Охрана окружающей среды
Оценка 4.9

Охрана окружающей среды

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
экология
Взрослым
17.03.2017
Охрана окружающей среды
Берілген сөйлемге тиісті сөздерді қойып, толықтыру: 1. Географиялық ландшафт терминінің « тарихи қалыптасып, біртұтастығын сақтай отырып, ұдайы дамитын табиғат кешені» немесе....... ( табиғи геожүйе) деген де анықтамасы бар. 2. Жер шарындағы барлық ландшафтардың жиынтығын .......( ландшафтық сфера) деп атйды. 3.Географиялық ландшафт ........ ( геожүйе) түрлерінің бірі. 4. Адам әрекетінен өзгерген ландшафт........... (антропогендік)ландшафт деп аталады.
1111111111111111111111111111111111111.docx
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Көксу политехникалық колледжі Келісілді  Колледж әдіскері _______ Есболова Н.У. «_____» _______2017 ж.                                                             Бекітемін                                                   жөніндегі орынбасары  директордың оқу жұмысы _________Қылышова С.А. «_____» _______2017 ж. Ашық сабақ әзірлемесі 150406 2 ­  Ауыл шаруашылық өндірісінің тракторшы – машинисі 042 ­ топ Тақырыбы: :   ҚР табиғи ландшафтарының, қорықтарының, қорықшыларының,                          ұлттық саябақтарының  және табиғат ескерткіштерінің жай – күйін оқып – үйрену.   Дайындаған: қоршаған ортаны қорғау  пәнінің оқытушысы                          А.М.Нусипова Ашық сабақ Пән: Қоршаған ортаны қорғау Мамандық,топ: 150406 2 ­ Ауыл шаруашылық өндірісінің тракторшы – машинисі,042 ­ топ Сабақ тақырыбы: ҚР табиғи ландшафтарының, қорықтарының, қорықшыларының, ұлттық  саябақтарының  және табиғат ескерткіштерінің жай – күйін оқып – үйрену.   Сабақтың мақсаты:     Білімділік: ҚР табиғи ландшафтары, қорықтары, қорықшылары, ұлттық саябақтары және табиғат  ескерткіштері туралы түсіндіру.  Дамытушылық: табиғатты, яғни қоршаған ортаны қорғауда білімгерлердың білімдерін дамыту. Тәрбиелік: топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке,  шығармашылыққа тәрбиелеу. Туған табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу. Сабақ әдісі: зерттеу әдісі, топтық жұмыс технологиясының элементтері, сұрақ ­ жауап, ізденіс,  баяндау, ойын элементтерін пайдалану; Сабақ типі: жаңа білім, білік, дағдыны қалыптастыру; Сабақтың түрі: тәжірибелік; Сабақ көрнекілігі: презентация, үлестірмелер, плакат, түрлі ­ түсті суреттер. Пәнаралық байланыс:  география, физика, экология,  әдебиет.  Әдебиет: 1 Ш.Дүрмекбаева, С.Мемешов «Қазақстандағы экология жағдайының қалыптасуы»,  Астана «  Фолиант» 2014ж. 2 А.В.Эбель « Охрана и рациональное использование природных ресурсов  3 Ф.Қ. Иштаева, Л.Г.Косторева «Экология» Сабақ барысы: 1.   Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу, білімгерлердің көңіл – күйін сұрау, топқа бөлу, білімгерлерге сабақтың мақсатын қою.  1 топ ­ Табиғат, 2 топ ­ Экология, 3 топ ­ Туған жер. 2. Білімдерін тексеру:  1. Толықтыру тесті.  Берілген сөйлемге тиісті сөздерді қойып, толықтыру: 1. Географиялық ландшафт терминінің « тарихи қалыптасып, біртұтастығын сақтай отырып, ұдайы  дамитын табиғат кешені» немесе.......  ( табиғи геожүйе) деген де анықтамасы бар.  2. Жер шарындағы барлық ландшафтардың жиынтығын .......( ландшафтық сфера) деп атйды. 3.Географиялық ландшафт ........ ( геожүйе) түрлерінің бірі. 4. Адам әрекетінен өзгерген ландшафт........... (антропогендік)ландшафт деп аталады.   