Гумарова Айнур Жексенгалиевна
№22 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі
БҚО, Орал қаласы
Сыныбы |
7 |
|||
Тақырыбы: |
«Модельдерді зерттеу» практикалық жұмыс |
|||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары |
Әр түрлі білім салаларынан алынған мысалдар бойынша дайын модельдер жасау және зерттеу. |
|||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар істей алады: модельдерді әр түрлі білім салаларына қарай топтастыруды, модель ұғымын, түрлерін. Оқушылардың көпшілігі істей алады: өз бетімен программалық ортаны таңдап алуды, компьютерлік модельдер құрастыруды. Кейбір оқушылар істей алады: алынған модель бойынша нәтижені бағалауды |
|||
Терминдер |
Модель, графикалық редактор |
|||
Алдыңғы бөлім |
Модельдеудің негізгі кезеңдері, қасиеттері |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған әрекеттер |
Ресурстар |
||
Басы
10 минут
Білу |
І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Журнал толтыру. ІІ.Үй жұмысы. 1.«Ширату» әдісі 1.Барлық модельдер қандай екі үлкен классқа бөлінеді? 2.Материалдық модельдерге мысал келтіріңдер? 3. «Мектеп партасы» нысанына қандай ақпараттық модельдер құрастыруға болады? 4. Ақпараттық модельдерді сипаттау әдістері 5.Физика пәніне арналған оқулықта қандай ақпарттық модельдер бар? 2.Оқушыларға карточка үлестіру. |
Компьютер, Жұмыс дәптері, Ребустар Карточкалар,
|
||
Ортасы 20 минут
Түсіну және қолдану |
Практикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар. А –деңгейі: 1.Программалау тілінің мүмкіндіктеріне сүйеніп, адам және су сататын автомат арасындағы сұхбат моделін жасаңдар. 2.Программалау тілінің мүмкіндіктерін қолданып, құттықтау хат моделін жаса. В –деңгейі: 1.«Зат есімнің септелуі» ережесін қолданудың үйретуші модель блок сызбасын құрастырыңдар. 2.Сөйлемдегі сөздер арасындағы байланыс сұлбасы –үйретуші моделін құрастырыңдар. С –деңгейі 1.Орамжапырақты көшеттік әдіс арқылы өсіру алгоритміне сөздік сипаттама жасаңдар 2.Тұсаукесер құрастырушысында механикалық сағаттың анимациялық моделін жасаңдар. Барлығына ортақ: Графикалық редактордың көмегімен қуыршақтың сарафан үлгісі және машинаның үлгісін дайындау. Сергіту сәті: Көз жаттығуын орындату: https://www.youtube.com |
Компьютер, Жұмыс дәптері, Оқулық Әр түрлі программалық жабдықтамалар (Paint графикалық редакторы, Power Point тұсаукесері, MSWord мәтіндік редактор) |
||
Соңы 15 минут Талдау Жинақтау |
Оқушылардың орындаған жұмыстарын қорғайды және талдау жасау. Үйге: модель тарауын толық қайталау және үйге кез келген заттың моделін жасап келу. |
Оқушылар жұмыстары |
||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.