Музыка
Оценка 4.7

Музыка

Оценка 4.7
Домашнее обучение
pdf
администрации
Детсад
18.05.2019
Музыка
. . . . . . . . .. . .. .. .. .. . . . .. . . .. . . . .. . . . . . .. . . . . . . . . .. . .
Muzyka_Metodika_3+_Kaz.pdf

Ф.М. Қоңыратбай, Г.А. Абдрахманова, Т.Т. Сарыбаева 

   

 

Музыка

Әдістемелік нұсқау

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші топ (3-4 жас)  педагогтеріне арналған 

 

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі ұсынған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматыкітап баспасы 2018

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыка. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші топ (3-4 жас) педагогтеріне  арналған/ Ф.М. Қоңыратбай,

Г.А. Абдрахманова, Т.Т. Сарыбаева.  – Алматы: «Алматыкітап» баспасы, 2018. – 45 бет.  

 

 

 

 

                                                                           ©   Қоңыратбай Ф.М., Абдрахманова Г.А.,                                                                                   Сарыбаева Т.Т., 2018

                                                                                 ©  «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018 ТҮСІНІКТЕМЕ

 

«Музыка» оку-әдістемелік кешені мынадай нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалды:

1.                 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа методологиялық негізін анықтайды; 

2.                 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 

2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген);

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2016 ж. 12 тамыздағы №499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр. 

ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – педагогтерге Музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде (бұдан әрі ҰОҚ) жаңа педагогтік тәсілдерін жан-жақты қолдану жөнінде бағыт-бағдар береді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында  «Музыка» сабағы бойынша мынадай мақсаты мен міндеттері анықталған:

Музыка тыңдау:        

      Дағдыларды қалыптастыру:

1)  түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау;

2)  түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, есте сақтау;

3)  пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялы көңіл күй таныту;

4)  балалар аспаптарының, музыкалық және шулы ойыншықтардың дыбысталуын ажырату;

5)  ересектердің орындауындағы және аудио-бейне үнтаспадан музыка тыңдау.

6)  түрлі қарқындағы музыканы тыңдау;       7) музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдау.

Ән айту:

1.      Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу, ересектермен бірге ән салу, аспаптың сүйемелдеуші дауысына бейімделу дағдыларын қалыптастыру.

2.      Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән салу, дыбыстарды биіктігіне қарай ажырату (октава шегінде), әуеннің басталуы мен аяқталуына мән беру дағдыларын қалыптастыру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

      Дағдыларды қалыптастыру:

1)  бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын, музыканың би сипатын игеру;

2)  әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындау;

3)  әуен сипатына үн қату, оның бөліктерінің өзгеруін байқау;

4)  жоғары және төмен дыбыстауды ажырату, оны ойын әрекеттерінде аңғару;

5)  сылдырмақтарды тыңдау және олардың дыбыстау динамикасын ажырату;       6) қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдау, бір-бірлеп, жұптаса отырып би қимылдарын орындау, жануарлардың би қимылдарын ұқсату;

7)  ойындарға, хор айтуға қатысу, таныс би қимылдарын қайталай білу.

Оқу-әдістемелік кешеніне:

-   әдістемелік нұсқау 

-   нота хрестоматиясы кіреді.

 Әдістемелік нұсқауда бір жылға арналған перспективалық жоспар және   54 ҰОҚ-ға арналған үлгі жоспарлар берілген.

 

Сабақтың құрылымы төмендегі кезеңдерден тұрады:

Бірінші кезең –  Ұйымдастыру кезеңі (жағымды эмоциялық көңіл күй қалыптастырып, сабаққа ықыласын ояту, балалардың ұсынылып отырған сабақ тақырыбын қуана қабылдауы үшін қажет);

Екінші кезең – Негізгі кезең, бұл үдеріс барысында зерттеліп отырған мәселе түсіндіріліп, балалардың бәрі сабаққа белсенді араласады;

Үшінші кезең – Қорытынды бөлім. Рефлексия, бұл кезеңде жаңадан алған білім игеріліп, реттеледі. 

     Оку-әдістемелік кешен 3-4 жас аралығындағы балалар жасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес жасалды.

Педагогке көмек ретінде балалармен сабақ жүргізуге арналған нота хрестоматиясы  әзірленді. Хрестоматияда берілген материалдар бес бөлімнен тұрады: музыка тыңдау, ән айту, аспапта ойнау, дауыс жаттығулары, музыкалық ойындар. Тыңдауға арналған материалдарда халық күйлері, әндері, классикалық шығармалардан үзінділер алынған.

«Музыка» білім беру бөлімі бойынша дайындалған осы ОӘК балалардың жан-жақты дамуына көмегін тигізіп, туындаған сұрақтардың шешімін табады деп сенеміз.           Жұмыстарыңызға жетістік тілейміз!  

 

Сіздерге құрмет көрсетіп, серіктестік қарым-қатынаста  боламыз деген сеніммен,

Авторлар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ «МУЗЫКА» 

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ

 

Екінші кіші топ

 

Ай

ы

Негізгі тақырып

Тақырыбы

Сағат саны

Мақсаты мен міндеттері

Репертуарлар

 

 

1. Біздің көңілді балабақша

Бақшаға келемін  № 1-2

   2

Балабақша туралы әңгімелеу. Бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын, музыканың би сипатын игеруге үйрету. Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдауға, ересектермен бірге ән салуға баулу. Балалардың музыкаға деген құштарлығын арттыру.

Музыка тыңдау: «Сәби қуанышы»  Е. Хасанғалиев.

Ән айту: «Топ-топ, балақан»  М. Арынбаев, А. Асылбек.

 Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Достастық» беларус халық әуені, Р. Рустамов.

 «Кел, балақан» К. Қуатбаев, А. Асылбек.

Менің добым 

 № 3-4

   2

Пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялық көңіл күй таныта білуге, дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салуға дағдыландыру. Допты қолдана отырып әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету. 

Музыка тыңдау: «Құлыншақ»  Қ. Шілдебаев, И. Сапарбай.

Ән айту:  «Доп» Б. Қыдырбек, А. Асылбек.  «Топ-топ, балақан» М. Арынбаев, А. Асылбек (қайталау).

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Жүгіреміз» Г. Фрид. «Доптармен жаттығулар»  А. Жилинский (тәрбиешінің көрсетуімен).  «Өз түсіңді тап» ойыны Г. Омаров.

Біздің қуыршақ

№ 5-6

    2

Қуыршақ ойыншықтары арқылы  балалардың қызығушылығын арттыру. Түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, есте сақтау; әуен

Музыка тыңдау: «Кір қуыршақ»  И. Нүсіпбаев, Ж. Қашқынов. 

Ән  айту: «Көңілді қуыршақтар» Г. Жотаева.

«Доп» Б. Қыдырбек, А. Асылбек (қайталау.)

 

 

 

 

 

сипатына үн қату, оның бөліктерінің өзгеруін байқау; ересектермен бірге ән салуға үйрету. Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға, әдептілікке тәрбиелеу.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: 

«Балдырғандар маршы»  К. Қуатбаев.

«Қуыршағым-ай» («Билеп үйренейік» жинағынан).

«Кел, балақан»  К. Қуатбаев, А. Асылбек.

 

2. Алтын күз  

 

Бұл қай кезде болады?  № 7-8

  2

Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беру; түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау; аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру. Әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету.

 

Музыка тыңдау: «Күз - жомарт»  Д. Ботбаев, Е. Өтетілеуұлы.

Ән  айту: «Күз келді» А. Досмағамбетова.

«Көңілді қуыршақтар» Г. Жотаева (қайталау). Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:   

«Күзгі жапырақтар биі» (Вальс) А. Аренский.

«Қуыршағым-ай» («Билеп үйренейік» жинағынан)

(қайталау);

 «Жапырақтардың түсін ажырат» (педагогтің таңдауы бойынша).

 

 Көңілді жаңбыр 

 № 9-10

  2

Музыканы есту, сезіну қабілеттерін дамыту. Сабырлы, жай сипаттағы аспапта орындалған пьесаны тыңдау, есте сақтауға үйрету; әннің көңіл күйін, мазмұнын түсінуге үйрету; дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салуға баулу; музыканың би сипатын игеру.

Музыка тыңдау: «Күз» С. Кибирова. Ән айту:  «Жау, жаңбыр» Т. Сарыбаева,  А. Асылбек.

 «Күз келді» А. Досмағамбетова (қайталау). Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: 

«Қолшатырлар биі» (музыка жетекшісінің таңдауымен).

«Күзгі жапырақтар биі» (Вальс)  А. Аренский (қайталау).

«Күн мен жаңбыр» 

(Муз-дидактикалық  ойындар жинағынан).

 

 Торғайлар

 № 11-12

  2

Балаларға күз мезгіліндегі құстардың іс-әрекеті туралы түсінік беру. Түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, есте сақтауға, әуен

Музыка тыңдау: «Құстар жем шоқиды»  Е. Тиличеева.

Ән айту:  «Торғай» А. Райымқұлова.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Қолшатырлар биі» (қайталау).

 

 

 

 

 

сипатына үн қатуға  баулу. Аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру. Құстарға қамқорлық жасауға шақыру.

 «Мысық пен торғайлар»  ойыны.  «Құстар» Л. Банников.

3.

Ойыншықтар

дүкені

Қызыл, жасыл, көк шар № 13-14

   2

Көңілді сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдауға,  ересектермен бірге қосыла ән салуға үйрету. Жоғары және төмен дыбыстауды ажырата білуге, балалар шулы аспаптары бубен, сылдырмақ  дыбысталуы динамикасын ажыратуға үйрету.

Музыка тыңдау: «Қуанамын» М. Ержанов, өңдеген А. Исакова.

Ән айту:  «Шар»  Б. Дәлденбай, Ж. Әбдрашев.

 «Торғай» А. Райымқұлова (қайталау).

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Марш» М. Раухвергер.

 «Кішкентай би» Н. Александрова. 

«Музыкалық аспаптар дүкені» ойыны.

 

Сылдырмақтар

әуені  № 15-16

 

2

Ересектердің орындауындағы әнді мұқият тыңдауға, әндегі жоғары және төмен дыбыстауды ажыратуға баулу; аспаптың сүйемелдеуімен бірге қосылып әнді орындау, сылдырмақта дыбысталу динамикасын еске сақтауға, ажырата білуге үйретуді жалғастыру.

 Музыка тыңдау: «Сылдырмақ»  Е. Хасанғалиев, А. Асылбек.

Ән айту:  «Сылдырмақ»

 А. Тоқсанбаев, И. Сапарбай.

«Шар» Ж. Әбдірашев, Б. Дәлденбаев (қайталау). Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:  «Кішкентай би» Н. Александрова (қайталау); «Сылдырмақпен ойын» Б. Дәлденбаев.

 

Мерекелік ән мен би

№ 17-18

 

 

2

Шығарманы соңына дейін тыңдауға, пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялық көңіл күй танытады; бірдей қарқында ән салуға, бірінің артынан бірі жүру барысында ырғақты және музыканың би сипатын игере жүруге үйрету. Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.

Музыка тыңдау: «Шашу» Е. Брусиловский. Ән айту:  «Мерекелік ән мен би»  Е. Хасанғалиев, А. Асылбек.

« Сылдырмақ» А. Тоқсанбаев, И. Сапарбай (қайталау).

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:   

«Марш»  М. Робер.

 «Сылдырмақпен ойын» Б. Дәлденбай.

 

 

4. Алғашқы ақша қар

 Шыршамызға арнаймыз № 19-20

   2

Музыка сипаты арқылы табиғат ерекшеліктеріне көңіл бөлу, қыс мезгілі туралы түсіндіру; ересектердің орындауындағы әнді тыңдап, сезіне білуге үйрету; аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру; вальс әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындау; музыкаға қызығушылығын ояту.

Музыка тыңдау:  «Жаңа жыл» Қ. Шілдебаев.

 

Ән айту:  «Арша»  Б. Қыдырбек, И. Сапарбай.

 

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Жаңа жыл» Б. Бейсенова (үнтаспада)

«Ақшақарлар» биі  (Вальс)  П. Чайковский 

 «Қар лақтыру» («Балалар полькасы»)  А. Жилинский

 

Аққала

№ 21-22

 

   2

Көңілді сипаттағы әннің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау, әуен сипатына үн қату, оның бөліктерінің өзгеруін ажыратып, би қимылдарын орындау; дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салуға баулу; музыканы тыңдауға, ырғақты сезіне білуге үйрету.

Музыка тыңдау: «Ақша қар»   К. Қуатбаев, Қ. Ыдырысов.  

Ән  айту: «Аққала»  Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев.

«Арша» Б. Қыдырбек, И. Сапарбай (қайталау) Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Полька» В. Косенко.

«Ақшақарлар биі» (Вальс) П. Чайковский (үйретуді жалғастыру).

 «Сиқырлы таяқша» ойыны (музыкасы педагогтің таңдауымен).

 

Қысқы әуен

№ 23-24

   2

Музыканы тыңдау, есте сақтау, ән айту қабілеттерін жетілдіру; әнді тыңдап, аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру; ересектермен бірге ән салуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету; балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.

Музыка тыңдау: «Шырша» Ж. Мұхамеджанов.

Ән  айту. «Аязата» Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев.

«Аққала» Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев (қайталау). Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Полька» Б. Сметана (қайталау). 

«Ақшақарлар биі» (Вальс) П. Чайковский (қайталау).

«Қар лақтыру» ойыны («Балалар полькасы»)  А. Жилинский.

 

 

5. Қысқы орман әуендері

 

 Қоянда қонақта

№ 25-26

 

 

 2

Көңілді сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, есте сақтау; әуен сипатына үн қату және оның бөліктерінің өзгеруін байқай білуге дағдыландыру; әндерді аспаптың сүйемелдеуімен бірге орындай білуге үйрету; жануарлардың қимылқозғалысын би қимылдарында көрсете білу.

 

Ән тыңдау. «Қояндар» Е. Тиличеева.

Ән айту: «Ақ қоян»  Б. Аманжол, Н. Жанаев.

«Аязата» Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев (қайталау). Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Қояндар биі» Ж. Оффенбах.

«Қояндар мен аю» («Қояндар маршы») А. Райымқұлова.  

 

Ақ тиін

№ 27-28

 

2

Пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялық көңіл күй таныта білуге, музыкалық сүйемелдеумен бір қарқында ән салуға баулу; жұптаса отырып ырғақты сезіне би қимылдарын орындауға үйрету. Музыкалық қабілеттерін әрі қарай дамыту.

Музыка тыңдау: «Полька» Б. Сметана.

Ән айту: «Ақ тиін» Ә. Бейсеуов, Н. Жанаев. 

