О р т р р р о о о о и о о о о р о о о о т т т то о о о о о о о о о о о о о о о о
Ойындар.doc
«Аққайың» балабақшасы МКҚК
«Көпір –көпір» ойыны
(Психологиялық сергіту тренингі )
Балабақша психологы: Н.Жумин Ойынның мақсаты: топқа бөліну әдістерімен таныстыру.
Мазмұны.
Ойыншылар таңдаған екі ойын жүргізуші басқалардан сырт жаққа
барып,өзара келісіп,мысалы:біреуі «Вольво»,екіншісі «Мерседес» деп «ат»
қойысады да, қол ұстасып, «көпір» жасап ортада тұрады.Қалған ойыншылар
алдыңғы баланың иығына қолын қойып,тізбектеліп жүріп:
«Ал сенейік, сенейік,
Айтқанына көнейік.
Шалма ораған сопының
Ішін арам демейін.
Ақ көңілді әділ жан
Табылар деп көрейін»,
деп «көпірдің»астынан жүгіріп өтіп жатады.Екі бала тізбектің ең соңғы
ойыншысының алдынан «көпірді»жауып тұрып,одан сыбырлап қана сұрайды:
«Сен машинаға мінгенді жақсы көресінбе? Өскенде қандай машина мінесің?
«Вольво»ма,әлде «Мерседес» пе?»
Ойыншы қай көлікті таңдаса,сол жақ болып,бастаушының артына барып
тұрады.
Ойын осылай тізбектегі барлық балалар «көпірден» өткенше
созылады.Ойынның сонында қай ойын бастаушыға көп бала жиналғаның
анықтайды да,орталарына сызық сызып,қолдарын тартысып,күш сынасады.
Ойынның ережесі:
1. «Ат» қойғанда оның мағынасы барлық балалар үшін бірдей түсінікті
болуы қажет.
Тізбек ортасы үзілсе, олар саптарын қайта түзеп өтеді.
2.
Әдістемелік нұсқаулар.
Бұл ойынды топтағы балалар серуенге шыққанда ,уақыт көп болғанда
ойнаған жөн.Өйткені тек топқа бөліну үшін біршама уақыт кетеді.Одан
кейін ойынды балалардың өздері де таңбап ойнауына болады.
Ойынның педагогикалық маңызы:
Балабақшадағы үлкен топтағы балаларға арналған,командаға бөлінудің
бірнеше түрін білулері керек.Сол әдістердің күрделі түрін осы ойын арқылы үйренеді.Өз беттерімен ұйымдастырып ойнап,жаттығулар
орындап,оларға өздері әділ төрелік етуге үйренеді.
«Айдаһар» ойыны
Дайындаған балабақша психологы: Н.Жумин. Ойынның мақсаты: Тізбектеліп тұрып,бірдей қимылдауға үйрету.
Мазмұны.
Балабақшадағы балалар бойларына қарай 810нан бірнеше топқа
бөлінеді.Олар ара қашықтықтарын 68метрден қалдырып,алаңның бұрыш
бұрыштарында тізбек құрып,алдыңғы тұрған баланың белінен қапсыра
құшақтап тұрады.Әр тізбек – бір «Айдаһар».
Ойын бастаушының берген белгісінен кейін «Айдаһардың» басы болып
бірінші тұрған ойыншы тізбектен бөлініп кетпей,оңғасолға тез бұрылып,
артындағы тізбекті күшпен сүйрей жүріп,қолын алға соза «құйрығын»,яғни
соңғы тұрған ойыншыны ұстап алуға тырысады.
Егер соңғы ойыншыны ұстап алса ,онда ол бала екінші болып тұрады
да,ойын әрі қарай жалғаса береді.Ал ойын созылып, «айдаһар»
«құйрығын»көпке дейін ұстай алмаса,олар орындарын ауыстырады немесе
бірінші тұрған ойыншы тізбектің ең сонына тұрып,екінші тұрған бала
ойынды әрі қарай жалғастырады.Ойын осылай тізбектегі бар ойыншы
жүргізуші болғанша қайталана береді.
Ойын ережесі.
