Мүсіндеу
Оценка 4.9

Мүсіндеу

Оценка 4.9
Домашнее обучение
docx
администрации
Детсад
18.05.2019
Мүсіндеу
.. . . .. . .. . . . .. . . . .. . .. . . . .... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
мусиндеу.docx
Оқу қызыметінің технологиялық карта Топ:  І­сәбилер тобы                                                                  Тәрбиеші:­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Білім беру саласы: «Шығармашылық». «Таным»     Апта____     Күні_____________ Ұйымдастырылған оқу іс­әрекеті:Мүсіндеу Тақырыбы:     Доптар. Мақсаты:  Ермексазды шымшып алу әдісі және домалақ, жұмыр мүсін туралы мағлұмат  беру; ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгеру;  тілдерін дамыту; саусақтың ұзақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру;  ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар, түрлі­түсті доптардың  суреттері, қызыл, сары, жасыл ермексаз, тақтайша, доп. Сөздік жұмыс: домалақ Билингвалды компонент:   доптар – мячики. Әрекеттердің  кезеңдері  Мотивациялық ­  қозғаушылық          Тәрбиешінің іс­әрекеті  Шаттық шеңбері Жұмсақ матадан жасалған домалақ  пішінді, әдемі, түрлі түсті допты ұстап  тұрып:  Добым,добым, домалақ, Қайда кеттің домалап, Үстел үстін бүлдірдің, Тәрелкені сындырдың, ­ деп, сұқ  саусағымен допқа ренжіген сыңай  байқатады. Баланың іс­әрекеті Бір­бірінің  қолдарынан ұстап  шеңбер құрып тұрады. Педагог жасаған  қимыл­қозғалысты  қайталап, көңілдері  көтеріңкі қалпында  оқу іс­әрекетін  жалғастырады. Қайталайды: домалақ Балалар тәрбиешіні  мұқият тыңдайды. Үлестірмелі  материалдағы доптың  суретін қарастырады. Ұйымдастыру шылық ­  қозғаушылық Сөздік жұмыс: домалақ. Бүгінгі оқу іс­әрекетінде біз күнде  ойнап жүрген сүйікті ойыншығымыз –  допты мүсіндейміз. Билингвалды компонент: Доптар – мячики. Тәрбиеші балалардың үлестірмелі  материалдағы суретке назар  аударуларын сұрайды. Суреттегі көк, қызыл, жасыл түсті  доптарға қарай отырып, ермексаздан  көлемі үлкен доптар сомдаймыз.  Тәрбиеші жұмысқа кіріспей тұрып  ұқыптылық ережелерін қайталайды: ­мүсіндеу жұмысын бастамас бұрын  кедергі келтірмеуі үшін алдымен жеңді  түру керек; ­ермексазды арнайы тақтайшаның үстіне қою керек; ­жұмысты таза орындауды қадағалау  және т.б. Сергіту сәті Қолды оңға созамыз, Қолды солға созамыз, Бір орында секіріп, Біз демалып аламыз. ­Балалар, оң қолдарыңа ермексазды үзіп алып, сол қолдарыңмен ермексазды  жауып, алақанмен алақанды біріктіріп,  ырғақпен домалатыңдар.  Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.  Рефлексиялық ­  түзетушілік ­Кім қандай түстерді пайдаланды? Тәрбиеші балалардың өздері жасаған  доптарын барлығына көрсетіп,  талдайды. Олардың жұмысын мақтап,  марапаттайды. Балалар қолдарын  оңға, солға жайып, бір жерде тұрып секіреді. Ермексаздың өздеріне  ұнаған түстерінен  шымшу әдісімен үзіп  алып, алдымен  жұмырлау, одан кейін  ырғақты домалату  әдісімен допты  әдемілеп, допқа  ұқсатуға тырысып  сомдайды.  