 

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: 

«Көңілді би» Ө. Байділдаев.

 «Кім епті?»  Н. Ладухин.

 

Көңілді достар

№ 29-30

 

2

Түрлі қарқындағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, ажырата білуге үйрету; әнді  бірге бастап, қосыла айтуға, сылдырмақтарды тыңдау және олардың дыбыстау динамикасын ажыратуға баулу.

Музыка тыңдау: «Не қалай дыбыстайды?»

(«Қасқыр», «Аю, «Түлкі») Д. Ботбаев, А. Асылбек.

Ән айту: «Ақ тиін» Ә. Бейсеуов, Н. Жанаев.

«Ақ қоян»  Б. Аманжол, Н. Жанаев (қайталау).

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Балдырғандар маршы» К. Қуатбаев. 

«Қояндар мен аю» ойыны («Қояндар маршы») А. Райымқұлова.

 

6. Отбасым

 

Ақ әжем

№ 31-32

2

Шығарманы тыңдап, сипаты мен мазмұнына эмоциялық көңіл күй танытуға, музыкалық сүйемелдеумен әнді соза, әуенімен айтуға үйрету; жұптаса отырып би қимылдарын

Музыка тыңдау: «Әй-әй бөпем»  (халық әні, Қ. Шілдебаев).

Ән айту:  «Ақ әжем» К. Қуатбаев, О. Әубәкіров. 

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Биге шақыру» А. Тоқсанбаев. 

 

 

 

 

 

орындауға, ұрмалы-шулы аспаптардың дыбысталуын ажыратуға және атауға үйрету. Әжелерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

«Тайтұяқ пен асатаяқ» 

А. Райымқұлова, А. Асылбек.

 

Әй-әй ата

№ 33-34

 

2

Халық әуенін  тыңдап, көңіл күйін қабылдау; әнді музыкалық сүйемелдеумен бір қарқында орындауға үйрету; таныс би қимылдарын қайталау. Отбасы мүшелеріне сыйластықпен қарауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Музыка тыңдау: «Хайләйлім» халық әні, өңдеген Б. Дәлденбай.

Ән айту:  «Әй-әй ата» Ө. Байділдаев, Ж. Смақов. 

«Ақ әжем»  О. Әубәкіров, К. Қуатбаев (қайталау) Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Биге шақыру» А. Тоқсанбаев (қайталау).  «Кім шапшаң?» ойыны («Балалар биі»)  А. Майкапар.

 

Анашым 

№ 35-36

 

2

Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдау; әуеннің басталуы мен аяқталуына мән беріп, бірге ән салуға үйрету; би қарқынын өзгерте отырып ырғақты сезіне қимылдауға үйрету.

Анасына сүйіспеншілігін арттыру.

Музыка тыңдау:

«Ақ мамам» Е. Хасанғалиев, А. Асылбек. Ән айту:  «Мерекеңмен, анашым»  Б. Қыдырбек, И. Сапарбай. 

«Ақ әжем» О. Әубәкіров, К. Қуатбаев (қайталау). Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Жай және жылдам» Е. Хасанғалиев, А. Асылбек.

«Гүлдермен би» Т. Вилькорейская.  «Кім шапшаң?» ойыны («Балалар биі»)  А. Майкапар. 

 

7. Наурыз – мереке

 

Шуақты көктем № 37-38

 

 

2

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін, музыка ырғақтарымен байланысын түсіндіру; үнтаспадан музыка тыңдау, есту қабілеттерін арттыру; ұлттық би элементтерінің қарапайым түрлерін орындауға үйрету, вальс екпініндегі би қимылдарын үйретуді жалғастыру; музыкалық сүйемелдеумен және

Музыка тыңдау: Үнтаспадан құстардың дауысын  тыңдау.

Ән айту: «Көктем» К. Қуатбаев, А. Асылбек. «Мерекеңмен, анашым» Б. Қыдырбек,  И. Сапарбай.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: 

 «Марш» Е. Брусиловский.

«Гүлдермен би» Т. Вилькорейская (қайталау).

 

 

 

 

 

сүйемелдеусіз сипатына сай ән салуға және ойындарға  таныс би қимылдарын  қолдана білуге үйрету.

«Балалар мен жаңбыр» ойыны. 

(«Жаңбыр») Г. Абдрахманова.

«Полька») П. Чайковский. 

Наурыз-думан

№ 39-40

 

2

Наурыз мерекесі туралы, қазақтың салт-дәстүрі жайында түсінік беру; әнді бірге бастап, бірге аяқтауға, табиғи дауыспен айтуға, таныс би қимылдарын қайталай білуге үйрету; ойын арқылы музыкалық ұрмалы аспаптардың дыбыстау динамикасын ажыратуға баулу.

 

Музыка тыңдау: «Бауырсақ»  Ә. Бейсеуов, Н. Арынова.

Ән айту: «Наурыз» А. Досмағамбетова,  орыс тіліне ауд. В. Франк. 

«Көктем» К. Қуатбаев, А. Асылбек (қайталау). Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Хош келдің, төрлет, наурызым!» әні (үнтаспада)  Б. Бейсенова.

«Би» Л. Хамиди.

«Гүлдермен би» Т. Вилькорейская (қайталау).

 

Әдемі көбелек 

№ 41-42 

 

 

2

Музыкалық шығарманы тыңдап, эмоциямен қабылдауға; дыбыстарды биіктігіне қарай ажыратып, музыкалық сүйемелдеумен  әнді хормен айтуға баулу; қимыл қарқынын өзгерте отырып, ырғақты сезіне жеңіл билеуге үйрету.

Музыка тыңдау: «Вальс» (үнтаспадан музыка жетекшісінің таңдауымен).

Ән айту: «Көктем»  К. Қуатбаев, А. Асылбек.

«Наурыз» А. Досмағамбетова. 

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Көбелек» М. Жәутіков («Билеп үйренейік» жинағынан).  «Гүлдермен би» Т. Вилькорейская (қайталау). «Гүлзардағы көбелектер» (музыкасы педагогтің таңдауымен).

 

8. Сиқырлы әлем

Не қалай дыбыстайды?

№ 43-44 

2

Әртүрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдап, ажыратуға; ауыспалы  ән сипатын ажырата білуге, хормен ән айтуға дағдыландыру; музыка сипатына сәйкес  еркін қимылдауға, үй жануарларының

Музыка тыңдау: «Төлдерді шақыру»  Д. Ботбаев, А. Асылбек.

Ән айту: «Төлдер» Б. Ғизатов, Е. Өмірбеков.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Төрттаған» Б. Дәлденбай. 

 «Төлдердің анасын тап» («Муз-дидактикалық

 

 

 

 

 

қимылдарын көрсете білуге үйрету.

ойындар» жинағынан).

 

Аспаптар әлемі

№ 45-46

2

Музыкалық ойыншық аспаптардың (барабан, бубен, қоңырау) дыбыс шығаруын ажырата білуге; әннің мазмұнын түсініп, музыкалық сүйемелдеумен  «ре-ля» бірінші октавасының диапазонында ән салуға үйрету; бір-бірлеп би қимылдарын жасауға, әуен ырғағына, мәтініне сай ойыншықтар мен қуыршақтарды таныс би қимылдарын орындауға үйрету.

Музыка тыңдау: «Барабан»  Г. Левкодимов. Ән айту:  «Ойыншықтар» И. Нүсіпбаев, Н. Әлімқұлов.

«Төлдер» Б. Ғизатов, Е. Өмірбеков (қайталау).

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Марш» Е. Брусиловский.

 «Кімнің жүгіргісі келеді?» Л. Вишкарева.

«Музыкалық аспаптар дүкені» 

Муз-дидактикалық  ойындар» жинағынан).

 

 

Кәне, қызық ойын бар № 47-48

2

Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға дағдыландыру; шығарманың көңілді сипатына сәйкес сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ән салуға үйрету; музыка  ырғағына сай жұптаса отырып би қимылдарын орындауға баулу, көңіл күй, шаттық сезімін ояту.

 

Музыка тыңдау: «Мәшине» К. Қуатбаев,  Т. Тұяқбаев.

Ән айту:  «Кәне, қызық ойын бар» (эстон халық әуені, сөзін жазған Ю. Энтин, ауд. И. Сапарбай). 

«Ойыншықтар» И. Нүсіпбаев, Н. Әлімқұлов. Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: 

«Бөбектер биі» К. Қуатбаев.

 «Жай және жылдам» Е. Хасанғалиев, А. Асылбек.

 

9. Би билеп, ән салайық

 Қуыршақ

Айжанмен

билейміз

 

№ 49-50

2

Баяу, жай сипаттағы әннің мазмұны мен көңіл күйін, қарқынын тыңдап ажыратуға, әнді дыбыстардың биіктігіне қарай хормен орындауға баулу; би қимылдарының қарқынын өзгерте отырып мәнерлі билеуге дағдыландыру.

Музыка тыңдау: «Бесік жыры» Ж. Тұрсынбаев, Е. Өтетілеуұлы.

Ән айту:  «Қайсы екен?»   Б. Дәлденбай, А. Меңжанова. 

«Кәне, қызық ойын бар» (эстон халық әуені, сөзін жазған Ю. Энтин, ауд. И. Сапарбай) қайталау. Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Түсті шашақпен би» А. Жилинский.

«Бөбектер биі» К. Қуатбаев (қайталау).

 «Жай және жылдам» 

 

 

 

 

 

 

А. Асылбеков, Е. Хасанғалиев.

 

Көңілді би

№ 51-52

2

Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдап, еске сақтауға; ән айту барысында  шығарманың көңілді сипатына сәйкес сүйемелдеумен ән салуға үйрету;  көңілді әуенге жұптаса отырып би қимылдарын орындауға баулу.

Музыка тыңдау: «Илигай» халық әні, өңдеген  Б. Дәлденбай.

Ән айту:  «Біз бақытты баламыз»  А. Айтуова.  «Қайсы екен?»  Б. Дәлденбай, А. Меңжанова (қайталау). Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Кел, билейік» Ө. Байділдаев («Билеп үйренейік» жинағынан). 

«Түсті шашақпен би» А. Жилинский (қайталау).

«Пойыз» К. Қуатбаев, Ж. Смақов.

 

Ғажайып сылдырмақтар

№ 53-54

2

Көңілді әуенді тыңдап, сипатын анықтай білуге, дыбыстарды биіктігіне қарай ажырата отырып хормен бірге қосыла ән айтуға; жұптаса отырып таныс би қимылдарын өз беттерінше орындауға үйрету; көңілді сипаттағы әуенді ойын арқылы музыкаға қызығушылығын арттыру.

Музыка тыңдау: «Латыш халық әні»  А. Жилинский.

Ән айту: «Біз бақытты баламыз»  А. Айтуова.

Таныс әндерді еске түсіру, қайталау. 

«Қайсы екен?» Б. Дәлденбай, А. Меңжанова.

«Ойыншықтар» И. Нүсіпбаев, Н. Әлімқұлов.  Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Кел, билейік» Ө. Байділдаев («Билеп үйренейік» жинағынан). 

«Балалар биі» А. Майкапар.

 

 

Барлығы

54

 

 


 

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЛАРЫ 

 

№ 1-2  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Бақшаға келемін

Мақсаты: Балабақша туралы түсінік беру, әңгімелеу. Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдауға, ересектермен бірге ән салуға баулу. Бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын, музыканың би сипатын игеруге үйрету. Балалардың музыкаға деген құштарлығын арттыру. Күтілетін нәтижелер: жасайды:   билейтін әуендерге сәйкес қарапайым қимылдар орындайды;

         түсінеді:   әннің сипатын сезінеді;           қолданады:   ересектермен бірге ән салады.

Көрнекіліктер: балабақша өмірі туралы суреттер, нота хрестоматиясы

Сөздік жұмыс: ойнақы – көңілді

Билингвальді компонент: балабақша – детский сад

 

ҰОҚ барысы 

1.  Ұйымдастыру кезеңі

Музыка залына көңілді музыка әуенімен қарсы алу.

Шеңбер бойымен жеңіл әуенге ілесіп аяқтың ұшымен жүгіруді, серіппелі қозғалыс жасау, айналуды ұсынады.

          Қанша бала, қанша қыз,

          Бір шоқ гүлміз баршамыз!           Ойын-күлкі ордасы

          Біздің балабақшамыз!

 

– Балалар, өлеңде не туралы жазылған? 

2.  Негізгі кезең

  Біз балабақшада не істейміз?

  Балабақша сендерге ұнай ма?  

Сұрақ арқылы балалардың жауап беруіне мүмкіндік жасау. 

Музыка тыңдау: «Сәби қуанышы»   (Е. Хасанғалиев)

  Балалар, музыка көңілді ме, көңілсіз бе? Бұл музыкаға қандай қимыл жасауға болады? 

Шығарманың көңілді мазмұнына эмоциялық көңіл күй танытады.

Ән айту. «Топ-топ, балақан»  (М. Арынбаев, А. Асылбек)

Ән айту кезінде иықты көтермей, денені тік ұстап айтуға дағдыландыру. Алдымен мәтінін үйреніп, әуенді анық айтуға үйрету. Әннің сипаты, мазмұны туралы түсіндіру. Әннің бірінші шумағын үйреніп, екінші шумағын келесі ҰОҚ-та жалғастыру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Достастық» беларус халық әуені Би сипатын сезіне орындауға үйрету. Педагогтердің көрсетуімен би қимылдарын қайталауға, бірге жасауға үйрету.

Муз-дидактикалық  ойын: «Кел, балақан»  (К. Қуатбаев)

Ән-ойын мәтініне сай жай және қатты шапалақтау, аяқ топылдату арқылы динамикалық реңкті ажыратуға үйрету.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия. – Қандай ән тыңдадыңдар? 

  Әннің сипаты қандай екен? 

  Балабақшадағы достарың туралы не айта аласыңдар? 

Балалардың орындаған ән-би әрекеттері туралы айтып мадақтау.  Қоштасып, көңілді шығарып салу.

 

 

№ 3-4  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары 

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Менің добым

Мақсаты: Пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялық көңіл күй таныта білуге, дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салуға дағдыландыру. Допты қолдана отырып әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

 жасайды: би әуендеріне сәйкес қарапайым қимылдар орындайды;

          түсінеді: таныс әндерді біледі;           қолданады: сипатын сезініп, бірдей қарқында ән салады.

Көрнекіліктер: бала саны бойынша доптар, нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс:  ширақ

Билингвальді компонент: доп – мяч

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі     

Балаларды көңілді қарсы алады. Шеңбер бойымен музыкаға ілесіп жеңіл жүгіруді ұсынады. «Жүгіреміз»  музыкасы.