1. Әр тізбекте 810 ойыншыдан артық болмауы керек.
2. Тізбек үзіліп кетсе ,ойын тоқтатылып ,ойыншылар белдерінен қайта
ұстауға мүмкіндік береді.
3. Киімнен ұстауға болмайды.Тек қолынан ұстаған кезде ғана ойын
тоқтатылады.
Әдістемелік нұсқаулар.
Ойын жүргізілетің алаң балалар жарақаттанатын заттардан тазартылуы
керек.Тізбектер бірбірімен соғылысып қалмау үшін,олардың ара қашықтығы
алшақ болуын қадағалап отыруы қажет.Соныңдағы бала тізбек үйірілгенде
алысқа жүгіруге тура келетінін, құлап қалмас үшін алдын ала әрекеттенуін
ескерткен жөн.Бұл ойын қытай халқының ұлттық ойны екенін,олардың
«айдаһар»қалай және неліктен қастерейтіндіктерін әңгімелеп беру. « Көрші » ойыны
Дайындаған балабақша психологы: Н.Жумин. Ойынның мақсаты: Төнген қауіпке жолдасымен бірге төтеп беріп,алға
қойған мақсатқа жетуге үйрету.
Мазмұны.
Ойыншылар екіекіден қол ұстасып,бірінің артына бірі тұрады.Олардың
алдындағы бастапқы сызықтан 810 метр қашықтықта екінші сызық
жүгізіледі.Сол сызықтың үстінде ойын жүргізуші,торушы бір бала
тұрады.Ойын бастаушының белгісінен кейін,тізбекте тұрған ойыншылар:
«Көршіні көрші шақырды,
Болды сыйлап ас бермек.
Қулығын іште жасырды,
Ынтасыпейіл білдірмек»,деп өлең айтады.
Содан кейін,ең артта қол ұстасып тұрған екі бала:
«Мен де соны білемін,
Сондықтан ер боп келемін.
Ұрыскеріс шығармай,
Ер атанып көремін»,
деп жауап қайтарады да,тізбектің екі жағымен жүгірген бойы сызықтан
өтіп,қайта қол ұстасуы керек.Сол кезде торушы бала бұлардың біреуін
ұстап алуға ұмтылады.Егер ұстап алса,қолынан жетектеп,тізбектің
алдыңғы қатарына келіп тұрады.Ал сыңарсыз қалған ойыншы торушы
болып,сызықтың үстінде қалады.Ойын тізбекте тұрған балалардың
барлғы жүгіріп өткенше жалғасады.Ойынның соңында қолға түспеген,
көршісінен айралмаған ойыншылар аталып өтеді.
Ойынның ережесі.
1. Өленнің сонғы сөзі айтылып біткен соң ғана жүгіру керек.
2. «Торушыға» сызықтан аттауға болмайды.
3. Қашып келе жатқан баланы екі қолмен мықтап ұстау керек.
4. Өленді барлық ойыншы дауыстап айтыуы қажет. 5. Сызықтан аспай тоқтап қалған ойыншы ұсталған болып саналады.
Әдістемелік нұсқаулар.
Ойыншылар бір орында көп тұрып қалмауы үшін әр тізбекте 68
жұптан артық болмағаны дұрыс.Өлеңді алдын ала жаттату
қажет.Сыныптағы оқушылардың қимылқозғалыс
қабілеттеріне,ойынды жүргізу жағдайына байланысты екі сызықтың
арасын алыстатып не жақындатуға болмайды.Тізбектегі балалар бос
тұрмай,алдын ала берілген жаттығуларды орындап тұрса,ойынның
балаға тигізетін пайдасы мол болар еді.
« Жеткізбе » ойыны Дайындаған балабақша психологы: Н.Жумин.
Ойынның мақсаты: нысанаға дейін бар күшін сала жүгіріп,кілт
тоқтап,қарсыласынан айласын асырып,қайта жүгіруге үйрету.
Мазмұны.
