігерлердің бақылауында болады.  Баланың шындықты тануға ақыл ­ ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады . Таңдану баланың әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән ­ жайын  танып, оларды тереңірек түсінуіне жетелейді, оның ізденімпаздық  әрекетін тудырады. Ақыл ­ ой сезімі адамның кез келген әрекеттегі  рухтандырушылық маңызы зор көңіл ­ күй болып табылады. Ал сондай ақыл ­ ой сезімі кейбір балада жетілмей артта қалып қояды. Оның  себебі негізіне тұқым қуалаушылық, ортаның экологиялық әсері,  отбасының әлеуметтік жағдайы. Мұндай ауруларға ұшырау  салдарынан жапа шеккен балалар, дене кемістіктеріне ақыл ­ ой  кемшілігі қосылып, ақыл ­ есі тоқырап қалған балалар, тағы да басқа  себептермен кеміс болып қалғандар жатады. Сонымен бұл топқа дені сау, бірақ тұрмыс жағдайының ауыр болу себептерінен бір қалыпты  дамымай қалған балаларды да қосамыз. Мұндай жәйттер негізінен  әлеуметтік жағдайларға байланысты. «Аялы алақан» атты жартылай  стационарға келетін мүгедек балаларға әр апта сайын қаламыздағы  психологиялық – медициналық педагогикалық консультациядан  мамандар: психиатр, лор, көз дәрігерлері келіп тексеріп,  психологиялық зерттеудің нәтижесімен таныстырып, олардың жалпы  арнаулы түзеу арқылы білім беретін жүйеде оқуға және  тәрбиеленуге қабілеттері туралы шешім шығарады. Ақыл ­ ойы кем  болған балаларға әлеуметтік көмек көрсету барысында медициналық  бейімдеудің маңызы зор. Осындай ақыл ­ ойы кем балалармен жігерлі  терапия жүргізе отырып, оларға дәрілік емдеу, физио,  психотерапия , емдік дене шынықтыру жаттығулары , жалпы  денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары қолданылады.  Ақыл ойы ­ кем балаларды оқытудың негізгі әдісі ­ біріктіру болып  табылады. Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін  анықтап, білім беру стандартына сай қалыпты дамуын қадағалап,  зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу ­ басты  мақсат болып отыр. Біріктіру әдісі ­ білімді түзетудің, дамытудың  заңдылығы болып табылады. Біріктіре оқыту келесі қағидалар  негізінде жүргізіледі:  ­ дамуындағы кемшілікті ерте бастан түзету;  ­ дамуында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына  келтіру қабілеттері. ­ Біріктіре оқыған балаға түзету көмектері міндетті:  Біріктіре оқуға негізделген балаларды таңдау психоэмоционалдық  дамуы терең бұзылған балалар қалыпты балалар арасында  тәрбиелене алмайды. Ақыл ­ ойы кем балалардың психологиялық  қауіпсіздігін сақтау, мейірімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу,  олардың қиыншылығын түсіну және жағдай жасау. «Ең бастысы  мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға  бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан күндізгі шағын  стационар да арнайы жұмыс тобын құрып, әр баланың қабілет –  қарымын анықтап,  дұрыс бағыт – бағдар беріп,  жарымжан  балалардың жастайынан жасық болып өсуіне жол бермеуіміз  керек». Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға Үкіметтен бастап,  мектептерге дейін мән берілуде . Жарымжан балаларды оқыту  процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып ғана қоймай,  мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау  қызметін тарту қажет. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда  ерте диагностикалау мен түзету маңызды. Инклюзивті білім беру  жүйесін дамытуда  «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция  аясында инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық институттардың  тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз  оқытудың тұжырымдамасын жасау аса қажет болмақ . Мүмкіндіктері  шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай және  арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан  оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып  табылады. Осыған орай мәселелерді шешу жолында әр мұғалім  бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар дайындап, үлгерімі  төмен және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс түрлерін  жүргізгені жөн. Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек  баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген  құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде  мектептегі жаңалықтармен дамуды, қолданылған әрекеттер мен  құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады.  Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің обьектісіне әлеуметтік  психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп, танып, білумен  зерттеу әдістерін меңгерулері керек. Әр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз  орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Осындай  орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі  балалармен жұмыс істейтін медициналық ­ педагогикалық  орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер  еді . Елімізде экологиялық тепе – теңдіктің бұзылуынан қазіргі таңда туа біткен,  тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан қаршадай бастарынан  дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда.  Ауру сәби дүниеге келгеннен бастап оның тауқыметін тартуға мәжбүр болады.  Ата – аналар бала туылғаннан кейін психологиялық және өзге де қажет кеңестер  алмағандықтан, бұл өте қиын болады. Осы ретте балалардан бас тартып  жататындар да кездеседі. Десек те, баланы Алланың сыйы деп қабылдап, оны  отбасы жағдайында тәрбиелеуге бел буатындар саны басым. Ата – аналар балаларға қойылған диагнозды қиын қабылдайды. Ата – аналарды  «ақыл – ойы кем» немесе «олигофрения» деген терминдер шошытады. Ең  алғашқы ата – аналар эмоционалды жарақат алғанымен, біртіндеп жағдайды  түсініп, баланы ауру деп қабылдайды. Жағдайды қабылдау процесі бір – бірімен  байланысты бірнеше факторлармен айқындалады, олардыңішінде маңыздысы ата  – аналардың жеке басы, баланың ерекшеліктері, қоршаған орта әсер етеді. Дамуында кемшілігі бар бала күнделікті өзіне деген күтімді талап етеді де, ата –  анасына күнделікті дағдыланған өміріне кедергілік әкеледі. Интеллектуалдық  бұзылысы бар балаларды тәрбиелеу ата – аналардан төзімділік пен қажырлықты  қажет етеді. Баланы қоршаған ортаға дайындауда, мектепке дайындап дамытуда  ата – аналардың үлесі өте ауыр болатынын естен шығармаған жөн. Ереже  бойынша полярлық сипатқа ие болған тәртіптік көріністердің екі тобын  ерекшелейді.Бірінші топқа «гипербелсеңді» балаларды жатқызады,оларды ерте  шақта жеңіл тануға болады. Ерте жаста олар тынымсыз, ашушаң және ерке  болады. Мектепке дейін шақта өзін тым шулы етіп көрсетеді.Осы балалардың  тәртібі импульсивтілігімен, қозғалыс тынымсыздығымен және ерікті зейінінің  тым тұрақсыздылығымен ерекшеленеді.Сабақ кезінде осы топтағы балалар  орнынан тұрып, әр түрлі заттарды алады да ұстаздарды тыңдамайды және  ескертулерге назар аудармайды. Бейтаныс адамдардың алдында қозу тым  жоғары, көп сөйлейді. Осы балалардың тәртіптері тұрақсыз, сондықтан ол түскен жағдайына тәуелді болады. Қоршаған ортаның сәл өзгеруі кезінде қозғыштығы  күшейеді. Осы балалардың эмоциялары тұрақсыз, лабилді және өзгермелі. Ал  екінші топтың балалары тәртіптің қарама – қарсы формасын көрсетуі мүмкін.  Олар тым баяу, барлық іс әрекетте көмекті қажет етеді және сабақтарда поссивті болады. Осы балалар мұғалімдерге сұрақтармен жақындамайды, қойылған  сурақтарға жауап беруге тырыспайды. Қандай да іс – әрекеткеолар мұғалімнің  бірнеше рет ұсыныс жасаудан және тапсырманы бірнеше рет қайталаудан кейін  ғана қосылады. Топта осындай балалар сабырлы, әрі жауапты әсер қалдыруы  мүмкін. Интеллектуалдық іс – әрекеттің осындай бұзылыстары ерте, бір жасқа  дейін немесе өмірдің алғашқы жылдарында анықталады және  диогностикаланады. Айқын интеллектуалдық жетіспеушілігі бар балалардың  қалпы өмірдің алғашқы күндерінен ауыр дамымаушылығымен  ерекшеленеді.Бастауыш сынып оқушыларының назарына тек қана жарқын  суреттер, заттар, арқылы аударуға болады, бірақ ұзақ назарын аудару қиынға  соғады. Айқын интеллектуалдық жетіспеушілігі бар балалардың психикасын  зерттеу нәтижелері олардың логикалық және механикалықесте сақтау қабілеті  тым дамымаған екенін көрсетті. Демек отбасының бала тәрбиесіндегі алар орнын халқымыз « ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық оймен түйе  білген. Кемістің түріне де және күрделілік деңгейіне байланысты балаларды  тәрбиелеу мүмкіндігі де өзгеріп отырады. Арнайы әдістерді пайдалана отырып, тәрбиеші бала тәртібіндегі кемшіліктерді  тікелей түзетуге ықпал етеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және  тәрбиелеу кезінде жаттығу түзетудің арнайы әдістерінің бірі болып табылады.  