Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектеп-интернаттың өзара іс-қимылын күшейту
Оценка 4.7
Лекции
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
06.02.2019
«Отбасы мықты болса, Отан да мықты». Яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі – саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болары даусыз. Ендеше тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы екендігін әрбір тәрбиелі азамат өзінің өміріне талдау жасап, мол мәліметтер жинақтап байқайды. Ата-аналар мен мектептің бірден-бір мақсаты жан-жақты жетілген, үйлесімді дамыған, адамгершілігі мол парасатты, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Баланы тәрбиелеуде әр ата-ана өздері білімді болуы керек. Ол үшін ата-ана мұғаліммен тығыз байланыста болып, түсінбегенін сұрап, пікірлесіп отыруы қажет. Осындай жағдайда ғана балалардың жағдайын түсініп, олардың адами қасиетінің дамуына ықпал жасай аламыз деп ойлаймын.
Балалар - біздің болашағымыз. Сондықтан да бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған жөн.
15.04.2018ж Жалпы а-а жин.ы.docx
Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектеп
интернаттың өзара ісқимылын күшейту
Жалпы атааналар жиналысы
Баяндаушы: мектепинтернат психологы
Танжарыкова Актоты Рахимовна
Кеш жарық құрметті атааналар! Бүгінгі күнде сіздермен кездесіп
отырғанымызға алғыс білдіре отыра бүгінгі тыңдалатын «Отбасы
құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектепинтернаттың өзара
ісқимылын күшейту» тақырыбындағы мәліметтермен таныс боларсыздар.
«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның берекебірлігі – әр
сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Әрбір ересек адам өзі
бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып
балаларды бақытты ету керек екендіктерін білулері қажет. Бала отбасының
жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз. Мұның
бәрін неге қозғап отырмыз? Себебі бүгін жарық дүниедегі ең жақын
жандарыңыздың төл мерекесі 15 мамыр халықаралық отбасы күні.
Атаулы күн 1993 жылы БҰҰның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл
күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару
қажеттігінен туындаған. Қазақстанда отбасы күні алғаш рет 1994 жылы
аталып өтті.
Үлкенге ізет көрсету мен көп балалы болуды құрметтеу дәстүрі
сақталған Қазақстанда жанұяға маңызды орын берілген, өйткені адамзат пен
мәдени құндылықтардың бұлжымас ұясы отбасы болып табылады.
Мемлекеттің шаңырағы биік, керегелері тең, уықтары нық болуы үшін
ұлттық бағытта тәрбие берудің маңызы жоғары. Бала тәрбиелеуде отбасы
құндылықтарының алатын орны ерекше. Сондықтан да отбасы мен мектеп
интернат ұжымының өзара байланысының мықтылығы білімді де тәрбиелі
ұрпақтың дамуының негізі.
Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық
тәлімтәрбиені мектепинтернат пен отбасы бірлестігінің дұрыс насихатталуы
арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты мектепинтернатымызда «Отбасы ең үлкен, мықты
тәрбие ошағы» атты тақырыпта интернатта тәрбиешілер бірлестігімен
ұйымдастырылған отбасылық онкүндік аясында 511 сынып
оқушыларымен әртүрлі бағыттағы тәрбиелік ашық сағаттар, отбасылық
спорттық көңілді сайыстар,
отбасы құндылықтарын сараптау
тақырыптарында бейнеролик сайыстары, отбасы аялдамалары т.б.іс
шаралар өткізілді.
8 наурыз халықаралық қызкеліншектер мерекелеріне орай
аналармен әдеби кештер мен концерттік сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сонымен қатар 22 наурыз мерекесі қарсаңында 511
сынып оқушыларымен атааналарымен бірлескен сайыстар
ұйымдастырылып, өткізілді.
Мектеп пен отбасы бірлесіп күшжігер жұмсай отырып, жеткіншек
ұрпақтың жанжақты дамуына ат салысулары тиіс. Кемелденген ел
жағдайында мектептің отбасы өміріне белсене араласудың үлкен маңызы бар.
Бұл ең алдымен балалардың адамгершілік кемелдігін қамтамасыз ету үшін
керек. Ендеше білім ордасының отбасымен және жұртшылықпен байланысы,
негізінен, сынып жетекшілері мен тәрбие жетекшілері арқылы жүзеге асады.
Егер атааналар мұғалімдердің талаптарын жақсы түсініп, қолдап отырса,
балаларының дұрыс тәрбиеленуіне ықпал етіп, сондайақ мектепке де зор
көмек көрсетіні анық.
«Отбасы мықты болса, Отан да мықты». Яғни өнегелі отбасының мәуелі
жемісі – саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болары даусыз. Ендеше тәрбиенің
ең тамаша мектебі – отбасы екендігін әрбір тәрбиелі азамат өзінің өміріне
талдау жасап, мол мәліметтер жинақтап байқайды. Атааналар мен мектептің
бірденбір мақсаты жанжақты жетілген, үйлесімді дамыған, адамгершілігі
мол парасатты, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Баланы тәрбиелеуде әр ата
ана өздері білімді болуы керек. Ол үшін атаана мұғаліммен тығыз байланыста
болып, түсінбегенін сұрап, пікірлесіп отыруы қажет. Осындай жағдайда ғана
балалардың жағдайын түсініп, олардың адами қасиетінің дамуына ықпал
жасай аламыз деп ойлаймын.
Балалар біздің болашағымыз. Сондықтан да бала тәрбиесіне үлкен
жауапкершілікпен қараған жөн.
Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектеп-интернаттың өзара іс-қимылын күшейту
Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектеп-интернаттың өзара іс-қимылын күшейту
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.