Открытый урок по самопознанию в 10 казахском классе на тему "Жалынды жастық шақ"
Оценка 4.7

Открытый урок по самопознанию в 10 казахском классе на тему "Жалынды жастық шақ"

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
психологическая работа +1
10 кл
09.05.2017
Открытый урок по самопознанию в 10 казахском  классе на тему "Жалынды жастық шақ"
Довести до сознания детей, что молодость - это время, когда они должны бережно относится к каждой минуте в своей жизни, уметь ценить его, быть ответственными за каждый свой шаг, за каждое дело и за каждое слово, правильно ставить цель и идти к ее решению.
Жалынды жастық шақ.docx
Өзін­өзі тану                                             10 сынып      Мектеп: Үлкенбөкен мектеп­балабақша кешені КММ Мұғалiм :Ягудина Ф.Т.            Сынып: 10 «а»            Оқушылар саны:10 Тақырып : Жалынды жастық шақ Құндылық: Дұрыс әрекет  Қасиеттері: уақытты үнемдей білу, қоғамға риясыз қызмет ету,  жауапкершілік Сабақ мақсаты: : Оқушыларға  жастық  шақтың  адам  өміріндегі  шешуші   кезең  екендігін  сезіндіру .Мақсаттарын  дұрыс  айқындауға  ықпал  ету.  Міндеттері  1. Қоғамға риясыз қызмет ету­дұрыс әрекет екендігін ұғындыру. 2. Уақытты үнемдей білу қасиетін дамыту; 3. Оқушыларды өз өміріне, ойы мен сөзіне, ісі мен әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудиодискісі. Сабақ барысы: Сәлематсыздарма баллалар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын. .  «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін «5Т» ұстанамыз. Сабағымызды тыныштық сәтінен бастайық Ұйымдастыру кезеңi. 1.Тыныштық сәтi. Ыңғайланып отырыңыздар,  денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ­қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды  тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап  барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі  нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек­қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын  ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол  біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер  істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге  апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және  жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,  құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де  жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің  басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте­бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып,  жан­жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,  мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі  нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге:кең байтақ туған елімізге, барлық адамдарға, жан­ жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық  түпкір­түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің  жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рақмет. Тыныштық сәтінен алған әсерлерің? 2.Үй тапсырмасын тексеру. 2. Үй тапсырмасын тексеру.  1 топ­ 2 топ.І.Омаров «Жастарға хат»мәтіні. Оқулық 78­79 бет­р Сұрақтар бойынша топта жауаптарды дайындау а) Адам өз өмірінің сара жолын қалай қалыптастырды? ә) Шығыс ақыны Саадидің «Адам әр секундта бір дем алады» деген сөзінде  қандай өнеге бар? б) Білімді болу үшін адамның материалдық жағдайы кедергі бола ма ? в) Сыншыл болудың адамға қажеті неде? г) Жеткен жетістіктеріне қазақ баласы масаттанбайтыны – қанға біткен  қасиеттің  сыры неде? Бүгінгі сабақтың дәйексөзімен танысайық                                                              3.Дәйексөз. 1 топ­«Жастық арман. Бұл­сенім. Бұл ерекше құштарлық.Бұл әрі  лирика,әрі романтика. Бұл болашақ жөніндегі үлкен жоспарлар.»           Н.Хикмет. 2 топ­« Жас  мұраты , білім , тәлім ­ талабы . Өнер , оқу ­ жастың  қару  жарағы  “                 І.Жансүгіров Оқушылар өз ойларымен бөліседі.                                                                            Жастық шақ құлпырған жаз секілді әдемі,көздеген мақсатқа жету үшін әр  нәрсені өз уақытында жасау керек. ­Өмірдің негізі фундаменті қай уақытта қаланады деп ойлайсыздар ?. Әрине –ол жастық шақта . Жастық шақ – өмір өлеңі. Әрбір адам өмірінің  өзге кезеңдерінен гөрі жас кезінде жақсырақ болады. Сол кезеңді асқан  сағынышпен еске алады. Жастық шақтың тәтті естеліктері адам баласының  жадында мәңгілікке жаңғырып тұратыны шындық. 4. Әңгімелеу. Мұғалім сыйы 8 окт. 2014 г. ­ «Елбасының Жастарға арнап айтқан өнегелі 1000 сөзі» атты  жаңа айдарымыздаҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға арнап әр кезде ... Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзі. Қымбатты жастар! Заманымыздың заңғар Жазушысы М.Әуезова «Халық пен халықты,адам мен адамды теңестіретін­білім» деген. Сендер,тәуелсіз  Қазақстанның келешегі үшін тарихи жауапкершілік арқалайтын азаматсыңдар. Осы жауапкершілікті сезіне біліңдер. Сендер Қазақстанның өз ғылымы мен технологиясын,өзіндік ұстанымын жасайтын ғылым иесі болуларың керек.  Өзгелер салған сүрлеуге түсіп,бөтен іздің шаңын жұту Қазақстан жастарының  таңдауы емес.Алдағы уақытта Қазақ елінің табысты жолын лайықты  жалғастыру сендердің еншілеріңде. Тынымсыз еңбектеніңдер ! Ел  болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған  еңбекке байланысты. Ендеше,білімдерің толыссын ! Еңбектерің жансын !.         Талқылау сұрақтары : 1. Н.Ә.Назарбаев жастарды қандай болуға шақырады ? 2. Мәтінде адамға жігер беретін қандай сөздер кездеседі ? 