2. Слайдттағы сұрақтарға жауап беру: 1. Физикалық географияның табиғи аймақтық кешендерін (геожүйелерді) зерттейтін ғылым  саласы. (Ландшафттану) 2. Адамдар табиғаттан қажетті заттарды керегінше алып қана қоймай, олардың табиғи ортасының  өзгеруіне де әсер етіп отыр. Соның бірі –……. (Қоршаған ортаның ластануы дегеніміз) . Бұл  ауаның, жер мен судың табиғи таза қасиеттерінің қолайсыз өзгерістерге ұшырауы 3. Бұл дегеніміз – бұл  адамның  шаруашылық  іс­әрекеті  және  оның  әсерінен  өзгеріске  ұшырап  отырған  табиғат  пен  табиғи  орта.  Бұған  өнеркәсіп   кәсіпорындары, көлік  магистральдары,  қалалар  мен  ауылды  жерлердегі  елді  мекендер,  әлеуметтік  орта  және  т.б.  кіреді. (Қоршаған  орта)  3. Жаңа сабақ барысы: Кіріспе: Білімгерлердің қызығушылығын ояту                            (оқу іс ­ әрекетінің мотивизациясы)  Жаңа сабақ. Бүгінгі жаңа тақырыптың аты:  ҚР табиғи ландшафтарының, қорықтарының, қорықшыларының,  ұлттық саябақтарының  және табиғат ескерткіштерінің жай – күйін оқып – үйрену.   Жоспар: 1. Қорықтар . 2. Қорықшалар  3. Ұлттық саябақтар және табиғат ескерткіштері 4. Әр топқа қосымша сұрақ Бөлінген 3 топ берілген 3 жоспар бойынша алдын ала тапсырылған өздерінің зерттеу  жұмысын баяндап, таныстырады. 1 топ – Табиғат;  2 топ –Экология ; 3 топ ­ Туған жер. 1 топ – Табиғат. Қорықтар.  Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан  табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан  болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық  ұйымдастырылмақшы. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді.Олар:   1. Ақсу­Жабағылы қорығы  2. Наурызым қорығы  3. Алматы қорығы  4. Барсакелмес қорығы  5. Қорғалжың қорығы  6. Марқакөл қорығы  7. Үстірт қорығы  8. Батыс Алтай қорығы  9. Алакөл қорығы  10. Қаратау қорығы 1. Ақсу­жабағылы қорығы 1926 жылы ұйымдастырылды.  Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен  Өгем жотасында 131,9 мың гектар жерді алып жатыр. Қорыктың аумағында өсімдіктердін 1404 түрі бар, оның 47 түрі Қазақстанның Қызыл  кітабына енген. Құстардың 239 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі және  сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың 2 түрі бар екені есепке алынды. Сүтқоректілерден қорғауға алынған аса бағалысы арқар, сібірдің таутекесі, бұғы, елік, жыртқыштардан ілбіс, ала мысық,  борсық. 2. Наурызым қорығы  1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан.  Мұның аумағы 191,4 мың гектар жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала корғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ­шоқ карағай  сақталып келген. Қорық көлеміне Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек орманы да кіреді. Ең  оңтүстіктегі cop топырақта қарағай сирек өскен. Қорықтағы cop топырақта алуан түрлі кайың  ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері өседі.  Табиғат жағдайының әртүрлілігіне байланысты, таяу жатқан аз ғана үлескінің өсімдігі мен  жануарлар дүниесі әр алуан келеді. Мұнда даланы, орманды және суаттарды мекендейтін  жануарлар кездеседі. Поляр фауналары мен флораларының өкілдері жылылықты сүйетін  өсімдіктер және жануарлар сияқта жерсініп кеткен 3. Алматы қорығы 1964 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың гектарға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында  жатыр. Бұған мәңгі кар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен  жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм­Қалқан (биіктігі 100 м­ден  асатын құм тобе) жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы  алма және өрік ағаштары 1800­2000 м биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен жоғарыда Тянь­Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан да жоғары, қарлы­ мұзды белдеуде, субальпі және альпі шалғындары болады. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан  түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200­ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар.  Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь­ Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар  мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы  уақыттарда корықта тиін, сасық күзен өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар,  кекілік, бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар, тарғактақшар мекендейді. 4. Барсакелмес қорығы Арал теңізінің солтүстік­батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық  1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160, 8 мың гектар. Ондағы мақсат ­ жалпы  табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрыкты қорғау болды.  Бүрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 257 түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті  азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге  бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953­ 1964 жылдар аралығында 9 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп  жіберілген. Соңғы жылдары биологиялык жүргізілген сынақтардың салдары да Аралдың  экологиялық жағдайын күрделендіріп, қорыктың біраз жануарларын көшіруге тура келді  (мысалы, құланды). 5.Қорғалжың қорығы            1968 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр. Оған  тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай­ақ Қорғалжың және  Теңіз көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне  енгізілген. Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүткоректілердің 41 түрі, құстардың  299 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар: суыр, дала алақоржыны, су  егеуқұйрығы, қосаяқтар және басқалар. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Құстың 120 түрі үя салады. Көл жиегінің кара суларында үйрек, қаз және басқа суда жүзетін  құстар сансыз көп. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Бұл дүние жүзінде сирек кездесетін, ең солтүстікке ұя салатын құс. Қорғалжың көлдерінде үшкір тұмсықты сұқсыр мекендейді, ол  балапандарын суда қалқып жүзіп жүрген ұяда басады. Содан кейін балапандарды ұзақ уақыт  аркасына салып жүзеді, тіпті олармен бірге суға да сүңгиді. Теңіз­Қорғалжың көлдеріне көктем  кезінде көптеген су құстары жиналады. Осының аркасында бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып  отыр. Ол ЮНЕСКО­ның тізіміне ерекше корғалатын батпақты­шөлді ландшафт ретінде енген.  Қорықта суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми­зерттеу жұмыстары  жүргізіліп, мұражайлар, хайуанаттар бағына арналған материалдар жинастырылады.      6. Марқакөл қорығы          1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен  оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Маркакөл  шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды.  Өкінішке орай, шығысында 1,5 мың гектар жер көлдің аса маңызды бөлігі бола тұрса да, қорыққа  енбеген. Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен  қаңтардың орташа температурасы ­26°­27°С, ал кейде аяз ­55°С ­қа дейін жетеді. Шілденің орташа  температурасы 14°­17°С, ең жоғарғысы 30°С­қа жетеді. Жауын­шашынның жылдық мөлшері 400  мм­ге жуық түседі.Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң  саласы ­ Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтынтамыр» кездеседі.  Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр және  құстың 200­ге жуык түрі, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар, 5 түрлі балық кездеседі.  Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке, майқан, талма, теңге бар. Бұлардың ішінде ең бағалысы  мөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.      7. Үстірт қорығы Pеспубликадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды.  Ауданы 223,3 мың гектар республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан.  Қорықта сүтқоректінің 227, құстын 11 түрі, өсімдіктің 261 түрі кездеседі. Климаты солтүстік шөл  зонасына тән: жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын­ шашын мөлшері тым аз (жылына 120 мм). Қорыкты ұйым дастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12  түрлі аң мен құстарды корғау мен сақтау. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы  койдың ерекше түрі ­ устірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт  жолақты қарашұбар жылан. Құстардан үялайтыны: қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шөл кекілігі.  Қорықтың аумағында бір кезде осы арада кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық қабылан мен  құланның санын қалпына келтіру белгіленді. Өсімдіктен қорғауға тұратын аса маңыздысы жұмсақ  жемістік (қалдық және монотип бұталар), иіссіз катрана, үстірт таспасы. Ғалымдар шөлдің қатаң  климат жағдайына бейім жануарлар мен өсімдіктің өмір сүруін зерттеу үшін ғылыми­зерттеу  жұмыстарын жүргізбекші. 8. Батыс Алтай қорығы 1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың гектар. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое  ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің солтүстік­батыс жағын,  Холзун, Көксу және Иванов жоталарын қамтиды. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының  бірнеше типі (қылқан жапырақты ормандар, субальпі және альпі шалғындары) сақталған. Қорықта  жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564, жануар дүниесінің 161 түрі, құстардың 120, сүтқоректілердің  20, балықтың 5 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю,  құндыз, сусар, борша және т.б. сирек аңдар кездеседі. 9. Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың гектар. Қорық Алматы облысындағы Алакөл  ауданында орналасқан. Атыраулық сулы­батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі (олардың 12­сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі,  қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты  Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликт шағала, қаз, тырна және  т.б.) қорғау. 10. Қаратау қорығы 2004 ж. құрылды. Көлемі 34,3 мың гектар. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай  белдеуіндегі таулы жерде орналасқан. Қорықты құру себебі ­ аймақтың эндемикалық өсімдіктерін  сақтау үшін және Қаратау жотасы республикада саны бойынша көне жерортатеңіздік өсім дік  элементтерінің таралу жағынан бірінші орын алуында. Қорықта 1500 өсімдік түрін, жануарлар  дүниесінен омырткалылардың 227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі. Қызыл кітапқа қарақұйрық, арқар, қоңыр тянь­ шань аюы, қар барысы, тас сусары кірген. 114 құстың 80­і  ұшатын оның 11 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.  Сұрақ: Қорықтар неге керек? Жауап: Табиғатты қорғау жөніндегі маңызды шаралардың бірі ­ қорықтар ұйымдастыру.  