Балалар пайдаланған  түстерін атайды. Мүсіндеген доптарын  тәрбиешінің үстеліне  әкеліп, барлығы бірге  қарайды, доптардың  ұқсастығына  тоқталады. Өздері  жасаған әдемі  доптарына қарап,  балалардың көңіл  күйлері көтеріледі. Күтілетін нәтиже:  Біледі: доп жасау үшін ермексазды домалақтайды, яғни доп жасайды; Игереді: доптың домалақ болатынын; Меңгереді: ермексазды алақанның ортасына салып ырғақты домалақтау  әдісін; Оқу қызыметінің  технологиялық карта Топ:  І­сәбилер тобы                                                                  Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Таным»    Апта____     Күні_____________                                 Ұйымдастырылған оқу іс­әрекеті: Мүсіндеу Тақырыбы:  Қонжыққа арналған жидектер. Мақсаты: балаларға – заттың бөлшегі деген не, оның атқаратын қызметін  зерттеуді үйрету; бүлдіршіндерге кішкене домалақ заттарды мүсіндеуді, оны  негізіне ептілікпен жапсыруды үйрету; мүсіндеуге деген қызығушылықтарын  және еңбек етуге құштарлықтарын арттыру; тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ  бұлшық еттерінің қимылын жетілдіру; балаларды жақын адамдарға жақсылық  жасауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: демонстрациялық көрнекіліктер, қызыл түсті ермексаз,  тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар, ойыншық­қоңыр қонжық. Сөздік жұмыс: жидек. Билингвалды компонент: жидек –ягода, қонжық – медвежонок.  Әрекеттердің  кезеңдері  Мотивациялық ­  қозғаушылық                Тәрбиешінің іс­әрекеті  Ғажайып сәт ­Балалар, бүгін біздің сүйікті  ойыншығымыз – қоңыр қонжық қонаққа  келді. Тәрбиеші қоңыр қонжықты көрсетіп,  тақпақ оқып береді:    Ақ қонжыққа не керек?    Қоңыр қонжыққа не кепек?    Сүт пен айран іше ме?    Құрт пен майды жей ме? ­ Балалар, қонжықтың тәтті тағамы  жидек екенін білесіңдер ме? Сөздік жұмыс: жидек. ­Құлпынай мен жидек қайда өсетінін  Баланың іс­әрекеті Балалар қоңыр  қонжықты қарсы  алады. Балалар жауап  береді: ­Сүт пен айран  ішпейді. ­Құрт пен майды  жемейді. ­Білеміз. «Жидек» сөзін  қайталайды. ­Құлпынай мен  жидек орманда Ұйымдастыру шылық ­  қозғаушылық білесіңдер ме? Билингвалды компонент: жидек –  ягода, қонжық – медвежонок. ­Балалар, қонжықтың себетіне сүйікті  жидегін салып беругекөмектесеміз бе?  Бүгінгі оқу іс­әрекетіне өз қолымызбен  ермексаздан құлпынай мүсіндеп,  қонағымызға сыйлайық. Тәрбиеші балалардың назарын тақтадағы  көрнекі құралға және үлестірмелі  материалдарға аударады. ­Бәріміз тақтаға қараймыз.   ­Құлпынайдың көлемі қандай? ­Түсі қандай? Тәрбиеші балалардың назарын өзіне  аударып, мүсіндеу ретін түсіндіріп, өзі  көрсетеді. ­Қызыл түсті ермексазды алып,  бөлшектерге бөлеміз. Бөлінген  бөлшектерден шымшып алу әдісімен  кішкене бөлігін үзіп аламыз. Енді  алақанымызға салып, ырғақпен  домалатамыз. ­Балалар, бәріміз қолымыздағы мүсінді  көрсетейік. (Тәрбиеші өзі жасаған  жұмысын қолына ұстап, балаларға  көсетеді.) Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. ­Мүсініміз құлпынайға ұқсай ма? ­Сонымен, қонжықтардың сүйікті қорегі  не екен? Сергіту сәті      Қолды оңға созамыз,      Қолды солға созамыз.      Бір орында секіріп,      Біз демалып аламыз. Педагог дайын болған құлпынай мүсінін  өседі. Бүлдіршіндер  қонжықтың себетіне  сүйікті жидегін  салып беруге деген  ынта­ықыластарын  білдіреді. Балалар назары  тақтадағы көрнекі  құралға және  үлестірмелі  материалдарға  ауады. Балалардың болжам  жауаптары: ­Кішкене. ­Қызыл. ­Ұқсайды. ­Тәп­тәтті, қып­ қызыл құлпынай! Балалар қолдарын  оңға, солға жайып,  бір жерде тұрып  секіреді. Балалар педагогтың  нұсқауларын  орындайды.  