«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның 1-ші Президенті »
Оценка 4.7

«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның 1-ші Президенті »

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
классное руководство
5 кл—6 кл
16.01.2017
«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның  1-ші Президенті »
Мақсаты: 1.қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын , халқын сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3.шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу. Көрнекілігі: слайдтар көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев Әнұран орындалады.« Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз - Н.Ә.Назарбаев
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты+.docx
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты  Тәрбие сағатының тақырыбы: «Нұрсұлтан Назарбаев ҚР­ның  1­ші  Президенті » Мақсаты: 1.қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы    Назарбаевтың  өмір  жолы,туып­өскен,оқып  білім  алған, қызмет еткен  жерлері   туралы  мағлұмат  беру;   2.Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын , халқын сүюге,  ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге тәрбиелеу;   3.шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін  ояту,құрметтеу. Көрнекілігі: слайдтар  көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер, буклет «  Нұрсұлтан Назарбаев­тұңғыш президент»Біздің Елбасымыз­Н.Ә.Назарбаев   Әнұран орындалады. Әмина: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және  қонақтар!  Шыңғыс: Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Нұрсұлтан Назарбаев  ҚР­ның  1­ші Президенті» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.  Әмина: Шыңғыс, сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай  дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір  сүріп жатқанымыз кімнің арқасында? Шыңғыс: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танытып,  астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Әмина,  сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 24 жыл болады, біздің  мемлекетіміз қаншалықты дамыды? Әмина: Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды,  экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет  елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес  пе?  Әмина: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біздің ата­бабаларымыздың  санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі.  Ата­бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ  білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.деп  Н.Ә.Назарбаев айтқандай  тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты.  Шыңғыс: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.  1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы­ Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әмина: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын  тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны  білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында  Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды. Туған жердің жайқалған алқабы егін,  Биік сенің мәртебең, дарқан елім. Пейіліндей қазақтың байтақ далам, Сен не деген кең едің, шалқар едің. Ашық аспан жайнаған жұлдыздары, Тұр асқақтап Алатау шың­құздары. Анасындай туған ел қамқор болып, Тербетеді құшақтап ұл­қыздарын Әсем сазы басталған таза ағыстан, Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан. Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.  Шыңғыс:  Қазақстан дейтін менің бар елім,  Жатыр алып жарты дүние әлемін!  Бұл даланы анам жаспен суарған,  Бұл далада атам қолға ту алған.  Бұл далаға жылап келіп, уанғам,  Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,  Бұл далада өскен жанда жоқ арман! Әмина:  Кең байтақ қой Қазақстан картасы, Астанамен айшықталған ортасы.  Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,  Бұның бәрі Елбасының арқасы. Шыңғыс: Шықты тарап ой­данадан,  Бері қарап жұлдыз беті.  Өзі қалап сайлап алған,  Елімнің бар Президенті Әмина: Оянады көңілден қайдағы арман,  Бақыт желі ескендей жайлап алған.  Президентім бар менің елі түгел,  Ақ киізге көтеріп сайлап алған.    Тұманбай Молдағалиев «Есіл  ер»  оқитын: Әмина Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік  қоясың, Халықпен  бір  ашығасың да, халықпен бірге  тоясың. Жастықтың жалын шақтарыменен бірге  айтып арман әндері, Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ  жаясың. Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар  жыр, Көкірегіңде көнермей әлі өткен де  кеткен жылдар жыр, Соңына  ердік сол ғана бізді жеткізеді  деп бақытқа, Бақытқа  баста  байтақ  еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр. Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп  жүрем мен, Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген. Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз, Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен  жіберген. Жесірге  пана, қашанда қамқор  боп жүрсің жетімге, Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде. Қалам тербесек жүрек берді есеп  басынан өткен жылдарға, Саған  сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде... 1­оқушы: Амир Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік  қоясың, Халықпен  бір  ашығасың да,халықпен бірге  тоясың. Жастықтың жалын шақтарыменен бірге  айтып арман әндері,  Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ  жаясың. 2­оқушы:   Жаңыл Халықтың мұңы мұңдайтынын да,халықтың жыры жырлар  жыр, Көкірегіңде көнермей әлі өткен де  кеткен жылдаржыр, Соңына  ердік сол ғана бізді жеткізеді  деп бақытқа, Бақытқа  баста  байтақ  еліңді,бақытсыздықтан құр қалдыр. 3­оқушы:  Әсемай  Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп  жүрем мен, Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген. Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз, Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен  жіберген. 4­оқушы:  Мұрат  Жесірге  пана,қашанда қамқор  боп жүрсің жетімге, Ананың тілі,баланың тілі сөйлей білесің не тілде. Қалам тербесек жүрек берді есеп  басынан өткен жылдарға, Саған  сенбесек ,кімге сенеміз осынау жердің бетінде... Оқушы Монологы. «Менің Президентім».  Аяулым  Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз.  Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай  қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет.  Тек ел шеті бұзылмасын», ­ деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл  сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің  сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты  республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін  табу, көрші мемлекеттермен тату­тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан  ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса,  Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.   