 

2.  Негізгі кезең

          Шаршамайсың, шалдықпайсың, доп, қалай?           Секіресің, секеңдейсің тоқтамай.

          Асыққанда арықтан да аттайсың,

          Бірақ түссең, батпайсың. (Р. Тышқанбаев) Балаларға доптар таратылады.

Музыка тыңдау: «Құлыншақ»  (Қ. Шілдебаев, И. Сапарбай)

Әнді тыңдап, сипатына, екпініне мән беруге, мазмұнын түсінуге үйрету. Эмоциялық көңіл күйлерін, қызығушылықтарын ояту.

Ән айту: «Доп» (Б. Қыдырбек, А. Асылбек). Әнді орындап, мәтіні туралы әңгімелеу. Екінші ретінде әннің әуеніне қосылып айтуға, сөздерін таза айтуға үйрету. Ән  айту ережелерін еске салу

«Топ-топ, балақан»  (М. Арынбаев, А. Асылбек) әнін  қайталау, еске түсіру. 

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Доптармен жаттығулар» (Г. Фрид)  (тәрбиешінің көрсетуімен). Ырғақты сезіне, допты қолдана көрсетілген би қимылдарын қайталау.

 «Өз түсіңді тап» ойыны.   

Шарты: 3 топқа бөлініп, 3 түрлі шарлар немесе ленталар ұстайды. Ортаға шарлардың түстеріне сәйкес түске боялған  құрсаулар қойылады. Музыка ойналғанда балалар жеңіл жүгіреді, аяқталғанда әрқайсысы шарларының түстеріне сәйкес құрсауға жиналуы қажет.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

 Доп  «секіреді», «домалайды», «жүгіреді» қимылдарын пысықтау, таныс әндерді еске түсіру. Қорытындылау, мадақтау.

 

№ 5-6 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

 

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Біздің қуыршақ

Мақсаты: Қуыршақ ойыншығы арқылы  балалардың қызығушылығын арттыру. Сабырлы сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, есте сақтау; әуен сипатына үн қату, оның бөліктерінің өзгеруін байқай білуге, ересектермен бірге ән салуға үйрету.

Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға, әдептілікке тәрбиелеу.  Күтілетін нәтижелер: жасайды:   ырғақты сезіне би қимылдарын қайталайды; түсінеді: әндердің сипатын, мазмұнын және көңіл күйін  түсінеді;

          қолданады: ересектермен қосыла ән орындайды.

Көрнекіліктер: қуыршақтар, нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс: ойыншық, қуыршақ Билингвальді компонент: қуыршақ – кукла

 

ҰОҚ барысы 

1.  Ұйымдастыру кезеңі

«Балдырғандар маршы»  ойналып, балалар педагогтің көрсетуімен әуенді қимылқозғалыстарды бірге қайталайды. 

Шеңбер бойымен жеңіл әуенге ілесіп аяқты нық басып жүруге, серіппелі қозғалыс жасау, айналу т.б. қарапайым би қимылдарын қайталауды ұсынады.

 

2.  Негізгі кезең

Балалардың назарын үстел үстіндегі қуыршаққа аударады.      Жуын, жуын, жуынсақ,     Қандай жақсы, қуыршақ!     Әйтпегенде, бөпешім,     Кірлеп кеткен екенсің.

    Қазір аппақ баласың,

    Қуанады анашың. ( М. Жаманбалинов)

Музыка тыңдау. «Кір қуыршақ» (И. Нүсіпбаев, Ж. Қашқынов) 

Әннің мазмұнын, сипатын түсіндіру. Балалармен тазалық туралы әңгіме өткізу.  

Ән  айту: «Көңілді қуыршақтар» ( Г. Жотаева) 

Әнді орындап беріп, әуенін ересектермен бірге қосыла айтуға үйрету.

«Доп» (Б. Қыдырбек, А. Асылбек) әнін еске түсіру, қайталау. Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Көңілді қуыршақтар биі»  («Билеп үйренейік» жинағынан). 

Қуыршақтарды ұстап, би қимылдарын орындауға үйрену. Әуеннің көңілді сипатына сай ширақ қимылдауын, мәнерлі билеуін қадағалау.  Кел, балақан»  (К. Қуатбаев, А. Асылбек) Ән-ойынды еске түсіру, пысықтау.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия 

Педагог оқу қызметіне белсене араласқан балаларға мақтау айтады, мадақтайды.

 

 

 

 

№ 7-8  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

 

            

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Бұл қай кезде болады?

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беру; түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау, аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысына бейімделу дағдыларын қалыптастыру. Әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

          жасайды: әуенге сәйкес қарапайым би қимылдарын орындайды;           түсінеді: әннің көңіл күйін  қабылдайды;           қолданады: аспаптың сүйемелдеуімен ән айтады.

Көрнекіліктер: түрлі түсті жапырақтар; түрлі түсті құрсаулар, нота хрестоматиясы. Сөздік жұмыс: күз мезгілі, атырап

Билингвальді компонент: күз – осень, жапырақ – листья

 

ҰОҚ барысы  

1.  Ұйымдастыру кезеңі       

Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беру; суреттер көрсету арқылы табиғат құбылыстары туралы әңгімелеу.

 

2.  Негізгі кезең

       Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз        Дүкендерге түседі.        Алма, алша, жүзім, өрік        Бәрі уылжып піседі.        Айтыңдаршы, балақандар,        Бұл қай кезде болады? 

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Музыка тыңдау: «Күз жомарт» (Д. Ботбаев, Е. Өтетілеуұлы) Түрлі сипаттағы әннің мазмұны мен көңіл күйін тыңдау.

Ән  айту: «Күз келді» (А. Досмағамбетова) әнін педагог орындап, әннің мазмұны, сипаты туралы түсіндіреді. Екінші рет орындап, ән әуеніне «ля-ля» буынымен қосыла айтуды ұсынады. Келесі ҰОҚ «Көңілді қуыршақтар» (Г. Жотаева) – таныс әнді қайталау.

            Алтын сары, қызыл, көк,

            Алуан-алуан жапырақ             Күзгі бақта күлімдеп,             Көз тартады атырап! 

Балаларды жапырақтармен билеуге шақырады.  Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:

«Күзгі жапырақтар биі» («Вальс» А. Аренский) 

Балаларға түрлі түсті жапырақтар таратылады. Әуен ырғағына сәйкес би қимылдарын көрсетіп, қайталауды ұсынады.

 «Қуыршағым-ай» («Билеп үйренейік» жинағынан).

Педагог таныс би қимылдарының элементтерін қайталауды ұсынады.

 «Жапырақтардың түсін ажырат» қимылды ойыны  (сары, қызыл, жасыл, қызғылт сары). 

Әуен ойналып, әртүрлі түстегі жапырақтарды сол түске сәйкес қойылған құрсауларға ептілікпен, шапшаңдықпен жинау. Әуені музыка жетекшісінің таңдауымен.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия  – Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? 

  Күзде балалар қандай киімдер киеді? 

  Жапырақтардың түстері қандай болады? 

  Бүгінгі үйренген әніміз не туралы екен? 

Сұрақтар қою арқылы ҰОҚ бекіту. 

«Күзгі жапырақтар» атты ұжымдық жұмыс жасау тапсырылады.

 

 

 

№ 9-10 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

                       

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Көңілді жаңбыр

Мақсаты: Музыканы есту, сезіну қабілеттерін дамыту. Сабырлы, жай сипаттағы аспапта орындалған пьесаны тыңдау, есте сақтауға үйрету; әннің көңіл күйін, мазмұнын түсінуге үйрету; дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салуға баулу; би әуенін сипатына сай игеру. Күтілетін нәтижелер: жасайды:  би әуенінің сипатын сезінеді; түсінеді: пьесаны тыңдап, еске сақтайды; қолданады: таныс әндерді бір қарқында орындайды.

Көрнекіліктер: «Күн мен жаңбыр» үлестірмелі текшелер, қолшатырлар, нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс:  қолшатыр

Билингвальді компонент: жаңбыр – дождь

 

ҰОҚ барысы 

1.  Ұйымдастыру кезеңі       

Педагог балаларды күзгі жапырақтармен қарсы алып, билеуді ұсынады. 

«Күзгі жапырақтар биі» («Вальс» А. Аренский) би қимылдарын қайталау. 

 

2.  Негізгі кезең

Бұлттар, бұлттар, аусаңшы            Күркіреп, дүркіреп.

           Бұлттар, бұлттар, жаусаңшы,            Сіркіреп, бүркіреп! 

Музыка тыңдау: «Күз» (С. Кибирова

Сабырлы, жай сипаттағы аспапта орындалған пьесаны мұқият тыңдап, есте сақтауға, сипатын ажыратуға үйрету.

Ән айту: «Жау, жаңбыр» (Т. Сарыбаева, А. Асылбек)

Әннің сипатын түсіндіріп, бірге қосыла орындауға үйрету. Әннің мазмұны туралы түсінік беру.

«Күз келді» (А. Досмағамбетова) әнін қайталау, еске түсіру.

«Күзгі жапырақтар» атты ұжымдық жұмысты бірге тамашалау.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:  Үнтаспада «жаңбыр» дыбысы естіліп, педагог балаларға кішкентай қолшатыр үлестіреді.

            Қолшатырды ашайық,

            Жаңбырдан біз қашайық!

 

«Қолшатырлар биі». Әуен ырғағына сай би қимылдарын көрсетеді, қайталатады.

 «Күн мен жаңбыр» (Музыкалық-дидактикалық  ойындар жинағынан). Шығарманың әртүрлі сипатын ажыратуға, көңіл күйін сезіне білуге баулу.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия  – Жаңа ән не туралы екен? 

  Қолшатыр не үшін қажет? 

  Тамшылардың дыбысы қандай?  Балаларды мадақтау.

 

 

№ 11-12 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

            

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Торғайлар

Мақсаты: Балаларға күз мезгіліндегі құстардың іс-әрекеті туралы түсінік беру. Түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, есте сақтауға, әуен сипатына үн қатуға  баулу. Аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысына бейімделу дағдыларын қалыптастыру.

Құстарға қамқорлық жасауға шақыру. Күтілетін нәтижелер: жасайды:  музыка ырғағымен қозғалып, қарапайым қимылдарды орындайды; түсінеді: әртүрлі сипаттағы пьесаларды тыңдайды; қолданады: музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен таныс әндерді айтады. Көрнекіліктер:  торғай суреті немесе ойыншық торғай; торғайлар және мысық атрибуттары, ойынға арналған жіп, нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс: торғай, ұя

Билингвальді компонент: торғай – воробей       

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі    

Таныс марш әуені ойналып, балаларға ырғақпен нық басып жүруді ұсынады.

Нық басып келеміз!

Бір, екі, үш!

             Көңілді жүреміз! 

Бір, екі, үш!

 

2.  Негізгі кезең

         Балалар, мұнда келіңдер,          Қызықты көріңдер!

        Торғай ұшып келіпті,

        Үй үстіне қоныпты.  (Үнтаспадан торғайлар дауысы естіледі).         Шиқ-шиқ етіп дыбыстайды,         Ешбір құстан қалыспайды.         Тұмсығымен жер шоқып,         Тары, бидай тереді.

Музыка тыңдау: «Құстар жем шоқиды» (Е. Тиличеева). 

Аспапта орындалған шығарманы тыңдап, сипатын анықтайды.

Ән айту:  «Торғай» (А. Райымқұлова) әні орындалып, тыңдалады. Әнді қайталап айтып, балаларға мәтінге сай  өз беттерінше қимылмен көрсетулерін сұрайды. Келесі кезекте балаларға торғай атрибуттары кигізіледі. 

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:  «Қолшатырлар биін» қайталау, әуенге ілесе жапырақтарды жоғары көтере тербеле қозғалуын, еске сақтауға үйрету.  

 «Мысық пен торғайлар» ойыны  («Құстар» Л. Банников) әуенінің ырғағымен ілесе қолдарын созып, «ұшуларын» сұрайды. Үйшік шатырында отырған ойыншық мысықты көрсетіп:

Ала мысық пырылдап, жалықпайды, ұйықтайды,

Торғайды аңдып шатырдан күні бойы шықпайды.

Мияу-мияу... – деп балаларды – «торғайларды» сақтандырады. Ойын барысында торғайлардың  мысықтан қашып, «сымдарға» – ұзын жіпке тізіліп, қонып үлгерулерін қадағалайды.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия  Шиқ-шиқ еткен торғайды Қорғамасақ болмайды. Қамқорлыққа алайық, Ұясына салайық.

Балалар, топта тәрбиешімен бірге торғайға ұя жасап берейік.

 Балаларға бүгінгі күннің көңілді өткенін айтып, мадақтайды. 

 

 

                                  № 13-14  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары         

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Қызыл, жасыл, көк шар

Мақсаты: Көңілді сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдауға,  ересектермен бірге қосыла ән салуға үйрету. Жоғары және төмен дыбыстауды ажырата білуге, балаларды шулы аспаптар – бубен, сылдырмақтың  дыбысталуы динамикасын ажыратуға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

         жасайды: би қимылдарының қарапайым элементтерін қайталайды;          түсінеді: шығарманың мазмұны мен сипатын, көңіл күйін түсінеді;          қолданады: әнді сипатына сәйкес орындайды.

Көрнекіліктер: әртүрлі шарлар, құрсаулар, нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс: шар, құрсау

Билингвальді компонент: қызыл – красный, көк – синий, жасыл – зеленый

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі   

Көңілді музыка әуенімен балаларды қарсы алу.

Марш (М. Раухвергер) ойналып, шеңбер бойымен жүріп, марш екпінімен тізені көтере адымдай басу.

Балалар санына сай түрлі түсті шарларды дайындау, тарату. Шармен музыка жетекшісінің таңдауымен әуенге би қимылдарын көрсету. 

 

2.  Негізгі кезең

Кімде қандай түсті шар? 

Қызыл, сары, көк шар,

Қолымызда көп шар

            Әуеде қалқиды,

            Әніміз шалқиды.

Музыка тыңдау: 

Балалар, сендер шармен ойнағанда қуандыңдар ма? Олай болса, мына әуенді бірге тыңдап көрейік.

«Қуанамын» (М. Ержанов, өңдеген А. Исакова).

Әннің көңіл күйі мен сипатына балалардың көңілін аудару.

Ән айту: «Шар» (Б. Дәлденбаев, Ж. Әбдірашев).

Әнді орындап, көңілді, ойнақы орындалатынын түсіндіру. Әннің әуенін бірнеше рет қайталап, үйрету. Балаларға ән мазмұнына сәйкес би қимылдарын жасауды ұсыну. 

«Әуеде қалқиды» деген жерде шарларын қалықтата бұлғауы керек. 

