мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару №1

  • docx
  • 13.05.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару №1.docx

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі

айнымалысы бар теңдеулер,

теңсіздіктер, және олардың

жүйелері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.4.2.1 мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Сабақ мақсаттары

мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Бағалау критерийлері

Мәтіндік есеп моделін құрады

Модельмен жұмыс жасайды

Есеп шартына сәйкес жауапты жазады

Тілдік  мақсаттар

Оқушылар:

-  бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын есеп шешуде қолданады;

-теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерінің шешімдерін негіздейді;

-есепті шешу жолдарына түсініктеме береді.

Пәндік лексика мен терминология

-          сызықтық/квадраттық/бөлшек теңдеулер;

-          айнымалы;

-          айнымалыны алмастыру

-          түрлендіру;

-          қосу тәсілі;

-          теңдеудің түбірлері … қиылысу нүктелері болып табылады;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

-          Теңдеулер жүйесін айнымалыны алмастыру/ қосу тәсілі арқылы ...

-          Мәтіндік есептің моделін құру үшін…

-          Белгісіз шаманы х немесе у деп білгіліейміз.

-          Алынған теңдеулер жүйесінің есеп шартына сәйкес жауаптары…

Құндылықтарды дарыту

 

 

Құндылықтарды дарыту оқушылар топтық жұмыс жасау барысында бірін-бірі құрметтеу, өзінің ойын негіздеп айт,  басқа оқушының ойын бөлісу кезінде және де өзін өзі,  өзара бағалау жұмыстарын жүргізуде академиялық адалдық құндылығы жүзеге асады.   

Пәнаралық байланыстар

Мәтін есептер қарастыру барысында жұмыс, жұмыс өнімділігі, қозғалыс есептері физика пәнімен, аудан, периметр ұғымдары қарастырылатын есептер геометрия пәнімен байланысты.

АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

 

Оқушылар сызықты емес теңдеулер жүйесінің шешу әдістерін біледі. Төменгі 7, 8 кластарда мәтіндік есептер шығарудың алгоритмімен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

 

Оқушылармен амандасу.

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға жаңа тақырып пен сабақ мақсатын айту.

Сабақ мақсатына байланысты бағалау критерийлерін көрсету.

Оқушыларға ББҮ кестесін толтырту:

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

 

Презентация

Сабақтың ортасы  

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

Ұжымдық жұмыс:

Оқушыларға сұрақтар қою:

1-сұрақ: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесінің шешудің  қандай тәсілдерін білесіздер?

Оқушы жауаптары: Айнымалыны ауыстыру; Қосу тәсілі; Графиктік тәсіл.

2-сұрақ: Әр әдістің алгоритмін сипаттап беріңіздерші.

3 сұрақ: Мәтіндік есептерді шығару неше этаптан тұрады?

Оқушы жауаптары: 1. Есеп шартының моделін құрастыру;

2. Модельмен жұмыс

3. Алынған нәтижелерді  есеп шартындағы сұраққа сәйкес  таңдау, жауапты жазу.

4-сұрақ: Мәтіндік есептердің мазмұнына байланысты қандай түрлері бар?

Оқушы жауаптары: Қозғалысқа байланысты; жұмыс өнімділігіне байланысты; геометриялық, пайыздық есептер т.б. ;

Бұл сұрақтардың  жауаптарын мұғалім оқушылармен талқылау арқылы, оқушыларға бұрынғы білімдерін естеріне түсіреді.

Жұптық жұмыс

Оқушыларға берілген сөйлемдерді оқып, екі айнымалыдан тәуелді теңдеу немесе өрнек құруды ұсыну:

1: екі натурал санның қосындысы 16-ға тең.

2: тікбұрышты  үшбұрыш периметрі 12-ге тең.

3: тікбұрышты үшбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 8 см артық.

4: екі натурал санның көбейтіндісі 28-ге тең.

5: Тәктөртбұрыш диагоналы 5 см.

6: екі таңбалы санның бірлігі мен ондығының орнын ауыстырғанда бастапқы саннан екі есе артық сан алынады.

Бағалау:

Әр жұп өздерінің жұмысын басқа жұптармен салыстырып, талқылайды. Мұғалім оқушылар жұмысын бақылайды. Қажет оқушыларға қолдау көрсетеді. Дайын жауапты тақтада көрсетіп, жұптар өздерінің жауаптарын тексереді. Мұғалімнің кері байланысы.

Ұжымдық жұмыс:

Тақтада мұғалім оқушылармен бірге 2 мысал есепті талдайды. Мәтін есептің әр бір шешу этапатарын оқушыларға көрсетеді.

Мысал – есеп №1:

1-ші комбайншы 2-ші комбайншыға қарағанда бөлінген жердегі егінді 24 сағ тезірек  орады.  Екі комбайншы бірігіп жұмыс істесе барлық егінді 35 сағ орып бітіреді. Әр комбайншы егінді жеке  неше сағатта орып бітіреді?