Ойыншылар екі командаға бөлінеді.Ойын аланының дәл ортасынан сызық
сызылып, сол сызықтын үстіне бір белгі қойылады.Ортанғы сызықтын екі
жағынан 20 метр қашықтықта тағы параллель сызық жүргізіледі.Екі
команданың ойыншылары сол сызықтардың үстінде тұрады.Ортанғы
сызықтың үстінде ,белгінін тұсында қолына ысқырық ұстап төреші
тұрады.Ойынды бастауға белгі берілгеннен кейін,әр командадағы бірінші
тұрған бала тез жүгіріп барып,ортадағы белгіні алуға тырысады. Жалаушаны
бұрын алып кеткен ойнышыны қарсылас команда ойыншысы сызыққа
жеткенше қуып жетіп, қолын тигізсе,онда белгі сол балаға беріледі.Егер
ойыншы жеткізбей кетсе,онда ол өз командасына бір ұпай әкеледі.Ал екі
ойыншы белгіге қатар келіп қалса,онда қарсыласының қолы бұрын тиген
ойыншының белгіні алуға хақысы жоқ.Бірінші бала белгіні ешкімнің
кедергісінсіз ақ алып кете алады,сондықтан қарсыластар белгіге келгенде өте
мұқият болулары қажет.Ойын осылай командадағы барлық ойыншы жүгіріп
өткенше созылып,сонында жинаған ұпайларына қарай жеңіске жеткен команда
анықталып,ойын әрі қарай жалғасады.
Ойын ережесі.
1. Әр командада ойыншы саны бірдей болуы керек.
2. Жүгіруде тек команда берілгеннен кейін бірдей бастауларын қадағалап
отыруы керек.
3. Қарсыласынын қолы бірінші тиген баланың жалаушаны алуға хақысы
жоқ. 4. Қарсыласының сызығынан асып кеткен ойыншы сол командада қалып
қояды.
Әдістемелік нұсқаулар.
Балаларды командаға бөлгенде тек саныны ғана емес,күштерінің бірдей
болуына да көңіл бөлген жөн.Сызықтардың ара қашықтығын ойыншылар
шамасына қарай өзгертуге болады.Жүгіріп келе жатқанда ойыншы шалынып
жығылып қалса,ойын тоқтатылып,қайтадан басталады.
« Аю түртпек » ойыны Дайындаған балабақша психологы: Н.Жумин.
Ойынның мақсаты: Ойыншылардың арасынан санау арқылы бір «аю» және
бір «күзетші» сайланады.Қалған балалар бір бірінің қолдарынан
ұстап,шеңбер жасап тұрады.Олардың ортасына орындық қойып, «аю» қолына
бір метр жіп ұстап,сол орындыққа отырады,ал «күзетші» жіптің екінші шетін
ұстап тұрады.Сыртта тұрған ойыншылар күзетшіге білдірмей тез жүгіріп
келіп,аюды түртпектеуге тырысады.Оған күзетші жібермейді.Егер де
ойыншылардың біреуі «аюға» қолын тигізсе,сол баламен күзетші орын
ауыстырады.Ал егер ойыншы «аюдың»қолына түссе,онда ол «аюмен» орын
ауыстырады.
Ойынның ережесі. 1. Ойын кезінде «аюға»орнынан тұруға, «күзетшіге» жіпті тастап кетуге
болмайды.
2. Киімнен ұстауға болмайды,тек қолдан ұстау керек.
3. Ойын белгімен басталады,белгімен аяқталады.
Әдістемелік нұсқаулар.
Ойын бастаушыларды таңдағанда дәл ойынның өтетін жағдайына байланысты
әдістәсілдерді қолдануға болады.Мысалы, оқушылардың өз қалауымен,ат
қою арқылы немесе басқа да топқа бөліну әдістерін қолданғандары жөн.Қол
астында жіп пен орындық болмаған күнде, ойын жүргізушілер қолдарынан
ұстап тұрып ойнауларына болады. « Қайырлы таң,аңшы! »
ойыны
Дайындаған балабақша психологы: Н.Жумин.
Ойынның мақсаты: шеңбер айнала тез жарыса жүгіруге үйрету.
Мазмұны.
Ойыншылар араларынан санау не ат қою арқылы бір «аңшы» сайлайды.
