Осыдан 75 жыл бұрын, 22-ші маусымда таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі Беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
біздің жетістіктеріміз 1941-1945.docx
Астана қаласы, Білім басқармасы
РЕФЕРАТ Осыдан 75 жыл бұрын, 22ші маусымда таң қылаң бере фашистік
Астана 2015 жыл
Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының
батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандықшекарашылар болды. Атақты
Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай
жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге
қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын
күлталқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған
қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190
қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі Беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты,
алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір
түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп
партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл
тұрғындары да соғысқа сұранды. 1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам
тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200
мың қазақстандық шақырылған, 20дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа
да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328ші, 310
шы, 312ші, 314ші, 316шы, 387ші, 391ші, 8ші, 29шы, 102ші, 405ші
атқыштар дивиясы, 100ші және 101ші ұлттық, 81ші, 105ші, 106шы
кавалериялық дивизиялар, 74ші және 75ші теңіз атқыштар бригадасы, 209
шы Зайсан, 219шы минометтік, 85ші зениттік, 662ші, 991ші және 992ші
авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14100 жүк және жеңіл
автокөлік, 1500 шынжыр табанды трактор, 110400 жылқы, 16200 арба
жөнелтілді.
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік
күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 19411945 жылдары әскери оқу
орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның
аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес
мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан.
Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медальордендермен
марапатталса, 500дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100ден астам адам
Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес
Одағының Батыры атанды, олар Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван
Павлов және Леонид Беда.
Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы мерген
Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс
туын тіккендердің бірі қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында
партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі
Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан
Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.
Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәлім.
Гитлерліктер КСРОның батыс аудандарын басып алғаннан кейін, Сібір мен
Қазақстанның ел экономикасындағы маңызы күрт артқан. Жауды қолына
бермеу үшін соғыстың алғашқы айларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың
барлығы тылға көшіріле бастады. Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның
аумағына 142 кәсіпорын жайғастырылды, 532506 адам көшірілді. Оған қоса,
жаңа өнеркәсіптік нысандардың құрылыстары жеделдетілді. Соғыстың
алғашқы 1,5 жылында Қазақстанда 25 кен орны пен шахта, 11 кен байыту
фабрикалары, 19 жаңа көмір шахтасы, 3 разрез, 4 жаңа мұнай кеніші мен
Гурьевтегі мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Темір жол құрылысы жалғасты. 19421943 жылдары МақатОрск,
Ақмола Магнитогорск желілерінің құрылысы аяқталды. Соғыс жылдары
Қазақстан жалпыодақтың мыс құймасының 30 пайызын, марганец кенінің 60
пайызын, мыс кенінің 50 пайызын, металл висмуттың 65 пайызын, полиметалл
кендерінің 70 пайызын, мырыш өнімінің 85 пайызын берді. Қорғаныс
өнеркәсібіне қажетті мыстың үштен бірі Қазақстанда өндірілді, сондықтан да
соғыс жылдары әрбір 10 оқтың тоғызы Қазақстанда құйылды.
Республикада танк және ұшақ жасауға ақша жинау қозғалысы жүрді.
1941 жылдың күзінде Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы
(ВЛКСМ) атындағы танк дивизиясын құруға қаржы жинала бастады да, бір
жылға жетержетпес уақыттың ішінде армия қазақстандық комсомолдардан
45 жаңа танк алды. Кейінірек халық қаражатына тағы 10 танк колоннасы,
бірнеше авиациялық эскадрилия, торпедо катерлер мен атаулы ұшақтар
жасалды. Соғыс жылдары Қазақстан халқы жауынгерлік техникалар жасауға
480,3 миллион рубль жинап берді.
Жеңіске Қазақстанның ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты. Атап
айтқанда, еліміз 30,8 миллион пұт астық, 14,4 миллион пұт картоп және
көкөніс, 15,8 миллион пұт ет, 3 194 мың центнер сүт, 17,6 мың центнер жүн
берді. Бұл соғысқа дейінгі бес жылдағы көрсеткіштен бірнеше есе көп.
Республиканың барлық экономикасы әскери «рельске» қойылды: бейбіт
мақсаттағы шығыстар барынша қысқартылды, көптеген кәсіпорындар
қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті. Ер азаматтардың бәрі армия қатарында
болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек
тәртібі қатайтылды, жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық, 23 сағаттық
жұмыс күні бекітілді, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ешкім қынжылған жоқ.
Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек
етті.
КСРОның батыс өңірлерінен көшірілген халықпен қоса, 1941 жылдың
күзінде Қазақстанға Полвольжеден жүздеген мың немістер мен поляктар жер
аударылды. 19421944 жылдары 507 мың балқар, қарашай, ингуш, шешен
халқы, 110 мың түрікмесхетиндер, 180 мың қырым татарлары күшпен жер
аударылды. Оған қоса, күн сайын Қазақстанға жаралы жауынгерлер мен
офицерлер тиелген пойыздар ағылып жатты. Әскери госпитальдердің көбісі
Алматыда құрылды. Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан
астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы
мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша,
адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес
азаматтарының өмірін қиды. 1710 қала және 70 мыңнан астам село
деревнялар, 31850 өнеркәсіптік кәсіпорын, 65 мың шақырым темір жол, 4100
теміржол стансасы, 36 мың поштателеграф мекемесі, телефон стансасы және
басқа да байланыс бекеттері жерменжексен болған немесе жартылай қираған.
40 мыңдай аурухана немесе басқа да емдеу мекемелері, 74 мың мектеп,
техникум, жоғары оқу орны, ғылымизерттеу институттары, 42 мың кітапхана
және басқа да көптеген нысандар жойып жіберілген, тоналған.
Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ монументтеріне,
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл
шоқтарын қою рәсімдері өтеді. Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де
ұмытылмауы керек.
ҰОС кезіндегі халықтың жетістіктері
ҰОС кезіндегі халықтың жетістіктері
ҰОС кезіндегі халықтың жетістіктері
ҰОС кезіндегі халықтың жетістіктері
ҰОС кезіндегі халықтың жетістіктері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.