«Торғай» (А. Райымқұлова) әнін қайталау, еске түсіру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:  «Кішкентай би» (Н. Александрова). 

Қарапайым би қимылдарын еске сақтау, жоғары және төмен дыбысталуын ажыратуға үйрету.

Өткен ҰОҚ-де үйренген таныс әндерді  қайталау, еске түсіру. Әннің сипатына сай  бірге қосыла, дауысқа күш түсірмей, мазмұнын түсіне орындауға үйрету.

«Музыкалық аспаптар дүкені» ойыны («Муз-дидактикалық ойындар» жинағынан) 

Балалар музыкалық аспаптардың дауыстарын ажыратады.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия  – Әннің көңіл күйі қандай? 

– Кімге қандай музыкалық аспап ұнады?

Балаларды мақтау, мадақтау, қорытындылау.

 

 

                                  № 15-16  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары         

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Сылдырмақтар әуені

Мақсаты: Ересектердің орындауындағы әнді мұқият тыңдауға, әндегі жоғары және төмен дыбыстарды ажыратуға баулу. Аспаптың сүйемелдеуімен бірге қосылып әнді орындау, сылдырмақта дыбысталу динамикасын еске сақтауға, ажырата білуге үйретуді жалғастыру. Күтілетін нәтижелер: жасайды:   әуен ырғағына, ән мәтініне сай сылдырмақпен би қимылдарын жасайды;  түсінеді: балалар аспабының дыбысталуын ажыратады; қолданады: аспаптың сүйемелдеуімен бір қарқында таныс әндерді айтады.

Көрнекіліктер: бала саны бойынша сылдырмақтар.

Сөздік жұмыс:  сылдыр-сылдыр

Билингвальді компонент: сылдырмақ – погремушка

 

ҰОҚ барысы 

1.  Ұйымдастыру кезеңі   

Көңілді таныс әуен екпінімен шеңбер бойымен жүру, жүгіру, жеңіл секіру, қол ұстасып айналу қимылдарын жасау.

 

2.  Негізгі кезең

          Қолымызда сылдырмақ,           Сылдыр-сылдыр етеді.           Аяғымыз топылдап,           Өзі билеп кетеді.

Ән айту:  «Сылдырмақ» (А. Тоқсанбаев, И. Сапарбай)

Жаңа әнді музыка жетекшісі орындап береді. Аспаптың сүйемелдеуімен ән әуенін бірге қосыла орындауын қадағалау. Әннің 1-шумағының сөзін үйретіп, екі қатардан әнге қосады. «Шар» (Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев)

Музыка тыңдау: «Сылдырмақ» (Е. Хасанғалиев, А. Асылбек) 

Ересектердің орындауындағы әнді мұқият тыңдау, дыбыс биіктігін ажыратуға үйрету. Әннің мазмұны мен көңіл күйін қабылдайды.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:  «Кішкентай би» (Н. Александрова  (қайталау).

Ырғақты сезіне, мәнерлі, өзара қол ұстасып, шеңбер бойымен жүруге үйрету.

«Сылдырмақпен ойын» (Б. Дәлденбай).

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, қолдарына сылдырмақтар беріледі. Музыка ырғағына сай сылдырмақты сылдыратып, әуен дауысы бәсеңдегенде арттарына жасырып, шеңбер бойымен ақырын басып жүреді. Музыка аяқталғанда аяқ бүгіп отыра қалу.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия  – Бүгін қандай ән тыңдадыңдар? 

– Ән қандай екен? 

Балалардың орындаған ән-би әрекеттері туралы айтып, мадақтау.  Қоштасып, көңілді шығарып салу.

 

 

                                  № 17-18  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары         

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Мерекелік ән мен би

Мақсаты: Шығарманы соңына дейін тыңдауға, пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялық көңіл күй таныта білуге үйрету. Бірдей қарқында ән салуға, бірінің артынан бірі жүру барысында ырғақты және музыканың би сипатын игере жүруге дағдыландыру. Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Күтілетін нәтижелер: жасайды:  марш сипатын сезіне, жалаушалармен би қимылдарын орындайды;

          түсінеді:  пьесаның көңілді мазмұнын түсінеді;           қолданады:  таныс әндерді бір қарқында айтады.

Көрнекіліктер: бала санына сай жалаушалар, сылдырмақтар, нота хрестоматиясы. Сөздік жұмыс: жалауша, көкпеңбек

Билингвальді компонент: жалауша – флажок

 

ҰОҚ барысы 

1.  Ұйымдастыру кезеңі   

Балаларды қарсы алып, көңілді серуенге шақырады. Педагогтің таңдауымен таныс әуен ырғағымен ілесе адымдап, нық басып жүруді ұсынады. Балалардың ырғақты тыңдап, жеңіл жүгіруін қадағалайды.

 

2.  Негізгі кезең

Балаларға мерекелік күндер туралы түсіндіру. Мереке күнінің басқа күндерден айырмашылығын, адамдардың ән салып, би билеп, қуанышты көңіл күйде болатындығын әңгімелеу. 

          Көңілді, көңілді

          Әндерді шырқаймыз.

          Көгілдір, көгілдір

          Туларды бұлғаймыз!

Музыка тыңдау: «Шашу» (Е. Брусиловский).

Пьесаны соңына дейін тыңдап, еске сақтайды, эмоциялық көңіл күй танытуларын байқау. Ән айту: «Мерекелік ән мен би» (Е. Хасанғалиев, А. Асылбек).

Әнді орындап беріп, мәтіні туралы әңгімелеу. Екінші рет орындалғанда әннің әуеніне қосылып айтуға үйрету. 1-шумақ сөздерін қайталату. Ән  айту ережелерін еске салу.

Келесі ҰОҚ-де таныс әндерді қайталап еске түсіру.

«Шар» (Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев), «Сылдырмақ» (А. Тоқсанбаев, И. Сапарбай) әндерін қайталау.  Бірін-бірі тыңдай отырып, бірдей қарқында айтуға үйрету.  

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:  «Марш» (М. Робер). 

Жалаушалар ұстап, бірінің артынан бірі жүру барысында ырғақты және музыканың сипатын игере мәнерлі орындауға үйрету. 

«Сылдырмақпен ойын» (Б. Дәлденбай).

Әуенді тыңдап, ырғағы мен мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасау.  Ойынды еске сақтап, белсене қатысуға баулу.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия – Бүгін қандай ән тыңдадыңдар?

  Мерекеде көңіл күй қандай болады? 

  Жалауларды қалай бұлғаймыз? 

  Әннің сипаты қандай екен? 

Балалардың орындаған ән-би әрекеттері туралы айтып мадақтау.  Қоштасып, көңілді шығарып салу.

 

 

                                  № 19-20  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары         

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Шыршамызға арнаймыз

Мақсаты: Музыка сипаты арқылы табиғат ерекшеліктеріне көңіл бөлу, қыс мезгілі туралы түсіндіру; ересектердің орындауындағы әнді тыңдап, сезіне білуге үйрету; аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру; вальс әуенімен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындау. Күтілетін нәтижелер: жасайды: вальс әуеніне қарапайым би қимылдарын орындайды; түсінеді: әннің сипатын сезінеді;

         қолданады: аспаптың сүйемелдеуімен ән айтады.

Көрнекіліктер: ойыншық шырша, «ақшақарлар» – қар әшекейлері; «қарлар» және қорапшалар, нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс: шырша, арша

Билингвальді компонент: шырша – елка

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі   

Үнтаспада «Жаңа жыл» (Б. Бейсенова) әні орындалып, балаларды қарсы алу. 

Көңілді серуенге шақырып, қол ұстасып жүрулерін сұрайды. 

Әннің 1-ші шумағында қол ұстасып, зал ішінде еркін жүрулерін қадағалайды.

Қайырмасында бір орында тұрып, қол шапалақтайды.

2-ші шумағында ойыншық шырша айналасында шеңбер бойымен  қол ұстаса айналу қимылдарын үйрету.

 

2.  Негізгі кезең

Қыс мезгілі туралы, табиғаттағы ерекшеліктерді түсіндіру. Шыршаның суретін немесе кішкентай шыршаны көрсету.  Жаңа жыл меркесі туралы әңгімелеу.                   Тамаша, тамаша,

            Шыршамыз тұр жараса.

            Басында әсем жұлдызы, Көз тоймайды қараса.

Музыка тыңдау: «Жаңа жыл» (Қ. Шілдебаев) 

Ересектердің орындауындағы әнді тыңдап, сезіне білуге үйрету. 

Әннің мәтінін түсіндіріп, сипаты туралы әңгімелеу.  

Ән айту:  «Арша» (Б. Қыдырбек, И. Сапарбай)

Әнді орындап беру. Мазмұны туралы сұрап, көңілді, ширақ орындалатынын түсіндіру.

Әннің әуенін бірнеше рет қайталап, үйрету. 

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:   

«Ақшақарлар» биі  (Вальс  П. Чайковский) 

Балалар «ақшақарлар» – қар әшекейлерін ұстап, педагогтің көрсетуімен мәнерлі би қимылдарын жасайды.

«Қар лақтыру» ойыны («Балалар полькасы» А. Жилинский)

Көңілді әуен ойналғанда шапшаңдықпен «қар лақтырысу», әуен тоқтағанда шапшаңдықпен «қарларды» жинап, безендірілген қорапшаларға салу.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия – Қыс мезгілі сендерге ұнай ма? 

  Шыршаны қалай әсемдеп, сәндейміз? 

  Бүгін қандай ән үйрендік? 

Балалардың орындаған ән-би, ойын әрекеттері туралы айтып мадақтау.  Қоштасып, көңілді шығарып салу.

 

                                  № 21-22  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары         

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Аққала

Мақсаты: Көңілді сипаттағы әннің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау, әуен сипатына үн қату, оның бөліктерінің өзгеруін ажыратып, би қимылдарын орындау; дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салуға баулу; музыканы тыңдауға, ырғақты сезіне білуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

         жасайды: әуен сипатына  сай би қимылдарын орындайды;          түсінеді: әннің көңілді сипатын түсініп, көңіл күйін  қабылдайды;          қолданады: таныс әндердің қарқынын, ырғағын сезініп айтады.

Көрнекіліктер:  аққала суреті; «ақшақарлар», «қар» әшекейлері; «сиқырлы таяқша», нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс: аққала, топ бала

Билингвальді компонент: аққала – снеговик

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі

Музыка жетекшісі балалармен амандасады, қолдарына «ақшақарлар» – қар әшекейлерін  беріп, таныс «Ақшақарлар биі» («Вальс»  П. Чайковский) қимылдарын үйретуді жалғастырады.

 

2.  Негізгі кезең

Жұмбақ:   Сәбіз мұрын кімде бар,

                   Шелек киген басына,

                   Айтыңдаршы, балалар,

                   Сонымен ол кім екен?   (Аққала) 

 

Аққаланың, балалардың қысқы ойынын бейнелеген көрнекілік суреттер көрсету, әңгімелеу. Аққаланың қардан жасалатынын түсіндіру.  Музыка тыңдау: «Ақша қар» әні (К. Қуатбаев, Қ. Ыдырысов)  

Көңілді сипаттағы әннің мазмұны мен көңіл күйін, жоғары және төмен дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

Ән  айту: «Аққала» (Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев)

Әнді орындап, мәтіні туралы әңгімелеу. Екінші ретінде әннің әуеніне қосылып айтуға, сөздерін таза айтуға үйрету. Ән  айту ережелерін еске салу. Бір қалыпты қарқынмен ән сипатына сай орындауға баулу.

Таныс ән: «Арша» (Б. Қыдырбек, И. Сапарбай) – қайталау, сөздерін пысықтау, еске түсіру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:  «Полька» (В. Косенко)

Балалар әуеннің 1-бөлімінде шеңбер бойымен жеңіл жүгіреді, 2-бөлімінде жұптасып, қол ұстасып айналады. 

 «Сиқырлы таяқша» ойыны. Таныс көңілді әуен ырғағына өз еріктерінше би қимылдарын жасайды. Әуен тоқтағанда, «сиқырлы таяқшадан» қашып, «үйшік»-құрсауларға кіріп үлгеру. Ойын 2-3 рет қайталанады.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия  – Балалар, қандай ойын ойнадық? 

– Бүгінгі үйренген әніміз қалай аталады? 

Ата-анасының көмегімен аққаланың суретін салып келуді ұсыну. 

Бүгінгі күннің өте көңілді болғанын айтып, көңілді қоштасып шығарып салу.

 

 

                                  № 23-24  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары         

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Қысқы әуен

Мақсаты: Музыканы тыңдау, мазмұны мен көңіл күйін қабылдай білу, аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру; ересектермен бірге ән салуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету.

Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Күтілетін нәтижелер:

          жасайды:  әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін жасайды;           түсінеді:  музыканың мазмұны мен көңіл күйін  қабылдайды;           қолданады: аспаптың сүйемелдеуімен таныс әндерді айтады.

Көрнекіліктер: шырша, жаңа жыл мерекесін бейнелейтін суреттер, нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс: жаңа жыл

Билингвальді компонент: жаңа жыл – новый год

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі   

«Полька» (Б. Сметана) әуені ойналып, балаларды көңілді қарсы алу.

Балалар әуеннің 1-бөлімінде шеңбер бойымен жеңіл жүгіреді, 2-бөлімінде жұптасып,   таныс би қимылдарын қайталау, қол ұстасып айналу, би қимылдарын бекіту.

 

2.  Негізгі кезең

Балаларға демалып отыруды ұсынады. Шырша, жаңа жыл мерекесін бейнелейтін көрнекілік суреттерді көрсетіп, әңгімелеу.  

Музыка тыңдау: «Шырша» (Ж. Мұхамеджанов) 

Әннің мазмұнын түсініп, әңгімелеп беруге үйрету. Шығарманың көңілді мазмұнына эмоциялық көңіл күй танытады.            Сақалы аппақ күмістей,            Тістері аппақ күріштей.            Қызыл ала шапаны,            Сағындық Аязатаны!

Ән  айту: «Аязата» (Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев)

Әнді орындап, мәтініне балалардың  көңілін бөлу. Ән екінші рет орындалғанда әннің мазмұнына сәйкес би қимылдарын үйрету, ересектермен бірге қосыла айту.

Келесі ҰОҚ-де «Аққала» (Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев), 

«Арша» (Б. Қыдырбек, И. Сапарбай) – таныс әндерді қайталау, еске түсіру. Әннің әуеніне қосылып, сөздерін таза айтуға үйрету. Ән айту ережелерін еске салу.  

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Ақшақарлар» биі  («Вальс»  П. Чайковский)  Педагогтің көрсетуімен әуенмен бірге ырғақты сезіне, би қозғалыстарының қарапайым элементтерін үйретуді жалғастыру.

