Мұстафа Шоқай мұралары оқу-тәрбие үрдісінде
Оценка 5

Мұстафа Шоқай мұралары оқу-тәрбие үрдісінде

Оценка 5
Занимательные материалы
doc
чтение +1
Взрослым
14.03.2017
Мұстафа  Шоқай мұралары оқу-тәрбие үрдісінде
Қазақ халқының тарихы мен тағдырында Сыр өңірінің тумасы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың алатын орны ерекше. Туған жерінің азаттығы, жарқын болашағы үшін күрескен, ел қорғаны болған Мұстафа Шоқай сынды зиялы азаматтардың тарихтағы орнын, олар бастаған Алаш қозғалысының тарихи маңызын тереңінен зерттеудің жас ұрпақты отаншылдық сезімге тәрбиелеуде маңызы зор.
Шокай макаласы.doc
Мұстафа  Шоқай мұралары оқу­тәрбие үрдісінде.  М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі  Тарих пәнінің оқытушылары: Бегалиева Н.   Ә.Бөкейханов,                  Еліміздің тәуелсіздік алуы бұрын аттарын айтуға қорқатын біртуар азаматтарды халқымен қайта табыстырып, олардың сыр мен жұмбаққа толы өмірлерінің құпиясын  ашуға мүмкіндік берді.                   Қазақ   халқының   тарихы   мен   тағдырында   Сыр   өңірінің     тумасы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың    алатын орны ерекше. Туған жерінің азаттығы, жарқын болашағы үшін күрескен, ел қорғаны болған Мұстафа Шоқай сынды  зиялы азаматтардың тарихтағы орнын, олар бастаған Алаш   қозғалысының     тарихи   маңызын   тереңінен   зерттеудің   жас   ұрпақты отаншылдық   сезімге   тәрбиелеуде   маңызы   зор.   М.   Шоқай   есімі,   мұрасы, Қазақстанның төл тарихынан, түрік әлемі және дүние жүзілік тарихтан орын алуға тиіс.         Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Ұлт­азаттық қозғалысының   басшылары   М.Шоқай,   А.Байтұрсынов, М.Дулатов,   Ж.Ақпаев,   М.Тынышбаев,   Б.Қаратаев,   Халел   және   Жанша Досмұхамедовтар   және   басқалар   –   негізінен   Петербург,   Мәскеу,   Варшава, Қазан, Омбы мен Орынбор жоғары оқу орындары, училищелерінің түлектері»­ деп, алаш қайраткерлерінің интелектуалдық әлеуетіне баға берген еді. Алаш автономиясының Ұлттық Кеңесінің Құрамына 15 адам сайланса, оның ішінде Сырдария облысынан Алаштың ұлы перзенті Мұстафа Шоқай да бар./2.156­ 157 б/         Азаматтық міндетін ең жоғары адамгершілік деңгейде орындап, бірақ көзі тірісінде соның түпкілікті нәтижесін көре алмай өмірден өкініште өткен бұл қайраткерді бүгінгі отандастары қалай түсініп,  бағалауы керек?              Біздің түсінігімізше, М. Шоқай өнегісінің құндылығы ­ халқымыздың жүріп өткен жолын, әсіресе ХХ ғасырдағы тағдырын жаңа тарихи контексте қорытуға, сол арқылы бүгінгі жағдайымызды, ұлттық мүддемізді тура және жаңа   сапада   түсінуге   түрткі   болуында.   Ал   жаңа   тарихи   контекст   дегенде алдымен ойға оралар ғылыми және тарихи ұғым ­ «Түркістан» немесе «Түркі елі»   идеясы.   Олай   дейтініміз   Мұстафа   Шоқайды   тек   қазақ   жұртына   ғана таңып, оның қызметін бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның тарихи мүддесімен ғана байланыстырар болсақ онда Мұстафа Шоқай феноменін, ол көтерген мәселені дәл басып түсіндіре алмаушылыққа ұрынған болар едік.    Өйткені М. Шоқай Қазақстан тәуелсіздігін Түркістанды көне замандардан бері атамекен еткен басқа халықтардың тәуелсіздігінен бөліп алып  қараған емес. М. Шоқай үшін Түркістан   тұтастығы   мен   Түркістан   еркіндігі   егіз   ұғымдар.   