Қосымша білім берудің баланың тұлғалық дамуына ықпалы
Оценка 4.9

Қосымша білім берудің баланың тұлғалық дамуына ықпалы

Оценка 4.9
Семинары
doc
воспитательная работа +1
Взрослым
20.06.2019
Қосымша білім берудің баланың тұлғалық дамуына ықпалы
Қосымша білім беруді жаңа инновациялық тұрғыда сапаландыру – бүгінгі таңда балаларға арналған қосымша білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық басым бағыты болмақ.Мемлекет тарапынан бала болашағына ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір айғағы 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында балаларға қосымша білім беру мазмұнын жаңарту мынадай бағыттар бойынша қарастырылған: көркем-эстетикалық,ғылыми-техникалық,экологиялық-биологиялық,туристік-өлкетану, әскери-патриоттық,әлеуметтік-педагогикалық, оқу-сауықтыру және т.б.
Қосымша білім берудің баланың тұлғалық дамуына ықпалы, ДУЗБАЕВА М.С., 2019.doc
Қосымша білім берудің баланың тұлғалық дамуына ықпалы       бойынша     бағыттар қарастырылған:      Бүгінгі білім беру кеңістігіндегі жаһандану дәуірінде өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Соның ішінде қосымша білім беруді дамытудың қазіргі кезеңі қазақстандық білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге көшу үрдісінде пайда болатын мәселелер мен жетістіктерді ескере отырып жаңаша бағыт алуда. Қосымша білім беруді жаңа инновациялық тұрғыда сапаландыру – бүгінгі таңда балаларға арналған қосымша білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық басым бағыты болмақ.Мемлекет тарапынан бала болашағына ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір айғағы 2011­2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында балаларға қосымша білім беру мазмұнын жаңарту көркем­эстетикалық,ғылыми­ мынадай техникалық,экологиялық­биологиялық,туристік­өлкетану, әскери­патриоттық,әлеуметтік­ педагогикалық, оқу­сауықтыру және т.б.  Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты – жоғары білімді, бәсекелестік  қабілеті  мол,шығармашыл  тұлға  қалыптастыру  үшін қолайлы  жағдай  жасау.  Білім беру ордаларында жасөспірімдерге белгілі бір білім мен білік беріп қана қоймай,сол алған үлгі ­өнегені өмір бойы пайдалана білуге жағдай туғызып,жол ашу қажет. Балаларға   қосымша   білім   беру   –   жасөспірімнің   білім   алу   қажеттіліктерін   жан­жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үрдісі және баланың жеке тұлға ретінда дамуына, кәсіптік бағдар алуына тиімді жағдай жасаушы жүйе,үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі. Міне, осы орайда барлық қосымша білім беру ұйымдарының дарынды, өнерлі өрендер болашағына жол ашуда маңызы зор. Қазіргі таңда қосымша білім беру ұйымдарынан түлеп ұшқан көптеген өнерлі жастар бүгінде өнер мен білім ордаларында өздерінің кәсіби деңгейлерін шыңдап,ел игілігі үшін қызмет етуде. «Бала­ тумысынан суретші,өнертапқыш, ғалым. Ол әлемді балғын көзқарасымен бүлінбеген тұтас күйінде көреді, күнделікті өз өмірін жаңадан ойлап табады, тәжірибе жасауды ұнатады, қоршаған ортаның   сұлулығына   тамсана   да   шаттана   қарайды»,­   дейді   әлеуметтік   педагог   П.   Вайнцвайг. Қосымша білім беру педагогикасы жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін ашып,танытып   қана қоймай,   оның   рухани   сұранысына   да   жауап   береді,баланың   бос   уақытын   тиімді   пайдалануына көмектеседі.