Қалған балалар шеңбер жасап, айналып өлең айтып жүреді:
«Қорқытпа мені дауылдан Дүрілдеп тұрса тау мен сай.
Сатырлап тұрған жауыннан
Жарқылдап тұрса түскен жай.
Өз бойына болып сақ,
Жанжағыңа караңдар!
Күн көріп жүр,күліпақ,
Сенен басқа жарандар»,
Деген сөзден кейін,шеңбердің сыртында жүрген «аңшы» бір ойыншының ту
сыртынан келіп, иығына қолын тигізеді.Ол бала «аңшыға» қарап, «қайырлы
таң, аңшы!»деп,қолын беріп сәлемдеседі де, екеуі екі жаққа шеңберді айнала
жүгіріп кетеді.Бетпебет келгенде тағы да тоқтай қалып,қол алысып, бос
тұрған орынға бұрын баруға тырысады.Бұрын келген ойыншы орнында
қалып, орынсыз қалған бала «аңшы»болып, ойынды әрі қарай
жалғастырады.Ойын осылай барлық балалар «аңшы» болғанша жалғасып,
жүйрік ойыншылар аталады.
Ойынның ережесі.
1. Амандасқанда екеуі де тоқтауы керек.
2. Аңшы бала тек ойын басталғанда ғана өлеңнің аяғын тосады.Келесі
жолы өленнің ортасынан ақ жүре беруге болады.
3. Жүріп келе жатқанда шеңбердегі ойыншыларға қол тигізбеулері
керек.
4. Аңшы баланың қолы бір ойыншыға тиісімен,шеңбер бір орында тұрып
қалады.
Әдістемелік нұсқаулар.
Ойыншылардың саны аса көп болса, оларды екі шеңберге бөлуге
болады.Өлеңді балалардың өздері де таңдауына болады немесе ән
сабақтарында үйренген әндерін қайталай алады.Егер жүгіріп келе жатқанда
ойыншы шеңберге неғұрлым жақын жүрсе, оның жолы қысқа болатының
балаларға алдын ала айтып, естеріне түсіру қажет. « Теңізші » ойыны
Дайындаған балабақша психологы: Н.Жумин. Ойынның мақсаты:Бірінің белінен бірі ұстап, тізбектеле жүгіріп
жүріп,кенеттен өзіне орын табуға үйрету.
Мазмұны.
Ойыншылар бір ойын бастаушы сайлайды.Қалғандары ойын аланының шет
шетінен өздеріне бір метрлік шеңбер сызып алып, соның ішіне
орналасады.Ойын бастаушы ортаға шығып:
«Адам барып көрмеген,
Барам қиын жерге мен !
Кеме көшін бастайтын,
Арпалыста саспайтын,
Көк теңізді билеген,
Ер капитан мен болам»,деп шеңберлерді айналып, «толқындардың» арасымен
бұлтарып,оларды аралай жүріп, кез келген ойыншыға қолын тигізеді.Оның
қолы тиген бала шеңберден шығып, капитанның белінен, содан кейінгілер
бірінін артынан брі тізбектеле жүреді.Осылай бірнеше баланы сонынан
ерткеннен кейін бір мезгілде: «Жағаға жеттік!»дейді.Сол кезде тізбектегі
ойыншылар қолдарын жібере салып,бос шеңберге барып тұра қалады.Шеңбер
жетпей қалған ойыншы «теңізші» болып,ойынды әрі қарай жалғастырады.
Ойын ережесі.
1. Ойын бастаушы балаларға қолының ұшын ғана тигізеді.
2. Тізбекке неғұрлым көп ойыншының тізілгені қызығырақ.
3. Тізбектегі балалар қолдарын жіберіп алса,ойын бастаушы жүгіруін
тоқтатып,балалардың орындарына тұруына мүмкіндік жасалады.
Әдістемелік нұсқаулар.
Шеңберлер ара қашықтығы 34метрден кем болмау керек.Ойын бастаушы
бір ғана жолмен жүрмей,ирелендеп жүгірсе, ойыншылардың шеңбер
тандауға мүмкіндігі аз болады. « Сығар аяқ » ойыны
Дайындаған балабақша психологы: Н.Жумин. Ойынның мақсаты:Бір аяқпен тепетендікті ұстап тұрып,күш сынасуға
жаттықтыру.
Мазмұны.
Шеңбер жасап отырған екі команда бір бір ойыншыдан ортаға
шығарады.Олар бір аяғымен қаздиып тұрып,екінші аяғын бір қолымен
ұстап,бір аяғымен секіре жүріп,екінші қолымен итерісіп,бірін бірі екі
аяғымен тұрғызуға тырысады.Кімде кім қарсыласын екі аяғымен бірінші
тұрғызса,сол ойыншы өз командасына бір ұпай әкеледі.Шеңбер жасап
отырған балалар қол созып,өлең айтып ,би билейді.Жарыс біткеннен кейін
ойыншылар орындарына отырып,келесі екі күш сынасушы ортаға
шығады.Ойынның соныңда көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Ойынның ережесі:
1. Ойыншылар тек бір аяқпен секіру керек.
2. Қарсыластар тек қолмен күш сынасады.Басқа жерге қол тигізуге
болмайды.
3. Отырғандардың барлығы да төреші.
Әдістемелік нұсқаулар.
Бұл ойынды спорт алаңынан гөрі көгалда өткізген жөн,өйткені ойыншылар
ұзақ уақыт тік тұрғанша,көгалдың үстінде малдас құрып отырып,жан жағына
теңселіп,кеуде бұлшық еттерін жетілдіруге жақсы мүмкіндік алады. « Алмасу » ойыны
Дайындаған балабақша психологы: Н.Жумин. Ойынның мақсаты: Бідер аяқпен ұзақ секіріп жарысуға үйрету.
Мазмұны.
Оқушылар араларынан екі төреші сайлайды.Қалған балалар ара қашықтығы
1216метр жердегі қарама қарсы параллель сызықтын үстінде екі командаға
бөлініп тұрады.Олардың екі шетінде төрешілер тұрады.Бастаушы белгі
берісімен,екі жақтағы ойыншылар кезектесіп,сыңар аяқтап
секіріп,қарсыласының орнына одан бұрын барып тұруға тырысады.Бір біріне
қарсы келе жатқан балалар аланның ортасында кездескенде,аяқтарын жерген
тигізбей тұрып,қол беріп амандасып,әрі қарай секіруін
жалғастырады.Ойнышылар бір рет секіріп өткеннен кейін төрешілер алқасы
дұрыс төрелігін айтып,жеңіске жеткен ойыншылар мен команданы атап
өтеді.Ойын осылай бірнеше рет қайталанып,жалпы нәтижесі шығарылады
Ойынның ережесі
1. Қашықтықты бір ғана аяқпен секіріп өту керек.
2. Аяғын жол ортада жерге тигізіп алған балаға ұпай берілмейді.
3. Қарсыласына кедергі жасаған ойыншы да ұпай алмайды.
Әдісттемелік нұсқаулар.
Балалардың аяқтарына аса көп күш түспес үшін ойынды көгалда немесе
жұмсақ жерде өткізген дұрыс.Сыныптағы оқушылардың қимыл қозғалыс
қабілеттерінің мөлшерін бір бірнен аса алшақ болса,онда олар үшін
қашықтықты қысқарту қажет.Ойын барысында баланың өзін басқалардан кем
санамауы туралы ойластырған жөн. « Секіре түс! » ойыны
Дайындаған балабақша психологы: Н.Жумин. Ойынның мақсаты:өз бетімен секіру жаттығуларының түрларін
меңгеріп,жетілдіру.
Мазмұны
Ойыншылар екіден немесе одан да көптен бөлініп,колдарына
секіртпе,шығыршық,жіп алып бос уақыттарында,үзіліс кезінде жарысып
ойнайды.Секіру жаттығулары сан алуан:
1. Қос аяқтап ұзындыққа секіру.
2. Жүрелеп отырып ұзақ секіру.
3. Жердегі сызықтардан секіру.