Ал   ресейлік езгіден   құтылу   ­   Түркістан   халықтарына     біртұтас   тәуелсіз   мемлекеттер федерациясын құруға жол ашумен бірдей.        Мұстафа Шоқайұлы ХХ ғасыр басындағы ұлт­азаттық және әлеуметтік қайта жаңғыру үшін басталған қозғалыстың көш бастаушыларының   бірі еді. Сондықтан да ол соңынан империялық зорлыққа қарсы көтерілгендігі үшін қуғын   сүргінге   ұшыраған   қайраткерлердің   үлесіне   тиген   тағдыр   тақсіретін бөліседі.       Сонымен   бірге,   кез   келген   ірі   қоғамдық­саяси   қозғалыс   басшыларының әрқайсысының   мүмкіншіліктеріне   сай   атқарған   міндетіне   байланысты қозғалыс тарихында алатын орны болмақ. Мәселен, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Мыржақып Дулатұлының ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт­ азаттық   қозғалысты,   оның   жиынтық     көрінісі   болған   Алаш   қозғалысын теориялық және ұйымдық тұрғыдан даярлаудағы рөлі ерекше және оны бұл қозғалысқа атсалысқан басқа қайраткерлердің орнымен шатыстыру қиын. Сол сияқты Түркістан халықтарының, қазақ жұртының  ХХ ғасырдағы ұлт­азаттық қозғалысы тарихында Мұстафа Шоқайұлының да тек өзіне тиесілі орны бар.      Алаш немесе ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі ұлт­азаттық қозғалыстың бірден   көзге   ілінер   екі   кезеңі   болады.   Бірі   шамамен   1905   жылдан   бастап Алашорда  өкіметі  құрылған 1917  жылдың  желтоқсанына  шейінгі  аралықты қамтыса,   екіншісі   азамат   соғысы   және   кеңестік   билік   біржола   орнаған уақыттан бастап, 20­30 жылдардағы Алаш зиялыларын жазалау мақсатында ұйымдастырылған   сот   үрдістерімен   аяқталады.   Мұстафа   Шоқайұлы   ұлт­ азаттық қозғалыстың бұл екі кезеңінде де оның жетекші басшыларына лайық жұмыстар атқарады. Бұл тарихи кезеңдердің алғашқысында ол патшалық және кеңестік   билікке   қарсы   ұлттық   тәуелсіздік   туын   көтерген   Түркістан   және Алашорда   өкіметтерін   құруға   тікелей   атсалысса,   соңғысында   Еуропадағы түркістандық   эмиграцияның   басшысы   ретінде   сталиндік   тоталитарлық жүйенің Түркістандағы саясатының отарлық мазмұнын ашып көрсетіп,  өзінің жарияланған   еңбектері   мен   үздіксіз   шығарып   тұрған   басылымдары   арқылы біздің тарихымызда  бұрын болмаған жаңа  мазмұндағы  саяси қызметті бастап береді.     «Алашорда» үкіметінің тарихын оқытуға мектептегі  Қазақстан тарихы пәні бағдарламасы бойынша сағат саны өте аз бөлінген. 9­сыныптағы Қазақстан тарихы   курсының   бағдарламасына   сәйкес,   «Қазақстан   1917   жылғы   Ақпан төңкерісі кезінде» және «Қазақстан 1917 жылғы Қазан төңкерісі кезінде» атты тақырыбында   «Алаш»   партиясы,   «Алашорда»   үкіметі   туралы   берілген мағұлматтар   жеткіліксіз.   Сонымен   қатар   5­сыныпқа   арналған   «Қазақстан тарихынан әңгімелер» курсында «Алаш қозғалысы» тақырыбына 1 сағат ғана арналған.   11­сыныптың   Қазақстан   тарихы   оқулығында   «Қазан   төңкерісі қарсаңындағы Қазақстан» тақырыбында Алаш туралы мәліметтер жалпылама берілген. Сондықтан мектеп оқушыларына, арнаулы орта білім  орындарында «Алаштану»   факультативтік   курсын   ұйымдастыра   отырып,   Алаш азаматтарының   ұлтжандылығын,   күрескерлігін,   қайраткерлігін   жеткілікті деңгейде насихаттау жас ұрпақтың парызы.   М.