Восход жалпы орта білім беретін мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Молекулалық физика» тарауына қорытынды сабақ
(10 сынып)
Мұғалімі: Н.М.Максутова
2013-2014 оқу жылы
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Ақсоғым ауылы
Восход жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі Нургул Мирмановна
Сабақтың тақырыбы: «Молекулалық физика» тарауына қорытынды сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Тараудағы негізгі ұғымдар мен түсініктерді кең көлемде қайталай отырып бекіту
Дамытушылық: Формулаларды қолдана отырып есеп шығара білуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін аттыру, қызығушылыққа тәрбиелеу, ұзақ есте сақтауын қадағалау.
Тәрбиелілігі: Өтілген тараудың практикалық маңыздылығын көрсету. Оқушылардың еңбек ету қабілетін жетілдіру, өз бетінше іздене білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, аукцион сабағы
Сабақтың әдісі: жекелеп, жұппен және топпен оқыту
Сабақтың көрнекілігі: комьютер, слайд, плакаттар, маркерлер.
Сатылатын нәрселер: термометр, сабын, ермексаз, қарындаш, стакандағы су, полиэтилен пакеттегі тоқаш.
Жоспары
І. Ұйымдастыру
ІІ. Тарау бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді қайталау
ІІІ. «Аукцион» ойынын ойнату
ІV. Сергіту сәті «Ойлан, тап!»
V. Деңгейлік тапсырмалар
VІ. Постермен жұмыс
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, түгелдеу
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын қадағалау
ІІ. Тарау бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді қайталау
1. Барлық заттар неден құралады? (атомдар мен молекулалардан)
2. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қандай? (1. Барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден – молекулалар мен атомсдардан тұрады, 2. Молекулалар мен атомдар үздіксіз ретсіз қозғалыста болады, 3. Молекулалар мен атомдар өзара әрекеттеседі)
3. Қатты, сұйық және газ күйіндегі заттардың бір-бірінен айырмашылығы неде? (пішіні мен көлемін сақтау – қатты денеге тән қасиет, аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту – сұйыққа тән қасиет, газдың тұрақты көлемі мен пішіні болмайды, ол берілген көлемді түгел қамтиды)
4. Броундық қозғалыс дегеніміз не? (ұсақ бөлшектердің ауа мен сұйықтардағы ретсіз әрі үздіксіз қозғалуы)
5. Диффузия құбылысы заттың әр түрлі күйінде қалай өзгереді? (газдарда – иіс сулардың, бензиннің және т.б. иісінің ауада таралуы, сұйықтарда – бояулардың, сияның, тушьтың, сүттің суда таралуы, қатты денелерде – ұзақ уақыт бойы қорғасын және алтын цилиндрлер бір-біріне тығыз беттестіріліп қойылады, осы кезде алтын молекуылаларының қорғасынның молекулааралық кеңістігіне және керісінше еніп кетуі байқалған. )
6. Денелердің жылы, ыстық, суық дәрежесін сипаттайтын шама? (температура)
7. Кристалл және аморф денелердің айырмашылығы? (Аморфты денелердің белгілі балқу температурасы жоқ, кристалл денелердің белгілі балқу температурасы бар. )
8. Газдарда өтіп жататын көптеген процестердің ішінен газдың берілген массасы үшін қандай да бір термопараметрдің тұрақты болып қалатын кезіндегі процестер қалай аталады? (тұрақты температура кезінде өтетін процесс – изотермалық, ал тұрақты қысым кезінде өтетін процесс – изобаралық, егер көлем тұрақты болса, онда процесс изохоралық деп аталады.)
