«Ой мен ойын»
Оценка 4.9

«Ой мен ойын»

Оценка 4.9
Мероприятия
docx
воспитательная работа
8 кл
08.02.2017
«Ой мен ойын»
Қазақ тілін кім жақсы біледі?» Сайысты өткізудегі негізгі мақсатым: Сыныптар арасында қазақ тілін жақсы меңгерген оқушыларды анықтау. Сайысқа үш кластан алынған 2 топ, әр топта 6 оқушы қатысады. Әр топ өз бақтарын сынайды. «Қазақ тілін кім жақсы біледі?» атты білім сайысымыз 7 кезеңнен тұрады: 1-кезең. «Шашыраған сөздер және суреттер» ойыны.Мұнда шашыраған сөздер мен суреттерден 4 сөйлем құрастыру.4 ұпай. 3 минут. Сөзжұмбақты шешу. 6 ұпай. 3 минут.Бұл тіл апталығында өткізілген іс-шара
тіл апт. Қазақ тілін кім жақсы біледі.docx
«Қазақ тілін кім жақсы біледі?» Сайысты өткізудегі негізгі мақсатым: Сыныптар арасында қазақ тілін жақсы  меңгерген оқушыларды анықтау. Сайысқа үш кластан алынған 2 топ, әр топта 6 оқушы қатысады. Әр топ өз  бақтарын сынайды. «Қазақ тілін кім жақсы біледі?» атты білім сайысымыз 7 кезеңнен тұрады: 1­кезең. «Шашыраған сөздер және суреттер» ойыны.Мұнда шашыраған сөздер  мен суреттерден 4 сөйлем құрастыру.4 ұпай. 3 минут. Сөзжұмбақты шешу. 6  ұпай. 3 минут. 2­кезең. «Менің елім – Қазақстан» тақырыбына әңгіме құрастыру. Ауызша.  3­кезең. Бұл кезең «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек.Әр жауапқа бір ұпай. І топтың сұрақтары: 1. А. Байтұрсынов кім? 2. Қазақ тілінде неше септік бар? 3. Ақмола облысының әкімінің толық аты ­ жөні кім? 4. Жүз жасаған ақын? 5. «Шаһар» сөзінің синонимі 6. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?  7. Тұрлаусыз мүшелерді ата 8. М. Әуезов кім? Роман ­ эпопеясын ата. 9. «Ақылды» сөзінің түбірі? 10. Абайдың қанша қарасөзі бар? ІІ топтың сұрақтары: 1. Ы.Алтынсарин  кім? 2. Жалғаудың неше түрі бар? 3. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер? 4. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? 5. Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу? 6. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 7. «Өнерлі» сөзінің түбірі 8. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? 9. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан? 10. Білім және Ғылым Министрі кім? 4­кезең. «Сөз таптары» деп аталады. Бұл кезеңде оқушыларға тапсырма  жазылған қағаздар таратылады. Суретте берілген жануарды 4 сөз табының  сұрақтарына жауап беру  арқылы сипаттайды. Сөз таптарын анықтайды және  сұрақтарға жауап жазады. 3 минут. Әр жауапқа бір ұпай. 5­кезең. «Жаңғырған салт ­ дәстүрлер» деп аталады, яғни салт ­ дәстүрлерге  байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек. Әр жауапқа бір ұпай. Сұрақтар: І топқа 1. Нағашы деген кім? 2. Құдайы тамақ беру деген не? 3. Ұлттық киімдерді атап бер. 4. Беташар туралы не білесің? 5. Сырға салу деген не? 6. Ұлттық ойындарды атап бер. ІІ топқа 1. Айт мейрамы туралы не білесің? 2. Құда, құдағи дегендер кімдер? 3. Ұлттық тағамдарды ата? 4. Шілдехана деген не? 5. Қымыз қалай жасалады? 6. Қандай салт ­ дәстүрлерді білесің? 6­кезең. «Кім көп сөз табады?» деп аталады. Оқушылар берілген сөзжұмбаққа  жанында берілген сандар мен әріптерді пайдалана отырып сөздерді тез жазып  шығуы керек. Кім көп сөз жазады сол көп ұпай жинайды.5 минут. 7 кезең. «Тапқырлық» Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды  жалғастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай. І топ 1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады). 2. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты... (сөз бұзар). 3. Жақсы сөз ­... (жарым ырыс)  4. Шебердің қолы ортақ, шешеннің... (тілі ортақ). 5. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ). 6. Тіл қылыштан... (өткір). 7. Піл көтермегенді,... (тіл көтереді). 8. Тілден артық... (қазына жоқ). ІІ топ 9. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі... (ой өсіреді). 10. . Ең ащы да тіл, ең... (тәтті де тіл). 11. Өнер алды ­... (қызыл тіл).  12. Айтылған сөз ­... (атылған оқ). 13. Жылы ­ жылы сөйлесең, жылан... (інінен шығады). 14. Басқа пәле ­... (тілден). 15. Білім кілті ­... (тіл). 16. . Тілге құрмет ­... (елге құрмет  «Қазақ тілінің білгірі» атты сайысымыз аяқталдады. Жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар тапсырылады.

«Ой мен ойын»

«Ой мен ойын»

«Ой мен ойын»

«Ой мен ойын»

«Ой мен ойын»

«Ой мен ойын»

«Ой мен ойын»

«Ой мен ойын»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.02.2017