Nақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»
Оценка 4.8

Nақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»

Оценка 4.8
Мероприятия
docx
воспитательная работа
3 кл
06.02.2017
Nақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»
16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні Ертеңгілік тақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» Өту барысы: Тәрбиеші: Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың Тәуелсіздік - ұлтың менен ұраның Шартарапта шаттығындай азаттық Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі Шалқи берсін Әнұраны қазақтың Әнұран орындалады Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын- қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар .Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есіне мәңгі сақталады. 16-желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды.Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке. -Балалар,біз осы тәуелсіздікке оңай жеткен жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп,солардың бірі-Қайрат Рұсқұлбеков .Ол қыршын жасын қиды.Оған үлкен айып тағылды. Ерлігіне қуанам да,сүйенем, Қайрат аға рухыңа мен иілем. Бәйшешектің солғанына ах ұрсам, Әділ жанның қазасына күйінем. Лаззат Асанова 1970 жылы өмірге келген. Желтоқсан оқиғасына Алматы қаласындағы музыка училищесінде оқып жүрген кезінде қатысқан еді. Ол не бәрі 16 жаста еді,және Сабира Мүхамеджанова, Ербол Спатаев деген жастарымыз желтоқсан оқиғасында ерліктерімен көзге түскендер. 1986жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ.Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.Енді міне, осы желтоқсан котерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата- бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік 3 «Ә» сынып оқушылары өлең жолдарын оқиды. Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді, Бізге оны ешкім аялап бермейді. Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың, Тас көшеде тас-талқан боп өлгені. Мұз жастанып азаттықтын жолында, Тәуелсіздік туы тұрды қолында. Сойыл таяқ ойнаса да жанында. Отан үшін жанын қиды ұлдарың, Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың, Күйініштен ауырады жүрегім, Естігенде желтоқсанның ызғарын. Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира Құрбаны болған жаланың Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, Бұғаудағы боздақтары кете барды Бірі атылып, ал бірі дарға асылып Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе, Ұрпақ өсер айналатын тірекке, Егемендік тиді бүгін еншіме, Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке. Егемендік иесі мен деген сөз, Көптен бері естілмеген ерен сөз, Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған Көркем жігіт болып өссе көрген сөз. Егемендік ел болудың белгісі, Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші. «Егемендік» деген сөзден естілер Ата жұрттың арысы мен бергісі. Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік алған күн Ерекше боп мәңгілік Ел жадында қалған күн Енді міне біз тәуелсіз ел болдық Басқалар мен терезесі тең болдық Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай Отан үшін болуға да құрбандық 3 «Б» сынып оқушыларның «Желтоқсан» әнін қабыл алыңыздар Слайд көрінісі 3 «А» сынып оқушыларның өлең жолдары Отан Бақытты боп жүргенім Сенің арқаң, Ұлы Отан. Елім менің –тірегім, Құшағында гүл атам. Шығысыңнан арайлы, Күліп атқан құба таң. Сенен бақыт тарайды Баршамызға Ұлы Отан. Сарқылмайтын қуатым, Тірегімсің сен, Отан. Мәңгі соғып тұратын Жүрегімсің сен, Отан! Ту Күнді құшқан қас қыран, Аясында қалқыған Аспан түсті туым бар Көк теңіздей шалқыған. Көкірек жауар шымқай өң, Көрген жерден елітер, Көркем өрнек, кең көңіл Көл пейілге кенелтер. Тәжім етіп бас иер, Туы елімнің егемен. Тұтастығым куәсі Туғандай бір енеден. Елдігімді әлемге Паш ететін байрағым, Тұнық менің көгімдей Әуемде мәңгі жайнаған! Елтаңба Дүние әлем көзіндей, Дөңгеленген жамалы. Еге елімнің қорғаны- Кереге қанат қамалы. Көгілдір көктің жүзінде Шаңырақ-күн, уық-нұр. Мәңгі сенбес күйінде, Маңдайдан жұлдыз туып тұр. Қуат отын қоздырған Қос қанатты пыпағым. Хас тұғырға қондырған «Қазақстан» -Ұраным. Тұлғасында түзілген Ыстық қаным, діл, арым. Төріме іліп, Төсіме Тағып жүрер Тұмарым! Әнұран Қаһарман қажыр, қайратым, Шайлықпас текті айбатым. Арман, абырой, толғаныс- Айтылатын ар, затым. Жұртымның мұң, мұратын Құлқыма құйып тұратын Сіңірген тұла бойыма, Тәңірлік күштің қуатын. Жан дауысы халқымның Шабыттана шырқалар. Киелі сөз, сазды әуен Шырқағанда, нұр тамар. Беріле тыңдап, Егіле Жанып тұрар мың жанар. Қазақ елі Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген. Намысын ешкімге қолынан бермеген. Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған. Төрінде жерімнің байрағым желбіреп, Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп. Қазақтың тілері ата жол салтымен Достасу, туысу әр елдің халқымен. Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз, Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз. Таныған жұмыр жер Алаштың баласын, Қазақтың елі мен даңқты даласын. 1.Әуелейді асқақ ән, Болашаққа бастаған Мәртебемсің сен менің Айналайын Астанам. .Жаса- жаса Астанам Өркен жол бастаған Болашақтың есігін Өз қолыммен аш маған. Барша әлемге әйгілі Ел басымыз Нұр аға Мақтанышы елімнің Нұрын шашқан, Нұр қала Астана арман қала Бағы бір жанған қала Тұрады ол жап- жас болып Мен үлкен болған да да. Келесі орындалатын «Айжан қыз» Айбар өлең айтады Құрметті қонақтар, еңселі еліміздің «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деген тілекпен, сіздермен коштасамыз.