Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)
Оценка 4.6

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Оценка 4.6
Занимательные материалы +2
docx
химия
Взрослым
06.04.2017
Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)
Cтуденттердің бір атомды қаныққан спирттердің құрылысы,гомологтық қатары, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы білімдерін кеңейту, спирттердің қайда, қандай мақсатқа қолданылатынын және зиянын түсіндіру. Анықтамасы.Спирттердің құрамында гидроксил тобы болады. Гидроксил тобы – спирттердің функционалдық тобы. Функционалдық топ – заттың осы класына тән химиялық қасиеттерін анықтайтын атомдар тобы. Құрамындағы сутек атомдары бір немесе бірнеше гидроксил топтарымен алмасқан көмірсутектердің туындылары спирттер деп аталады.Анықтамасы.Спирттердің құрамында гидроксил тобы болады. Гидроксил тобы – спирттердің функционалдық тобы. Функционалдық топ – заттың осы класына тән химиялық қасиеттерін анықтайтын атомдар тобы.Құрамындағы сутек атомдары бір немесе бірнеше гидроксил топтарымен алмасқан көмірсутектердің туындылары спирттер деп аталады.
Ашық сабақ Спирттер.docx
Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу­әдістемелік кабинеті МКК ШЖҚ Маңғыстау облыстық медициналық колледжі «Келісілген»                                                 «Бекітемін» Маңғыстау облыстық                                     Маңғыстау облыстық ТжКББ оқу – әдістемелік                                    медициналық колледжі  кабинетінің директоры                                       директоры                                ___________ К.Аманова                                     _________ Т.Тұрарбекұлы       «_____» ____________ 2015ж                            «_____» ____________ 2015ж «Химия» пәнінен өткізілетін ашық сабақ жоспары Тақырыбы:  Бір атомды қаныққан спирттер Оқытушы:  Сәулебаева Г.Қ. Тақырыбы:  Бір атомды қаныққан спирттер    Жаңаөзен  ­ 2015ж. Сабақтың мақсаты:       Cтуденттердің Білімділік:  бір   атомды   қаныққан   спирттердің   химиялық   қасиеттері, құрылысы,гомологтық   қатары, қолданылуы   туралы   білімдерін   кеңейту,  спирттердің   қайда,   қандай мақсатқа қолданылатынын және зиянын түсіндіру.    физикалық, Дамытушылық:   Студенттердің   ой­өрісін,  танымдық   қабілеттерін  ,  есте сақтау қабілетін ,  шығармашылық мүмкіндігін ,топпен жұмыс жасай білуін дамыту.  Тәрбиелік:  Студенттерді тез ойлауға,батылдыққа, ізденімпаздыққа, еңбек сүйгіштікке, өзара ынтымақтастыққа, жат қылықтан аулақ болуға, өз   бетінше   жұмыс   жасай   білуге   тәрбиелей   отырып,   экологиялық   және экономикалық тәрбие беру. Сабақтың түрі: Теория Сабақтың әдісі: Аралас  сабақ  Сабақтың ұзақтығы: 60 минут Студент саны: 20 Өткізілетін орны: 303 кабинет Пән   аралық   байланыс:   Биология,   анатомия,   физиология,   экология, медицина т.б Сабақтың   көрнекілігі:   Проектор,слайдтар,   деңгейлік   карточкалар, таратпа материалдар, спирт,химиялық стақан, пробиркалар, спиртшам.   