Қосымша білім беру өз мән­мағынасы жағынан алып қарағанда,баланың жеке тұлға болып қалыптасып,шығармашылық қабілетін дамытуына үлкен ықпал етеді.  Қосымша   білім   берудің   басты   ерекшелігі   стандарттармен   реттелмейді,ол   балалардың,   ата­ аналардың, басқа да әлеуметтік институттардың тапсырысымен анықталады. Қосымша білім беру әр баланың дамуы үшін өте қолайлы орталардың біріне жатады, ол шыныменде «өзінің   ортасы»,   тұлғалық     даму   ортасы   –   таңдауы   бойынша   да,сипаты   бойынша   да,   «жанына жақыны»   да.  Тұлға  үнемі  қызмет  ету барысында,  өзін­өзі  жеңуде,   қуаныш пен  қайғыны  бастан өткізуде,қарым   қатынас   жасауда   қалыптасады.   Сонымен   қатар,   көптеген   балаларға   олардың шығармашылық   қабілеттерін   дамытуға   ,   мектеп   жылдарында   өзін   өзі   іске   асыруына   өзара   не өзгелермен   қарым­қатынас   жасау   барысындағы   белгілі   бір   қиындықтар(   коммуникативтіліктің төменгі   деңгейі),ынталылықтың     жоқтығы,оқудағы   қиындықтар   кедергі   келтіреді.Бұл   жағдайда проблеманы шешудің екі жолы бар: не ондай балаға қол сілтеп, тиісінше атау беру: ( «қиын бала», «сабаққа   үлгермейтін   бала»   және   т.с.с.),   не   баланың   қалауын,мүмкіндігін,қажеттілігін   ескере отырып,оны   қызықты   іспен   айналысуға   тарту     керек.Осы   қызығушылық   арқылы   балаға айналасындағылардың   құрметіне   ие   болуға,өз   абыройын   сезінуіне,оның   білім   алуға   ынтасын, шығармашылықпен белсенді айналысуын дамытуға көмектесу. Сабақтан тыс уақыттағы балалардың өздерін пайдалы іспен қамтуы өзін­өзі тәрбиелеуді ,өзін­өзі ұйымдастыруды нығайтуға,өз уақытын жоспарлай алуды үйренуіне ықпал етеді.          Қосымша   білім   берудің   заманауи   жүйесі   балаға   шығармашылық   қызметтің   алуан   түрлері бойынша білім беру бағдарламаларының кең ауқымын ұсынуға дайын.Ата­аналар мен балалардың арасындағы ең көптеп таңдау жасайтыны   және танымал түрлерінің бірі сәндік­қолданбалы өнер сабақтары     шығармашылық мен көркемдік өнер бағытында қосымша білім беру. Қолөнер,өнер,көркемдік өнер шығармашылығы балаларға  ұрпақтар арасындағы байланысты  қайта қалпына  келтіруге ықпал  ететін, адамзаттың рухани   тәжірибесін беруге мүмкіндік береді. Көркемдік өнер бағытындағы қосымша білім беру мекемелері( музыкалық мектептер,шығармашылық шеберханалар,студиялар,өнер мектептері және басқалары)   шығармашыл   тұлғаны   тәрбиелеуге   ықпал   етеді,коммуникативтік   қабілеттерін дамытуға,өзін көрсете алуына көмектеседі. Ғылыми­техникалық     шығармашылық   бағыттағы   үйірмелер   баланы   көп   еңбекті   талап ететін,ғылыми­техникалық прогреспен,өнертапқыштықпен байланысты өз бетінше  шығармашылық жұмыспен айналысуға баулиды.Бұл бағыттағы үйірмелерге әдетте ұшқыш,ғарышкер,теңізші және автомобилист,өнертапқыштар   мен   радистер   және   т.с.с.   болуды   армандайтын   балалар   қызыға қатысады.Техникалық интеллектіні дамытады,ынталылық,тәртіптілік,нақты ғылымдарға қызығушылық сияқты балалардың қабілеттерін тәрбиелейді.