Мәметова   атындағы   гуманитарлық   колледжінде  «Сырдың   ұлы   тұлғасы»  атты   мемлекет   және   қоғам   қайраткері   Мұстафа   Шоқайдың   125 жылдығына   байланысты   апталық   шаралар     Қазақ   елінің   жанын   берген   алаш   азаматтарының тәуелсіздігімен   азаттығы   жолында     өткізілді. аманатын кейінгі ұрпақ санасына сіңіре отырып,  олардың  бойында  өткенге құрмет көрсету, ардақтыларымызды бағалай білу қасиеттерін қалыптастыру мақсатында  төмендегі  іс шара жоспарларын ұсынып отырмыз.  № Жоспарланған жұмыстар тақырыбы, Формасы Нәтижесі мазмұны 1. 2. «Тарихтан­тағылым, өткенге­ тағзым» тақырыбында Мұстафа Шоқай  жайлы түрлі бағытта ақпараттық слайдты  лекция дайындап, өткізілуін барлық  бөлімдерде ұйымдастыру «Ұлт тағдырын ұлықтаған тұлғалар»  атты  тақырыптық­танымдық көрме  дайындау 3. Мұстафа Шоқай өмірінің барлық  қиындықтарын суреттейтін «Мұстафа  Шоқай» көркем фильмінің көрсетілімін  ұйымдастыру «Мұстафа Шоқай мұралары­оқу­ тәрбие үрдісінде» атты дөңгелек үстел  өткізу «Мұстафа Шоқай­ұлт мақтанышы»  атты колледжішілік зияткерлік­ шығармашылық сайыс өткізу 4. 5. 6. Мұстафа Шоқай мұраларының оқу­тәрбие  үрдісіндегі маңызы жайлы мерзімді  басылымдарға мақала беру Ақпараттық  слайдты  лекция Тақырыптық көрме Фильм  көрсетілімі Дөңгелек  үстел Зияткерлік­ шығармашыл ық сайыс Мақала 7. Жоспар бойынша өтілген шаралар нәтижесі негізінде тиісті орындарға ақпарат беру Ақпарат Арнайы кесте жасап, сапалы  өткізу, құжаттарын рәсімдеу Тақырыптық көрмені  студенттердің танысып,  пайдалана алуына жағдай  жасау Көркем фильмді  студенттердің көруіне  барынша жағңдай жасау Дөңгелек үстел  материалдары негізінде  әдістемелік жинақ дайындау Қатысушылардың зияткерлік  деңгейін анықтау, сайыс  жеңімпаздарын марапаттау Мақаланың сарапталып,  мерзімді басылымдарда  жариялануы Материалдар топтамасы,  сценарий, мониторинг     Жаңа әлемдегі Қазақстанның жас буынына артылар жауапкершіліктің жүгі де жоғары, ал бүгінгі күннің мұғалімдеріне қойылатын уақыт талабы одан да биік. Жас ұрпақтарды көпұлтты қоғамымызда Сыр өңірінен   шыққан қазақ зиялылары     еңбектерінің     мән­мағынасын   аша   отырып,   Отансүйгіштікке тәрбиелеу   ұстаздарымыздың   міндеті.   Нәтижесінде,   оқушылардың   ізденістік дағдыларын   жетілдіріп,   пәнге   қызығушылығын   арттырады,   ойлау   қабілетін дамытады,  жалпыдан негізгіні табу, салыстыру, жүйелеу және саралау, нақты сұрақ қою, сөйлеу мәдениетін және жан­жақты дүниетанымдық, ой­өрісі мен шығармашылық қабілетін арттырады.   Пайдаланылған әдебиеттер: 1. М.Қойгелдейов. Алаш қозғалысы, Алматы, 1996ж 2. Н.Ә.Назарбаев. Тарих толқынында. – Алматы:Атамұра, 2003, ­ 288б 3. М.Қойгелді. Әлихан Бөкейханов. Алматы:Қазақстан 4. Мұстафа Шоқай. Таңдамалы, ІІ том, А.:Қайнар, 2007ж 5. Мұстафа Шоқай. Таңдамалы, ІІІ том, А.:Қайнар, 2007ж 6. Мұстафа Шоқай. Ұлттық зиялы.//Ақиқат, 2012. №5,6­б 7. К.Нұрпейіс. Алаш Һәм Алашорда. Алматы; 1995ж 8. М.Қойгелді. Ұлттық саяси элита. Алматы: Жалын, 2004ж 9. Алаш қозғалысы, Алматы; Алаш, 2004ж

Мұстафа Шоқай мұралары оқу-тәрбие үрдісінде

Мұстафа  Шоқай мұралары оқу-тәрбие үрдісінде

Мұстафа Шоқай мұралары оқу-тәрбие үрдісінде

Мұстафа  Шоқай мұралары оқу-тәрбие үрдісінде

Мұстафа Шоқай мұралары оқу-тәрбие үрдісінде

Мұстафа  Шоқай мұралары оқу-тәрбие үрдісінде

Мұстафа Шоқай мұралары оқу-тәрбие үрдісінде

Мұстафа  Шоқай мұралары оқу-тәрбие үрдісінде
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.03.2017