Отан отбасынан басталады. Сынып сағаты.
Оценка 5

Отан отбасынан басталады. Сынып сағаты.

Оценка 5
Занимательные материалы
docx
воспитательная работа
5 кл
25.12.2018
Отан отбасынан басталады. Сынып сағаты.
Сынып сағатының сабақ жоспары 5 сыныпқа арналған. Тақырыбы "Отан отбасынан басталады." Сынып сағатының сабақ жоспары сынып жетекшілерге өте пайдалы. Жоспарда түрлі тапсырмалар, ситуақиялар берілген. Сынып жетекшілерге әдістемелік жағынан көмек. Отан туралы толық мәлімет, отан отбасынан басталатыны туралы, сұрақ жауаптар, мақал мәтелдермен берілген.
Отан отбасынан басталады.docx
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отан – отбасынан басталады.» Тәрбие сағатының мақсаты: 1) Отбасындағы қарым ­ қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты  жанұяның моделін дайындау; 2) Отбасы ­ Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты  жанұяға деген қызығушылығын арттыру; 3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен  бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан  етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу. Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Ол өзі бір шағын  мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Бақытты жанұя» деп аталады. Сол  мемлекетке саяхат жолында біз көптеген сатылардан өтіп, нәтижесінде  барлығымыз бірігіп біз аңсаған «Бақытты жанұяның» моделін жасап  шығарамыз. Ендеше, барлығымыз да белсенді түрде қатысайық! Ал ол үшін, әрине, бірнеше сатыдан өтеміз. Алдымен «отбасы деген не?»  деген сауалға жауап іздеп көрейік. Адамзат бесігін тербеткен ұя Үлгі – өнеге бастауы Отбасы ­ адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы ­ ата ­  анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің  жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы ­  таным бесігі, отбасы ­ үлгі ­ өнеге бастауы. Ата ­ ананың үйдегі қарым ­  қатынасы, киім киісі, мінез ­ құлқы бәрі ­ бәрі балаға үлгі. Өйткені,  «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе,  ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан ­ мейір алады».  «Әке ­ асқар тау болса, ана ­ бауырындағы бұлақ, ал бала ­ жағасындағы  құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала ­ отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.  Бала тәрбиесі ­ бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға  толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын  сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені  бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен. Сондықтан да әрбір ата ­ ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен  тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға  алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп  отыру керек. Мұғалім: Иә, Халқымыздың «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»  деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата­ бабаларымыздың асқар таудай  ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істер ­ елін, жерін қорғау,  бірлікте, ынтымықта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан­ұрпаққа дарыса деген асыл арманы.  Қазақ қоғамында отбасы ­ өмірдің тұтқасы, Оттың басы, ошақтың қасы –  ырыстың ұйтқысы. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы –  үмітінің өшпес алауы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы  санап аялайды. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан­  жақты тәрбиелі болып өсуіне өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол.  Отбасы ата­ана мен баланың және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым­ қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық,  мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен  орын алуы керек. «Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің,  ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы осы отбасынан басталады.  Сұрақтарға жауап берейік: а) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң қай жылы, күні, айы  қабылданды? (1991, 16 желтоқсан)  ә) Тәуелсіздік алуымызға қандай оқиға себеп болды? Осы оқиға қашан болды  (желтоқсан оқиғасы, 1986жыл, 16 желтоқсан)  б) Президент қай жылы, қай күні алғашқы рет ант берді? (10.12.91ж)  г) Тілдер мерекесін қай күні тойлаймыз? (22 қыркүйек)  ғ) Еліміздің Ата Заңы қай жылы қабылданды? (1995ж, 30 тамыз)  е) Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)  ж) Елтаңбаның авторы кім? (Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)  и) Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні қай күн? (1  желтоқсан)   Жоғалған сөзді тап ойыны. Көп нүктенің орнына тауып жазу.   1.Туған жерге ........ (туың) тік.  2. Отансыз адам,  Ормансыз .......... (бұлбұл).  3. Басқа елде ........ (сұлтан ) болғанша,  Өз еліңде ұлтан бол.  1. Отан ........( отбасынан) басталады .  2. Ел үмітін ...... (ер) ақтар.  3. Туған жерім, алтын ...... ( бесігім)  1. Өз үйім өлең ........ ( төсегім)  2. Туған жердей .....(жер) болмас,  Туған ......... (елдей) ел болмас.  3. Отан ­ ......... (оттан) да ыстық.   « Отбасы», «Отағасы» ұғымын қалай түсінесіңдер?  Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек деп ойлайсыз?  Отбасы негізі не деп ойлайсыздар?  Ата­ана мен бала арасындағы қарым­қатынас қандай болу керек? ІY. Мақал­мәтелдің бір сөзі жасырылып, сұрақ болып  қойылады, жауабын  бірлесе отырып табыңыздар.  1. Жақсы адам елдің ырысы,  Жақсы сөз жанның несі? ( тынысы)  2.Тозар елдің жанжалы бітпес,  Озар елдің несі бітпес? (арманы)  3. Елдің ерлігі ерінен танылар,  Елдің байлығы несінен танылар? (жерінен)  1. Ел қалаған ұл­қыздар –  Ел көгіндегі нелер? ( жұлдыздар)  2. Ынтымақты елге ешкім жетпес,  Ынтымақсыз елдің несі бітпес?(өкініші)  3. Анаңа ауыр сөз айтпа,  Атаңа ауыр не артпа? (жүк)  1. Адам болатын бала қандай болады? (ағайыншыл)  Бай болатын бала айырбасшыл болады.  2. Қатты не көрсе бала күнінде (тәртіп)  Өнерімен қуантады түбінде.  3. Қарағайға қарап тал өсер,  Несіне қарап бала өсер?(қатарына   Қорытынды:  Мұғалімнің қорытынды сөзі: Тәрбиенің мақсаты балаларымызды елін, жерін,  мектебін сыйлайтын етіп оқытып,тәрбие­ леуіміз керек. Халық даналығы: «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды»дегендей ата­аналардың көмегінсіз жеке тұлға тәрбие­ леуіміз қиын, сондықтан мектеппен тығыз байланыста  болыңыздар деп, ­ сөзімді қорытамын Егіндібұлақ ЖОББМБК                                                                               Мухангалиева Ж.М

Отан отбасынан басталады. Сынып сағаты.

Отан отбасынан басталады. Сынып сағаты.

Отан отбасынан басталады. Сынып сағаты.

Отан отбасынан басталады. Сынып сағаты.

Отан отбасынан басталады. Сынып сағаты.

Отан отбасынан басталады. Сынып сағаты.

Отан отбасынан басталады. Сынып сағаты.

Отан отбасынан басталады. Сынып сағаты.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.12.2018