«Қар лақтыру» ойыны («Балалар полькасы» А. Жилинский)

Көңілді әуен ойналғанда шапшаңдықпен «қар лақтырысу», әуен тоқтағанда шапшаңдықпен «қарларды» жинау, безендірілген қорапшаларға салу. 

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия  – Бүгін қандай ән тыңдадыңдар? 

  Әннің сипаты қандай екен? 

  Аязата туралы не білесіңдер? 

Орындаған ән-би әрекеттері туралы айтып мадақтау.  Қоштасып, көңілді шығарып салу.

 

 

                                  № 25-26  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары         

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Қоянда қонақта

Мақсаты: Көңілді  сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, есте сақтау; әуен сипатына үн қату және оның бөліктерінің өзгеруін байқай білуге дағдыландыру; әндерді аспаптың сүйемелдеуімен бірге орындай білуге үйрету; жануарлардың қимыл-қозғалысын би қимылдарында көрсете білу.

Күтілетін нәтижелер:  жасайды:   әуен ырғағын сезіне, жануарлардың қимыл-қозғалысын көрсетеді; түсінеді: таныс әндер мен пьесаларды біледі; қолданады: әннің кіріспесін тыңдап, әнді сипатына сай орындайды.

Көрнекіліктер: қысқы орман көрінісі, «паровоз» макеті, «қар үйіндісі», ойыншық қоян мен аю, аю үйшігі, нота хрестоматиясы. 

Сөздік жұмыс: паровоз, пойыз, «пш-пш», «пух-пух», «гу-гу-гу»

Билингвальді компонент: орман – лес, қоян – заяц

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі    

Балаларды көңілді қарсы алу. Үнтаспада пойыз дауысы естіледі.

        Пойызға біз барайық,         Вагоннан орын алайық, – деп, «вагондарға» – тізбектелген орындықтарға жайғасып отыру.

 

2.  Негізгі кезең

          Ал паровоз бастайды,           Пыш-пыш, пух-пух,

          Ән айтып біз қостайық. 

Әуен аяқталысымен балалар «көңілді пойыздан» түсіп, қысқы орманда  «қыдырады».

 «Орманда» жүріп, «қар үйіндісінің» жанында тығылып отырған қоянға кездеседі. 

Педагог ойыншық қоянды көріп, таңғалған кейіп танытады.     

       Балалар, қараңдаршы, мынау тығылып отырған аңды танисыңдар ма? 

            Ақ қоян-ау, ақ қоян,

Ұзын құлақ сақ қоян,

            Ақ қоян-ау, ақ қоян, 

Жүйрік қоян, сақ қоян.

       Балалар, ақ қоянмен бірге секіріп, көңіл көтерейік, – деп ұсыныс айтады.  Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:  «Қояндар биі» (Ж. Оффенбах) ойналып, педагог балаларға әуенге ілесе өз еріктерінше қимыл-қозғалыстар жасауды, жеңіл секіруді ұсынады. Музыка тыңдау: «Қояндар» (Е. Тиличеева). Пьесаны тыңдап, сипатына көңіл аудару. Көңілді, ойнақы әуенге эмоциялық көңіл күй танытуларын қадағалау.

Ән айту: «Ақ қоян» әнін (Б. Аманжол, Н. Жанаев) екінші рет орындағанда, балалардың мәтінге сай қимылдарды көрсетуін сұрайды. Әннің 1-шумағын қайталап, сөздерін анық айтуға үйрету. Әуенге ілесе бірге орындауын бақылау.

«Аязата» (Б. Дәлденбай, Ж. Әбдірашев (қайталау).  «Қояндар мен аю» ойыны («Қояндар маршы» А. Райымқұлова).

Балалардың ойынға белсене қатысуын қадағалайды, әуен орындалып, үйшіктен тәрбиешіаю шығады. Әуен қайта ойналып,  аю би қимылдарын жасайды, балаларға аюдың қимылын қайталауды ұсынады.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия – Қоян қалай билейді екен? 

– Сендерге қоянмен бірге болған ұнады ма?

«Көңілді пойызға» отырып, жолға шығатындарын ескертеді.

«Пойыз» дауысы естіліп, бірінің соңынан бірі қатарласа жүреді. 

Саяхаттың аяқталғанын, бүгінгі күннің көңілді өткенін айтып, балалармен қоштасады.

 

 

 

 

                                  № 27-28  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары         

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Ақ тиін

Мақсаты: Пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялық көңіл күй таныта білуге, музыкалық сүйемелдеумен бір қарқында ән салуға баулу; жұптаса отырып ырғақты сезіне би қимылдарын орындауға үйрету; музыкалық қабілеттерін әрі қарай дамыту. Күтілетін нәтижелер: жасайды: жұптаса ауыса отырып, би қимылдарын орындайды; түсінеді: музыканы тыңдау дағдысын меңгереді; қолданады: музыкалық шығарманың қарқынын ажыратады.

Көрнекіліктер: ойыншық тиін, құрсау, жаңғақтар, себеттер, нота хрестоматиясы. Сөздік жұмыс: тиін, жаңғақ

Билингвальді компонент: тиін – белка, жаңғақ – орех

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі   

Балаларды көңілді қарсы алады. Педагогтің таңдауымен балаларға таныс әуен ырғағымен шеңбер бойымен жүру, жүгіру, жеңіл секіру, қол ұстасып айналу қимылдарын жасауды ұсынады.

 

2.  Негізгі кезең

Музыка тыңдау: «Полька» Б. Сметана)

Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға, мұқият тыңдап, сипатын сезінуге үйрету. 

Көңілді әуен ойналып, ортаға тиін келеді (тәрбиешінің қолында ойыншық тиін).

Педагог: Балалар, бізге қонаққа келген бұл не? Танисыңдар ма?  Тиін:   Мен тиінмін, тиінмін,             Қысқа жылы киіндім.             Қоймам толы жаңғаққа,             Іші жылы үйімнің. Тиін: Балалар, мен көңілді әуен әлемінен келдім. Маған көңілді ән айтып беріңдерші.

Ән айту:  «Ақ тиін» ( Н. Жанаев, Ә. Бейсеуов)

Музыкалық сүйемелдеумен бір қарқында қосыла, ән сөздерін анық айтуға үйрету. 

Әннің мазмұнына көңіл бөлу.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:  «Көңілді би» (Ө. Байділдаев) 

Шығарманың 1-ші бөлімінде қол ұстасып айналу, 2-ші бөлімінде өкшелерін алға қою, екі аяқты бірге қою. Би 2-3 рет қайталанады.

 «Кім епті?» ойыны (Н. Ладухин)

Музыка ойналып, 2 топқа бөлінген балалар жаңғақты түсіріп алмай, «қоймаға» – себеттерге тасиды.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия Балалар тиін қалай секіреді екен? 

  Тиін қандай? 

  Бүгін сендер тиінге жаңғақ жинауға көмектестіңдер. Би билеп, ән салып,  көңіл көтердіңдер. Жарайсыңдар!  Тиінмен қоштасып, балаларды шығарып салады.

 

 

                                  № 29-30 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары          

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Көңілді достар

Мақсаты: Түрлі қарқындағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, ажырата білуге үйрету; әнді  бірге бастап, қосыла айтуға, жануарлардың би қимылдарын ұқсата білуге, музыкалық аспаптарды тыңдау және олардың дыбыстау динамикасын ажыратуға баулу. Күтілетін нәтижелер:

 жасайды:  жануарлардың қимылдарын ұқсатады;

 түсінеді: музыкалық аспаптардың дыбысталу динамикасын ажыратады;

          қолданады: әуеннің басталуы мен аяқталуын біліп, әнді бірге айтады.

Көрнекіліктер: орман көрінісі, аю, қоян, тиін, түлкі ойыншықтары, сылдырмақ, барабан аспаптары, нота хрестоматиясы. Сөздік жұмыс:       барабан                      Билингвальді компонент: достар – друзья

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі 

Көңілді музыка әуенімен балаларды қарсы алу. «Полька» («Түлкі»  В. Косенко) Шеңбер боймен жеңіл әуенге ілесіп аяқтың ұшымен жүгіруді, бір орында секіру, қарапайым би қимылдарын қайталауды ұсынады.

 

2.  Негізгі кезең

Балаларға отырып демалуды ұсынып, ән тыңдауға шақырады.

Музыка тыңдау: «Не қалай дыбыстайды?» («Қасқыр», «Аю, «Түлкі» Д. Ботбаев).

Жабайы аңдар туралы түсінік беру.

Ән айту:  «Ақ тиін» (Ә. Бейсеуов, Н. Жанаев)

Әнді орындап, мәтіні туралы әңгімелеу. Екінші ретінде әннің әуеніне қосылып, сөздерін таза айтуға үйрету. Ән  айту ережелерін еске салу. 

Келесі ҰОҚ-де таныс әндерді қайталау. «Ақ қоян» (Б. Аманжол, Н. Жанаев)

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Балдырғандар маршы» (К. Қуатбаев) Аяқтарын нық баса, тізелерін көтере шеңбер бойымен адымдай жүруге үйрету.

Ортаға ойыншық аюды ұстап, педагог шығады.  Мен аюмын қорбаңбай, Қимылдаймын қорбаңдай.

Омартаны көргенде,

Бас қоямын ойланбай (А. Асылбек) 

 

Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар?! 

Балалар амандасады. Аю: Мен өз достарымды шақырайын! (Барабан соғады).

 Балаларға барабан аспаптары таратылып беріледі.

Қоян (шығып): Сәлем, достар! Мен сендерге қонаққа келдім.

        Ұзын құлақ сұр қоян 

        Естіп қалып сыбдырды,

        Ойлы-қырлы жерлермен         Ытқып-ытқып жүгірді.

 

Аю балаларға барабанды тағы соғып, ойнауды ұсынады. Көңілді әуен ойналып, ортаға түлкі шығады.

Түлкі:

         Мен сұлу түлкімін,

         Жай өтпес бір күнім,          Ішінде жүремін 

         Айғай-шу, күлкінің! Достар, бәріміз көңілді  ойын ойнайық! 

 «Қояндар мен аю» ойыны («Қояндар маршы» А. Райымқұлова)

Әуенге сай жануарлардың қимылын көрсетуді, шапшаң қимылдауды үйретуді жалғастыру. Балалардың ойынға белсене қатысуын бақылау. 

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

  Ертегі кейіпкерлерінің жүрісі қандай екен? 

  Барабанның дауысы қалай шығады? 

  Сылдырмақтың дауысы қандай? 

Сұрақтар қою арқылы ҰОҚ пысықтау.  – Балалар, аюға өте көңілді болды, рақмет. Аюмен қоштасып, шығарып салайық.  

 

 

№ 31-32  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары  

           

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Ақ әжем

Мақсаты: Шығарманы тыңдап, сипаты мен мазмұнына эмоциялық көңіл күй танытуға, музыкалық сүйемелдеумен әнді соза, әуенімен айтуға үйрету; жұптаса отырып би қимылдарын орындауға, ұрмалы-шулы аспаптардың дыбысталуын ажыратуға және атауға үйрету. Әжелерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

 Күтілетін нәтижелер:  жасайды:   әуенге ілесе жұптаса отырып би қимылдарын орындайды;

          түсінеді: музыкалық аспаптарды ажыратады, атайды;           қолданады: музыкалық сүйемелдеусіз ән салады.

Көрнекіліктер: бесік, қуыршақ, тайтұяқ, асатаяқ, нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс: бесік, бесікке бөлеу Билингвальді компонент: әже – бабушка

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі    

Үнтаспада күй (педагогтің таңдауымен) ойналып, балалар көңілді кіреді. 

Балаларды қарсы алып, көңілді серуенге шақырады. 

Әуен қарқынының өзгеруіне байланысты бірінің артынан бірі  жүріп, таныс би қимылдарын орындайды.

 

2.  Негізгі кезең 

Ортаға «әже» келеді, амандасады. Балалар әженің айналасына дөңгелене отырады. 

Бесікке салу дәстүрін көрсетуді ұсынады. Әже бесіктің пайдасы туралы әңгімелейді. Қуыршақты бесікке жатқызады, бесікке бөлеуді көрсетеді.

Әже:  Әлди-әлди, бөпешім,           Ақ бесікке бөледім,

          Ай мен күнге теңедім,

          Әлди-әлди, жанарым,

          Мақтанышы ананың. 

          Әлпештеген қарағым,

          Таза болсын жан арың. (А. Асылбек)

 

Музыка тыңдау: «Әй-әй бөпем» (халық әні, Қ. Шілдебаев)

Ақырын дауыста бесік жыры орындалады, әже бесікті тербетеді. Балалардан тыныштық сақтауын ескертеді. Сабырлы әуенді тыңдап, сипатын ажыратуға баулу.

Ән айту:  «Ақ әжем» (К. Қуатбаев, О. Әубәкіров)

Педагог әнді айтып береді. Балаларға алдымен мәтінін қайталатып, әуенмен қосып үйретеді. Әжелерді сыйлап, құрметтеу қажеттігін түсіндіру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:   «Биге шақыру» (А. Тоқсанбаев)  Ұлдар аяқтарын музыка ырғағына сай көтере басып, жұптарын биге шақырады. 

Аяқтарын топылдатады, жұптасып айналады. 

 «Тайтұяқ пен асатаяқ» ойыны (А. Райымқұлова, А. Асылбек) 

Тайтұяқ пен асатаяқтың дыбысталуын ажыратуға үйрету. Балалар шеңбер бойымен тұрып, бастаушы тағайындалады. 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия  – Бүгін қандай ән тыңдадыңдар? 

– Әннің сипаты қандай екен? 

Балалардың орындаған ән-би әрекеттері туралы айтып мадақтау.  Қоштасып, көңілді шығарып салу.

 

 

№ 33-34  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары 

           

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Әй-әй ата

Мақсаты: Түрлі қарқындағы музыканы тыңдау; әнді музыкалық сүйемелдеумен бір қарқында орындауға үйрету; жұптаса таныс би қимылдарын қайталау; отбасы мүшелеріне сыйластықпен қарауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: жасайды: жұптаса отырып, таныс би қимылдарын қайталайды; түсінеді: музыканы тыңдау дағдысын меңгереді;

          қолданады: әнді бір қарқында сүйемелдеумен орындайды.

Көрнекіліктер: отбасы мүшелері бейнеленген суреттер, нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс: отбасы

Билингвальді компонент: ата – дедушка

 

ҰОҚ барысы 

1.  Ұйымдастыру кезеңі  

Балаларды көңілді музыкамен қарсы алады. Педагогтің таңдауымен таныс марш әуені ойналады. Марш екпінімен аяқтарын нық басып, адымдай жүруді ұсынады.