Осы   орайда   айта   кетерлігі,   қосымша   білім   беру   мекемелерінде   де   робототехника үйірмелері ашылып, оған қызығушылық танытып жатқан жас жеткіншектер қатары артып келеді. Эколого­биологиялық бағыттағы үйірмелер балалардың биология, география, экология және Жер туралы   басқа   ғылымдарды   оқып­зерделеуге   қызығушылығын   дамытуға   бағытталған.Флора   мен фаунаның   әлемін   оқып­зерделеуге   қызыға   қарап,қоршаған   ортаны   зерттей   отырып,бала   өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінуге,айналасында болып жатқан жағдайларға жауапкершілікті алып жүруді үйренеді. Балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі балалар туризмі мен өлкетану үйірмелері. «Туған өлке» бағдарламасын іске асыру аясында «Туризм және өлкетану» бөлімінің «Ұлы дала тарихы» жобасымен   қосымша білім алушыларға   жергілікті жердің тарихи орындары мен аспан асты ескерткіштеріне жорықтар, экскурсиялар,туристік–өлкетанушылық экспедициялар ұйымдастырады.        Қосымша білім беру мекемелерінде білім алушылардың көпшілігі өздерін жеке тұлға ретінде сезінеді,кез келген қоғамдық ортада өздерін сенімді ұстай алады,өз бағасын біледі,өздеріне және айналасындағыларға   бара­бар   баға   бере   алады.Айналасындағылармен   қарым­қатынас   жасау барысында олар ақкөңілділікті,әділдікті,зейінді,қолдау мен көмек беруді,сүйіспеншілікті білдіру мен   кемшіліктерді   кешіру   ниетін   бағалайды.Жоғарыда   айтылғанның   барлығынан   шығатын қорытынды: қосымша білім беру мекемесінде бала неғұрлым көп айналысқан сайын,соғұрлым оның танымдық   қызығушылығы   да,   шығармашылық   белсенділігінің   аясын   да   өзінің   дұрыс таңдағандығына   деген   сенімділігі   де   жоғары   болады;   мектептен   тыс   бос   уақытын   тиімді ұйымдастыра   білген   балалардың   саны   көп   болған   сайын,соғұрлым   өз   болашағына   сеніммен қарайтын,  өзінің  болашақ   мамандығын   таңдап    қойған,   жалпылама  өмірлік  жолының  ұстанымы берік балалар қатары да көп болады.  Келер ғасыр иесі – бүгінгі егемен еліміздің ұрпағы десек, оларға артылған сенім,артар жүк жеңіл болмасы анық. Олай болса, ертеңгі ел тұтқасын ұстар егемен еліміздің рухы биік жас ұландарын тәрбиелеуде   қосымша   білім   беру   ұйымдары   жаңа   биіктерден   көрініп,жаңа   инновациялық талаптарды еңсеретініне сенеміз. Олай болса, біздің Балалар мен жасөспірімдер сарайының жаңа буын ұрпақтарын тәрбиелеу және оларға қосымша білім беру саласында атқаратын еңбектері мен жетер жетістіктері әлі алда. Пайдаланылған әдебиеттер:  1.     Тоқжанов М.Л., Аманова Ғ.М. «Қосымша білім және тәрбие» Республикалық оқу­әдістемелік  журнал  №2, 2012 ж. 2.      Волкова М.Г. Развитие способностей у детей – основа жизненного успеха. М.: НИИ ВШ, 1989. 3.     Ежемесячный информационно­методический журнал «Внешкольник» , № 2, 5 ,11  2006 ж. 4.      Дополнительное образование детей: Учебное пособие для студентов высших учебных  заведений. / Под ред. О.Е. Лебедева. – М.: «ВЛАДОС», 2000.

Қосымша білім берудің баланың тұлғалық дамуына ықпалы

Қосымша білім берудің баланың тұлғалық дамуына ықпалы

Қосымша білім берудің баланың тұлғалық дамуына ықпалы

Қосымша білім берудің баланың тұлғалық дамуына ықпалы

Қосымша білім берудің баланың тұлғалық дамуына ықпалы

Қосымша білім берудің баланың тұлғалық дамуына ықпалы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.06.2019