4. Секіртпемен секіру.
5. Көз жұмып секіртпемен секіру.
6. Қол ұстасып секіру.
7. Секіртпемен бір қолмен ұстасып тұрып секіру.
8. Екеуден қол ұстасып,бір секіртпеннің екі жағынан сырт жағындағы
қолмен ұстап секіру.
9. Екеуден тұрып,бір секіртпеннің іш жағындағы қолмен ұстап тұрып
секіру.
10.Бірінің артына бірі тұрып секіру.
11.Бір біріне қарап тұрып секіру.
12.Үштен тұрып,үш секіртпені шеткі екеуі айналдырып секіру.
13.14.15.Ұзын секіртпелерден секіру түрлері.
16.Тұйық ұзын резенкелерден секіру.
Ойынның ережелері.
1. Секіру жаттығуларын оқушылар өзара келісіп орындайды.
2. Секіретін жер таза әрі жұмсақболу керек.
3. Секіртпемен ұлдар мен қыздар бқлек секірулері керек. « Қармақ » ойыны Дайындаған балабақша психологы: Н.Жумин.
Ойынның мақсаты:арнаулы бір ырғақпен белгіден секіруге үйрету.
Мазмұны.
Балалар араларына бір ойын бастаушы сайлайды.Қалғандары шеңбер жасап
тұрады.Бастаушы қолына екі метрдей арқан алып,шеңбердің ортасына тұрады.
«Қармақ салып балыққа
Отырдым көп ,жалықпай.
Күн де ақыры батты,әне,
Бір де балық қаппады.
Сөйтсем,тіпті,білмеппін,
Қармаққа жем ілмеппін!»
деп өлеңдетіп, «енді жем ілемін»деп арқаннын бір ұшын байлайды.Арқанды
екі қолымен бір екі рет жоғары айналдырып барып,алға енкейіп,балалардың
аяқ астынан өткізіп, айнайдыра бастайды.Шеңберде тұрған ойыншылар
арқаннын арынына қарап,аяқтарына тигізіп алмай,қос аяқтап секіріп
тұрады.Егер арқан бір баланын аяғына тиіп кетсе,ол ойын бастаушының
орнына ортаға шығып,арқанды әрі қарай айналдырады.Ойын осылай арқан
айналдыруды тоқтатпай,жалғаса береді.
Ойынның ережесі.
1. Бастаушы ауысқан сайын арқанның айналу барысы да өзгеріп тұрады.
2. Арқаннан секірмей қалған ойыншы жеңілген болып саналады да,ортаға
шығып ойынды жалғастырады.
3. Бір шеңберде он баладан артық болмауы керек. « Сап түзе! » ойыны Дайындаған балабақша психологы: Н.Жумин.
Ойынның мақсаты:Тізбекте тұрып допты әр түрлі әдістермен тез,нақты
беруге үйрету.
Мазмұны.
Оқушылар санау арқылы төрт командаға бөлініп,бір біріне созғанда қолдары
жететіндей қашықтықта тізбектеліп тұрады.Әр команданың бірінші тұрған
ойыншысына баскетбол добы беріледі.Ойынды бастауға белгі берілгеннен
кейін,бопты тез жоғары көтеріп,денесін бұрмай,шалқайып,артында тұрған
ойыншыға береді.Одан келесі бала алады.Доп осылай ең сонғы балаға жеткен
кезде,ол: «Теріс бұрыл!Сап түзе!»деп бұйрық береді.Команда теріс
бұрылып,сап түзеп,ойынды әрі қарай жүргізе береді.Ойын осылай үш рет сап
түзегеннен кейін тоқтатылып,жеңіске жеткен команда анықталып,ойын әрі
қарай жалғасады.Ойын осылай қайталана береді.
Ойынның ережесі.
1. Ойынды баскетбол добымен ойнайды.
2. Командалар ойынды белгімен ғана бастайды.
3. Әр команда ойыншылары өздеріне арналған сызықтың үстінде тұрады. « Қуып жет ! » ойыны Дайындаған балабақша психологы: Н.Жумин.
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Ойын арқылы баланы дамытуға болады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.