«Жүйе» ұғымын ХХғ. 20 – жылдары ғылыми айналымға енгізген неміс биологы Л. Фон Бортоланфи (1901-1972) ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғылым жүйеге өзара байланысты болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. «Қоғамның саяси жүйесі» ұғымы осы қоғамдағы билік пен басқаруды қамтамасыз ететін байланысты және өзара әрекет ететін саяси ұғымдар мен мекемелердің тұтас кешенін қамтиды.«Жүйе» ұғымын ХХғ. 20 – жылдары ғылыми айналымға енгізген неміс биологы Л. Фон Бортоланфи (1901-1972) ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды.
тема.docx
Тақырыбы: Қоғамның саяси жүйесі
Білімдік мақсаты: Саяси жүйе түсінігі , оның құрылымы, қызметі, жүйелер
типологиясымен толық таныстыру.
Дамытушылық мақсаты: қазіргі заманғы негізгі саяси жүйелерге салыстырмалы
талдау жасай білуге дағдыландыру. Саяси жүйелердің дамуы, жіктелу белгісі автократия,
демократия туралы толық мәліметтер беру.
Тәрбиелік мақсаты: Қазіргі заманғы саяси жүйелерді оқып үйрену арқылы
патриоттық рухта, елдегі саяси мәселелерді шешуге атсалысатын беделді студенттерді
тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар: Саяси жүйе, саяси жүйелер типологиясы, автократия, саяси
институттар, саяси ереже, саяси мәлімет.
Жоспар
1. Саяси жүйе түсінігі, құрылымы, қызметі.
2. Автократия және демократия.
3. Қазіргі заманғы негізгі саяси жүйелер, олардың салыстырмалы талдауы.
«Жүйе» ұғымын ХХғ. 20 – жылдары ғылыми айналымға енгізген неміс биологы Л. Фон
Бортоланфи (19011972) ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін
көрсету үшін пайдаланды. Ғылым жүйеге өзара байланысты болатын элементтердің
біртұтас жиынтығы ретінде қарады. «Қоғамның саяси жүйесі» ұғымы осы қоғамдағы билік
пен басқаруды қамтамасыз ететін байланысты және өзара әрекет ететін саяси ұғымдар мен
мекемелердің тұтас кешенін қамтиды. Қоғамның саяси жүйесіне мынадай элементтер
кіреді:
1. Саяси институттар;
2. Саяси қарымқатынастар;
3. Саяси және құқықтық нормалар;
4. Саяси сана, саяси және құқықтық мәдениет.
Барлық осы элементтер қоғамның саяси билік орталықтандырып басқаратын тұтас
организм ретінде өмір сүру мүмкіндігін береді.
1) Саяси институттар саяси билікті іске асыруды барынша маңызды рөл атқарады.
Саясаттанушылар оларды 3ке бөлді:
а) жеке саяси; б) жеке емес саяси; в) саяси емес.
Мемлекет – қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі, ол оның маңызды саяси
институты болып табылады.
2) Саяси жүйенің бүкіл құрылымдық элементтерін бекітетін, байланыстыратын фактор
ретінде саяси қарым – қатынастар әрекет етеді. Болашақта экономикаға қатынасы
бойынша 2 орында тұратын олар қоғам өмір сүруінің бүкіл саласының қызмет етуін
қамтамасыз етуде барынша рөл атқарады.
3) Саяси жүйеде оған кіретін ұғымдардың қызметі және өзара қызметі әлеуметтік – саяси
нормалармен, құқық нормалармен реттеледі. Мұндай нормалардың қатарына
дәстүрлер, мораль, саяси өмір этикасы жатады.
4) Саяси жүйеге қоғамның саяси мәдениеті секілді элемент те кіреді. Қоғамның саяси
мәдениеті азаматтардың биліктің өкілдік органдарына сайлауға, заң жобаларын
талқылауға арналған қоғамдық референдумдарға қатысу және т.б. секілді
демократиялық принциптер, саяси шешімдер дайындау мен қабылдау процестерінде
саяси өмірге қатысу деңгейін сипаттайды.