 

2.  Негізгі кезең

Отбасы мүшелері бейнеленген суреттерді көрсетіп, өз отбасы мүшелері туралы қысқаша әңгімелеуді ұсынады.

Музыка тыңдау: «Хайләйлім» (өңдеген Б. Дәлденбай)

Халық әуенін  тыңдап, шығарманың  көңіл күйін эмоциямен қабылдайды. Әуеннің сипатын түсініп, көңілді, қуанышты сезімде болады. 

              

  Атам менің әманда

             «Мейірімді бол» дейді.

             Ақыл сөзі санамда,

             Жасы үлкенге жол берем!

 

Ән айту:  «Әй-әй ата» (Ө. Байділдаев, Ж. Смақов)

Педагог әнді орындайды.  Мәтінін қайталатып, сөздерді анық айтуға үйрету. Үлкендермен қосыла әннің әуенін бірге орындау. Атаның отбасындағы ең үлкен,  қадірлі адам екенін түсіндіру.  Балаларға таныс «Ақ әжем» (К. Қуатбаев, О. Әубәкіров) әнін қайталау, еске түсіру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:  «Биге шақыру» (А. Тоқсанбаев)

Таныс би қимылдарын үйренуді жалғастыру, қайталау. Жұптасып билеп, би ырғағына сай қозғалуға үйрету.

«Кім шапшаң?» ойыны («Балалар биі» А. Майкапар

Ойынға құрсаулар және сылдырмақтар қолданылады. Әуеннің басталуы мен аяқталуын тыңдай білуге үйрету.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия 

Балалардың орындаған ән-би әрекеттері туралы айтып, мадақтау.  Қоштасып, көңілді шығарып салу.

 

                                  № 35-36  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары         

 

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Анашым

Мақсаты: Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдау; әуеннің басталуы мен аяқталуына мән беріп, бірге ән салуға үйрету; би қарқынын өзгерте отырып ырғақты сезіне қимылдауға үйрету. Анасына сүйіспеншілігін арттыру. Күтілетін нәтижелер: жасайды:  ырғақты сезіне, би қимылдарын орындайды; түсінеді: музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдайды;

         қолданады: әуеннің басталуы мен аяқталуына мән береді.

Көрнекіліктер: аналар мен балалар суреттері, бала санымен гүлдер, нота хрестоматиясы. Сөздік жұмыс:  мереке

Билингвальді компонент: сыйлық – подарок

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі    

Музыка залында көңілді әуенмен қарсы алады. «Жай және жылдам» (Е. Хасанғалиев,  А. Асылбек) ән-ойыны қайталанады. 1-бөлім педагогтің көрсетуімен әуенге қосыла жай және тез екпінде шапалақтау. 2-бөлімде аяқты жай және тез топылдату.

2.  Негізгі кезең Анасы мен баласы бейнеленген көрнекілік суреттер көрсету, әңгімелеу.

            

Анашым, анам,         Тіліңді алам.

             Өскенде ертең

            Қорғаның болам! 

 

Музыка тыңдау: «Ақ мамам» (Е. Хасанғалиев, А. Асылбек)

Әнді тыңдап, нәзік, сабырлы сипатын сезінеді. Анаға деген сүйіспеншілік сезімдері туралы әңгімелеу. 

Ән айту: «Мерекеңмен, анашым» (Б. Қыдырбек, И. Сапарбай)

Әнді орындап беріп, мәтіні туралы түсіндіру. Екінші рет орындалғанда әннің әуеніне қосылып айтуға үйрету. 1-шумақ сөздерін үйрету. Ән  айту ережелерін еске салу.

Таныс әндерді еске түсіру. «Ақ әжем» (К. Қуатбаев, О. Әубәкіров) (қайталау).

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:   «Гүлдермен би» (Т. Вилькорейская). Гүлдер ұстап шеңбер бойымен тұру, тербелу, бір орында айналу, шеңбердің ортасына жиналу, кейін қарай шегініп, шеңберді үлкейту. Қарапайым би элементтерін қайталау.

«Кім шапшаң?» ойыны («Балалар биі» А. Майкапар

Ойынға құрсаулар және сылдырмақтар қолданылады. Әуеннің басталуы мен аяқталуын тыңдай білуге, шапшаңдыққа үйретуді жалғастыру.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия 

  Анамызға арнап қандай ән айтамыз?

  Аналарға қандай сыйлық береміз? 

Аналарға арнап «Анама гүл» атты сурет көрмесін ұйымдастыруды ұсыну. Бүгінгі күннің көңілді болғанын айтып, мадақтап, қоштасады.

 

 

№ 37-38  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары          

Білім беру саласы:  Шығармашылық

Бөлімі:  Музыка

Тақырыбы:  Шуақты көктем

Мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін, музыка ырғақтарымен байланысын түсіндіру;  үнтаспадан музыка тыңдау; вальс екпініндегі би қимылдарын үйретуді жалғастыру; музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз сипатына сай ән салуға және ойындарға таныс би қимылдарын қолдана білуге үйрету. Күтілетін нәтижелер:

жасайды: биге және ойындарға  таныс би қимылдарын жасайды; түсінеді: музыканы тыңдау дағдысын меңгереді;

         қолданады: әннің қарқынын, сипатын ажыратып, әуенімен айтады.

Қолданылатын көрнекі құралдар: көктем мезгілі және құстардың суреттері немесе слайд, биге қолданылатын гүлдер, нота хрестоматиясы.         

Сөздік жұмыс: көктем, шуақ          Билингвальді компонент: көктем – весна

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі   

Балаларды қарсы алып, көңілді серуенге шақырады, таныс әуен ырғағымен  («Марш» Е. Брусиловский) ілесе адымдап, нық басып жүруді ұсынады. 

            Біз адымдап жүреміз!  Бір, екі, үш!

            Серуендеп келеміз!   Бір, екі, үш!

Балалардың қосылуын сұрайды.

 

2.  Негізгі кезең

Суреттер көрсетіліп, көктем мезгілі туралы әңгімелеу. 

  Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі гүлдер! 

Балалардың назарын алдын ала дайындалған гүлдерге аударады.              Көктем қандай тамаша!

             Алуан гүлдер тұр тұнып,              Демалайық отырып, –  деп, демалуға отырады.

Музыка тыңдау: Үнтаспадан құстардың дауысын тыңдау.

  Балалар, дауысты естіп тұрсыңдар ма? 

  Құстар қалай дыбыстайды екен? 

  Қандай құстарды білесіңдер? (Құстардың суретін немесе слайд көрсету). 

  Құстар қалай ұшады?

Ән айту:  «Көктем» (К. Қуатбаев, А. Асылбек) әнінің 1-шумағын орындап береді.

Әнді екінші рет орындағанда балаларға тәрбиеші мәтінге сай қимылдарды көрсетеді.

«Мерекеңмен анашым» (Б. Қыдырбек, И. Сапарбай) әнін қайталау, еске түсіру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:   

            Қандай қызық көктемде, 

Күн шуағын төккенде,

            Гүл терейік алуан, 

Шығып алып бөктерге! – деп, гүлдер алуды ұсынады. 

«Гүлдермен би» (Т. Вилькорейская) (қайталау) қимылдарын көрсетіп, балаларды биге машықтандырады.

«Балалар мен жаңбыр» ойыны  («Жаңбыр» Г. Абдрахманова, «Полька» П. Чайковский)  «Жаңбыр» жауғанда «тамшылар» таяқшаларын алып, педагог балаларды айнала жеңіл жүгіреді. Балалар қолшатыр астына жасырынады.

Бәрі:   Жаңбыр, жаңбыр, төк-төк!             Болсын егін көп-көп! 

Көңілді полька ойналады. Күннің көзі ашылды,             Алтын нұры шашылды! –  деп зал ортасында көңілді секіріп, өз еріктерінше билейді. Ойын 2-3 рет қайталанады.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия  – Құстар қалай әндетеді екен? 

  Гүлдер қандай түсті? 

  Көктем мезгілі қандай? 

  Сендерге әдемі көктем гүлдерін сыйлаймын. Алдын ала түрлі түсті қағаздан қиылған гүлдер сыйлайды.

 

 

№ 39-40  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

            

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі:  Музыка

Тақырыбы:  Наурыз – думан

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы, қазақтың салт-дәстүрі жайында түсінік беру;  әнді бірге бастап, бірге аяқтауға, табиғи дауыспен айтуға; ұлттық би элементтерінің қарапайым түрлерін орындауға, таныс би қимылдарын қайталай білуге үйрету; музыкалық ұрмалы аспаптардың дыбыстау динамикасын ажыратуға баулу. Күтілетін нәтижелер: жасайды: ұлттық би элементтерінің қарапайым түрлерін орындайды; түсінеді: аспаптардың дыбыстау динамикасын ажыратады;

         қолданады: әнді бірге бастап, бірге аяқталуына мән береді.

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесін бейнелейтін суреттер, тайтұяқ пен асатаяқ аспаптары, нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс: наурыз

Билингвальді компонент: мереке – праздник

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі 

Педагог балаларды көңілді қарсы алады. Үнтаспадан «Хош келдің, төрлет, Наурызым!» (Б. Бейсенова) әні орындалады. Балалар ересектердің көмегімен екеуден қол ұстасып, шеңбер бойымен жүреді, қол шапалақтайды, бір орында тұрып  тербеледі, айналады. Жұптасып, би қимылдарын әуен ырғағымен қайталайды.

 

2.  Негізгі кезең

Үнтаспада күй ойналып, залға бауырсақ алып әже кіреді. Балалармен амандасып, Наурыз мерекесімен құттықтайды. Наурыз мерекесі туралы сурет немесе слайд көрсетіліп, қысқаша әңгімелейді. Педагог әжеге рақмет айтып, мерекеде ән тыңдауды ұсынады.

Музыка тыңдау: «Бауырсақ» (Ә. Бейсеуов, Н. Арынова) 

Балалар педагогтің орындауындағы шығарманы мұқият тыңдап, әннің мазмұнын түсініп, сипатына сай эмоциямен қабылдайды. 

             Наурыз келді, балақай,              Ән шырқайық, алақай!

Ән айту. «Наурыз» (А. Досмағамбетова, орыс тіліне ауд. В. Франк)

Ән бірінші ересектердің орындауында айтылады. Екінші рет орындап, әннің мәтінін қайталатып, сөздерін анық айтуларын қадағалайды. Одан кейін мағынасы мен әуеніне  сай қимылдар көрсетіледі. Балаларға таныс «Көктем» (К. Қуатбаев, А. Асылбек) әнін еске түсіріп, қайталауды ұсынады.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:  «Би» (Л. Хамиди) – жас ерекшеліктеріне сай ұлттық би элементтерінің қарапайым түрлерін көрсетіп, билеуге үйрету.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия  

                      Наурыз – береке,

                      Құтты болсын мереке!                       Әрқашан, әрқашан                      Мол болсын дастарқан!

 Әженің батасын тыңдап, балалар рақмет айтады. Педагог бүгінгі күннің ерекше көңілді болғанын, балалардың өте жақсы би билеп, ән айтқанын атап өтеді.  Әжемен қоштасып, шығарып салады.                    

 

 

№ 41-42  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары 

           

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Әдемі көбелек

Мақсаты:  Музыкалық шығарманы тыңдап, эмоциямен қабылдауға; дыбыстарды биіктігіне қарай ажыратып, музыкалық сүйемелдеумен  әнді хормен айтуға баулу; қимыл қарқынын өзгерте отырып, ырғақты сезіне жеңіл билеуге үйрету. Күтілетін нәтижелер:

          жасайды:  қимыл қарқынын өзгерте отырып, ырғақпен билейді;           түсінеді: музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдайды;           қолданады: музыкалық сүйемелдеумен  әнді хормен айтады.

Қолданылатын көрнекі құралдар: себетке салынған гүл шоқтары, сымға қондырылған қағаздан жасалған көбелек, нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс: көбелек, гүлзар

Билингвальді компонент: көбелек – бабочка

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі  

Зал ішіне гүлдер қойылып, «гүл алаңы» жасалады. Балаларға гүлдер алып, би билеуді ұсынады. «Гүлдермен би» (Т. Вилькорейская) (қайталау). Әуен ырғағын тыңдап, жеңіл, еркін қимылдауларын қадағалайды.

 

2.  Негізгі кезең

Педагог сымға қондырылған көбелекті «ұшырып» әкеледі. Үнтаспада вальс ойналып, көбелек сымын ырғақпен қозғайды. Көктем қандай көрікті, Балақайлар көріпті.

Дала гүлге толыпты,

Көбелек гүлге қоныпты! –  деп, көбелекті гүлдерге қондырады.

  Балалар, біздің бақшамызға әдемі көбелек ұшып келді. Қандай әдемі көбелек!

Қанаттары  құлпырып, көз тартады. Көбелекті гүлге қондырдық, енді ән тыңдайық. Музыка тыңдау: «Вальс» (үнтаспадан муз. жетекшісінің таңдауымен). Балалар музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдайды. Әуенді тыңдап, қызығушылықтары артады.

Ән айту:  «Көктем» (К. Қуатбаев, А. Асылбек)

Педагог әнінің 1-шумағын орындап береді. Әнді екінші рет орындағанда мәтініне сәйкес тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыс жасауларын бақылайды. Әннің бірінші шумағының сөзін үйретіп,  анық айтуға үйретеді.

«Наурыз» (А. Досмағамбетова, орыс тіліне ауд. В. Франк) (қайталау).

  Балалар, көбелектер қалай ұшады? Олардың қанаттары қалай созылады екен? 

  Ал енді көбелектер сияқты би билеп үйренейік.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:  «Көбелек» (М. Жәутіков) («Билеп үйренейік» жинағынан).

Әуенге ілесе би қимылдарының мәнерлі, жеңіл орындалуын қадағалау.

«Гүлзардағы көбелектер» ойыны  (музыкасы педагогтің таңдауымен). Көбелек-ау, көбелек, Ұшасың сен көлбеңдеп. Қызыл, жасыл керемет

Гүлге қоншы, көбелек! –  деп балаларды ойынға шақырады. «Вальс»  ойналып, ырғақпен  жеңіл  қозғалуларын бақылайды.

Әуен тоқтағанда көбелектер гүлдерге «қонады». Балалардың қызығушылығын арттыруға ықпал ету. Ойын қайталанғанда, өз еріктерімен ойнауға мүмкіндік береді.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия Қандай көбелектер бар екен? 

Көбелектердің жеңіл вальс әуенімен билегенін, үйренген әннің көңілді сипатта екенін еске түсіреді. Залдан әуен ырғағымен көбелектер болып «ұшып» шығуды ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

№ 43-44  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

           

Білім беру саласы:  Шығармашылық

Бөлімі:  Музыка

Тақырыбы:  Не қалай дыбыстайды?

