Научная статья по физике
Оценка 5

Научная статья по физике

Оценка 5
Научные работы
docx
физика
Взрослым
19.01.2020
Научная статья по физике
В научной статье описывается технология внедрение уновейших технологии
НАУЧНАЯ СТАТЬЯ.docx

АҚПАРТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

 

Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына кіру, сол елдердің ішінде жан-жақты дамыған технолгияларды жаңғыртып, оларды ел игілігіне пайдалану игі істердің бірі болып табылатыны анық.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі , айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.

Соңғы жылдары, ақпаратттық технологияларды пән оқытушыларына игеру қарқынды дамып келе жатыр және әлеуметте оның ерекше беделі бар. Ол тек тұрғылықты жағдайда ғана емес, сонымен қатар физика, математика, биология, яғни жалпы пәндердің барлығында пайдалану қолға алынып қоймай, терең меңгеріп, оны нанотехнологияда, техника және медицина салаларында пайдалану дәстүрге енгендей.

Осыған орай Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) шешімімен «ХХІ – ғасыр ақпараттандыру ғасыры» деп аталғандығы белгілі. Осындай шешімдерді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасында ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Ақпараттық технологияны физика пәнінде көмекші ресурс ретінде қолдану, оны егжей-тегжейлі игеріп, тестті автоматтандыру, оқу-әдістемелік құралдарды электронды түрде дайындап жинақтау, бағалау критерийлерін автоматты қабылдау, физика және т.б. пәндер тапсырмаларын, лекция жинағын он-лайн түрінде жіберу/көрсету/оқыту сынды жобалар оқыту жүйесіне енгізілуде, ал бұл дегеніміз - электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Қазақстан Республикасы барлық сала жағынан және 30 дамыған ел қатарына қосылу үшін, саяси биліктегі тұлғалар ақпараттық технологияның дамуына, немқұрайлы қарамауы тиіс. Ақпараттық технологиялардың дамуына үлес қосып жатқан көптеген елдер, бүгінде өзінің сапалы басқаруы мен қарыштауына ықпал жасайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы" жарлығында былай атап көрсетті: тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасының деңгейі жоғары білім экономикасына бағдарланған қоғам қалыптастыру; Қазақстанның 2050 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасының басты мақсаты болып табылады; технологияларды коммерцияландырудың тиімді жүйесін дамыту; Қазақстан Республикасының ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға  көшуі; ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған ұлттық секторын қалыптастыру.

Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010– 2014 жылдарға арналған бағдарлама тағы бар. Бұл бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан Республикасының ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға  көшуі; ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту; цифрлық телерадио хабарларын таратуды дамыту; интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту; бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және ақпараттық-технологиялық қызметтер секторын дамыту; жоғары технологиялық жабдықтың отандық өндірісін  дамыту; ақпараттық-коммуникациялар саласында білім беруді дамыту; электрондық қызметтерді және электрондық үкіметті дамыту.

Ақпараттық технологиялардағы бәсекелестіктің дамуы бұл жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының себебі. Бұл ақпараттық-коммуникациялық жаһандану болып табылады, қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Осыған жеке-жеке тоқталып кетейін:

·         Білім саласында, ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын физика, химия, биология, математика т.б. пәндерге пайдаланып  автоматты база жасау, барлық тапсырмалар мен оқу-әдістемелікті жинақтап енгізу және оны пайдалану арқылы білім беруді жетілдіру;

·         Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау;.

·         Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыру;

·         Оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату.

     

 Міне осындай жүйені толық меңгеріп, үлкен берілгендер базасын жинақтап алсақ, біз жаңа формацияда қалыптасқан мемлекет екенін көрсете аламыз және білім сапасын дамытып, білімді, саналы ұрпақ өсіре аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы // Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты. URL:  http://www.akorda.kz/kz/page/page_poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-lidera-natsii-nursultana-nazarbaeva-narodu-kazakhstana 
  2. Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама. // Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі «Әділет». URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P100000983 
  3. "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы // Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі «Әділет». URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000990(кірген күні – 15.04.2014)

 

4.      Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы   

 

 

 

Научная статья по физике

Научная статья по физике

Научная статья по физике

Научная статья по физике

Научная статья по физике

Научная статья по физике
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.01.2020