Модульдік-кредиттік оқытудың ТжКБ ұйымдарындағы оқу үдерісіне қосар үлесі
Оценка 4.9
Научные работы
docx
обществознание +1
Взрослым
20.11.2018
Қазіргі заман – оқу мен оқытудың, инновация мен өркениет заманы. Қазіргі заман қолыңызға бірнеше дипломды алып, қол қусырып отыруды көтермейді. Оның есесіне, өзіңіз қалаған кәсібіңіз бойынша қатырма қағаз алып, соның жемісін көру заман талабына айналып отырғандығы жасырын емес. Осы орайда Елбасы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында кәсіптік білім беру мәселесіне барынша басымдық беру қажеттілігін қадап айтқан болатын. «Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Біздің жастарымыз оқуға, ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуіміз керек… Біздің басты мақсат – 2050 жылы мықты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» деген болатын. Сонымен бірге Президент: «Кәсіптік-техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкілқазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет» деп атап көрсетті. Содан соң-ақ, мемлекет басшысының идеясын негізге ала отырып, Үкімет «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Аталмыш бағдарлама мақсаты айқын – жастарға қолдау көрсету. Оның негізінде жастардың жұмыссыздығы шешімін тауып, сауатты да білікті жұмысшы кадрларды дайындау қолға алынды. Бағдарлама аясында 2017 жылы 23 колледж үшін 35 мамандық бойынша 1000 грант бөлінгендігі көңіл қуантты.
Касымова Мадина.docx
Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі
Өндірістік оқыту шебері: Касымова Мадина Сериковна
Модульдіккредиттік оқытудың ТжКБ ұйымдарындағы оқу үдерісіне
қосар үлесі
Қазіргі заман – оқу мен оқытудың, инновация мен өркениет заманы.
Қазіргі заман қолыңызға бірнеше дипломды алып, қол қусырып отыруды
көтермейді. Оның есесіне, өзіңіз қалаған кәсібіңіз бойынша қатырма қағаз
алып, соның жемісін көру заман талабына айналып отырғандығы жасырын
емес. Осы орайда Елбасы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында кәсіптік
білім беру мәселесіне барынша басымдық беру қажеттілігін қадап айтқан
болатын. «Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Біздің жастарымыз оқуға,
ғылымбілімді игеруге, жаңа машықтар алуға, технологияны күнделікті
өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті
жасап, ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуіміз керек… Біздің басты мақсат
– 2050 жылы мықты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ
еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» деген болатын. Сонымен бірге
Президент: «Кәсіптіктехникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі
дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкілқазақстандық білім беру жүйесіне
таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет» деп
атап көрсетті. Содан соңақ, мемлекет басшысының идеясын негізге ала
отырып, Үкімет «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік
бағдарламасын қабылдады. Аталмыш бағдарлама мақсаты айқын – жастарға
қолдау көрсету. Оның негізінде жастардың жұмыссыздығы шешімін тауып,
сауатты да білікті жұмысшы кадрларды дайындау қолға алынды. Бағдарлама
аясында 2017 жылы 23 колледж үшін 35 мамандық бойынша 1000 грант
бөлінгендігі көңіл қуантты. Кәсіптік оқу орындарының осы жылы тағы бір ұтқан тұсы, ол – ҰБТ кезінде межелі 50 балды жинай алмаған мектеп
түлектері өздері таңдаған колледжге түсіп, мемлекеттік грант иегері атанды.
«Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басымдығы – адами капиталға
инвестицияны дамытуға негізделеді» деп мәлімдеген Елбасы Н.Назарбаев:
«Бұл деген не? Бұл – ең алдымен қабылданған бағдарламалар аясында білім
беру, денсаулық сақтау саласын жаңғыртуды жалғастыру дегенді білдіреді.