Оқушы Монологы «Менің Президентім». Рамазан Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің  Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға  кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері  мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері. Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды  Президенттің ақыл­ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп  жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана  қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл­ойына кім басын имес? Ән: «Қазақ елі осындай»   1­ оқушы:Ақтолқын Қасиетті Қазақстаным, мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, Жерім, Отаным, бақ­дәулетім, Болашағым, өнер­ білім, өркенім. 2­ оқушы: Айдана Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным, Парақтап сені киеңді түсіне бастадым. Сен менің арым, бағым, барымсың, Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның! 3­ оқушы: Арман Желтоқсаннан бастау алған теңдігі, Қазағымның өркендеді елдігі. Құрбан болған Тәуелсіздік жолында, Ағалардың ұмытылмас ерлігі. 4­ оқушы: Данагүл Бірде шырқап, бірде төмен құлаған, Өмір жолы болған қиын бұралаң. Қазағымды жарқын жолға бастады Елбасы боп сайланды да Нұр ағам. 5­ оқушы: Нұрдәулет Естімейік енді елдің жылағанын, Қайта құлап, бостандық сұрағанын. Абылайдың жолымен алға басқан, Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның. 6­ оқушы: Нұрай Биіктей бер, Нұр аға, Қыран қанат талмасын. Қадірлемей тұра ма, Халық сіздей тұлғасын. 7­ оқушы: Исламбек Гүлдене бер, Отаным, Көтерген туын Нұр ағам! Көбейткен достың қатарын, Нұр аға – біздің ұлы адам. 8­ оқушы: Наздана Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар, Көк алқапты жасыл жайлау далам бар. Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген, Ақ ниетті халық деген данам бар. Би «Қазақ биі»   Шыңғыс:Елбасымыздың  өмірі жайлы ( видеоролик) Н.Назарбаев­бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын  терең сезінетін,  үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен  атқаратын  адам.Ол әр  қадамын шын  мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу­бойға  біткен дарынмен  қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс  және өмір дағдысы. Әмина: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6­шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде  айта  беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті.Үлкендердің  мал  бағуына,бау­ бақша  өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек  теріп,отын  жарды.Өзі  еске алғандай,өсірген аз­маз өнімдерін сатып,үй­ішіне қажетті  заттар алу  үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім  алды.Ата­ анасын қатты құрмет  тұтты. Шыңғыс:Ол ерте есейді,орта мектепті  бітіре  салысымен Кеңес Одағындағы  аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен  Украинаның Днепродзержинск  қаласына  барып металлург –жұмысшы  мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна  пешінің  көмекшісі  жұмыстарын  атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Әмина:Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап  көрінді. Қалалық,облыстық және республикалық  көлемде басшы органдарда жауапты  қызметтер  атқарды.Металлургиялық комбинатында партком  хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия  ұйымдарында  экономикалық салаға жауап  беретін хатшы  болды.  Шыңғыс: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды.Осылайша  оның саяси өмірбаяны басталады. Әмина:1991 жылы 1­желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш  рет  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп  сайланды Шыңғыс:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы  Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз  демократиялық  және құқылық  мемлекет» деп  жариялады. Әмина:1992 жылы 4­маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер  Елтаңба,Ту,Әнұран  бекітілді. Шыңғыс:1993 жылы 15­қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық  ақшасы –Теңге айналымға енді. Әмина:1995  жылы 28­қаңтарында  тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы»  қабылданды. Шыңғыс:Астана­ҚР­ның саяси,әкімшілік  және мәдени орталығы. Елбасы­ Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997  жылы мұнда  бұрынғы астанамыз  Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР­ның  Үкіметі және Парламент  көшіп келді.Еліміздің  басқару жұмыстары осы  жерден жүзеге асырылады. Әмина:1998  жылы 10­маусымда жаңа  астананың  ресми  тұсау кесері  болды.Қала  Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде  орналасқан. 1­оқушы: «Елбасына» Жасұлан Ауыр күнді артымызға тастауы –  Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады­ау кісілік! Әмина: Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен­кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз.                                  Шыңғыс: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым! Әмина:  Төле би сөзімен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Уа, халқым, сөз қадірін білесің. Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшысы болмаса, ел жетім. Көсіле шабар жерім бар, Тау көтерген елім бар. Қол бастайтын ерім бар, Атадан қалған сара жолым бар. Барлығы: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін  ұрпақ екенімізді сезінеміз» Ән: «Елім менің»  (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов) Тәрбие ісінің орынбасары:Игіжанова Алтынай Әлібайқызына сөз беру.  Мұғалімнің сөзімен аяқтау. Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында  Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас  бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының  сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты  жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі. Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі  президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.

«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның 1-ші Президенті »

«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның  1-ші Президенті »

«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның 1-ші Президенті »

«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның  1-ші Президенті »

«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның 1-ші Президенті »

«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның  1-ші Президенті »

«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның 1-ші Президенті »

«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның  1-ші Президенті »

«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның 1-ші Президенті »

«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның  1-ші Президенті »

«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның 1-ші Президенті »

«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның  1-ші Президенті »

«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның 1-ші Президенті »

«Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ның  1-ші Президенті »
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.01.2017