Открытый урок
Оценка 4.9

Открытый урок

Оценка 4.9
Лекции
docx
информатика
Взрослым
09.12.2018
Открытый урок
Открытый урок по информатике. На тему Excel электронная таблица. Урок комбинированный. Изучение нового материала. Групповая работа. Для проверки предыдущего урока использовала игровой момент. Для закрепления нового материала использовала диаграмму Венна. Студентом понравился новая тема и они с удовольствием делали задания.
әдістемелік әзірлеме - копия.docx
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ШҚО Білім басқармасы  «Шығыс Қазақстан технология колледжі» КМҚК Келісілді ПЦК отырысында қаралып мақұлданды Хаттама №____ «____»__________201__ж ПЦК төрағасы _____________Ташметова А.Н БЕКІТІЛДІ Директордың ОӘЖ орынбасары _______________ Нургазы Д.Г. «______»___________2015 ж.       Ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі Тақырыбы:  «Microsoft Excel – электрондық кестесі туралы жалпы түсінік» Пән: Информатика және АКТ. Топ: 11 ВТ тобы Оқытушы: Калиева Ш.М. Өтетін күні. уақыты: 30.03.15 ж. Сағ 10.05 Өтетін орны: 411 кабинет Семей 2015ж. Сабақ жоспары Пән/ Предмет: Информатика және АКТ Оқытушы/Преподаватель: Калиева Шалқар Мерлановна Сабақ/ урок  № 20 Топ/ группа Күні/ дата 11ВТ 30.03.1 5 Тақырып/Тема: «  Microsoft Excel – электрондық кестесі туралы жалпы  түсінік» Сабақтың типі/ Тип урока: интерактивті технологияны қолдану арқылы  ұйымдастырылған аралас сабақ Сабақтың мақсаты/ Цели урока: Білімділік/ образовательные Электрондық   кестенің   негізгі   түсініктерімен,   терезесімен, кітап парақтарының құрамымен (қатар, бағана, ұяшық) танысу. Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттің ойлауын дамытуға, пәнді оқып   үйренуге   қажетті   білім,   білік   және   іскерлік   дағдыларын   меңгеруді бекітуге бағыттау.  Тәрбиелік/ Воспитательные Студенттерді   шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге, ұжымдық ауызбіршілікке баулып,   дүниетаным   шеңберін   кеңейту.   Студенттердің   жеке   тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру. Дамытушылық/ Развивающие  Студенттердің логикалық ойлауын, салыстыра отырып, ажырату дағдыларын дамыту, ақпараттық дүниетанымын кеңейту. Материалдық және техникалық жағынан жабдықтау  Материально – техническое оснащение урока Құрал   –   жабдықтар/   оборудование  компьютерлер. Көрнекі   құралдар/   Наглядные   пособия  Microsoft   Excel презентация. Дидактикалық материалдар/ дидактический материал: тақырып бойынша үлестірме   конспектлер,   үй   тапсырмасын   тексеруге   және   жаңа   сабақты   Интерактивті   тақта,   дербес    тақырыбына   құрылымымен,    Excel Microsoft   Excel   тақырыбында бекітуге   арналған   үлестірме   материалдар,     буклет, бағалау парақшасы. Пәнаралық байланыстар/ Межпредметные связи   Математика, ағылшын  тілі, орыс тілі Білім   беру   әдістері/   методы   обучения:  интерактивті   әдіс,   дамыта (деңгейлеп­саралап) оқыту, тестпен жұмыс істеу, сұрақ­жауап әдісі, ойындар, ғылым мен тәжірибені байланыстыру. Сабақтың құрылымы/ структура урока: І. Ұйымдастыру кезеңі       ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі ІІІ.    Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге әзірлеу  кезеңі. IV.Жаңа білімді меңгеру кезеңі.  V Жаңа білімді бекіту кезеңі. VІ. Сабақты қорытындылау кезеңі. Рефлексия. 3 мин VІІ.Үйге тапсырма беру. 2 мин 5 мин                 25 мин            5 мин 30 мин 10 мин Сабақтың барысы/ ход урока:     Оқытушы   оқушыларды   түгелдеп,   студенттердің   сыртқы   көрінісіне,  І. Ұйымдастыру кезеңі.    сабаққа дайындығына назар аударады. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.  Оқытушы   бүгінгі   өтілетін   тақырыпты   айтып,   тақырыптың маңыздылығын түсіндіреді. Сабақтың барысына тоқталып, оқушылардың үй тапсырмасы  «Word текстік редакторы» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру   кезеңіне   қысқаша   тоқталады.   Студенттерді   бағалау   мақсатында бағалау парағын пайдаланамыз. Онда үй тапсырмасын тексеру кезеңі бойынша және сабақты бекіту кезеңі бойынша студенттердің ұпайлары жазылып сабақ соңында ортақ бағасы қойылады. 1­ топ Бағалау парағы Үй тапсырмас ы Жаңа сабақты бекіту Қорытынды № 1 2 3 2­ топ 4 5 1 2 3 4 5 Үй тапсырмасын тексеру кезеңінде топ студенттерін екі топшаға бөледі. Әр топқа  2 түрлі тапсырма беріледі.  1­топ   тапсырмасы.  Топ   студенттеріне   әр   мереке   күніне   арналған ашық хаттарды «Word текстік редакторында» орындау беріледі. Мұнда ашық хатты   безендіру,   суреттерді   кірістіру   арқылы   Word   текстік   редакторының графикалық мүмкіндіктерін көрсете білулері бағаланады.  2­топ   тапсырмасы.    Тапсырма   интерактивті   тақтадан   деңгейлік тапсырма   сұрақтары   арқылы   таңдалады.   Әр   оқушы   таңдаған   ұяшықтың астындағы сұраққа жауап береді. «Ғажайып алаң» деңгейлік тапсырма. 1­жол 10 ­ Мәтіндік процессор дегеніміз не? ­ Мәтіндік ақпаратты енгізу, өңдеу,  сақтау, баспаға беру.  20 ­ Microsoft Graph не үшін қажет? – Диаграмма құру үшін.       30 ­ Графикалық объект дегеніміз не? ­ Графикалық пішімі файлда  сақталынған сурет.  2­жол 10 ­ Мәтіндік процессорда қателерді түзетуге пайдаланылатын пернелер? – BackSpace, Delete..  20 ­ Мәтіндік процессорда символдар кірістіруге қандай әрекеттер  орындалады? – Мәзірден Кірістіру  Символ  Командасы таңдалады.       30 ­ Формулалар редакторы қалай іске қосылады? ­ Бас мәзірден Кірістіру Формула  3­жол 10 ­ Колонтитулды қалай құрамыз?  – Негізгі мәзірден Түр Колонтитулдар  командасы таңдалады.  20 ­ Терезе дегеніміз не? Терезе неше және қандай түрге бөлінеді? – Терезе  – экранның жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймағы. Терезе төрт  түрге бөлінеді: қапшық, қолданбалар, диалогтық, анықтама     30 ­ Стиль дегеніміз не? Стильдер нешеге бөлінеді? – Стиль – бұл өз аты бар пішімдеу   параметрлерінің   жиынтығы.   Стильдер   екіге   бөлінеді:   абзац   стилі және символдар стилі. ІІІ.       Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге әзірлеу кезеңі. Оқушы білуі керек: ­ MS Excel деген не екенін; ­ Excel терезесінің құрылымын; ­ кестенің құрылымын (бағандар, жолдар, ұяшықтар); ­ негізгі құралдар үстелінің міндеттерін; ­ ұяшықтар мекен­жайы неден құралатынын; ­ айналдыру сызықтары қызметін. Оқушы істей алуы керек: ­ MS Excel бағдарламасын іске қосу жолдарын; ­ ұяшықтарды пішімдей алуы; ­ ұяшықтарды үстеп, жойып, біріктіре алуы; ­ мәліметтерді сұрыптай алуы; ­ кестені өңдеу тәсілдерін; IV.Жаңа білімді меңгеру кезеңі. Сабақтың тақырыбы: «MS Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік»   мәліметтерді   сұрыптауға,     Microsoft   Office   дестесінің   құрамындағы   MS   Excel   бағдарламасы   – кесте ішіндегі есептеу жұмыстарын шешуге, оларға әр түрлі диаграммалар тұрғызуға,   математикалық   операцияларды орындауға, сандық эксперименттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Excel бухгалтерияда   кеңінен   қолданылады.   Excel   бағдарламасын   Microsoft Windows–тың   кез   келген   басқа   бағдарламаларын   қосу   үшін   қолданылатын тәсілдердің   бірімен   іске   қосуға   болады.   Кеңінен   тараған   амалдардың   бірі Бастау мәзірінен Бағдарламалар тармағын және MS Excel тармағын таңдау. Тағы  бір  тәсіл  Бастау  мәзірінде  Жегу  тармағын   таңдап,  ашылған  терезеде Excel деп жазып, Жарайды батырмасын басамыз.     Microsoft Excel­дің қолдану аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар жасау үшін қолданылады.      Excel–де математика, физика пәндерінде жиі кездесетін есептерді шығарып, графиктер тұрғызуға болады.          Excel­де   сызбалар   мен   диаграммаларлың   алуан   түрлерін   оңай   жасауға болады.   (Фармацевтикада   дәрі­дәрмектер   жасау   үшін,   экономикада   түрлі санақтар жүргізу үшін қолданылады). Кестенің құрылымы     Электронды кесте нөмірленген жолдар және латын әріптерімен белгіленген бағандар жиынтығы болып табылады.      Баған мен жолдың қиылысқан тұсында кестенің ең кіші құрамдас бөлігі – ұяшық орналасқан.  Әр ұяшықтың баған әрпі мен жол нөмірінен құралатын айрықша мекен жайы бар (мысалы, “Al”, “B4”).   Ұяшық   мекен   жайы   ұяшыққа   деген   сілтеме   болып   табылады   және   осы ұяшықтағы   деректерді   өрнекте   пайдалану   үшін   қолданылады.     Еxcel бағдарламасындағы   парақ   ұяшықтары   ауқымы   –   кестеде   тік   төртбұрыш пішінді   аумақты   құрайтын   шақпақтар   жиынтығы.   Кесте   ауқымының   дұрыс белгіленуі А1:В2.        Еxcel бағдарламасы кестесінде ұяшықтар ауқымын ерекшелеп алу үшін бірінші   ерекшеленетін   ұяшықты   шертіп,     пернесін   басып   тұрып, ерекшеленетін ауқымның соңғы ұяшығын шерту қажет.       Еxcel бағдарламасында іргелес емес ұяшықтарды ерекшелеу үшін бірінші ұяшықты шертіп,  пернесін басып тұрып, өзге ұяшықтарды шерту керек.          Ұяшықтардың биіктігі мен енін өзгерту үшін мына әмірлерді орындау керек:  Пішім­Жол   Биіктік   қосымша   мәзірін   таңдағаннан   кейін   шығатын сұхбат терезесіндегі мәнді өзімізге қажетіне ауыстырамыз. Сондай­ақ баған таңбашасының   оң   жақ   шетін   оңға   немесе   солға   жылжытып,   бағанның   енін ұлғайтуға болады.      Жүгіргіні   баған   таңбашасының   оң   жақ   шетіне   апарғанда   ол   баған   енін өзгертуге болатынын көрсетіп, мөлшерді өзгертуге арналған жүгіргі кейпіне енеді. Мысалы, егер D бағанының оң жақ шетін шертіп, таңбашаны оңға қарай сүйресе,   баған   кеңейе   түседі.   Дәл   осылай,   баған   таңбашасын   солға   қарай сүйресе, баған ені кішірейеді. Microsoft Excel  терезесіне шолу          Excel   құжаты   .xls   кеңейтіміне   ие   және   Кітап   деп   аталады.   Кітап парақтардан   тұрады.   Үнсіз   келісім   бойынша   олар   үшеу   етіп   жасалады. Парақтар   арасында   терезенің   төменгі   жағындағы   «Парақ1»   және   т.с.с. сілтемелерді пайдаланып, ауысып жүруге болады.       Әдепкіде  әрбір    Excel кітабындағы парақтар Парақ 1, Парақ 2 және  Парақ 3 деп аталады. Кітапқа ерекше атау беру оның не туралы екенін есте  сақтап қалуға көмектесетіні сияқты, парақтың атауын өзгерту де оның  мазмұнын есіңізге салады. MS Excel электрондық кестесіндегі ұяшықтар блогы (ауқымы) V. Жаңа білімді бекіту кезеңі.  1­топ тапсырмасы.  Интерактивті тақтадан тест сұрақтарына жауап беру арқылы орындалады. Әр оқушы таңдаған сұраққа жауап береді. 2­топ  тапсырмасы.    Топ   студенттеріне   Excel   электрондық   кестесі бойынша карточкалар таратылады. Топ студенттерінің жауаптары бағалау парақтарында бағаланады. VІ. Сабақты қорытындылау кезеңі. Рефлексия. Сабақты қорытындылауда Венн диаграммасы қолданылады.                Екі топтың бірі  Word текстік редакторы  мен  Excel электрондық кестесінің  ұқсастықтарын, екіншісі айырмашылықтарын табады. Сабақ   соңында   оқытушы   екі   топтың   бағалау   парақтары   арқылы ұпайларды есептеп, студенттердің білімін бағалайды. VІІ.Үйге тапсырма беру. Windows­98   операциялық   жүйелер.   Зертханалық   практикум.   Орта мектептерде жоғарғы сыныптарға арналған оқу құралы, 64 бет.

Открытый урок

Открытый урок

Открытый урок

Открытый урок

Открытый урок

Открытый урок

Открытый урок

Открытый урок

Открытый урок

Открытый урок

Открытый урок

Открытый урок

Открытый урок

Открытый урок

Открытый урок

Открытый урок
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.12.2018