Біз дәл осы салалардан ешқандай да үнемдемейтін боламыз. Өйткені, білім
беру де, денсаулық сақтау салалары да, бұл – біздің болашағымыз, бұл – біздің
азаматтар. Сондықтан да, қазір, осы мінберде тұрып 2017 жылдан бастап
«Жалпыға бірдей тегін кәсібитехникалық білім беру» жаңа жобасы
басталатынын жариялаймын», деген болатын. Елбасының айтуынша, жобаға
сәйкес, мемлекет әрбір адамға жеке мамандық беруді қолға алады. «Мектепті
бітірген жас азамат бірінші мамандығын тегін алатын болады. Біз осыдан
бастайтын боламыз. Үкімет осыған кірісуі керек. Қазақстанның жас
азаматтары білімді, еңбекқор, бастамашыл болуы тиіс. Жұмыс пен сұранысы
бар өңірге батылдықпен барулары керек. Егер шеберліктің шыңына жете
білсеңіздер – мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың,
ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен адамның өмір
сапасы озады, тұрмысы жақсы болады. Ең ақыры бүгінгі жасап жатқан
жақсылықтарымыздың барлығы – жастар болашағы үшін».
Осыдан кейінақ, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі кәсіби білім беру
ұйымдарындағы білім азаматтарға тегін берілетіндігі жарияланып, соның
арқасында көптеген жастар білім ала отырып, шәкіртақыға да қол жеткізді.
Бір мамандықтың тізгінін ұстауға бет алғандар нәпақасын тауып, мемлекеттің
бір тетігі болып қалана бастады. Үкімет алдында ең әуелі техникалық және
кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог кадрларының біліктілігін арттыру
мәселесі тұрды. Осыған байланысты, «Техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының
білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 10 наурыздағы №
Қазақстан
193 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ғылым
Республикасы
министрінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 155 бұйрығы шықты. Бұйрықта білім
Білім
және
берудің бірнеше бағыттарын түзете отырып, 28бөлімінде нақты «28)осы
бұйрыққа 28қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін
арттыру курстарының «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында
оқытудың кредиттікмодульдік технологияларын енгізудің ерекшеліктері»
тақырыбындағы білім беру бағдарламасы» енгізілді.
Қазіргі кезде елімізде техникалық және кәсіптік білім беруді білім беру
үдерісінің барлық мүшелерінің: жұмыс берушілердің, студенттердің, ата
аналардың, оқытушылардың және жалпы қоғамның мүдделерін ескеретін білім
сапасын қамтамасыз етуші нормативтер мен аспаптарды әзірлеуді талап етеді.
Жоғары инновациялық динамикасымен ерекшеленетін көптеген мамандық
қызметтерінің заманауи нарығы жұмысшылар мен мамандарға жаңа талаптар
қояды. Жұмыс берушілерден алынған сауалнамалар еліміздің аймақтарының
кадрларға деген сұраныстарын дамытудың жаңа тенденцияларына куә болады:
кәсіптік білім беру сапасы түлектердің «білімі» форматында ғана емес,
сонымен бірге қызметтің форматында; кәсіптік қызметке дайындықтың
құрамдастары бар барлығына ортақ кәсіптер мен мамандықтар бойынша
байланысты жұмыскерлерге қойылатын талаптардың да жоғарылағанын
байқатады. Бұл тұрғыда бұрынғы кезде онша өзекті болып табылмайтын
мысалы, командалық жұмысқа, ынтымақтастыққа, әлеуметтік байланыстарды
реттеуге, үздіксіз өз бетімен білім алуға қабілеттілік, шешім қабылдау,
ақпаратпен жұмыс істеу машығы және т. б. қазір бірінші кезекте тұр.