Мысал – есеп №2:

Екі таңбалы сан цифрларының қосындысынан 4 есе артық. Егер осы санға оның цифрларының көбейтіндісін қосса онда шыққан сан 32-ге тең. Екі таңбалы санды табыңыз.

Топтық жұмыс:

Қарастырылған мәтін есептерге ұқсас оқушыларға үш топқа үш түрлі тапсырма ұсыну. Әр топқа оқушыларды әр түрлі деңгейде отырғызу қажет (қарым-қатынас формасы бойынша саралау түрін жүзеге асыру үшін).

 №1 топ тапсырмасы: Екі бригада бірігіп жұмысты 3 сағ 36 мин бітіреді. Әр бригада жеке өзі жұмысты неше сағ бітіреді, егер 1-ші бригада үшін 2-ші бригадаға қарағанда 3 сағ артық уақыт қажет болса.  

Дескрипторлар:

1-ші бригаданың 1 сағ жұмыс өнімділігі - 1/х;

2-ші бригаданың 1 сағ жұмыс өнімділігі-1/y;

Екі бригада бірігіп 1 сағ бітіретін жұмысты өрнектейді;

Екі бригада 3сағ 36 мин бірігіп бітіретін жұмысын 1 бөлікке теңестіреді;

х-y өрнегін есеп шартына сәйкес теңестіреді;

Теңдеулер жүйесін құрады;

Теңдеулер жүйесін шешеді;

Есеп шартына сәйкес жауап жазады.

 

№2 топ тапсырмасы: Екі таңбалы сан өзінің цифрларының қосындысынан 3 есе артық. Егер берілген саннан оның цифрларының көбейтіндісін азайтса 13 шығады. Екі таңбалы санды табыңыз.

Дескрипторлар:

Санның ондығын х арқылы , бірлігін y арқылы белгілейді;

4 еселенген цифрларының қосындысын 10х+у теңестіреді;

Берілген саннан ху азайтады;

Теңдеулер жүйесін құрады;

Теңдеулер жүйесін шешеді;

Есеп шартына сәйкес жауап жазады.

 

№3 топ тапсырмасы:

Екі бригада өнімді 12 күнде жинап бітіруі керек. Олар бірігіп 8 күн істегеннен кейін бірінші бригада басқа жұмысқа ауысып, қалған жұмысты екінші бригада 7 күнде аяқтады. Осы бригадалар өнімді жеке –жеке неше күнде жинап бітірер еді.

Дескрипторлар:

1-ші бригаданың 1 күн жұмыс өнімділігі - 1/х;

2-ші бригаданың 1 күн жұмыс өнімділігі-1/y;

Екі бригада бірігіп 1 күн бітіретін жұмысты өрнектейді;

Екі бригада 12 күнде бірігіп бітіретін жұмысын 1 бөлікке теңестіреді;

Екі бригаданың 8 күнде бірігіп бітіретін жұмысы мен екінші бригаданың 7 күнде бітіретін жұмысын 1 бөлікке теңестіреді;

Теңдеулер жүйесін құрады;

Теңдеулер жүйесін шешеді;

Есеп шартына сәйкес жауап жазады.

 

Бағалау: Топтар тақтада немесе постерде өздерінің шығарған есептерін презентациялайды. Мұғалім қажет жағдайда топтарға қолдау көрсетеді, оқушылармен бірге құрылған модельдің дұрыстығын талқылайды. Оқушылар дескрипторларды және дайын жауаптарды пайдаланаып жұмыстарын өздері бағалайды. Мұғалім сындарлы кері байланыс береді.

 

 

 

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентацияя

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шыныбеков Ә. 9 кл Алгебра

https://drive.google.com/drive/folders/1x9pgrJAPvBfGlkkWnysC3u7paRMEyiQY

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ соңында оқушылар ББҮ кестесін толтырады.

Мұғалім үй тапсырмасын береді. №110, 125.

 

Шыныбеков Ә. 9 кл Алгебра

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Топтық жұмыс барысында қарымқатынас формасы бойынша, мұғалімнің жеке қолдауы бойынша, әр оқушыдан (ББҮ) жеке күтілетін мақсат бойынша саралау жүргізіледі.

Оқушылар дескрипторлар арқылы өздерін және өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылау арқылы олардың оқу жетістіктері бойынша сындарлы кері байланыс береді.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарымен оқушыларды таныстыру. Оқушылар арасында көздері нашар көретіндерді алдыңғы қатарларға отырғызу, топтық жұмыс барысында оқушылар орындарынан тұрып әр түрлі қимыл қозғалыс жасайды.  

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз

 

Жалпы баға

 

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru