Мұғалім: Тұрлашов Бекбол
«Мен және менің отбасым»
Тақырыбы: «Мен және менің отбасым» . (отбасылық спорттық жарыс)
Мақсаты: 1.Жанұялар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жанұялық спорттық
ойынын дамыту және қатысушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
2. Оқушылардың шапшаңдық және жылдамдық сапаларын арттыру, денсаулығын
нығайту.
І. «Мен және менің отбасым» ашылу салтанаты.
1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер. Бүгін өткізгелі отырған «Мен және менің отбасым » жарысына қош келдіңіздер!
2- жүргізуші:
Отбасы –сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан
басталады» дегендей, отанды сүю – отбасынан басталатыны рас. Себебі , отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы болып табылады.
1-жүргізуші:
Бұрынғының қарттары дана болған,
Қартты сыйлар жастарда сана болған.
Ата-анадан үлгі алып жастар да,
Болашағын қорғайтын адам болған.
2-жүргізуші:
Мектебімізде үлгілі, жарасымды отбасылардың қатары көп екені белгілі. Бүгінгі отбасылық сайысымызға сол жанұялардың бірқатары қатысқалы отыр. Ендеше «Мен және менің отбасым» жарысына қатысушы отбасыларды ортаға шақырамыз.
(жарысқа қатысушы отбасылар ортаға көңілді әуенмен жүгіріп шығады.)
І жанұя. «Тұлпар» тобы
ІІ жанұя. «Жас қыран» тобы
ІІІ жанұя. «Бәйтерек» тобы
ІУ жанұя. «Береке» тобы
1-жүргізуші:
Құрметті бүгінгі жарысқа қатысушылар! Енді жарысымызға әділ төрелік жасайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.
2.
3.
(қазылар алқасы мүшелері таныстырылады)
Ұйымдастыру бөлімі
Сайысқа қатысушыларды сапқа тұрғызу, жарыс ережесімен, шарттарымен таныстыру.
1-жүргізуші:
Ендігі кезекте жарысымыздағы ойындар тізбегін таныстырып өтейік.
1. Таныстыру бөлімі (Топтың аты, ұранымен таныстыру )
2. Допты себетке салу ( Допты секіріп барып себетке түсіріп, қайтадан секіріп келіп допты келесі ойыншыға ұсынады. Қайсы топ допты себетке көп түсірсе, сол топ жеңіске жетеді.)
3. Кім жылдам ? (отбасының ең кіші балалары велосипедпен жарысқа түседі)
4. Кім күшті? (берілген доптарды құлатпай алып жүру)
2-жүргізуші:
5. Кенгуру (Кедергілер арқылы үлкен доппен секіріп, қайтып секіріп келу. Секіріп келген
ойыншы допты келесі ойыншыға ұсынып саптың артына барып тұрады.Қай топ ойынды бұрын
аяқтаса, сол топ сол жеңіске жетеді
6. Жеміс-жидек жинау ( Қатысушылар жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, шеңбер ішіндегі кішкене доптарды алып жүгіріп келеді. Отбасының келесі мүшесіне қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұрады. Ойынды қай топ бұрын бітірсе , сол топ жеңіске жетеді.
7. Кедергілермен жүгіру. (Топ мүшелері кезекпен кедергілермен жүгіріп өтеді, кедергілерді құлатпай және ойынды бұрын аяқтаған топ жеңіске жетеді. )
8. Кім мықты? (Сайысқа қатысушы жанұялар арқан тартысады. )
9. Мәреге кім бұрын? (Секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұрады. Ойынды қай топ бұрын аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.
2-жүргізуші:
«Мен және менің отбасым» атты жанұялар арасындағы жарысымызды бастаймыз. Барлығыңызға тек сәттілік!
1-жүргізуші:
Отбасым - менің
жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім –
дегендей отбасы
болашақ ұрпақ бойына адамзаттық
құндылықтарды және ұлттық рухани
байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Тәрбие отбасынан басталады.
Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Біз
бүгін жарысымыздың басынан соңына дейін бақытты,
берекелі жанұялардың сайысын тамашаладық.
2-жүргізуші: Сайыс болған соң жеңімпаз болады. Ендеше бүгінгі жарыстың қорытындысымен таныстыру үшін сөз кезегі ------------------------------- беріледі.
1- жүргізуші:
Қорытынды сөз.
Отбасы – ол ең жақын
адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін
сыйлап, құрметтеу – ол сіздер мен біздердің парызымыз.
Елімізде әрдайым берекесі мен бірлігі жарасқан отбасылар көп
болсын деп бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.