Мүсіндеген  құлпынайды алып, Рефлексиялық ­  түзетушілік қағазға жапсыру амалдарын көрсетеді. ­Балалар, сендерге қонжық рахметін  айтуда. Өйткені сендер бүгінгі  тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Педагог балалардың жасаған «Қонжыққа  арналған жидек» атты жұмыстарын жинап алып, ата­аналарға көсету үшін ұжымдық  көрме ұйымдастырады. қағаз бетіне себетке  мұқият жапсырады. Балалар өзара  қуаныштарымен  бөліседі. Күтілетін нәтижелер: жасайды: ­аюдың баласы қонжық қоректенетін жидек – құлпынай мүсінін; түсінеді: мүсіндеуге құштарлығы мен бастаған істі соңына дейін жеткізуге  дағдылануды, еңбекті ойынмен ұштастыру; қолданады: ермексазды алақанға салып, ырғақты домалату, қосымша  заттармен әрлеу негізгі мүсінге қосымшаны икемдеп жабыстыру әдістерін.  Тәрбиеші:­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Оқу қызыметінің    технологиялық карта                                                  Топ:  І­сәбилер тобы                                                                      Апта____ Білім   беру   саласы:  «Шығармашылық»   ,«Таным»   Күні_____________                                  Ұйымдастырылған оқу іс­әрекеті: Мүсіндеу. Тақырыбы:  Ағаштағы алмалар. Мақсаты: ермексазды алақан арасына салып айналдыра домалақтау арқылы мүсіндей   білуге   үйрету;тілдерін   дамыту;   саусақтың   ұсақ   бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру; табиғатты аялауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер:алма   ағашының   суреті,түрлі   түсті   ермексаз   кесектері, қағаздан   және   матадан   жасалған   сүрткіштер,   дастарқандар,   үлестірмелі материалдар. Сөздік жұмыс: дәмді алма. Билингвалды компонент: алма – яблоко. Әрекеттердің кезеңдері  Мотивациялық ­  қозғаушылық                Тәрбиешінің іс­әрекеті  Педагог балаларға алма ағашының  суретіне мұқият қарап шығуды  ұсынады. Алма туралы тақпақты  оқып береді.      Мен алмамын, алмамын, Баланың іс­әрекеті Балалар суреттегі  алма ағашына  мұқият қарайды. Алма туралы  тақпақты тыңдайды. Ұйымдастырушылық   ізденістер Рефлексиялық ­  түзетушілік      Таңдай қағар бар дәмім. ­Тақпақта не туралы айтылған? ­Алма қайда өседі? Билингвалды компонент: Алма – яблоко. ­Алманың түсі қандай болады? ­Алманың пішіні қандай? Сөздік жұмыс: дәмді алма. ­Балалар, үлестірмелі  материалдағы алма ағашында  алманың суреті салынбаған. Ал  сендер алма ағашына өздерің  жасаған алмаларыңды  орналастыруларыңа болады.  Педагог балаларға мүсіндеу  орындау ретін еске түсіреді. Сегіту сәті. Саусақ жаттығуы      Бір қолымда бес саусақ,      Бір қолымда бес саусақ.      Бәрін қоссақ – он саусақ. Педагог жұмысқа кірісуді  ұсынады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. ­Жарайсыңдар, балалар! Жасаған  алмаларың дөңгелек әрі бірдей  болып шықты.  Балаларды мақтайды. ­Алма туралы  айтылған. ­Бақта, алма  ағашында өседі. ­Сары, жасыл,  қызыл болады. ­Дөңгелек. Қайталайды:  ­Дәмді алма. Балалар педагогтың айтқанын мұқият  тыңдайды. Саусақ  жаттығуларын  жасайды. Балалар алманы  мүсіндейді.  Жасаған алмаларын суреттегі алма  ағашына  орналастырады. Балалар  қуанғандарын  білдіреді. Күтілетін нәтижелер: жасайды: қызыл, сары,жасыл түсті ермексаздан алмалар; түсінеді: алма жемістің түріне жататынын; қолданады: ермексазды алақан арасына салып айналдыра домалақтау әдісін; Тәрбиеші:­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Оқу қызыметнің технологиялық карта Топ:  І­сәбилер тобы                                                                  Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Таным»        Апта____     Күні___________                             Ұйымдастырылған оқу іс­әрекеті: Мүсіндеу. Тақырыбы:  Шыршаны безендіреміз. Мақсаты: балаларды мүсіндеудің жаңа амалдарымен таныстыру; жаңа  жылдық шыршаны әдемі және сәнді етіп безендіруге үйрету; мерекелік көңіл  күйлерінің көтеріңкі болуына ықпал ету. Көрнекіліктер:түрлі түсті ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған  құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар, қағаз және шүберек майлықтар,  дастарқандар. Сөздік жұмыс: әсем жұлдыз. Билингвалды компонент: шырша – елка. Әрекеттердің кезеңдері  Мотивациялық ­  қозғаушылық Баланың іс­әрекеті Балалар өлеңді  тыңдайды және  педагог ұсынған  үлгілерді қарайды. ­Шыршалар, сүңгі  және т.