Мақсаты:  Әртүрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдап, ажыратуға; ауыспалы ән сипатын ажырата білуге, хормен ән айтуға дағдыландыру; музыка сипатына сәйкес еркін қимылдауға, үй жануарларының қимылдарын көрсете білуге үйрету. Күтілетін нәтижелер: жасайды:  би қимылдарын орындайды, жануарлардың қимылдарын көрсетеді; түсінеді:  музыканы тыңдап, сипаты мен ырғағын ажыратады; қолданады:  әнді бірге, хормен орындайды.

Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері, ойынға арналған текшелер; гүлдер;  нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс: лақ, бота

Билингвальді компонент: лақ – козленок

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі 

Балаларға шеңбер бойымен бір-бірінің артынан, салт аттыдай, жеңіл секіре басып,

«шабуды» ұсынады. «Төрттаған» (Б. Дәлденбай)

 

2.  Негізгі кезең

Үй жануарларының суреттері көрсетіледі. Олардың төлдерінің атауын білуге үйрету.

«Не қалай дыбыстайды?» ойыны арқылы балаларға сұрақтар қояды.

           Секеңдеген лағым,            Лағым менің, шұнағым,

           Лақ қалай дыбыстайды?

Балаларға  лақтың суретін көрсетіп, «лақ маңырайды» деп түсіндіреді. 

          Күзетші күшік Саққұлақ,

          Үй күзетіп шапқылап,

          Дыбыс шықса қаттырақ,           Қалай, қалай үреді? 

Сұрақтар жалғасады.

Музыка тыңдау: «Төлдерді шақыру» (Д. Ботбаев, А. Асылбек) Ересектердің орындауында әнді тыңдап, мәтіні бойынша әңгімелеу.

Ән айту:  «Төлдер» (Б. Ғизатов, Е. Өмірбеков)

Әннің қандай сипатта, екпінде екенін сұрау. Сөздерін қайталап, үлкендермен қосылып айтуға үйрету. Балаларға таныс әндерін еске түсіріп, қайталауды ұсынады.

«Көктем» (К. Қуатбаев, А. Асылбеков), «Наурыз» (А. Досмағамбетова

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:  «Көбелек» (М. Жәутіков) («Билеп үйренейік» жинағынан) 

Би қимылдарын қайталау, бірге қозғалып билеуге үйретуді жалғастыру.

 «Төлдердің анасын тап» ойыны (Муз-дидактикалық ойындар жинағынан).

Үй жануарларының қимыл-қозғалысын, дыбыстауын көрсету. 

Суретке қарап, «Бұл не?» деген сұраққа жауап беріп, текшедегі төлдің суретін енесінің суретінің қасына тауып қою. Мысалы: Қара көзі мөлдіреп,           Жібек жүні үлбіреп,             Анасын іздеп келеді.

            Бұл не?

Дұрыс жауап берген бала әуенге ілесе төлдің қимылын салып береді.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия  – Қандай төлдер бар екен? 

  Олар қалай дыбыстайды? Қалай жүреді екен? 

  «Төлдер» әні қалай орындалды? – деген сұрақтар қойып, еске сақтауларына ықпал етеді.

 

 

            № 45-46  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары 

 

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Аспаптар әлемі

Мақсаты: Музыкалық ойыншық аспаптардың (барабан, бубен, сылдырмақ) дыбыс шығаруын ажырата білуге; әннің мазмұнын түсініп, музыкалық сүйемелдеумен  «ре-ля» бірінші октавасының диапазонында ән салуға үйрету; бір-бірлеп би қимылдарын жасауға, әуен ырғағына, мәтініне сай ойыншықтар мен қуыршақтарды қолдана таныс би қимылдарын орындауға үйрету. Күтілетін нәтижелер: жасайды:  таныс би қимылдарын бір-бірден және жұптаса билейді;

          түсінеді:  музыкалық аспаптардың дыбыстарын ажыратады;           қолданады: әнді эмоциямен қабылдап орындайды.

Көрнекіліктер: барабан, бубен, сылдырмақ аспаптары, нота хрестоматиясы. Сөздік жұмыс: қоңырау

Билингвальді компонент: қоңырау – колокольчик

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі   

«Марш» (Е. Брусиловский) әуенімен балаларды қарсы алып, көңілді серуенге шақырады, әуен ырғағымен ілесе адымдап, нық басып жүруді ұсынады. Балалардың ырғақты тыңдап, тізені көтере жүруін қадағалайды.

 

2.  Негізгі кезең

Барабан аспабын көрсетіп, ойналу әдісімен таныстыру.  Балаларға барабан туралы шығарманы тыңдауды ұсынады.

                Тара-рам, тара-рам,                 Ойнайды барабан!

Музыка тыңдау: «Барабан» (Г. Левкодимов

Шығарманы тыңдап, ырғағын шапалақпен көрсетуді ұсынады. Әуеннің сипатын, көңіл күйін сезініп ажырата білуге үйрету. Балалар пьесаны эмоциямен қабылдайды.

                 Қуыршақтар әдемі                  Бәрімізде бар енді.                  Бәрінен де бақшамыз                  Ойыншықтар әлемі!

Ән айту:  «Ойыншықтар» (И. Нүсіпбаев, Н. Әлімқұлов) әнін орындап береді.  Әнді екінші рет орындап, балаларға ойыншық, қуыршақтармен мәтінге сай қимылқозғалыс жасауға үйрету. Әннің ауыспалы сипатына байланысты балалар мимикалық қимылдар (жымию, қабақ түю т.б.) жасайды.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Көбелек» (М. Жәутіков) («Билеп үйренейік» жинағынан). 

Бидің сипатына сәйкес мәнерлі билеуге үйрету, таныс би қимылдарын өз беттерінше билеуге мүмкіндік беру.

 «Музыкалық аспаптар дүкені» ойыны (Муз-дидактикалық ойындар жинағынан).  Музыкалық аспаптардың (барабан, сылдырмақ, бубен) дауыстарын ажырату.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия  – Қандай ән тыңдадыңдар? 

    Әннің сипаты қандай екен? 

    Дүкенде  қандай аспаптар бар екен?  

Балалардың орындаған ән-би әрекеттері туралы айтып, мадақтау.  Қоштасып, көңілді шығарып салады.

 

№ 47-48  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары 

           

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Кәне, қызық ойын бар

Мақсаты: Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға дағдыландыру; шығарманың көңілді сипатына сәйкес сүйемелдеумен ән салуға үйрету; музыка  ырғағына сай жұптаса  би қимылдарын орындауға баулу, қуанышты көңіл күй, шаттық сезімін ояту.

Күтілетін нәтижелер:

          жасайды: музыка ырғағына сай жұптаса билейді;           түсінеді: шығарманы эмоциямен қабылдайды;           қолданады: әннің көңілді сипатына сай сүйемелдеумен ән айтады.

Қолданылатын көрнекі құралдар: мәшине, бағдаршам суреттері, нота хрестоматиясы. Сөздік жұмыс: бөбек

Билингвальді компонент: ойын – игра

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі   

Балаларды көңілді қарсы алады.

         Кәне, кәне, тұрыңдар,          Үлкен шеңбер құрыңдар!

         Қанатты кең жайыңдар!

«Көбелек» биін (М. Жәутіков) («Билеп үйренейік» жинағынан) қайталауды ұсынады.  Би қимылдарын қайталау, өз беттерінше еркін билеуге мүмкіндік беру.

 

2.  Негізгі кезең

Музыка тыңдау: «Мәшине»  (К. Қуатбаев, Т. Тұяқбаев)

Әннің мазмұны мен әуенінің ырғағын ажыратуға үйрену. Мәшине, бағдаршам суреттерін көрсету, әңгімелеу. Жол ережелері туралы түсінік беру.

Ән айту:  «Кәне, қызық ойын бар» (эстон халық әуені, Ю. Энтин, аударған И. Сапарбай) Әннің әуенін үйрену, мазмұнына сәйкес қимыл жасауға үйрету. Айғайламай, дауысқа күш түсірмей дұрыс айтуға дағдыландыру. Өткен әндерді қайталау. Таныс әндерді естеріне түсіріп, сөздерін анық, таза айтуына мән беру. Таныс әндерді қалаулары бойынша қайталау. 

«Ойыншықтар» (И. Нүсіпбаев, Н. Әлімқұлов)

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:   «Бөбектер биі» (К. Қуатбаев

Балалар  жұптасып тұрады. 1-бөлімде бір-біріне қарап тұрып, аяқтарымен жеңіл серіппелі қимыл жасайды. 2-бөлімде қол ұстасып айналады.

                        Кел, ойнайық, ойнайық,

Қызыққа бір тоймайық! – 

деп ойынға шақырады.

 «Жай және жылдам» ойыны (Е. Хасанғалиев, А. Асылбек)

Ән-ойын мәтініне сәйкес 1-шумақта жай және тез қол шапалақтау. 2-шумағында жай және тез аяқ топылдату. Әуен ырғағын ажыратып, еркін қозғалуға үйрету.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия  – Бүгін қандай ән тыңдадыңдар? 

  Кімге би билеген ұнады? 

  Ал кімге ойын ұнады?

Бүгінгі күннің өте көңілді болғанын айтып, қоштасып, көңілді шығарып салу.

 

                                  № 49-50  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары         

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Қуыршақ Айжанмен билейміз

Мақсаты: Баяу, жай сипаттағы әннің мазмұны мен көңіл күйін, қарқынын тыңдап ажыратуға; әнді дыбыстардың биіктігіне қарай хормен орындауға баулу; би қимылдарының қарқынын өзгерте, жұптаса мәнерлі билеуге дағдыландыру. Күтілетін нәтижелер: жасайды:  жұптаса ауыса отырып би қимылдарын орындайды; түсінеді:  музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдайды; қолданады:  әнді бірге бастап, хормен айтады.

Көрнекіліктер:  қуыршақ Айжан, түсті шашақтар-«әшекейлер», нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс:  жай-жай, тез-тез Билингвальді компонент: би – танец

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі   

«Бөбектер биі» (К. Қуатбаев) жұп биін билеуді ұсынады. 1-бөлімде бір-біріне қарап тұрып, аяқтарымен жеңіл серіппелі қимыл жасайды. 2-бөлімде қол ұстасып айналады. Ырғақты сезіне би қимылдарын бірге орындайды.

 

2.  Негізгі кезең 

Педагог қуыршақ Айжанды алып ортаға шығады.

        Балалар, бүгін бізге қуыршақ Айжан қонаққа келді. Сендермен бірге ойнап, ән тыңдағысы келеді. Кәне, қуыршақ Айжанға «Бес саусақ» санамағын айтып берейікші.

             Бір үйде біз нешеуміз?  

             Кел, санайық екеуміз.

             Бас бармағым – әкем,      

             Балаң үйрек – анам,

             Ортан терек – ағам,         

             Шылдыр шүмек – мен,

             Кішкентай бөбек – сен!

        Қуыршақпен бірге бесік жырын тыңдаңдар, – деп ұсыныс жасайды.

Музыка тыңдау: «Бесік жыры» (Ж. Тұрсынбаев, Е. Өтетілеуұлы) 

Сабырлы сипаттағы әнді тыңдап, бесік жыры бөбектерді ұйықтатын кезде айтылатынын түсіндіру. Қуыршақ Айжанды бесік жырының әуенімен ұйықтату.

- Балалар, енді Айжанға ән айтып берейік. 

Ән айту:  «Қайсы екен?» (Б. Дәлденбай, А. Меңжанова) 

Әнді орындап, әуенін, бірінші шумағын үйрету. Әнді екінші рет орындағанда балалар шеңбер бойымен тұрып, тәрбиешінің көрсетуімен мәтінге сәйкес қимылдарды жасайды.

«Кәне, қызық ойын бар»  – таныс әнді қайталау, бірге қосыла айтуға үйретуді жалғастыру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:  «Түсті шашақпен би» (А. Жилинский).  Шеңбер бойымен тұрып, түсті шашақтарын көтеріп, тербеле қозғалады. Аяқ ұшымен жеңіл жүгіреді. Қолдарындағы шашақтарын арқаларына жасырады. Шеңберді кішірейтіп, әуен ауысқанда үлкейтеді.

 «Жай және жылдам» ән-ойыны ( Е. Хасанғалиев) 

Балаларға әннің мәтініне және ырғағына байланысты «жай» және «тез» шапалақтап, аяқтарын топылдату қимылдарын қайталату. Балаларға жеке сөздерге қосылып, әндете айтуды ұсынады.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

-  Қуыршақ Айжанның билегені ұнады ма?

-  Аяқтарын қалай топылдатады?  

-  Тез-тез қалай қол шапалақтайды екен?  Жауаптарына ризашылығын білдіреді. Қуыршақ Айжанмен қоштасып, шығарып салады.

 

 

№ 51-52  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

           

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Көңілді би

Мақсаты: Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдап, еске сақтауға;  шығарманың көңілді сипатына сәйкес сүйемелдеумен ән салуға үйрету;  көңілді әуенге жұптаса отырып би қимылдарын орындау.

 Күтілетін нәтижелер: жасайды: жұптаса ауыса отырып би қимылдарын орындайды;  түсінеді: шығарманың сипатына сәйкес сүйемелдеумен ән салады; қолданады: әуеннің басталуы мен аяқталуына мән береді.

Көрнекіліктер: түсті шашақтар-«әшекейлер», ысқырық, нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс: пойыз, паровоз

Билингвальді компонент: көңілді – веселый

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі    Балаларды көңілді қарсы алады.  

Педагог: Әшекейлер әдемі,

               Бірге тербеледі.                Қолымызда жарқырап,                Сәнге бөленеді.

«Түсті шашақпен би» (А. Жилинский)

Педагогтің көрсетуімен би  қайталанады. Әшекейлерді дұрыс ұстап, би қимылдарын еске түсіріп, әуен ырғағымен билеуге үйрету.

 

2.  Негізгі кезең 

Музыка тыңдау: «Илигай» (өңдеген Б. Дәлденбай)

Сабырлы әуеннің сипаты мен көңіл күйін сезініп, қызығушылықтарын арттыру.

Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдайды. 

            Біз бақытты баламыз,

            Шырқап әнге саламыз, – 

деп, ән айтуды ұйымдастыру.

Ән айту:  «Біз бақытты баламыз»  (А. Айтуова

Педагог әнді айтып береді. Әннің басталуы мен аяқталуына мән беру. Әннің қандай сипатта, екпінде орындалатынын сұрау. Сөздерін қайталап, үлкендермен қосылып айтуға үйрету. 

Таныс әнді қайталау, еске сақтау. «Қайсы екен?»  ( Б. Дәлденбай) (қайталау).

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Кел, билейік» (Ө. Байділдаев) («Билеп үйренейік» жинағынан). 

Балалардың жұптасып тұруларын, би қимылдарын ырғақпен сезіне, музыканың сипатын игере мәнерлі орындауға үйрету. Шығарманың 1-бөлімінде қол ұстасып айналу, 2-бөлімде оң және сол аяқ өкшелерін кезек алға қою қимылдары қайталанады.

 «Пойыз» ән-ойыны ( К. Қуатбаев, Ж. Смақов)

               Пойызға біз барайық,                Отырып орын алайық!                Ал паровоз бастайды,

               Ән айтып біз қостайық!                Пыш-пыш, пух-пух! 

Балалар вагондар құрып, тізбектеле тұрады. Паровоз-бастаушы тағайындалып, оған ысқырық беріледі. Балалар-«вагондар» әуен ырғағымен аяқтарын топылдата жүреді. 

Әуен тоқтағанда, паровоз  «пшшш!» деген дыбыс беріп, «вагондар» тоқтайды.  Ойын 2-3 рет қайталанады.

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия  ҰОҚ-не қысқаша шолу жасау. 

  Қандай ән тыңдадыңдар? 

  Әннің сипаты қандай екен? 

Балалардың орындаған ән-би әрекеттері туралы айтып мадақтау.  Қоштасып, көңілді шығарып салу.

 

 

№ 53-54  Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары          

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: Ғажайып сылдырмақтар

Мақсаты: Көңілді әуенді тыңдап, сипатын анықтай білуге, дыбыстарды биіктігіне қарай ажырата отырып, хормен бірге қосыла ән айтуға; жұптаса отырып таныс би қимылдарын өз беттерінше орындауға үйрету; көңілді сипаттағы әуенді ойын арқылы музыкаға қызығушылығын арттыру. Күтілетін нәтижелер: жасайды:  жұптаса би қимылдарын көрсетеді; түсінеді: музыканы тыңдау дағдысын меңгереді; қолданады: музыкалық шығарманы эмоциямен орындайды.

Көрнекіліктер: сылдырмақтар,  безендірілген қорап, нота хрестоматиясы.

Сөздік жұмыс: сылдыр-сылдыр, әні, сәні, әдемі Билингвальді компонент: сылдырмақ – погремушка

 

ҰОҚ барысы

1.  Ұйымдастыру кезеңі   

Үнтаспада көңілді ән (педагогтің таңдауымен) орындалып, балалар залға көтеріңкі көңіл күймен кіреді. Балаларды көңілді серуенге шақырып, қол ұстасып жүрулерін сұрайды. Қол ұстасып, зал ішінде еркін жүрулерін қадағалайды. 

 

2.  Негізгі кезең

Көңілді сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдап, есте сақтауға, сезіне білуге үйрету. Шығарманың қарқынын, көңіл күйін  анықтауға баулу.

Музыка тыңдау: «Латыш халық әні» (А. Жилинский)

Әуен аяқталысымен залдың ортасына безендірілген қорап әкелініп, балалардың көңілін аударады. 

– Мынау әдемі қорапта не бар екен? Келіңдер, бірге ашып көрейік, – деп балалардың қызығушылығын арттырады.

Педагог қораптан сылдырмақтарды алып көрсетеді.

             Қызыл, жасыл сылдырмақ, 

             Үн қатады сылдырлап.   (Сылдырмақты алып, қозғап, ойнап көрсетеді)              Сылдырмақты алайық,              Әсем әнге салайық!

Ән айту. «Біз бақытты баламыз»  (А. Айтуова) 

Ән ырғағына сәйкес сылдырмақты  бірге сілке қозғау. Әннің көңілді сипатын сезіне орындауға үйретуді жалғастыру.

Балалардың қалауынша таныс әндерді еске түсіру, қайталау. 

«Қайсы екен?» (Б. Дәлденбай, А. Меңжанова)

«Ойыншықтар» (И. Нүсіпбаев, Н. Әлімқұлов)

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар:  «Кел, билейік» (Ө. Байділдаев) («Билеп үйренейік» жинағынан)

Би қимылдарын ырғақпен сезіне орындауға, жұптаса отыра музыканың сипатын игере орындауға үйретуді жалғастыру.

         Ортада әлі ойын бар,

         Қәне, шыға қойыңдар! –  деп әндетіп, балаларды келесі ойынға шақырады. 

 «Балалар биі» (А. Майкапар) педагогтің көрсетуімен ұйымдастырылады. Екі бөлімді әуенге өз беттерінше қимылдарды ауыстыра білуге үйретеді. Балаларға ойын соңында құрсауларға кіріп, жасырынып үлгеру керек екенін түсіндіреді.  Ойын 2-3 рет қайталанады. 

 

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия  Сылдырмақтың дауысы қандай? 

– Бүгінгі үйренген әніміз не туралы екен? 

Үйренген әннің көңілді сипатта екенін түсіндіреді. Сұрақтар қою арқылы ҰОҚ бекіту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.    Мектепке дейінгі тәрбие және білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қосымша, Астана, 2016 жыл 13 мамыр, № 292).

2.    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Астана, 2016 жыл.

3.    «Музыка» нота хрестоматиясы +5   «Алматыкітап», 2013

4.    «Алақай»  «Көркемсөз әлемі» 1-кітап «Аруна», 2000

3.   «Музыка» әдістемелік құрал 1-сынып мұғаліміне. «Алматыкітап», 2015

6.        «Музыкальный руководитель» Москва, 2010, 2013, 2014, 2015 

7.        А. Асылбек. «Ойын ойнап, ән салмай» «Олжас», 2012

8.        С. Зәуірбекова. «Бұлақ көрсең, көзін аш» Алматы, 2007

9.        Көркем әдебиет. Хрестоматия «Аруна», 2000

10.    А. Молдагаринов «Казахские детские игры». «Жалын», 1987

11.    «Балалар бақшасындағы музыка сериясы» Алматы, 1989

12.    Ф. Қоңыратбай. «Балабақшадағы мерекелер». «Просвещение-Казахстан»

13.    Тазша бала «Алматыкітап», 2007

14.    Ж. Қалжанова «Балдырғандар шаттығы» Алматы, 1996

15.    А. Естенов. «Наурыз тойы»  «Жазушы», 1993

16.    Г. Жұмалиева.  «Балдәурен»  «Білім», 1993

17.    Ә. Табылдиев, З. Дәрімбекова. Алғашқы қоңырау. «Балауса», 1993

18.    «Музыка» нота  хрестоматиясы   1-сынып  «Алматыкітап», 2003

19.    «Музыка» әліппе-дәптер «Алматыкітап», 2003

20.    «Музыка» әліппе-дәптер «Алматыкітап», 2012

21.    И. Бодраченко «Музыкальные игры в детском саду».  Москва «АЙРИС-пресс», 2009 

22.    «Логоритмика  в детском саду».  М. Гоголева Ярославль  Академия развития,  2006 

23.    «Музыкальное воспитание в детском саду». М. Давыдова   Москва  «ВАКО», 2006  Оқулық басылым

 

Қоңыратбай Фатима Махмұдқызы

Абдрахманова Гульмира Ауелбековна Сарыбаева Тамара Тынышбаевна

 

МУЗЫКА Әдістемелік нұсқау

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші топ (3-4 жас)  педагогтеріне арналған 

 

Әдіскер Б.С. Тажинова

Редакторы Ә.Б. Орынбаева

 

 

 

 

 

  

Ф.М. Қоңыратбай, Г.А. Абдрахманова,

Ф.М. Қоңыратбай, Г.А. Абдрахманова,

Музыка. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші топ (3-4 жас) педагогтеріне арналған/

Музыка. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші топ (3-4 жас) педагогтеріне арналған/

Музыка» оку-әдістемелік кешені мынадай нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалды: 1

Музыка» оку-әдістемелік кешені мынадай нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалды: 1

Оқу-әдістемелік кешеніне: - әдістемелік нұсқау - нота хрестоматиясы кіреді

Оқу-әдістемелік кешеніне: - әдістемелік нұсқау - нота хрестоматиясы кіреді

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ «МУЗЫКА» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ «МУЗЫКА» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ «МУЗЫКА» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ «МУЗЫКА» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН

Біздің қуыршақ № 5-6 2 Қуыршақ ойыншықтары арқылы балалардың қызығушылығын арттыру

Біздің қуыршақ № 5-6 2 Қуыршақ ойыншықтары арқылы балалардың қызығушылығын арттыру

Ойыншықтар дүкені Қызыл, жасыл, көк шар № 13-14 2

Ойыншықтар дүкені Қызыл, жасыл, көк шар № 13-14 2

Алғашқы ақша қар Шыршамызға арнаймыз № 19-20 2

Алғашқы ақша қар Шыршамызға арнаймыз № 19-20 2

Алғашқы ақша қар Шыршамызға арнаймыз № 19-20 2

Алғашқы ақша қар Шыршамызға арнаймыз № 19-20 2

Музыканы тыңдау, есте сақтау, ән айту қабілеттерін жетілдіру; әнді тыңдап, аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру; ересектермен бірге ән салуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым…

Музыканы тыңдау, есте сақтау, ән айту қабілеттерін жетілдіру; әнді тыңдап, аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру; ересектермен бірге ән салуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым…

Көңілді достар № 29-30 2

Көңілді достар № 29-30 2

Анашым № 35-36 2

Анашым № 35-36 2

Наурыз-думан № 39-40 2

Наурыз-думан № 39-40 2

Би билеп, ән салайық Қуыршақ

Би билеп, ән салайық Қуыршақ

Би билеп, ән салайық Қуыршақ

Би билеп, ән салайық Қуыршақ

ЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ

ЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Достастық» беларус халық әуені

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: «Достастық» беларус халық әуені

Доп» (Б. Қыдырбек, А. Асылбек)

Доп» (Б. Қыдырбек, А. Асылбек)

Музыка тыңдау . «Кір қуыршақ» (И

Музыка тыңдау . «Кір қуыршақ» (И

Айтыңдаршы, балақандар,

Айтыңдаршы, балақандар,

Көрнекіліктер: «Күн мен жаңбыр» үлестірмелі текшелер, қолшатырлар, нота хрестоматиясы

Көрнекіліктер: «Күн мен жаңбыр» үлестірмелі текшелер, қолшатырлар, нота хрестоматиясы

Мақсаты: Балаларға күз мезгіліндегі құстардың іс-әрекеті туралы түсінік беру

Мақсаты: Балаларға күз мезгіліндегі құстардың іс-әрекеті туралы түсінік беру

Балалар, топта тәрбиешімен бірге торғайға ұя жасап берейік

Балалар, топта тәрбиешімен бірге торғайға ұя жасап берейік

Балаларға ән мазмұнына сәйкес би қимылдарын жасауды ұсыну

Балаларға ән мазмұнына сәйкес би қимылдарын жасауды ұсыну

Жаңа әнді музыка жетекшісі орындап береді

Жаңа әнді музыка жетекшісі орындап береді

Көңілді, көңілді Әндерді шырқаймыз

Көңілді, көңілді Әндерді шырқаймыз

Жаңа жыл» (Б. Бейсенова) әні орындалып, балаларды қарсы алу

Жаңа жыл» (Б. Бейсенова) әні орындалып, балаларды қарсы алу

Көрнекіліктер: аққала суреті; «ақшақарлар», «қар» әшекейлері; «сиқырлы таяқша», нота хрестоматиясы

Көрнекіліктер: аққала суреті; «ақшақарлар», «қар» әшекейлері; «сиқырлы таяқша», нота хрестоматиясы

Бөлімі: Музыка Тақырыбы: Қысқы әуен

Бөлімі: Музыка Тақырыбы: Қысқы әуен

Орындаған ән-би әрекеттері туралы айтып мадақтау

Орындаған ән-би әрекеттері туралы айтып мадақтау

Ақ қоян» әнін (Б. Аманжол, Н.

Ақ қоян» әнін (Б. Аманжол, Н.

Педагог: Балалар, бізге қонаққа келген бұл не?

Педагог: Балалар, бізге қонаққа келген бұл не?

Музыка тыңдау : «Не қалай дыбыстайды?» («Қасқыр», «Аю, «Түлкі»

Музыка тыңдау : «Не қалай дыбыстайды?» («Қасқыр», «Аю, «Түлкі»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру саласы: Шығармашылық

Аяқтарын топылдатады, жұптасып айналады

Аяқтарын топылдатады, жұптасып айналады

Педагог әнді орындайды. Мәтінін қайталатып, сөздерді анық айтуға үйрету

Педагог әнді орындайды. Мәтінін қайталатып, сөздерді анық айтуға үйрету

Анаға деген сүйіспеншілік сезімдері туралы әңгімелеу

Анаға деген сүйіспеншілік сезімдері туралы әңгімелеу

Негізгі кезең Суреттер көрсетіліп, көктем мезгілі туралы әңгімелеу

Негізгі кезең Суреттер көрсетіліп, көктем мезгілі туралы әңгімелеу

Тақырыбы: Наурыз – думан

Тақырыбы: Наурыз – думан

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру саласы: Шығармашылық

Гүлзардағы көбелектер» ойыны (музыкасы педагогтің таңдауымен)

Гүлзардағы көбелектер» ойыны (музыкасы педагогтің таңдауымен)

Балаларға лақтың суретін көрсетіп, «лақ маңырайды» деп түсіндіреді

Балаларға лақтың суретін көрсетіп, «лақ маңырайды» деп түсіндіреді

ОҚ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі «Марш» (Е

ОҚ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі «Марш» (Е

Сөздік жұмыс: бөбек Билингвальді компонент : ойын – игра ҰОҚ барысы 1

Сөздік жұмыс: бөбек Билингвальді компонент : ойын – игра ҰОҚ барысы 1

Тақырыбы: Қуыршақ Айжанмен билейміз

Тақырыбы: Қуыршақ Айжанмен билейміз

Балаларға әннің мәтініне және ырғағына байланысты «жай» және «тез» шапалақтап, аяқтарын топылдату қимылдарын қайталату

Балаларға әннің мәтініне және ырғағына байланысты «жай» және «тез» шапалақтап, аяқтарын топылдату қимылдарын қайталату

Педагог әнді айтып береді. Әннің басталуы мен аяқталуына мән беру

Педагог әнді айтып береді. Әннің басталуы мен аяқталуына мән беру

Балаларды көңілді серуенге шақырып, қол ұстасып жүрулерін сұрайды

Балаларды көңілді серуенге шақырып, қол ұстасып жүрулерін сұрайды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.05.2019