Қорықтарда белгілі бір географиялық ауданға тән табиғат учаскелері және шаруашылыққа  пайдалы, ғылыми маңызы бар өсімдіктер мен жануарлар сақталады. Өзімізді қоршаған ортаны,  табиғатты аялай, құрметтей, тани білейік. . 2 топ – Экология.  Қорықшалар. Қорықша – жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су, орман, жер нысандары  қорғалатын және табиғи ресурстары шектеулі түрде пайдаланылатын аумақ. Ол мемлекеттің  табиғи қорық қорының бір немесе бірнеше нысандарын сақтауға және толықтыруға арналады.  Қорықша жерінде шаруашылық жұмыстары шектеулі түрде жүргізіледі. Қорықшаның қорықтан  айырмашылығы онда бүкіл табиғат кешені емес, оның тек белгілі бір бөлігі ғана қорғалады.  Мыс., Қапшағай аңшылық қорық ш­нда дәрі­дәрмектік шөптерді жинауға тыйым салынғанымен, аң  аулауға рұқсат етіледі. Олар зоология, ботаника, гидрология, геология, геоморфология,  гидрогеология, топырақты, ландшафты және кешенді, жергілікті және респ. мәндегі Қорықша  болып бөлінеді. Онда белгіленген тәртіппен ғылыми, мәдени­ағарту, үгіт­насихат жұмыстары  жүргізіледі. Қорықшалардың ерекшелігі ­ мұнда табиғат нысандарының тек жеке бөліктерін шаруашылыққа  шектеп, белгілі бір мерзімде және қорғауға алынған нысандарға зиян келтірмейтін мөлшерде ғана  пайдалануға рұқсат етіледі. Қазақстанда қазіргі уақытта жалпы ауданы 4600 мың га 80 қорықша бар. Олар қорғалатын нысандарына байланысты геологиялық, ботаникалық, хайуанаттар  қорықшалары т.б. деп бөлінеді. Геологиялық қорықшалар ерекше, сирек кездесетін геологиялық түзілістері мен жер бедерінің  пішіндері бар ландшафтыларды қамтиды. Ботаникалық қорықшалар өсімдік жамылғысының ерекшелігіне қарай әр зонаның  ландшафтыларында орналасқан. Мұнда флораны сақтау және қалпына келтіру жұмыстары  жүргізіледі. Хайуанаттар қорықшалары жабайы жануарлар мен құстардың миграциясы жолдарында  орналасқан табиғат кешендерін қамтиды, мұнда фаунаны толығымен қорғау қолға алынған.  Қорықшалармен қатар, қоршаған ортаның жай­күйіне қатысты ғылыми жұмыстар  жүргізілетін биосфералық қорықтар, резерваттар ұйымдастыруға болады. Елімізде болашақта  оларды ұйымдастыру жоспарланған. Қазақстандағы маңызды мемлекеттік қорықшалар қатарына Алматы, Зеренді, Рахман бұлағы,  Балқаш маңы қорықшалары жатады. 1. Алматы мемлекеттік қорықшасы Алматы облысының оңтүстік­ шығысында орналасқан,  ауданы­ 724 мың га. Іле Алатауының 2000­4000 м биіктіктегі шығыс бөлігін алып жатыр.  Мұнда субальпілік шалғынды орта және биік таулы ландшафтылар басым, шыршалы  ормандарды қамтиды. Өзен бойларында ұсақ жапырақты қайыңды­көктеректі ормандар,  тал мен жиденің бұталы шоқтары, әр түрлі шөпті шалғындар өседі. Жануарлар дүниесінен:  сілеусін, қоңыр аю, қасқыр, түлкі, елік, арқар, таутекелер бар. 2. Зеренді мемлекеттік қорықшасы Ақмола облысында орналасқан, ауданы 34,5 мың га.  Аумағының ерекшелігі­ оқшау орналасқан гранитті таңғажайып шоқырлардың, жалдар мен  бұйраттардың болуы. Қалың қарағайлы орман алқаптары шалғындармен кезектесіп  отырады. Қорықша аумағында табиғаты тамаша, байлыққа бай Зеренді көлі бар. Мұнда әр  түрлі тұяқты және бағалы терілі аңдар ( елік, борсық,қоян, тиін, т.б.) және жабайы құстар  (саңырау құр, қырғауыл) тіршілік етеді. 3. Рахман бұлағы қорықшасы Шығыс Қазақстан облысының Катон Қарағай ауданы жерінде,  ауданы­ 109 га. Қорықша Алтайдың орталық бөлігінде орналасқан. Оның құрамында бал  қарағай мен самырсыннан тұратын Алтай тауының тайгалық ландшафтылары енеді. Әсіресе  1738 м биіктікте тау арасында орналасқан Рахман көлі тамаша табиғатымен таңдандырады.  