б. «әсем жұлдыз»  сөзін қайталайды. ­Ұнайды, өте әдемі  екен. ­Шырша  ойыншықтары жоқ  екен. Балалар біртіндеп  педагогтің үстеліне  жақындап келіп,  бірдей  ойыншықтарды  табады. Балалар  ойыншықтардың  пішінін және түсін  атайды. Балалар шыршаға               Тәрбиешінің іс­әрекеті  Педагог балаларға шыршаларды  көрсетеді және қлең оқиды. Тамаша, тамаша! Шыршамыз тұр жараса, Басында әсем жұлдызы, Көз тоймайды қараса! Сөздік жұмыс: әсем жұлдыз. Билингвальды компонент:  шырша – елка. Педагог балаларға мерекелік әсем  безендірілген шыршаның суретін  көрсетеді. ­Сендерге мына шырша  ұнай ма? ­Ал енді үлестірмелі  материалдағы шыршаға  қараңдаршы, не жетіспей тұр? Дидактикалық ойын: «сыңарыңды  тап» Педагог бірнеше жаңажылдық  ойыншықтарды балаларға  көрсетіп, бірдей ойыншықтарды  табуды ұсынады. ­Енді суреттегі шыршаны  мерекелік шыршаға айналды­ руымыз керек, сендер оған  келісесіңдер ме? Ұйымдастырушылық   ізденістер ­Кәне, онда шыршаны безендіретін ойыншықтар жасайық. ­Педагог мүсіндеудің үлгісін  көрсетеді. ­Ол үшін біз ермексаздың әр  түсінен түйіртпектер дайындап,  шыршаның сұлбасын безендіреміз.  Алдымен саусақпен аздап үзіп  аламыз да, оны домалақтаймыз.   Міне, осылай (өзі көрсетеді), оны  саусақпен қағаз бетіндегі шыршаға жапсырамыз. ­Енді өздерің қарап көріңдерші.  Шырша әдемі болу үшін көп  түйіртпектер жасау керек.  (педагог оларды алдын ала әзірлеп қояды). Балалармен жеке жұмыс  жүргізеді. ­Жарайсыңдар, балалар!  Жаңажылдық шыршалар өте әдемі болып шықты. Енді бір­біріміздің  қолымыздан ұстап шырша туралы  ән салайық. Педагог Жаңа жылға арналған  мерекелік мүсіндерді ата­аналарға арналған көрмеге қояды. арнап ойыншықтар  жасайтындарына  қуанады. Балалар жұмыс  жасау ретімен  танысады.  Педагогты мұқият  тыңдайды. Балалар жапсыруға  кіріседі. ­Балалар бір­бірінің  қолдарынан ұстап  шыршаны айналып  жүреді. Тоқтаған  сәтте қолдарын  жоғары көтереді. Рефлексиялық –  түзетушілік Күтілетін нәтижелер: жасайды: шыршаның пішінін, оны қажетті түстермен сәндеп безендіруді. түсінеді: Жаңа жыл мейрамын және шыршаны қалай безендіру керектігін. қолданады: ермексазды алақанмен айналдыра жаюды, саусақпен сәл баса  отырып, үлестірмелі материалға бекітуді. Тәрбиеші:­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Технологиялық карта Топ:  І­сәбилер тобы                                                                  Тәрбиеші:­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Таным» Ұйымдастырылған оқу іс­әрекеті: Мүсіндеу. Тақырыбы:  Қоянға арналған сәбіз. Мақсаты: балаларға ермексаз бөлшектерін алақандарына салып есуді,  әртүрлі форманы қалыптастыра білуді үйрету; мүсіндей білу және саусақтың  ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; балаларды қоршаған ортаға,  табиғатқа, жануарларға жанашырлық танытуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер:түрлі түсті ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған  құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар, ойыншық қоян. Сөздік жұмыс: қзын құлақты, бадырақ көзі. Билингвалды компонент: қоян – заяц, сәбіз – морковь. Әрекеттердің кезеңдері  Мотивациялық ­  қозғаушылық Баланың іс­әрекеті Қызығушылығын  туғызу. Ұйымдастырушылық   ізденістер              Тәрбиешінің іс­әрекеті  ­Балалар, бүгін біздің  сабағымызға қонақ келді. Ұзын  құлақты, бадырақ көзді. Ойлы­ қырлы жерлермен ытқып­ытқып  жүгіретін, ең сүйікті асы – сәбіз.  