«Оқу үрдісіндегі интербелсенді оқыту мен ойын технологиясын қолданудың тиімді жолдары»
Шайдоллаева Айсулу Нургабыловна – құқық бакалавры
Атырау қаласы, Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі, 9-санатты арнаулы пән оқытушысы, aidyn_suluy@mail.ru
«Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар
деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол
жеткізуіміз керек және оқытудың тиімділігін,
әр оқушының білім мен білігі деңгейін бағалаудың
бірыңғай жүйесін жасау керек...»
Н.Ә.Назарбаев
(Қазақстан халқына жолдауынан)
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы.
Қазіргі заманда Қазақстанның өзіне ғана тән ұлттық сипаты бар білім беру жүйесін одан әрі дамыту, білім беру сапасында әлемнің басқада алдыңғы қатарлы беделді де, белді елдерімен қатар жұмыс жасау, қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес қосу, бүкіл әлемдік деңгейге көтеру, білім беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу-алдағы тұрған міндеттер. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.[2]
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында былай деп айтқан еді: «Жеке тұлғаны функциональдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді». Менің субъективтік пікірім бойынша бұл ұстаным бүгінгі күннің талабына сәйкес келеді. Себебі оқытушылық қызметпен айналысқан аз ғана жұмыс уақыты ішінде әр студенттің әрқилы мүмкіндіктері мен қабілеттіліктерін байқап үлгердім. Сөзімді растау мақсатында мысал ретінде келтіретін болсам, бір студентіме сабақты слайд бойынша қорғау, екіншісіне нормативтік құқықтық актілерден ізденген, үшіншісіне тест арқылы тиянақтаған, төртіншісіне жазбаша және ауызша сауалнамалар арқылы пысықтаған, бесіншісіне логикалық жағдайлар арқылы саралаған тиімді.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» [3] деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын құдіретті күш –білімге тән.
Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуды. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі обьект-субьектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін - өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін - өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілар – оқытушы мен студенттің тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогика технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында студенттің дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын,
әдістерін, технологияларын таңдауда көп
нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім
мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы
нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез
келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен
құруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі
сыныптық – сабақ жүйесінің барлық
элементернің және сабақты құрастыру
техноглогияларын қолданумен қатар, мұғалім келесі
педагогикалық техноглогияларды пайдалана алады: Ойын технологиялары,
проблемаларды оқыту, оқу зерттеуін ұйымдастыру технологиясы,
жобалау әдісі, ақпараттық-комуникациялық технологиялар.
Осылардың ішіндегі алдымен ойын технологиясы туралы
айтпақшымын.
Ойын - балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына
тез, еркін енуіне, өзіндік «Менін» қалыптастыруға және
шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі
дамытуға мүмкіндік береді. («Мен студентпін», «Мен және
менің тобым», «Мен прокурормын», «Біз әріптеспіз»,
«Адамдардың кәсібі», «Мен кәсіпкермін»). Мұндай ойын
түрлерінің ерекшелігі – жоғары көңіл-күйде
ойналатын рөлдер шынайы сезімге, ойға, ниетке толы болады
және бала үлкендер сияқты прокурор, судья, адвокат, жол
көрсетуші болғысы келеді. Бұл ойындарда балалардың
мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеледі. Ойын
іс-әрекетінің мотивациясы еркіндікті, таңдау
мүмкіндігін, қажеттілігін, өз-өзіне сенімін,
өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етеді.
Сонымен, ойын арқылы келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Мұғалім ойын технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдылық, шығармашылық, эмоционалдылық, коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым-қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.
Атақты француз ғалымы Луй де Брайль былай дейді: «ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы койылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу қуаныш. Міне, сондықтан да, бар адамдарды, жасына карамастан, ойын өзіне тартып тұрады.» Оқу ойыны-бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен жағымды эмоциялар алады. Дидактикалық ойындар-оқытудың маңызды құралы. Дидактикалық ойындар – оқыту мақсатын жүзеге асыруға арнайы арналған ойындар. Дидактикалық ойындар байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Оның мақсаты: Жаңаша білім беру мазмұнына көшу, нақты іс-әрекет жүргізу, ізденушілікпен жұмыс істейтін студент тәрбиелеу. Міндеттері: Студенттің қызығушылығын арттыру, Іскерлік ойындар ұйымдастыру, Теория мен практиканы ұштастыру. Бұл жерде оқытушының іс-әрекеті: Студенттерді бақылайды, бақылау нәтижелерін өңдейді, алған нәтижелерді хабарлайды. Студенттің іс-әрекеті: Оқуға оң көзқарас, жаңаны танып білу, икемділік пен дағдыларын игеру, өз жетістіктерін өздері бақылау. Іскер ойындарының құрылымы: Талдауға проблема беру, студенттерді топқа бөлу, проблеманы талдау, топ алдында шешімін айту. Ойын арқылы студенттер нені меңгереді:
1. Студенттер нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Студенттер тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Студент әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Студенттер үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау студенттерден аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Студенттер үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде студенттер ата-аналарымен, өзге студенттермен, оқытушылармен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Әр оқытушы технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет.
1. Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау
2. Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын – ала әзірлеу.
3. Топтағы студенттердің жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.
4. Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.
5. Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің студенттердің ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.
Дәстүрлі
оқыту мен интербелсенді оқудың айырмашылықтары:
-Дәстүрлі білім беру - білімді жинақтауға негізделеді.
Оқыту, үйрету, білім беру.
-Интербелсенді оқу – білімді өздігімен игеруге негізделеді.
Оқу, үйрену, білім алу.
Шығармашылық тақырыбымның мақсаты – «өмір бойы азық боларлықтай білім беру» емес, «өмір бойы өздігімен үйрену» және ойын арқылы білімге деген ынта-зейіндерін, қызығушылықтарын тудыру талабы болып табылады. Яғни, бұл жерде оқытушы – білімге апаратын жолды нұсқаушы, ол тек қажет кезде ғана білім алушысына жәрдемдеседі, сұрақ қояды, тапсырма береді, ақпарат ұсынады, білім алушыға оңтайлы жағдай жасайды. Сәйкесінше, білім алушы – өзінің қабілеттілігі деңгейінде ізденеді, теориялық және практикалық ресурстарды нормативтік-құқықтық актілерден, БАҚ-нан, әдебиеттерден оқу арқылы ойына тоқып, өзіне оңтайлы жағдайда ақпаратты жеткізеді. Яғни, қазіргі технологиясы дамыған қоғамда білім алушы өз ой-өрісін кеңейтіп, білім ордасында жасалып жатқан оңтайлы жағдайларды пайдаланып, өз-өзін болашақ маман ретінде бағыттайды. Сонымен қатар студенттердің танымдық қызығушылықтарын ақпараттандыру ізденіске бағыттай отырып, қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында өзіндік белсенділік көрсете алатын, қажетті білім-білік дағдыларымен қаруланған, талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру болып табылады.
Бұл шығармашылық тақырыпты алудағы критерийлер:
1.Динамикалық өзгерістер – қазіргі әлем дамуының негізгі ерекшелігі. Бұл деген сөз мынадай мағынаға саяды: қазіргі дамыған заманда ақпараттық ресурстардың үнемі өзгеріп, жаңаланып, жоспарланып отыруы.
2.Әлеуметтік ерекшеліктер: қоғамдағы тұлға рөлінің өсуі, адам қоғамының қызмет көрсету қоғамына айналуы, гендерлік саясаттың дамуы.
3.Интеллектуалдық ерекшеліктер: адам миының мүмкіншіліктерін бұрынғыдан тиімді пайдалану, «өз мүмкіншілігінді көрсете біл» идеясының кең етек алуы.
4.Білім жүйесіндегі ерекшеліктер: адам енді өндірістің элементі емес, оның басты құндылығы мен артықшылығына айналуда, ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану, проблемаларды шешу және шешім қабылдау.
Интербелсенді оқыту технологиясын меңгеруде білім алушылар төмендегідей құндылықтарды үйренеді:
- Терең ойлануға;
- Ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, оның ішінен керектісін таңдап алуға;
- Ақпаратты жан-жақты талдауға;
- Өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;
- Пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге;
- Өз ісі мен өмірлік жағдайларына жауапкершілікпен қарауға;
- Басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.
Интербелсенді оқыту технологиясын пайдалану мынадай әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:
·Бірлескен жұмыстар (топтық, жұптық)
·Жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары
·Ситуациялық және рөлдік ойындар
·Ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет, БАҚ-ры, құжаттар, сауалнамалар, мамандар арқылы)
Бұл мәселені тағы да нақтылай түсетін болсам, білім алушылар оқуды аяқтағанда мынадай құзыреттіліктерді меңгере алады:
1.Мәселелерді шешуге дайын болуы.
2.Өзіндік субъективтік пікірі мен ой-жүйесін қалыптастыра алуы.
3.Қоғам мүшелерімен еркін қарым-қатынаста бола алуы.
4.Өзін тұлға және маман ретінде сезіне алуы.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995 жыл
2. Білім
туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27
шілдедегі № 319 заңы.
3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» (Ел Президентінің
Қазақстан халқына жолдауы) Алматы. «Білім баспасы», 1998, 96
бет.
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.