ҚРның саяси жүйесі,
оның құрамдас бөліктері қолданыстағы ҚРның
Конституциясында көрсетілген (1 баптың 2 тармағы)
Саяси жүйенің функциялары: 1) Қоғамның мақсаты мен міндеттерін анықтау.
2) Оларды орындау үшін ресурстарды жұмылдыру; нормалар – заңдар әзірлеу т.б.
3) Үш қоғамның (тап, ұлт, әлеуметтік тап т.б.) бүкіл элементтерін интеграциялау.
4) Көпшіліктің саяси санасын қалыптастыру, саяси әлеуметтендіру.
Саяси жүйені оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық
деп бөледі. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке
бағынады. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласын өзінің бақылауына алады.
Авториталық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз
билікке ие болады. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы билік тұрады; билік жұмысын
қоғам бақылауға алады. Онда биліктің өкілдік органдарын жалпыға бірдей сайлау арқыла
халық сайлайды, азаматтарға саяси құқықтар мен еркіндіктер беріеді, елде заңдылық
билейді.
Саяси ғылымға қоғамның саяси жүйесін типтендірудің әр түрлі тәсілдері бар, оның
мысалы 3 типі бар: буржуазиялық, социалистік және өтпелі. Осы типтендіруден басқа
саясаттанушылар мынадай 3 саяси жүйелердің бар екендігін көрсетеді, мысалы:
импералистік, фашистік, дамушы тип, басшылық демократия жүйесі, әкімшілікәкімшілдік
жүйе. Қазіргі сипаттану әдебиетінде қоғам жүйесін типтендіруге қатысты мыналар туралы
жазылады:
Дәстүрлі және қазіргі заманғы
Либеральды демократиялық және радикальдыавторитарлық
Ағылшынамерикандық және контитенттікеуропалық
Индустрияға дейінгі, ішінара индустриялдық және басқалары.
Сөйтіп, қоғамның саяси жүйесі дегеніміз қоғамның саяси өмірі өтетін және
мемлекеттік билік жүзеге асырылатын институттар, қатынастар мен нормалар жүйесі.
Терминдер мен ұғымдар анықтамасы
Саяси жүйе – билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер
арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз
ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне
мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық – саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси институттар – құрылысы жағынан ұйымдасқан бір орталыққа бағынатын,
ерекше өкілдіктерге ие, атқарушы аппараты бар саяси мекеме.
Саяси мәдениет өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи
қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін өзі ұстауы жөніндегі жарлық,
қаулылар жүйесі.
Автократия – бір адамға жоғары өкімет билігін шексіз беру арқылы басқаруды немесе
осындай басқарушылық орнаған мемлекетті айтады.
Талдауға арналған сұрақтар:
1. Ұлтқа дейінгі саяси жүйе қалай қалыптасты?
2. Демократия, олигархия және монархия арасындағы айырмашылықты табыңдар.
3. Демократияның бес алғы шартын ата.
4. Саяси жүйе қандай қызметтерді атқарады?
5. Г.Алмонд пен Д.Истонның саяси жүйе теорияларындағы айырмашылықтар қандай?
Тапсырмалар
1 – тапсырма Демократияның пайда болуы мен даму тарихын қарастырыңдар.
2 – тапсырма Ресей немесе қандай да бір басқа федеративті мемлекетті мысалға
келтіре отырып, оның мәселелері туралы айтып беріңдер.
3 – тапсырма Көршілердің немесе студенттер арасында сауалнама жүргізіп, олар үшін «демократия» түсінігінің нені білдіретінін біліңдер.
4 – тапсырма Сенің піріңше демократияның өзің куә болған негізгі артықшылығы мен
кемшіліктері қандай?
Қоғамның саяси жүйесі
Қоғамның саяси жүйесі
Қоғамның саяси жүйесі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.