3. Уақытты бағалай білу дегенді қалай түсіндірер едіңдер ? Иә, біздің өмірде әр түрлі адамдар кездеседі. Жақсы –жаман, әділ­ өтірікші,қайырымды­қатыгез. Олар және біздер­біз қандай адамдарға  жататынымыз туралы білгілеріңіз келсе, қазір өзара 4 топқа бөлінейік Күнделікті өмірде – кофе, ағаш, сәбіз және жұмыртқа деген заттарды  естиміз,ал енді елестетіп көрейік, жанымызға қандай зат жақын болса, сол  топқа қосыламыз. Ал енді не себепті осы заттарды таңдадыңыздар ойланып  көріңіздер. Адамның ең басты құндылығы –ол өмір. Қазақ халқы өмірді суға теңейтін, себебі өміріміз су секілді орнында тұрмай  ағып жатады. Дүниеге келген адам біраз уақытқа дейін өзін мәнгі –бақи өмір  сүретіндей сезінеді,бірақ өміріміз қамшының сабындай қысқа екенін ұмытпау  керек. Адам адам болып жаратылғаннан кейін ,ол міндетті түрде өсу, есею,  ержету, марқаю, қартаю сияқты табиғи үрдістерді басынан өткізеді. Бұның  бәрі уақытпен өлшенген­өмірдің кезеңдері: . кейбір кезеңдер­өсу үшін,  кейбіреуі қоғам үшін пайдалы еңбек етуге, ал кейбіреуі өткен бейнетінің – зейнетін көру үшін қартаятын кезеңге кетеді. Сіздерге топтық тапсырма беріледі.                                                      5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс Топтар өмірлік кезеңдер туралы өз ойларын , міндеттерін, пікірлерін айтады. 1топ­ балалық шақ                                                                                                    2топ­ жастық шақ                                                                                                     3 топ ­ есейген шақ Елестетіп көріңіздер, сіздер таңдаған заттарды суға салып қайнатсақ не  болады? 1. Сәбіз –езілді  Сәбіз – адамдар өмірде қатаң болып көрінгенмен, қиын сәтте  өз өздерін басқара алмай қалады 2. Жұмыртқа қатайды,.. Жұмыртқаны қиындақтар одан сайын  шынықтырады 3. Ағаш –еш өзгермейді  , ағаш сол қалпын өзгерткен жоқ 4.Кофе, ал кофе керісінше, түсі мен дәмін татымды қылдырып өзгертті.  Кофе адамдар тек өздерін емес, сонымен қатар қасындағы адамдардың  өмірлерін өзгертіп демеу болып тұрады. Осындай жас адамдар алыста емес­  олар болашақ сіздер.                                                                                                   Су ол өмір , ал от ­ол өмірде кездесетін қиындықтар 6.Топпен ән айту. Шақырады көктем. Сөзі Т.Молдағалиевтікі.                           әні Ә.Бейсеуовтікі Елестеттің көктемді гүл ашқан,                                                                                 Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан.                                                                             Алыстарға жетеле,еремін,                                                                                          Сені ғана бақыт деп сенемін.                                                                                    Арманымдай алдағы,                                                                                                  Ақ шуақтай таңдағы,   Қайырмасы:                                                                                                                 Аялай бер,арманым,аялай бер,                                                                                  Сандуғаштар жырлаған,                                                                                         Көктемдерге бір барам,                                                                                            Шақырады біздерді көкорай бел. Шақырады біздерді көкорай бел.                                                                         Қолыңды бер, жатсынба, арманым,                                                                          Сәуледей боп аяла таңдағы.                                                                                   Шақырады жас көктем гүлімен,                                                                              Шақырады  жасыл бақ жырымен. 7.Үй тапсырмасы.     № 21сабақтағы 87 б. С.Б:Дорженовтың әңгімесін  оқып,түсінігін айтып келу, және С.А.Назарбаеваға арнап өлең шұмақтарын  жазып келу. 8.Соңғы тыныштық сәтi.          Баяу музыка қосылады. Бүгінгі біздің «Жарасымды қарым­қатынас»тақырыбындағы сабағымыз өз  мәресіне де жетіп қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін  ризамын. .«Ақ желкен арман, шақырар алдан, үміттің жібі үзілмес» деп ақын  жырлағандай, армандай біліңіздер, арманға жету жолында қанаттарың  талмасын, үміттерің алға жетелесін. Бұл жолда сенімдерің өздеріңе серік  болсын.                                                                                                                         Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік.  Айналамыздағы адамдарға, жан – жануарларға, құстарға риясыз жақсылық  жасайық, ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық. Енді тыныштық күйде отыра  тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады. Рефлексия.

Открытый урок по самопознанию в 10 казахском классе на тему "Жалынды жастық шақ"

Открытый урок по самопознанию в 10 казахском  классе на тему "Жалынды жастық шақ"

Открытый урок по самопознанию в 10 казахском классе на тему "Жалынды жастық шақ"

Открытый урок по самопознанию в 10 казахском  классе на тему "Жалынды жастық шақ"

Открытый урок по самопознанию в 10 казахском классе на тему "Жалынды жастық шақ"

Открытый урок по самопознанию в 10 казахском  классе на тему "Жалынды жастық шақ"

Открытый урок по самопознанию в 10 казахском классе на тему "Жалынды жастық шақ"

Открытый урок по самопознанию в 10 казахском  классе на тему "Жалынды жастық шақ"

Открытый урок по самопознанию в 10 казахском классе на тему "Жалынды жастық шақ"

Открытый урок по самопознанию в 10 казахском  классе на тему "Жалынды жастық шақ"

Открытый урок по самопознанию в 10 казахском классе на тему "Жалынды жастық шақ"

Открытый урок по самопознанию в 10 казахском  классе на тему "Жалынды жастық шақ"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.05.2017