Көлден Арасан өзені ағып шығады. Сәл төменірек тау беткейінен сарқырап құлап ағатын  көптеген бұлақтары бар. Сондай тау аңғарларының бірінде кремнийлі минералды суы бар  Рахман бұлағы орналасқан. Ыстық судың температурасы 40 градусқа дейін жетеді және  олар гранит­тақтасты жыныстардан ағып шығады. 4. Балқаш маңы қорықшасы Алматы облысында орналасқан, ауданы 200 мың га. Мұнда ұсақ  төбелі құмды ландшафтылар басым. Негізгі өсімдік жамылғысын жүзгін мен құм  қарағанынан тұратын бұталы шоқтармен Іленің атырауында өсетін ақ сексеуіл құрайды.  Өзен салаларында жайылма тоғайлары, қияқты­қамысты шоқтар өскен. Тұяқты, бағалы  терілі аңдармен су құстары қорғауға алынған. Әсіресе қабандарды, қарақұйрық ондатр мен  жетісу қырғауылын қорғау маңызды орын алып отыр Сұрақ: «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасынын Заңының  мақсаты. Жауап: 1997 жылы 15 шілдеде "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан  Республикасынын Заңы қабылданды. Қазақстанда қорықтар мен қорықшаларды сақтау бұл  заңды қабылдаудың мақсаты болып табылды. Осы заңға сәйкес ерекше қорғалатын  аумақтардың мынадай түрлері белгіленді: мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік  ұлттық табиғи саябақтар, мемлекеттік табиғат ескерткіштері, мемлекеттік қорықтық  аймақтар, мемлекеттік табиғи қорықшалары және т.б. 3топ ­  Тұған жер. Ұлттық саябақтар мен табиғат ескерткіштері. Ұлттық саябақтар  Ұлттық саябақтар елімізде қорғалатын ландшафтылардың жаңа түрі. Қазақстанда 5 саябақ  ұйымдастырылған. Еліміздегі алғашқы саябақ ­  Баянауыл ұлттық саябағы  Іле Алатауы саябағы  Қарқаралы саябағы  Алтынемел табиғи саябағы  Көкшетау саябағы Баянауыл ұлттық саябағы Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығьінын негізінде құрылған,  ауданы 50,7 мың гектар. Саябақ аумағына енетін таулы­орманды ландшафтылары тамаша табиғат  ерекшеліктерімен көзге түседі. Қарағай, қайың ормандары өскен, гранитті, үгіліп мүжілген  Баянауыл таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан. Мұнда құстардың 54 түрі,  сүтқоректілердің 54, балықтың 8, өсімдіктің 438 түрі бар. Биік жері ­ Ақбеттауы, биіктігі 1026  метр. Табиғатының қолайлы жағдайына байланысты Баянауыл тауларын «шөлді даладағы таулы­ орманды шұрат» деп атайды. Бұл аймақ жаппай демалыс пен туризмнің дамыған жері. Мұнда  көптеген демалыс үйлері, емдеу мекемелер, туристік базалар орналасқан. Саябақта ұзақ уақыт  үгілу әрекетінен қайталанбас жартас, шоқылар қалыптасқан. Олар сыртқы түріне орай «Жалмауыз  кемпір», «Найзатас», «Тас және Ат басы» т.б. деп аталады. Іле Алатауы саябағы 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 199,7 мың гектар. Іле Алатауының солтүстік  беткейінде Түрген шатқалынан бастап, батыста Қаскелең асуына дейінгі ерекше ландшафтыларды  қорғау және демалыс, тынығу мақсатында пайдаланылады. Мұнда қорғауға аңның 43 түрі, құстың  138 түрі, балықтың 8 түрі, өсімдіктің 1282 түрі алынды. Қарқалы саябағы 1998 жылы кұрылған. Ауданы 90,3 мың гектар. Қарағанды облысындағы Қарқаралы  ауданында орналасқан. Қарқаралы жәнө Кент тау жүйелерін қамтиды. Осында  әйгілі Шайтанкөл орналасқан. Мұнда аңның 39 түрі, қүстың 55 түрі, балықтың 11 түрі, өсімдіктің  68 түрі қорғалады. Алтынемел табиғи саябағы 1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Ауданы 161,1 мың гектар. Алтынемел тауын қамтиды. Мұнда аңның 6 түрі (таутеке, қарақұйрық, құлан, қызыл  қасқыр және т.