Ол не? ­Дұрыс айтасыңдар, ол – қорқақ  қоян. Ал бәріміз бірге оны ортаға  шақырайық. Сөздік жұмыс: ұзын құлақты,  бадырақ көзді. Хормен: «Қоян, ортаға кел». Ғажайып сәт Біраз уақыттан кейін қоян келіп  кіреді. Қоян: ­Сәлеметсіңдер ме, балалар. ­Балалар, оны сипап көріңдерші,  оның тоны қандай? ­Ол несімен ерекше? ­Оның құлағы қандай? ­Ал мынау несі? ­Оның құйрығы қандай? ­Дұрыс айтасыңдар. Қоянның  құлағы ұзын, ал құйрығы қысқа  болады екен. Қоян тағы не істей  ­Ол қоян. «Ұзын құлақты,  бадырақ көзді»  сөздерін қайталайды. ­Сәлеметсің бе,  қоян! ­Жұмсақ әрі әдемі. ­Құлағымен. ­Ұзын. ­Құйрығы. ­Қысқа. ­Секіре алады. алады? ­Ендеше қалай секіретінін  көрсетіңдерші. Қолымызбен құлақ жасаймыз, бәріміз бірге секіреміз. Сергіту сәті Ұзын құлақ сұр қоян. Естіп қалып сыбдырды. Ойлы­қырлы жерлермен, Ытқып­ытқып жүгірді. ­Мұнда қоян не жасырып қойды  екен? Себеттің ішінде не бар  екенін көрейік. Педагог себеттің ішінен  көкөністерді біртіндеп шығарып,  балаларға түсіндіреді. ­Бұл не? ­Ол үлкен доп тәрізді көлемде,  жасыл, көп қабатты. ­Ал мынау не? ­Ол кішкене көлемді, дөңгелек,  қызыл түсті. ­Ал мынау не? ­Бұл үлкен, ұзын, қызыл сары  түсті. ­Ал мына көкөніс қалай аталады?  Оны қоян бізге сыйға әкелген. ­Жандос бізге қоян не әкелді? ­София , қоян бізге не әкелді? ­Ал енді қоян бізбен ойын  ойнайды. Ол өзіне қатты ұнайтын  көкөністі жасырады, ал сендер  оның қандай көкөністі жасырып  тұрғанын табуларың керек.  Мұқият тыңдаңдар. Қоян: ­Ол ұзын, үлкен сары түсті. Бұл  қандай көкөніс? ­Ол кішкене көлемді, доп тәрізді,  қызыл түсті, жұмсақ. Бұл не? ­Ол үлкен доп тәріздес, жасыл  Балалар қимыл  жасайды. Орманның ішінен  себет тауып алады.  Себеттің іші  көкөніске толы:  қырыққабат,сәбіз,  қызанақ т.б. ­Қырыққабат. ­Қызанақ. ­Сәбіз. ­Сәбізді әкелді. ­Қызанақ әкелді. ­Сәбіз. ­Қызанақ. ­Қырыққабат. Қимыл­ қозғалыстарды  педагогпен бірге  жасайды. түсті, көп жапырақ оралған. Бұл  не? Сергіту сәті: Шаршасаңдар, балалар, Қолдарыңды созыңдар. Саусақтармен ойнаңдар, Қолдарыңды сермеңдер. Денелерің шынықсын, Саналарың тынықсын. Үлестірмелі материалда  бейнеленген қоянға арнап  көкөністер әзірлейік. ­Қоян қандай көкөністі ұнатады  деп ойлайсыңдар? Педагог жұмыстың орындаудың  ретін түсіндіреді: ермексазды  алақанға салып, сәбіз көлеміне  келтіріп есеміз, бас жағын  жуандау етіп, төменгі жағын  жіңішкертеміз. ­Қараңдаршы, сәбізге ұқсады ма? ­Енді сендер алдарыңда тұрған  ермексазды алып, өздерің сәбіз  сомдап көріңдер. Балалармен жеке жұмыс  жүргізеді. Билингвальды компонент:   қоян – заяц, сәбіз – морковь. ­Балалар, бізге қонаққа кім келді? ­Ал қоян қандай көкөністі жақсы  көреді? ­Ал сендерге қандай көкөніс  ұнайды? ­Бүгінгі сабақта сендерге не  ұнады? ­Қоян сендерге рақмет айтып, сау  болыңдар деп қоштасуда. Педагог әр баланың салған суреті мен  ­Сәбізді. Балалар қарайды.  