Жаттығуларды орындай отырып бала өзін ортада дұрыс ұстауға, мейірімділікке,  төзімділікке үйренеді. Бірақ жаттығуға толығымен жүгінуде балаларды  агрессияға, мінезіндегі қиқарлықты тудыруы мумкін. Түзету жұмысында емдеу тәжірибе де өнерді пайдалану арттерапия деп аталады.  Бала арттерапияға яғни сурет салу, шынықтыру, әдебиет, музыка  шығармашылығына қатыса отырып, рухани жағынан да дамиды. Баланың түзету  дамыту жұмыстарының тағы бір түрі ересектер мен құрбылардың ықпалы.  Ересек балалар үшін қайталау обьектісі. Яғни жүріс – тұрыс, сөйлеген сөзі, іс –  әрекеті. Баланы ересектер әрдайым қадағалап жүру керек дұрыс іс – әрекетте  қолдап, бұрыс істеген жағдайда тәртіпке шақырып түзеп отыру қажет. Ұжымдағы бала мәртебесін өзгерту де тиімді тәсілдердің қатарына жатады.  Мысалы, баланың тұрақты теріс қылықтарын қарамастан, оған жауапты  тапсырма беру. Педогогикалық қолдау әдісін қолдана отырып, ересек адам бала тұлғасын, оның  тәртібін негативті бағалаудан бас тартады, тәртіпті сақтауға деген тілекті  қолдайды анық және ашық түрде балаларға көмекке дайындығын білдіреді.  Оқыту мен тәрбиенің түзету әдістері баланың күн тәртібін және ұстаз тұлғасына  сәйкес өзгеруі. Дұрыс ойластырған күн тәртібі ырықты тәртіпті қалыптастырудың оның  кемшіліктерін түзетудің қажетті шарты, әрі құралы болып табылады.  Ұйымдастырылған күн тәртібі баланың психоэмоционалдық жағдайына жағымды әсер етеді. Күн тәртібі икемді, көп вариантты, келеңсіз жағдайлары ескерілуі  тиіс. Күн тәртібі үшін уақыт дұрыс анықталуы тиіс. Баланы оқыту мен  тәрбиелеуде бала бойындағы кемшілікті түзету үшін негізгі бағытты анықтаған  жөн:    Бірінші баланың оқу мен тәртібінде тұлғалық дамуында жағымсыз  құбылыстарды ертерек анықтау және түзету Екінші педогогикалық талдау жүргізу, түпкі себептерді анықтау, оны  жоюға деген дифференциалдық көзқарас. Үшінші арнайы әдістерді пайдалану. Педогогтар мүмкіндігі шектеулі  балаларды тереңірек түсініп, тыңдап, баланың көңіл – күйіне назар аудару керек. Қазіргі тңда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілер үшін  талапта жоғары. Тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:           Тәрбиеленуші мен тәрбиешінің арасында педагогикалық әдеп пен  ынтымақтастықтың сақталуы. Тәлім – тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгерту, оның бала зердесіне әсер  етуі, қабылдауы, есте сақтауы. Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы. Тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын нығайтуға әсер ететіндей болуы  шарт. Әр тапсырмаларды орындау барысында балалардың міндеті мен мүмкіндік  деңгейлерін ескеру керек. Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылардың өмірлік кезеңінің  негізгі баспалдақтарын қарастырып өтейік: Баланың дүниеге келуі: потологиясы туралы мәлімет алу, берілген  мәселені эмоционалдықабылдау және төзе білу, отбасының өзге мүшелерімен  жақын адамдарды хабардар ету. Баланың мектепке дейінгі кезеңі: Мамандармен өзара әрекеттестік,  өмірлік іс – әрекеттер бойынша шешім қабылдау, емделуді ұйымдастыру,  сауықтыру, баланы оқыту және тәрбиелеу жолдары. Баланың мектептегі шағы: Мамандармен өзара әрекеттестік, мектептік оқу формасы туралы өзара шешім қабылдау, оқытуды ұйымдастыру, баламен қарым  – қатынастағы ересектермен құрбы құрдастарының арасындағы мәселелерді  шешу. Жеткіншек шақ: Мамандармен өзара әрекеттестік, баланың табиғи,  созылмалы ауруына дағдылану, баланың болашақ кәсібін жоспарлау. Ересектік өмірге қадам басу кезеңі: мамандармен өзара әрекеттестік,  отбасылық жауапкершілікке ие болу, баланың болашақ өмірін жоспарлау. Мүмкіндігі шектеулі балалардың толыққанды және өте бақытты балалық шақтың болу мүмкіндігін мыңдаған ата – ана растайды. Әрине мүмкіндігі шектеулі  балаларды тәрбиелеу өте қиын болғанымен, әрқашан қиындықтарға тап болу  дегенді білдірмейді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға да жақсы тәрбие берсе олда  өз ата – анасына қуаныш пен бақыт сыйлауы мүмкін.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.12.2018