тапсырмалар, Сабақтың құрылымы және хронокартасы: 60 минут. І. Ұйымдастыру: (2 мин)                             1. Сәлемдесу                            2. Мотивация  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (15 мин)                  1­ кезең – «Алма жинау»                   2­кезең – «Сыйқырлы ұяшықтар» ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (20 мин) ІV. Сабақты қорытындылау (3 мин)  V. Жаңа сабақты бекіту (15 мин)                         1­тапсырма «Шыңға шығу»  ойыны                  2­тапсырма «Венн диаграммасы» әдісі                  3­тапсырма «Кластер» әдісі VІ. Сергіту (1 мин) VІІ. Рефлексия (1 мин) VІІІ. Бағалау (2 мин) ІХ.Үйге тапсырма (1 мин) Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: 1.Студенттермен   сәлемдесу,топ   студенттерін   түгендеу,оқу   құралдарын, және сабаққа дайындығын тексеру,  студенттерді үш топқа бөлу, сабаққа назарын аудару,оқытушының кіріспе сөзі.  2.Мотивация   –студенттерді   психологиялық   дайындау.Студенттерге   бір­ бірінің  алақандарына  түйістіртіп, бір­біріне іштей жақсы тілектер тілету. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасы   екі кезең бойынша сұралады. 1­ кезең – «Алты сыйлық» ойыны,   2­кезең   –   «Сыйқырлы   ұяшықтар   »     ойыны   арқылы   тапсырмалар орындалады.   «Алты   сыйлық»   кезеңінде   әр   колбаның   астында   сұрақтар жасырылған,   колбаға   бейнеленген   сандарды     таңдап,   сұрақтарға   жауап береді.   Әр   топқа   екі   сұрақтан   келеді.Әр   сұраққа   5   балдан   қойылады. Соңында сыйлыққа ие болады. 1­ кезең – «Алты сыйлық» ойыны сұрақтары: 1.Отын дегеніміз не?  2.Отын   қандай   күйде   болады  және   шығу   тегіне   қарай   отындар   қалай бөлінеді? 3.Отын тегіне қарай қалай бөлінеді? 4.Газ күйіндегі отындарға нелер жатады?  5.Сұйық отындарға  нелер жатады? 6.Қатты отындарға нелер жатады?   «Сыйқырлы ұяшықтар » кезеңінде деңгейлік тапсырмалар беріледі.  «Сыйқырлы ұяшықтар » кезеңінің сұрақтары: 5. Тас көмір шайыры дегеніміз не?  5.Отынның жану жылуы дегеніміз не? 5.Болашақта қандай органикалық заттар мотор және энергетикалық  отын қатарына енеді?  5. Гидрогендеу дегеніміз не? 10.Қатты отынды химиялық өңдеудің  қандай әдістері бар? Пиролиз дегеніміз не?  10.Тас көмірдің химиялық құрамы қандай? 10.  Газдандыру   дегеніміз   не   және  жерасты   генератор   газының  құрамы қандай  ? 10.Кокстеу процесі аяқталғаннан кейін жүретін процестер. 15. Тас көмірді кокстеу деген не және одан  алынатын өнімдер. 15.Кокс пеші құрылысы және жұмыс жасауы. 15.Кокс, тіке кокс газы, кері кокс газы   дегеніміз не және   кокс газының құрамы қандай?  15.Д.И.Менделеев   1888   жылы   қандай   идея   ұсынды?   Фракцияларға айдағанда қалатын қалдық не деп аталады және ол қайда қолданылады? Қызығушылықты ояту «Спирттің шығу тарихы туралы хиқаят»         Ертеде бір патшаның есігінің алдына лашын құсы дән тастап кетіпті. Патша   сол   дәнді   алып,   уәзірлеріне   беріп   еккізеді.   Дән   өсімдік   болып жайқалып   шығады.   Келесі   жылы   одан   да   әдемі   болып   өседі.   Үш­төрт жылдан  кейін өсімдік жеміс береді. Елдің бәрі таң қалады. Күзге таман әдемі   мөлдір   жемісті   жеп   көруге   жүрексінеді.   Содан   соң   патшаның әмірімен жемісті ыдысқа салып қояды. Біраз күннен кейін ыдыстағы жеміс көпіреді.   Одан   мөлдір   сұйық   пайда   болады.   Уәзірлер   сұйықтықты   алып патшаға   көрсетеді.   Патша   сұйықтықты   бір   тұтқынға   ішкізуді   бұйырады. Тұтқын   бір   кесе   ішеді,   ешнәрсе   болмайды,   екіншісін   береді.   Үшіншісін тұтқын өзі сұрап ішеді. Біраздан кейін ән салады, бей­жай күйге түседі. Ең соңында   тұтқын   патшаның   тағын   сұрап  әлек   салады.  Шаршап   қалжырап ұйықтап кетеді. Сонда бұл не болғаны? ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:           Бұған дейін сендер құрамында тек қана екі элемент: көміртек пен сутек   атомдары   кіретін   органикалық   қосылыстар   –   көмірсутектермен таныстыңдар.   Молекула   құрамына:   көміртек   пен   сутектен   басқа   оттек атомдары   кіретін   көптеген   органикалық   қосылыстар   белгілі.   Оттекті органикалық қосылыстардың негізгі кластары төменде көрсетілген: Бүгінгі сабақта біз осы қосылыстардың спирттер класына тоқталамыз. Мына төмендегі сабақ жоспары бойынша жаңа сабақ жүргізіледі. Анықтамасы.Спирттердің құрамында гидроксил тобы болады. Гидроксил тобы – спирттердің функционалдық тобы. Функционалдық топ – заттың осы класына тән химиялық қасиеттерін анықтайтын атомдар тобы.Құрамындағы сутек   атомдары   бір   немесе   бірнеше   гидроксил   топтарымен   алмасқан көмірсутектердің туындылары спирттер деп аталады.   Жалпы формуласы мен жұрнағы.  Бір  атомды  қаныққан  спирттердің жалпы формуласы мен жұрнағы төмендегідей: Жіктелуі.Спирттер төмедегідей болып жіктеледі: Спирттердің гомологтық қатары:  СН3ОН  ­  метил спирті (метанол)  С2Н5ОН ­  этил спирті (этанол) С3Н7ОН – пропил спирті( пропанол) С4Н9ОН  ­ бутил спирті (бутанол) С5Н11ОН­  пентил спирті (пентанол) Спирттердің құрлысы мен изомериясы Физикалық қасиеттері: Қалыпты температурада С10­ға дейінгі спирттер сұйық заттар, С11­ден бастап қатты заттар. Алғашқы үшеуі сумен кез келген мөлшерде   араласады,   молекулалық   массасының   артуына   қарай   сұйық спирттердің   суда   ерігіштігі   төмендейді.  Сұйық   спирттердің   өздеріне   тән иісі болады. Спирттердің қайнау және балқу температурасы молекулалық массасының   артуына   байланысты   өседі   және   сәйкес   көмірсутектердің Себебі   спирттерде қайнау   температурасынан   жоғары   болады. молекулааралық   сутектік   байланыс   түзіледі.   Спирт   молекуласында электртерістігі жоғары оттек атомы сутектің электрондарын өзіне тартып, оларда   ішінара   теріс   және   оң   зарядтар   пайда   болады.   Осы   зарядтардың әсерінен оттек атомы мен спирттің екінші молекуласындағы гидроксилдің сутек атомының арасында сутектік байланыс түзіледі. Сутектік байланысты үзуге 5 ккал/моль энергия жұмсалады. Энергиясы аз болғанымен, оны үзу үшін   температураны   көтеру   керек,   сондықтан   спирттердің   қайнау температуралары жоғарылайды.  Метил спирті (метанол) СН₃ОН өзіне тән иісі   бар,   түссіз   сұйық   зат.   Өте   улы.   Көз   жүйкесіне   әсер   етеді.   Аздаған мөлшері соқыр етеді, тіпті адамды өлтіріп те жібереді.Этил спирті (этанол) С2Н5ОН ­ өзіне тән иісі бар, түссіз сұйықтық, суда жақсы ериді. Этил спирті адам организміне зиянды әсере етеді. Спирт мидың қызметін тежеп, оның жүйке клеткаларын уландырып, адамның ойлау қабілетін төмендетеді.  → CH3 ­ CH2­ ОН → Спирттердің алынуы: 1.Галогеналкандарды  гидролиздеу   → СН3 – OH + NaC СН3СI + NaOН  2.Алкендерді гидратациялау                                H2SO4  CH2= CH2 + HОН  3.Алкендерді тотықтыру  CH2= CH2+[0]+H2О HО­ CH 2­ CH2 ОН  4.Өнеркәсіпте метанолды синтез­газдан  CО+ 2H2    CH→ 3 ОН  5.Көмірсуларды(глюкозаны) ашыту  C6H12O6    6.Карбонилді қосылыстарды тотықсыздандыру                   O  СН3 – C                             H  Спирттердің химиялық қасиеттері:   1. Гидроксил тобындағы сутек арқылы жүретін реакциялар    2→ C2Н5OH+2CO2↑      → CH3 ­ CH2­ ОН Спирттің гидроксил тобындағы сутек атомының орнын белсенді металдар баса алады:  2R­ OH + 2 Na       →      2R – ONa + H2 ↑ 2C2 H5 OH+2Na     →    2C2  H5ONa +H2 ↑                                                  Натрий этилаты  Металл туындыларын алкоголяттар деп атайды.  2. Күрделі эфирлер түзілуі (этерификация реакциясы)                                           Н+,t0 C2H5OH + HООС – СН3             C2H5О – ОС – СН3 +  H2 О      этил        сірке                                   сірке қышқылының     спирті      қышқылы                         этил эфирі (этилацетат)  3. Спирттер галогенсутектермен әрекеттеседі.                          H2SO4  R – OH + HBr             R – Br + H2 O  4. Дегидратация реакциялары                                       H2SO4  C2H5 –  ОH + HО – C2H5   →    C2H5  ­  О  ­  C2H5 + H2 О                                                         диэтил эфирі  5. Тотығу реакциялары                               [О]  СН3 ─ СН2 ─ ОН   →  СН3 – С       этил спирті                               Н                                             сірке альдегиді  Мыс (ІІ) оксидімен тотығып, альдегид түзуі.                                      t о                  O  СН3  ­ СН2 ОН + СuО  → СН3 – С         + Н2 О + Сu                                                           H  6. Спирттер жанғанда энергия бөлінеді.    С2 Н5 ОН + 3О2  →  2СО2  + 3Н2 О + Q O Пайдасы.  Этанол дәрі – дәрмек жасауға , залалсыздандырғыш зат ретінде медицинада пайдаланады.Отын және энергия көзі болып табылады. Этил спирті   химия   өндірісінде   сірке   қышқылын,   бояу,   синтездік   каучук   , диэтил эфирін, пластмассалар алуға қолданылады. Ең арзан еріткіштердің бірі. Әтір, иіссу, сусындар жасауға пайдаланылады. Зияны.  Этил   спирті   наркотик.  Ол   ерітгіш   болғандықтан   қанға   тез   сініп ағзаға   күшті   әсер   етеді.   Спирт   миға   әсер   етіп,   жүйке   жасушаларын уландырады. Осыдан адамның ақыл­ойы, сөйлеу, ойлау қабілеттері, қимыл үйлесімділігі бұзылады. Спиртті ішімдіктер ішкен адамның мінез құлқында желөкпелік, әдепсіздік дөрекілік пайда болады, оны айналасындағыларға жеккөрінішті етеді. Спиртті ішімдіктерді жиі ішкен адамның бауыры мен жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, зердесі нашарлайды, маскүнемділікке, яғни   этил   спиртіне   тәуелоділікке   ұшырайды.   Маскүнеммен   туған балалардың  38 пайызы кемтарлыққа душар болады. Ұрлықтың 55 пайызы, тонаудың   75   пайызы   адамның   мас   кезінде   жасалады.  Бауыр   аурулары, асқазан жарасы, жыныс мүшелері аурулары пайда болып, хромосомаларға зинды әсер етеді, тіпті адам өліміне әкеледі.  ІV. Сабақты қорытындылау           Сонымен   балалар   бүгінгі   сабағымызда   альдегидтердің  анықтамасы, жалпы   формуласы,   жұрнағы,   физикалық   қасиеттері,  спирттердің гомологтық қатары, алынуы, химиялық қасиеттері, қолданылуы және зияны туралы мағұлмат алдық. Енді сол жаңа сабақта   алған білімізді көрсету үшін сабақты бекіту тапсырмаларын орындайық. V . Сабақты бекіту  1­тапсырма «Шыңға   шығу»   Мұнда   әр   баспалдақтың   астындағы тапсырмаларды төменнен жоғары қарай орындайды. Әр сұраққа 10 баллдан қойылады.   ойыны. 1.Спирттер дегеніміз не және оның жалпы формуласы мен жұрнағы қандай? 2. Құрамы С5 Н11ОН болатын заттың мүмкін болатын  изомерлерінің  формулаларын жаз.  3.Спирттердің алынуы (реакция теңдеуін жаз) 1. 2. 3. 4. 4. Спирттерді атап берілген кестені толтырыңыз. Формуласы Халықаралық жүйе  бойынша атауы Басқаша атауы СН3­ОН     СН3­СН2–ОН СН3­СН2­ СН2 – ОН СН3­СН2­ СН2­ СН2­ОН СН3­ СН2­ СН2­ СН2­ СН2­ОН    Спирттер   …    ж неə      …     агрегаттық   күйде   болады.  С1­С10  5. аралығындағы   спирттер     …,      ал     С11  бастап      ….        заттар. Спирттердің   молекулалық   массалары    өсуіне    қарай   суда    ерігіштігі  …,      ал     балқу,    қайнау     температуралары   …,     себеп   спирттерде    молекулааралық     … байланыс   болады. 6. Бір атомды спирттер оңай тотығып альдегидтерге, одан әрі қарай карбон қышқылдарына   айналады.   Этил   спиртін   тотықтырып   алған   қышқылдың ерітіндісі күнделікті тұрмыста, тамақ өнеркәсібінде консервілеу үшін кең   қолданылады.   Реакция   теңдеулерін   жаз.   Осы   ерітіндіні   ата.   7.1)   Пропил спиртінің  бромсутекпен   рекеттесуінің жазып, түзілген  затты ата. 2) Сірке  қышқылының   метил  эфирін   алудың  реакция   теңдеуін   жаз.   реакция   теңдеуін   ə 8.  50г пропил спирті натриймен   әрекеттескенде қанша литр (қ.ж) сутек бөлінеді?  9. 40г этанолды дегидратциялағанда  неше литр пропен түзіледі ? 2­тапсырма «Венн   диаграммасы»   тәсілі   бойынша     студенттердің   білімі   тексеріледі. Мұнда спирттердің маңызы мен зияны туралы жазылады. Толық жауапқа 10 балл қойылады. 3­тапсырма   «Кластер» әдісі бойынша студентерге тапсырма беріледі. Мұнда 3 топқа (метил, этил, пропил спирттеріне ) кластер құрастыру тапсырылады. Әр студентке 5 балл қойылады. VІ.Сергіту VІI. Рефлекция.  Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазып,   «Үміт»­ ағашына жапсыру. VІІI.   Бағалау.  Әр   топтың   тапсырмалардан     алған   ұпайларын   топтың басшысы   топ   парағына   толық   жазып,   қорытындысын   есептеп   шығарады. Оқытушы үш топтың да ұпайларына қарап жеңімпаз топты анықтайды және жеке студенттерді бағалайды. Студенттерді бағалау парағы Студенттердің АТЫ­ ЖӨНІ Үй тапсырмасын сұрау 1 2 Кезең 5 б Кезең  5,10,15 б Жаңа сабақты бекіту Барлық ұпай «Венн диаграмма­ сы» әдісі Әр балаға 2 б «Шыңға шығу» ойыны Әр сұрағы 10 б «Кластер» әдісі  Әр балаға 5 б Қ / С 1 2 3 4 5 6 7 ІХ.Үйге тапсырма: Этил спиртінің қолданылуы тақырыбы бойынша «Эссе» жазу. №15 дәріс.

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)

Открытый урок по химии на тему "Бір атомды қаныққан спирттер" (1 курс)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.04.2017