9. Қандай физикалық денелерді макроскоптық денелер деп атайды? Микроскоптық денелер деп нені түсінесіңдер? (бізді сан алуан денелердің орасан зор мөлшері қоршап тұр және олардың өлшемдері мен пішіндері бар. Бұл денелерді физикада макроскоптық денелер деп атайды. Барлық денелер микроденелерден, яғни атомдар мен молекулалардан тұрады. )
10. Термодинамика нені зерттейді? (термодинамикада жылу ішкі қозғалыстың бір түрі ретінде қарастырылады. Термодинамика дегеніміз – жылулық құбылыстарды заттың ішкі құбылысына назар айдармай, энергетикалық түрлендірулер негізінде зерттейтін физиканың бөлімі)
ІІІ. «Аукцион» ойын. Оқушылар сіздер аукционның не екенін білесіздер солай ма? Олай болса, бұл ойынды ойнау үшін мен сіздерге заттар сатамын. Ал сіздер бұл заттарды сатып алу үшін, оның физикамен байланысын, заттың қасиетін, жағдайын, ерекшеліктерін атауларыңыз керек. Қай оқушы сатылған заттың көбірек қасиетін, ерекшеліктерін тапса, сол оқушыға сол зат сатылады.
Термометр сатылады: 1. Температураны өлшейтін құрал. 2. Сынап пен спирттің көлемінің температураға тәуелділігі пайдаланылады. 3. Термометрдің сынақ басы ретінде еріген мұздың температурасы алынады. 4. Термометрдің құрылысында заттың үш күйі де кездеседі, мысалы, сыртқы әйнектен - ол қатты зат, ал спирттің немесе сынаптың үстіңгі жағында олардың буы болады.
Сабын сатылады: 1. Бұл аморфты дене. 2. Сабынды пайдаланған кезде судың беттік керілу күші азаяды. 3. Сабын майды және кірленген нірселерді тазалайды.
Полиэтилен пакеттегі тоқаш сатылады: 1. Тоқаш үлпілдек әрі қатты дене. 2. Оның суы буланып кеткенде. Ол кеуіп, қатып қалады. 3. Кеуіп кетпес үшін тоқашты пакетті сақтайды. 4. Пакетте булану және конденсация процесі жүреді. 5. Егер пакетті тоңазытқышқа қойсақ, онда температураның төмендеуіне байланысты кебу азаяды.
Қарындаш сатылады: 1. Қарындаш – графит кристалынан тұрады. 2. Жазған кезде қарындаштың анизотропиясы байқалады. 3. Оны перпендикуляр бағытта жарып бөлу қиын. 4. Графиттің қағаз бетіне жұғу құбылысы байқалады. 5. Графит көміртегі атомдардың параллель жазық торларынан тұрады.
Ермексаз сатылады: 1. Ермексаз – аморф дене. 2. Төменгі температурада қатты денеге, жоғары температурада сұйыққа ұқсайды. 3. Ермексаздың белгілі бір балқу температурасы болмайды. 4. Ермексаз қатты және сұйық денелердің арасында аралық орын алады. 5. Ермексаз изотропты, оның қасиеті барлық бағытта бірдей.
Стақандағы су сатылады: 1. Су – сұйық зат. 2. Су молекулалардан тұрады. 3. Су өзі тұрған ыдыстың пішінін алады. 4. Су көлемін сақтайды, пішінін сақтамайды. 5. Судың белгілі бір қайнау және қату температурасы бар. 6. Су қатса – мұзға, қайнап буланса – буға айналады. 7. Су жақсы суытқышқа жатады.
ІV. Сергіту сәті «Ойлан, тап!»
Бұл бөлімде оқушылардың молекулалық физика тарауы бойынша формулаларды есте сақтау қабілеттерін тексеру.
V. Деңгейлік тапсырмалар.
Оқушылар бұл бөлімде деңгейлік есептер шығарады.
1-жұп тапсырмалары:
1 деңгей. Қысымы 200 кПа, ал температурасы 240 К болғанда көлемі 40 л-ге тең газдағы зат мөлшері қанша?