Педагогті мұқият  тыңдайды. Балалар ермексазбен жұмыс жасай  бастайды. Жасалған сәбізді  балалар үлестірмелі  материалда  бейнеленген қоянның қасына қояды. ­Қоян келді. ­Сәбіз. Балалар өздеріне  ұнайтын  көкөністерді,  сабақта не ұнағанын  айтады. ­Сау бол, қоян! Рефлексиялық –  түзетушілік сомдаған сәбізін ата­анаға  арналған көрме тақтасына қояды. Күтілетін нәтижелер: жасайды: бала мүсіндеуде – ермексаз бөлшектерін алақандарына салып  есуді, әртүрлі пішіндерді. түсінеді: қоянның дене мүшелерін (көзі, құлақ, құйрығы, аяғы) таниды, қоян  сәбіз бен қырыққабатты жақсы көретінін. қолданады: ермексаздан шымшып үзіп алып,алақанмен домалақтап, жоғары  жағын – жуан, төмен жағын жіңішкелеп мүсіндеу амалдарын. Технологиялық карта Топ:  І­сәбилер тобы                                                                  Тәрбиеші:­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Білім беру саласы:«Таным», «Шығармашылық» Ұйымдастырылған оқу іс­әрекеті: Мүсіндеу. Тақырыбы:  Анама арнап  тәтті прәндік пісіремін. Мақсаты:балаларды қамырмен жұмыс жасауға үйрету; балалардың ой­ өрісін арттыру мақсатында ермексаздың кішкене бөлігін алақанмен тікесінен  қимылдату арқылы домалақ пішін жасауды және саусақпен жай ғана басуды  үйрету;балалардың ойлау қабілетін арттыру; тіл байлығын дамыту; ұсақ  бөлшектермен жұмыс жасауға үйрету; ана­ өжелеріне деген сүйіспеншілікке,  бауырмалдылыққа баулу. Көрнекіліктер: ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал,  тұғырық, үлестірмелі материалдар, диаметрі 5 мм болатын кішкене  дөңгелекшелер. Сөздік жұмыс: прәндік. Билингвальды компонент: ұн­ мука. Әрекеттердің кезеңдері  Мотивациялық ­  қозғаушылық              Тәрбиешінің іс­әрекеті  Педагог : ­Балалар, бүгін біз  анамызға  сыйлық ретінде дәмді прәндік  пісіреміз. Ол үшін ең бірінші  қолымызды жуамыз, алжапқышты  тағамыз.Балалар,есімізге  түсірейікші, басты кейіпкер  бауырсақ болатын  қандай ертегі  еді? Баланың іс­әрекеті Қызығушылығын  білдіреді. Ойланады, жауап  береді. ­«Бауырсақ» Ұйымдастырушылық   ізденістер Ертегінің аты естеріңдеме? ертегісі. ­Балалар, бауырсақты неден  пісіреді?Ойланыңдаршы! ­Менің үстелімнң үстінде осы  заттар бар.Кәне, осы заттарды  көрейік. ­Балалар, ұн қандай? ­Ал қант ше? Билигвальды компонент:ұн­  мука. ­Ал, балаларі мен прәндікті жасай  берейін.Менің шұғыл кесем  бар.Кесеге алдымен жұмыртқа мен қантты жақсылап  ластыамыз.Содан кейін оған ұн  қосып, илейміз. ­Қараңдаршы, бзің қамырымыз  қандай  болып шықты?Бұндай  қамырды құмды қамыр дейміз.Ал  енді қамырды тақтайшаның үстіне  қоямыз. Қамырмен жұмыс жасаймыз. Әр балаға қамырдан кішкене үзіп  береді. ­Балалар, енді қамырды екі  бөлікке бөлеміз.Енді ең алдыңғы  мүсіндеу сабағында ермексазбен  қалай жұмыс істегенімізді еске  түсірейік.Біз екі алақанымызбен  қамырдан соқпақ пішін жасаймыз,  шет жақтарын әсемдейміз.Екінші  қамырды да солай жасаймыз. Педагог балалармен жеке жұмыс  жүргізеді. ­Ал енді прәндігімізді пешке  қоятын тостағанға саламыз. Сөздік жұмыс:тостаған. ­ұн.Сары  май.Жұмыртқа. ­Ұн аппақ, үлпілдек. ­Қант дәмді,аппақ. Балалар  педагогтің  іс­ әрекетін қарап  тұрып, тыңдайды. 2­3 бала педагогкке  көмектеседі. «Тостаған» сөзін  қайталайды ­Ал енді прәндікті аспазға апарып  береміз, аспаз оны пешке  пісіреді.Біз дайын тағамды  аналарымыз бен әжелеріміздің  мерекесіне сыйға тартамыз. Сергіту сәті.Анамызға Бала, бала бала деп, Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған! Балалар сабақтың соңында  педагогпен бірге жасалған  прәндіктен ауыз тиеді. Балалар қол  ұстасып шеңбер  жасайды.