б. ), сонымен бірге құстың 231 түрі, балықтың 30, өсімдіктің 1800 түрі қорғауға  алынған. Көкшетау саябағы Ол 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 182,1 мың гектар. Мұнда аңның 305 түрі, қүстың 223,  балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған Табиғат ескерткіштері Табиғат ескерткіштері — көбіне тарихи­табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын  ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және т.б.) қорғауды  көздейді. Олардың ғылыми­танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні  бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары"  (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар. Табиғат ескерткіштері деп сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың әрекетінен мүжіліп, бұзылып  жатқан ғылыми, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат обьектілерін айтады.  Табиғат ескерткіштерін қорғау – бұл жанды табиғатқа тән затты қорғау деген сөз. Табиғат  ескерткіштері дүние жүзінің көптеген елдерінде бар. Қазақстанда қазір 24 табиғат ескерткіші бар.  Олардың ішіндегі аса маңыздыларына "Жетісу маржаны", "Шың түрген" шыршасы, Павлодардағы  "Жыл құстары" табиғат ескерткіштерін жатқызуға болады.  Ұлттық табиғи саябақтар Қазақстан табиғат ескерткіштерінің тізімі Атауы «„Дулыға“ сүйір шоқысы» «Қара май шоқысы» Көлемі, га 2 1 Орналасқан жері Ақмола облысы Ақмола облысы Атауы Көлемі, га Орналасқан жері «„Қашқын“ шоқысы» «Көк мүйіс» «Көне ағашты тоған» «Қызыл күрең мүйісі» «Малта тасты шоқы» «„Өрт байқау“ шоқысы» «Баум тоғайы» «Айғай құм» «Шарын шетен тоғайы» «Шынтүрген шыршалары» «Қаз қайтуы» «Айыртау шоқысы» «„Бүркіттау“ шоқысы“ және „Қайнар көз“» «Жаңажол» «Имантау көлінің аралы» «„Қазан“ жартасы шөгінділері» «Қарағайлы орман» «„Қостау“ шоқысы» «Көне алап» «Күміс қарағайлы орман» «Сүйір шоқы» «Үңгірлі сарқырама» «„Шолғыншы“ шоқысы» «Көкшілтау самырсын тоғайы» «Қиын­Керіш» Сұрақ: Ұлттық саябақтардың қорықтардан айырмашылығы.  Жауап: Ұлттық саябақтар әлі де толық өріс алып, дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан  айырмашылығы ­ туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан  табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі 4.Тақырыпты бекіту. Ақмола облысы Ақмола облысы Ақмола облысы Ақмола облысы Ақмола облысы Ақмола облысы Алматы қаласы Алматы облысы Алматы облысы Алматы облысы Павлодар облысы Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы Шығыс Қазақстан облысы Шығыс Қазақстан облысы 1,3 1,2 1 0,5 2 1 130 240 5014 900 2 2 3 9 34,4 3,9 26 10,5 2 83 3 0,5 3,8 137 300 І – топтың тапсырмасы Сөзжұмбақ сұрақтары: 1. Қазақстандағы қорықтардың саны ? 2. Қорықтар деген не?  3. Қазақстандағы қорықтарды ата?  4.  Бұл қорықтың  көлдеріне  көктем кезінде көптеген су құстары жиналады. Осының аркасында  бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Ол ЮНЕСКО­ның тізіміне ерекше корғалатын  батпақты­шөлді ландшафт ретінде енген. Қорықты ата. (Қорғалжын қорығы)  5. Бұл қорық Қазақстаның солтүстігінде орналасқан. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен  қаңтардың орташа температурасы ­26°­27°С, ал кейде аяз ­55°С ­қа дейін жетеді. Қорықты ата.  (Марқа көл қорығы) 6. Pеспубликадағы ең жас қорықтың бірі. Қандай қорық? ( Қарату қорығы) 7. Бұл  қорық біздің  облыста  орналасқан. Қорықтың негізгі мақсаты  көлдерді мекендейтін су  құстарын (аққу, реликт шағала, қаз, тырна және т.б.) қорғау. Қорықты ата ( Алакөл қорығы) ІІ – топтың тапсырмасы  Диктант. 1.Жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су, орман, жер нысандары қорғалатын және табиғи ресурстары шектеулі түрде пайдаланылатын аумақ ( Қорықша) 2. Қорықшаның қорықтан айырмашылығы онда бүкіл табиғат кешені емес, оның ......