Білім беруші оқу бағдарламалары оқу жоспарының әртүрлі пәндерін
оқыту мазмұнын, әдістерін, түрлері мен құралдарын айқындаушы ТжКБ
ұйымдарының негізгі нормативтік құжаттары болып табылатындықтан, оларға
модульдік құрылым беру, оны ары қарай жетілдіруге бағытталған білім беру үдерісінің әртүрлі тұстарын барынша жаңғыртуды тұспалдайды. Осы жүйе
жұмыс істеуі үшін еңбек саласының талаптарын білім беру саласының тіліне
аудару қажет, яғни өмірдің ақиқатына оқыту мақсаттары мен міндеттерін
тұжырымдау керек. Білім беру мен бизнес бір тілде – өнеркәсіп пен елімізді
дамытудың нақты сұраныстарын қанағаттандыру үшін оқытудың нақты
нәтижелілігі тілінде сөйлеуге машықтануы тиіс. Бұл кәсіптік стандарттардың
талаптарын іске асыру және модульдік бағдарламаларды әзірлеу арқылы
мүмкін. Білім беру ұйымдары көбіне жылдам өзгеретін экономикаға және
тұрақты әртараптандыруға бейімделмеген. Модульдіккредиттік оқытуды
енгізу арқылы инновациялық орта құру шындығында әрбір студентке белсенді
әрі нәтижелі оқутанымдық қызметке қосылуға, мазмұны бойынша сараланған
бағдарламамен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл оның заманауи білім
берудегі өзектілігін арттырады. Осыған байланысты қазіргі көптеген
колледждерде интербелсенді технологияларды қолдану жақсы жолға
қойылғандығын атап өткен маңызды.
Модульдіккредиттік оқытудың маңыздылығы сол, оқытушы мен бірге
барлық студенттер басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы теориясын
біледі, кем дегенде жартысынан көбі істәжірибеде мәселелерін шеше отырып,
еңбекті бөлу дағдыларын меңгереді. Олар барлық ақпаратты талқылайды,
жағдайға сәйкес еңбекті бөлу мақсаттарын, қағидаларын талдайды.
Студенттердің көпшілік пайызы жұмыс топтарындағы бірлескен жұмысты
жоспарлайды және ұйымдастырады. Ал барлық жүз пайызы бірбірін оқыту
мен дамытуға қатысады. Өзара оқудың нәтижесінде студенттер өткен
материалды талдайды және тереңдетеді; талқылау жолымен оның тиімді
қызметі үшін ұйымды басқару құрылымдарын әзірлеуді, шынайы өндірістік
жағдайларды шешуді үйренеді; шығармашылық ойлау дағдылары мен
қойылған міндеттерді негізделген түрде шешу машықтарын қалыптастырады;
толғанудың нәтижесінде ынталандыру тәсілдерін әзірлеу және талдау, мысал
келтіру, өз пікірін дәлелдеу; олар үшін білімнің қаншалықты өзекті болғандығын анықтау; жеткен нәтижелердің құндылығын бағалау; бірбіріне
сұрақ қою және олардың жауаптарын табу, диалогты дұрыс жүргізуді үйрену
секілді машықтары қалыптасады. Модульдіккредиттік оқыту оқытушының
орны мен рөлін қайта қарастыруға; білім беру бағдарламаларына қатысты оқу
орнының зияткерлік әдістемелік ресурсы мен ішкі стандартын құруға;
оқытушы оқу материалдарын жүйелеуге; білім алушының оқуға деген ынтасын
арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда модульдіккредиттік жүйеге Қазақстанның барлық жоғары оқу
орындары дерлік көшіп болды десе де болады. Ал ТжКБ жағдайында
мемлекет басшысы мен Үкімет, қала берді, заманның өзі талап етіп
отырғанындай, одан қорқудың қажеті жоқ. Бұрынғы ескі үрдіс бойынша емес,
жаңа дамыған технология заманына сәйкес оқытудың тиімділігін өмірдің өзі
көрсетіп отыр. Сондықтан да, модульдіккредиттік оқытудың ТжКБ
ұйымдарындағы оқу үдерісіне қосар үлесі де мол болмақ.
Модульдік-кредиттік оқытудың ТжКБ ұйымдарындағы оқу үдерісіне қосар үлесі
Модульдік-кредиттік оқытудың ТжКБ ұйымдарындағы оқу үдерісіне қосар үлесі
Модульдік-кредиттік оқытудың ТжКБ ұйымдарындағы оқу үдерісіне қосар үлесі
Модульдік-кредиттік оқытудың ТжКБ ұйымдарындағы оқу үдерісіне қосар үлесі
Модульдік-кредиттік оқытудың ТжКБ ұйымдарындағы оқу үдерісіне қосар үлесі
Модульдік-кредиттік оқытудың ТжКБ ұйымдарындағы оқу үдерісіне қосар үлесі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.