Тоқтап  қолдарын кеудесіне  қояды, қолдарын  алға созады. Қуанышты жүздері  бал­ бұл жайнайды. Рефлексиялық –  түзетушілік Күтілетін нәтижеле: ­балалар қамырмен мүсіндеу әдісі дағдыларын жасайды;  ­аналар мерекесіне арнайы сыйлық ( «Әжеме», «Анама») сыйлауды түсінеді; ­қамырмен мүсін сомдау әдісін қолданады.                                                Технологиялық карта Топ:  І­сәбилер тобы                                                                  Тәрбиеші:­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Таным» Ұйымдастырылған оқу іс­әрекеті: Мүсіндеу. Тақырыбы: Ұшақ. Мақсаты:балаларға қуаныш сыйлау, эстетикалық түйсікті жаттықтыру, ой­  өрісін кеңейту, сабақта мүсіндеу жасауды үйрету, тілдерін дамытуі саусақтың ұсаі бұлшық еттерін қимылын жетілдіру, кішкентай нәрселер жасауға ынтасын арттыру.. Көрнекіліктер:әр түсті ермексаз кесектері, қағаздан және матадан жасалған  сүрткіштер, дастарқандар, үлестірмелі материалдар, ойыншық­ ұшақ. Сөздік жұмыс: қанат, аспан. Билингвальды компонент: ұшақ ­самолет . Әрекеттердің кезеңдері  Мотивациялық ­  қозғаушылық              Тәрбиешінің іс­әрекеті  Ойын жағдаят Педагог іс­ әрекетін дидакикалық  ойыннан бастайды.Ойынның атауы: «Не жетіспейді?Шешіп  Баланың іс­әрекеті Балалар көздерін  жұмады, ал педагог  үш көріністің ішінен біреуін алып Ұйымдастырушылық   ізденістер көр».Тікұшақ,кеме мен машина,ең  соңында ұшақтар алынып  тасталынады. қояды.Балалар  жоғалған  көріністерді айтады. Ғажайып сәт Топта ойыншық ұшақтар ұшады. Педагог балалармен бірге оның  түсі мен бөліктерін қарайды. ­Қараңдаршы, балалар, бізге  ұшақ  ұшып келіпті. Билингвальды компонент: ұшақ­ сомолет. ­Оның түсі қандай екен? ­Дұрыс айтасыңдар, ақ түсті. Ал ұшақтың қанаттары өте үлкен  және жұқа.Қанаттар ұшу үшін  керек.Оның түсі қандай болады? ­Ұшақта оның бөлімдері және  құйрығы болады. Сөздік жұмыс:қанат, аспан. Педагог балаларға ермексаздан  ұшақ жасауды үйретеді. ­Ұшақ жасау үшін ең алдымен екі  бөлік ермексаз кесегі  керек.Алақанмен тағы да  дөңгелектер жасаймыз, одан кейін  ермексаздың екінші бөлігін  төртбұрыштап, үшбұрыштап  бөлеміз.Екіші бөлігі­ бұл ұшақтың  қанаты болады. Сергіту сәті.Ұшақтар Ұшақтар зымырайды. Ұшақтар ұшады. Біз тыныш отырып, Ұшақтарды бақылаймыз. Қарастырады,  балалардың  болжамы  жауаптары: ­Ақ. ­Көк. «қанат,  аспан»сөздерін  қайталайды. Педагогтің іс­  әрекетіне қарайды,  мұқият  тыңдайды. Балалар қолдарын  бүгіп, алға қарай  айналдырады. Қолдарын алға  сермеп, алға қарай  жылжиды. Тізелерін бүгіп,  қолдарын тізеге  қарай түсіреді.   Барлығы жұмысқа ­Ия , балалар , біз ұшақ сияқты  ұшамыз, ал қазір  ермексазданьұшақ жасаймыз. Педагог  балалармен  жеке жұмыс  жүргізеді. ­Жарайсыңдар, балалар, жасалған  ұшақтар өте әдемә болып шықты. Педагог балалар жасаған  ұшақтарды ата­ аналарына  арналған көрмеге қояды. кіріседі:ұшақ  мүсіндейді. Дайын ұшақты  үлестірмелі  материалдағы  суретке  орналастырады.  Қуаныштан жүздері  бал –бұл жайнайды. Рефлексиялық ­  түзетушілік   Күтілетін нәтижелер: ­ермексазды алақанға салып есуді, есілген дайын бөлшектерді бір­ біріне  көлденеңнен жабыстыруды жасайды; ­көліктердің түрлері темір жол көлігі, су көлігі, жол көлігі, әуе көлігі  болатынын түсінеді; ­ермексазбен жұмыс істеу әдісерін қолданады;  Технологиялық карта Топ:  І­сәбилер тобы                                                                  Тәрбиеші:­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Таным» Ұйымдастырылған оқу іс­әрекеті:Мүсіндеу. Тақырыбы:  Бауырсақ.  