2 деңгей. Бір атомды газдың температурасы 290 К, ал қысымы 0,8 МПа болған кездегі молекулаларының орташа кинетикалық энергиясын және молекулалардың концентрациясын анықтаңдар.
3 деңгей. Ауаның абсолют температурасы Т және әр түрлі һ биіктіктегі стандарт атмосфераның қысымы Р және ауаның тығыздығы r екенін біле отырып:
1) Молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын;
2) Молекулалардың n концентрациясын;
3) u орташа квадраттық жылдамдығын анықтаңдар.
Һ,км |
Т,К |
р×103 Па |
r, кг/м3 |
0 |
288 |
101 |
1,22 |
0,5 |
285 |
95,6 |
1,17 |
2-жұп тапсырмалары:
1 деңгей. Қысымы 100 кПа, ал молекулаларының концентрациясын 1025 м-3 болған кездегі газдың температурасын анықтаңдар.
2 деңгей. Егер көлемі 2 л идеал бір атомды газдың 270С температурадағы ішкі энергиясы 300 Дж болса, онда молекулалардың концентрациясы.
3 деңгей. Ауаның абсолют температурасы Т және әр түрлі һ биіктіктегі стандарт атмосфераның қысымы Р және ауаның тығыздығы r екенін біле отырып:
1) Молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын;
2) Молекулалардың n концентрациясын;
3) u орташа квадраттық жылдамдығын анықтаңдар.
Һ,км |
Т,К |
р×103 Па |
r, кг/м3 |
1 |
282 |
89,9 |
1,11 |
2 |
275 |
79,4 |
1,01 |
3-жұп тапсырмалары:
1 деңгей. 1270С температурадағы массасы 4г гелийдің ішкі энергиясын есептеп шығарыңдар.
2 деңгей. Қуаты 1 кВт электроплиткада шәйнектегі су қайнап жатыр. Буды идеал газ деп есептеп, шәйнектің шүмегінен шығып жатқан будың шығу жылдамдығын табыңдар. Шүмектің ұшындағы қысым 1 атм., оның қимасы 1 см2. Энергия шығыны жоқ.
3 деңгей. Ауаның абсолют температурасы Т және әр түрлі һ биіктіктегі стандарт атмосфераның қысымы Р және ауаның тығыздығы r екенін біле отырып:
1) Молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын;
2) Молекулалардың n концентрациясын;
3) u орташа квадраттық жылдамдығын анықтаңдар.
Һ,км |
Т,К |
р×103 Па |
r, кг/м3 |
5 |
256 |
54,0 |
0,736 |
10 |
223 |
26,5 |
0,415 |
4-жұп тапсырмалары:
1 деңгей. Азот молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/с, ал тығыздығы 1,35 кг/м3 болса, оның қысымы қандай?
2 деңгей. 100С температурадағы 10 л суды 1000С-ге дейін қыздырып, оны буға айналдыру үшін қажетті жылу мөлшері (с=4200Дж/кг К, r=23×105 Дж/кг)
3 деңгей. №1 Массасы 6 кг оттегі көлемі 5 м3 баллонда 300 кПа қысымда тұр. газдың тығыздығын, молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығын, атомның массасын, концентрациясын, молекулалар санын, орташа кинетикалық энергиясын есептеу керек.
VІ. Постермен жұмыс.
Бұл бөлімде оқушылар жоба қорғаулары тиіс. Оқушыларды екі топқа бөліп, бір топқа «Идеал газ. Молекулалы - кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Изопроцестер» тақырыпта, екінші топқа «Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары. Молекулалы-кинетикалық теорияның тәжірибелік дәлелдемелері» тақырыбында жобалар беріледі, осы тақырыптарды оқушылар 2-3 минут ішінде қорғап шығуылары тиіс.
Қорытындылау. Сабақтың қорытындысын шығарып, оқушыларға үйге тапсырма беру. Бағалау парағындағы ұпай санын есептеп, оқушыларды бағалау.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.