(тек белгілі бір бөлігі) ғана қорғалады. 3. Қазақстанда қазіргі уақытта жалпы ауданы..... (4600 мың га 80) қорықша бар.  4. ( Геологиялық қорықшалар)Бұл .......қорықшалар ерекше, сирек кездесетін геологиялық  түзілістері мен жер бедерінің пішіндері бар ландшафтыларды қамтиды 5. (Хайуанаттар  қорықшалары) ......жабайы жануарлар мен құстардың миграциясы жолдарында орналасқан табиғат  кешендерін қамтиды, мұнда фаунаны толығымен қорғау қолға алынған.  6. Қазақстандағы маңызды мемлекеттік қорықшалар қатарына ........(Алматы, Зеренді, Рахман  бұлағы, Балқаш) маңы қорықшалары жатады. 7. Қалың қарағайлы орман ….. шалғындармен кезектесіп отырады. (алқаптары) 8. Біз қазір өмір сүріп отырған табиғат ертеңгі біздің ұрпақтарымыз үшін де қажет екенін үнемі есте  ұстауымыз қажет. Өйткені бүкіл адамзаттың тіршілік ортасы, үйі біреу ғана, ол.............. (Жер!)                  ІІІ – топтың тапсырмасы Инсерт кестесін толтыру. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Ұлттық саябақтар елімізде қорғалатын ландшафтылардың ескі (жаңа) түрі.  Инсерт кесте сұрақтары (Дұрыс жауап болса «+» белгісін, бұрыс жауап болса «­» белгісін  толтыру): 1. 2. Сәуле адамның денесіне ешбір кедергісіз ене береді. 3. Қазақстанда 5 саябақ ұйымдастырылған. 4. Табиғатының қолайлы жағдайына байланысты Баянауыл тауларын «шөлді даладағы таулы­ 5. 6. орманды шұрат» деп атайды Іле Алатау саябағы 1997 (1996) жылы ұйымдастырылған.   Алтынемел табиғи саябағы 1996 жылы Алматы облысының Көксу  ауданында (Кербұлақ, Панфилов аудандары жерінде)  орналасқан. 7.   Табиғат ескерткіштері деп сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың әрекетінен мүжіліп,      бұзылып жатқан ғылыми, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат обьектілерін айтады. 8. 9. 10. Табиғат екеркіштерінің  аса маңыздыларына "Жетісу маржаны", "Шың түрген" шыршасы,  Павлодардағы "Жыл құстары"  жатқызуға болады.  Табиғат ескерткіштерін қорғау – бұл жанды табиғатқа тән затты қорғау деген сөз.   Қазақстанда қазір 30 (24) табиғат ескерткіші бар.  Инсерт кестесі жауабы: 1 ­ 2 + 3 + 4 + 5 ­ 6 ­ 7 + 8 + 9 ­ 10 + Бағалау критериі 5 – «3» деген баға 8  ­ «4» деген баға 10 ­ «5» деген баға  5.Сабақ қорытындысы   «Егер мен табиғат қорғаушысы болсам» тақырыбында студенттер ой толғауын тыңдау. Оқытушының қортынды сөзі: Жер ғаламшары – кеме, ал адамзат – оның шолушысы. Кеме апатқа  ұшыраса, адамзатта апатқа ұшырайды. Сондықтан адамзатты аман сақтау үшін бірінші Жер ғаламшарын,  сондағы табиғатты сақтауымыз керек. Табиғат адамсыз өмір сүре алады, ал адамзат табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Табиғатқа келтірген зиян ­ өзімізге жасаған қастандық. Сондықтан өз ­ өзімізге қастық  жасамайық!                                            6 .Үй тапсырмасы: Ал енді үй тапсырмасын жазып алыңыздар. 1. Қорықтар,қорықшалар, ұлттық саябақтар және табиғат ескеркіштері жайли оқып танысу. 2. Агробиоценоздар, олардың ерекшіліктері  туралы  реферат жазып, жаңа сабақты  өткізуге  дайындалу. Үй тапсырмасын орындауға байланысты сұрақтар болса, анықтап алуларыңызды сұраймын. 7. Бағалау  Топқа баға беру.  Бағалау парағы № Жаңа сабақты Үй тапсыр­ Топтар Тапсырма­ны Жалпы баға масы зерттеуі орындау 1 2 3 Табиғат Атмосфера Туған жер Оқытушы           ____________   Нусипова А.М. ПЦК меңгерушісі ____________   Нүсіпбеков С.С.

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды

Охрана окружающей среды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.03.2017