Мақсаты: ермкесазды шымшып үзіп алу және домалақ, жұмыр мүсін жасау  туралы мағлұмат беру; «Бауырсақ» ертегісі арқылы мүсіндеуге баулу; қол  өнерінің басқа да техникалық түрлерін пайдалану, жолды түрлі түсті  қарындашпен сызу және бауырсақты тірі кейіпке айналдыру (көздері  түймеден), бет бейнесін жасау;бала қиялын дамыту;мүсіндеудің   домалақтау,илеу тәрізді тәсілдерін үйрету; ұқыптылық пен тазалыққа  тәрбиелеу. Көрнекіліктер: қызыл, сары және ақ түсті ермексаз, тақтайша,  ермкексаз  кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар, «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері, бауырсақты тірі кейіпке айналдыруға арналған  түймелер, түсті қарандаштар. Сөздік жұмыс: бүйрек беті қызарған. Билингвальды компонент: бауырсақ ­колобок. Әрекеттердің кезеңдері  Мотивациялық –  қозғаушылық              Тәрбиешінің іс­әрекеті  Ойын жағдаят Педагог балаларға «Бауырсақ»  ертегісінің кейіпкерлерін  көрсетеді. Ұйымдастырушылық   Ізденістер ­Бұл қай ертегінің кейіпкерлері? ­Ал бұл кейіпкерлердің ішінде қай кейіпкер жетіспейді? Педагог «Бауырсақтың» терезенің алдында тұрған суретін көрсетеді  де, ертегіден үзінді оқиды. Сергіту сәті.Бауырсақ Бидай ұнынан иленген, Өзін майға пісірген. Бүйрек беті қызарған, Шуақты күнге ұқсаған. Ыстық пештен түсірген, Суысын деп «Бауырсақты», Терезеге түсірген. Терезеден секіріп, Жол бойымен жөнелген. Сөздік жұмыс: бүйрке беті  қызарған Билингвалды компонент:  бауырсақ – колобок Педагог ашық сары түспен  боялған «ұзын жол» жолақшаны  төсейді  және жолақтың үстіне  қарындашпен қисық­ қыңыр жол  сызады, осы жолмен «Бауырсақ»  аңдармен, кедергілермен кездесе  отырып, домалайтынын айтады. Баланың іс­әрекеті Балалар  қызығушылық  білдіреді. ­«Бауырсақ»  ертегісінің  кейіпкерлері. ­«Бауырсақтың» өзі  жетіспейді. Балалар әр сөзді  қайталап, оны қимыл –қозғалыспен  көрсетеді. «бүйек беті  қызарған» сөздерін  қайталайды. Педагогті балалар  мұқмят тыңдайды,  тапсырмаларды  орындайды. ­Балалар, әркім өзінің үлестірмелі материалында «Бауырсақтың»  жолын салсын. ­«Бауырсақ» неге, кімге ұқсайды? ­деп, шар тәрізді заттарды  көрсетуге бастайды. Педагог : ­Әже «бауырсақты»қалай иледі? ­Оқтаумен қалай жайды? Педагог ермексаздыалақан  арасына салып, домалақтау  тәсілімен айналдырып, одан кейін  екі алақанымен қысып жалпақтап,  «Бауырсақтың» келбетін  келтіреді. Қоңыр моншақпен – көз, есілген  жолақшамен – ауыз, мұрын  орнатып, мұсінді кәдімгі  «Бауырсаққа» ұқсатып  келбеттендіреді. Дайын  «Бауырсақты» салынған жолға  тұрғызады. Енді балалар кейіпкерді өздері  сомдауға кірісті.  Педагог балалармен жеке жұмыс  жүргізеді. Балалар ермексазды  алақан арасына  салып, домалақтау  тәсілімен  айналдырып, одан  кейін екі алақанмен  қысып жалпақтап,  «Бауырсақтың»  келдетін  келтіреді.Қоңыр  моншақпен көзін,  есілген жолақшамен  аузын, мұрнын  орнатады. Рефлексиялық­  түзетушілік Балалардың қалауымен педагог  «Бауырсақ» ертегісін балалар  өздері жасаған бауырсақтармен,  дайын ойыншық  кейіпкерлермен,қойылым түрінде  көрсетеді. Балалар өздері  мүсіндеген  «Бауырсақтарды»  жолмен  жүгіртіп,ертегіні  қайтадан қояды. Күтілетін нәтижелер: ­ермексазды алақан арасына салып домалақтау және жасаған мүсіндерін  қойылымға қосуды жасайды. ­«Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлерді таниды және аттарын атағанда  түсінеді. ­жасаған мүсіндерді талапқа сай болу үшін басқа қосымша құрал­  жабдықтарды қолданады.

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу

Мүсіндеу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.05.2019