Мен өз елімнің патриотымын! Сабақтың мақсаты: 1. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт- дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту. 2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: пікірталас Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету. ІІІ. Негізгі бөлім. Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің? – тақырыбында пікір сайыс «Ой да ортақ, пікір де ортақ » дегендей сіздердің назарларыңызға « Мен өз елімнің патриотымын » атты тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз. Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу. Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнерді үйретуді армандады.Осы туралы ойларыңыз? Ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлық, ерлікті мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтың батырлық, ерлік істерді дәріптегенін және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады. Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз. А.Байтұрсынов: - Қазағым елім! Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның Аш көзіңді оянып...- десе, М.Дулатов: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» - дейді. Ал С.Торайғыров: Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың кегіне, Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр. А.Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патриотизмге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның « Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзі, барша жұртшылықты жауласу, күш көрсету дегенді білместен, тек тату-тәтті өмір сүруге шақырады. Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз? Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс батыр тұлғалары, ақын-жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең-жырлары, шешендік сөздері оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы зор. Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім. Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік.Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну.қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген. Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс. Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау. Өскембаев Ерасыл: Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді. Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсінесің? Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма?Бар болса қандай әндер? Бағанадан бері патриот деген кім, патриоттық сезім туралы ойларымызды айттық. Ал енді, «Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінеміз? ( оқушылар ортаға шығып өз ойларын айтады) Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларынды, пікірлерінді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым. • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау; • Туған жерге деген ыстық сезім; • Ата- баба өсиетіне адал болу; • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу; • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау; • Ана тіліне деген құрмет; • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу; • Елдің тарихын құрметтеу; • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім; • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану; • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау; • Заңға бағыну; • Үкіметті сыйлау; • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу; • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық; • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту; • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру; Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек. Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.
мен өз елімнің патриотымын.docx
Мен өз елімнің патриотымын! Сабақтың   мақсаты:   1.  Отанды   сүюге,   туған   жеріне,   еліне   деген сүйіспеншілігін   арттыруға,   халқымыздың   салт­   дәстүрін   сақтап,   әрі   қарай жалғастыруға,  болашақта Отанымыз Қазақстанды  өркендетуге  білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың     сөйлеу  мәдениетін, тілдерін дамыту.   2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа,  адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: пікірталас Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында   патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар,  мемлекет рәміздерін көрсету. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.  Интербелсенді   тақтадан   оқушылардың   бойында   патриоттық   сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету. ІІІ. Негізгі бөлім.  Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің? – тақырыбында пікір сайыс  «Ой да ортақ, пікір де ортақ » дегендей сіздердің назарларыңызға « Мен өз елімнің патриотымын » атты тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз.  Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу.     Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын­ жыраулардың барлығының  мақсат­мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің баласына  ғылым­білім, өнерді үйретуді армандады.Осы туралы ойларыңыз?     Ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті  нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор.  Көркем шығармаларда отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлық, ерлікті  мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі  қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын,  оларда халықтың батырлық, ерлік істерді дәріптегенін және оны  жасаушыларды ардақтағанын білуге болады. Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда  қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров,  Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз. А.Байтұрсынов: ­ Қазағым елім! Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның Аш көзіңді оянып...­ десе, М.Дулатов: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» ­ дейді.  Ал  С.Торайғыров: Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың кегіне, Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер­білім алып, жарыққа  талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске  салады.Алаштың осы ­  біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз  алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған  өсиеттері өз иесіне енді­енді ғана жетіп жатыр.      А.Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік  рухта, патриотизмге баулып, намысын, ар­ожданын, адамгершілік қасиеттерін  тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның  « Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»  деген сөзі, барша жұртшылықты  жауласу, күш көрсету дегенді білместен, тек тату­тәтті өмір сүруге  шақырады. Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз?       Отанын   сүйген,   елін   жаудан   қорғау   үшін   қасық   қаны   қалғанша   аянбай шайқасатын   Қобыланды,   Қамбар,   Ер   Тарғын,   Алпамыс   батыр   тұлғалары, ақын­жыраулардың,   билердің   татулыққа,   адамгершілікке,   елін   сүюге   шешендік   сөздері   оқушылардың   бойында шақырған   өлең­жырлары, патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы зор.       Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш­жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар ­ өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл  шаруашылығының   озаттары. Өз  Отанын, халқын шексіз   сүюшілік   –   барша   күш­жігерін   Отан   мүддесіне   арнаған   адамға   тән терең сезім. Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік.Жеке адамның тікелей аман­саулығы,   мемлекеттік   қауіпсіздікке   қоғамдық,   байланыстылығын,     өзіңнің     мемлекетке   тәуелді   екеніңді   сезіну.қысқасын айтқанда  патриотизм   дегеніміз  мемлекет   деген  ұғымды  оны  жеке  адамның барлық   жағынан   өткені   мен   бүгінгі   күнімен   және   болашағымен   қарым­ қатынасын біріктіреді, ­ деп терең, жан­жақты анықтама берген.    Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір­бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс.         Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және   гүлдендіруге   ұмтылумен   сипатталады,   қандай   да   бір   қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға  дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі ­ өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.       Өскембаев   Ерасыл:  Патриот   сондай­ақ   туған   жерге,  ата­бабасы   жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.  Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсінесің? Қазіргі   таңда   жастардың   бойында   патриоттық   сезімін   оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма?Бар болса қандай әндер?   Бағанадан   бері   патриот   деген   кім,   патриоттық   сезім   туралы ойларымызды   айттық.   Ал   енді,   «Мен   өз   елімнің   патриотымын» дегенді қалай түсінеміз? ( оқушылар ортаға шығып өз ойларын айтады) Мұғалім   сөзі:  Құрметті   оқушылар     міне,   осы   тәуелсіздікке   патриоттық сезімнің   күштілігінен   қол   жеткіздік   деп   ойлаймын.   Сендердің   патриот, патриоттық   сезім   туралы   ойларынды,   пікірлерінді   тыңдай   келіп   мынандай қорытынды жасадым.  Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;  Туған жерге деген ыстық сезім;  Ата­ баба өсиетіне адал болу;  Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;  Бойындағы   күш­   қуаты   мен   білімін   Отан   игілігі   мен   мүддесі   үшін жұмсау;  Ана тіліне деген құрмет;  Өз халқының әдет­ ғұрпын және салт­ дәстүрін құрметтеу;  Елдің тарихын құрметтеу;  Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;  Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;  Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;  Заңға бағыну;  Үкіметті сыйлау;  Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;  Туған жерге, ата­ бабасы жатқан жерге құштарлық;  Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;  Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру; Әрбір   адам   бала   жасынан   “Қазақстан   –   менің   Отаным,   ол   мен   үшін жауапты   болғаны   сияқты,   мен   де   ол   үшін   жауаптымын   ”   деген қарапайым ойды меңгеруі керек. Қорыта   келгенде  “   Өз   Отанының   патриоты   болу   –   Қазақстанды   өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.

Nақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»

Nақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»

Nақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»

Nақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»

Nақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»

Nақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»

Nақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»

Nақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»

Nақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»

Nақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»

Nақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»

Nақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.02.2017