Шайдоллаева Айсулу Нургабыловна
Атырау облысы, Атырау қаласы,
Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі,
Құқықтану мамандығы бойынша арнайы
пән оқытушысы (9-разрядты)
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі таңда жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Білімалушының бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасын, қабілетін дамыту.
Шығармашылық жұмысымның тақырыбы: «Оқу үрдісіндегі интербелсенді оқыту технологиясын қолданудың тиімді жолдары». Ағылшын тілінен келген «Inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер – үйренуші мен үйретушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.
Мақсатым: білімалушылардың танымдық қызығушылықтарын ізденіске бағыттай отырып, қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында өзіндік белсенділігін көрсете алатын, қажетті білім-білік дағдыларымен қаруланған, талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру болып табылады.
Өзектілігі: Қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс.
Негізгі міндеттері:
ü Оқытудың тиімді жолдары мен әдіс – тәсілдерін пайдалану;
ü Білімалушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру, олардың пәнге деген қызығушылығын және қажеттілігін туғызу;
ü Дарынды білімалушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттілігін дамыту, ізденушілік қасиеттерін жетілдіру;
ü Білімалушылардың білім көрсеткішін анықтап объективті бағалау.
Шығармашылық тақырыпты алудағы критерийлер:
1. Динамикалық өзгерістер. Бұл қазіргі дамыған заманда ақпараттық ресурстардың үнемі өзгеріп, жаңаланып, жоспарланып отыруы б.т.
2. Әлеуметтік ерекшеліктер: қоғамдағы тұлға рөлінің өсуі, дамуы б.т.
3. Интеллектуалдық ерекшеліктер: «өз мүмкіншілігінді көрсете біл» идеясының кең етек алуы б.т.
4. Білім жүйесіндегі ерекшеліктер: адам енді өндірістің элементі емес, оның басты құндылығы мен артықшылығына айналуда, ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану, проблемаларды шешу және шешім қабылдау б.т.
Интербелсенді әдістің мәні:
— жоба, ситуация ұсынады;
— өткенді жаңғырту арқылы білімалушыға ой салуға әрекеттейді;
— мақсатқа жету жолдарын көрсетеді, ұйымдастырады;
— жаңаны өз бетінше меңгеруге білімалушыны бағыттайды;
— көмек, нұсқау, дидактикалық материалдармен қамтамасыз етеді;
— жеке білімалушылардың ойын жинақтап, түйін түю әрекетін жасайды;
— білімалушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастырады;
— өмірмен, әлеммен байланыстыруға әрекет етеді;
— білімалушы мүмкіндігін барынша ашуға тырысады;
— білімалушының белсенділігін арттырып, мәнді жұмыс жасайды;
— жұмыс нәтижесін бағалайды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында былай деп айтқан еді: «Жеке тұлғаны функциональдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді».
Интербелсенді оқыту технологиясын меңгеруде білімалушылар төмендегідей құндылықтарды үйренеді:
- терең ойлануға;
- ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, оның ішінен керектісін таңдап алуға;
- ақпаратты жан-жақты талдауға;
- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге;
- өз ісі мен өмірлік жағдайларына жауапкершілікпен қарауға;
- басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.
Интербелсенді оқыту технологиясын пайдалану мынадай әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:
· бірлескен жұмыстар (топтық, жұптық)
· жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары
· ситуациялық және рөлдік ойындар
· ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет, БАҚ-ры, құжаттар, сауалнамалар, мамандар арқылы)
Бұл мәселені тағы да нақтылай түсетін болсам, білімалушылар оқуды аяқтағанда мынадай құзырлықтарды меңгереді:
· 1.мәселелерді шешуге дайын болуы.
· 2.өзіндік субъективтік пікірі мен ой-жүйесін қалыптастыра алуы.
· 3.қоғам мүшелерімен еркін қарым-қатынаста бола алуы.
· 4.өзін тұлға және маман ретінде сезіне алуы.
Интербелсенді оқыту технологиясының әдістері:
1) эвристикалық; “табамын” “ашамын” “іздеймін”.
Логика пәні бойынша «Логика заңдары» және Құқық негіздері пәні бойынша «Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары» тақырыптарын өткен уақытта бұл әдісті қолдандым.
Берілген тапсырма:
- Конституция және өзге де НҚА басшылыққа алу арқылы нормалармен жұмыс жасау;
- НҚА талаптарына сай емес мысалдар бойынша қатемен жұмыс жасау;
Нәтижесінде білімалушы:
- қатемен жұмыс жасауды үйренді;
- нормативтік құқықтық актімен жұмыс жасауға дағдыланды;
- пәнаралық байланыс арқылы аталмыш пәннің өзге пәндермен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата алды;
- шапшаңдыққа, алғырлыққа, ізденімпаздыққа, белсенділікке ұмтылды.
Сонымен қатар үй тапсырмасын деңгейлеп берген уақытта қолданамын. Берілген тапсырма:
- әділет сайтын басшылыққа ала отырып іздену;
- нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу;
- слайд және видео жұмыстарын жасау.
Нәтижесінде білімалушы:
- сайтпен жұмыс жасау ережесін үйренді;
- нормативтік құқықтық актілерді меңгерді;
- пәнаралық (құқықтық ақпаратты автоматты өңдеу пәні бойынша) байланыс жасауды қалыптастырды;
- келешекте курстық немесе дипломдық жұмыс жасауға бағытталды.
2) дискуссия; “пікір айтамын” “ой тастаймын”. Тәжірибе жетекшісі ретінде бағалау мақсатында теориямен практиканы ұштастырамын. Яғни құқықтану мамандығына қатысты әртүрлі саладан тәжірибе жинақтап келген студенттер теориямен байланыстырып, өзіндік пікірлерімен бөліседі.
Нәтижесінде білімалушы:
- ойларын еркін жеткізуге қалыптасты;
- сөйлеу мәдениетін қалыптасты;
- өзара пікір алмасу дағдысы қалыптасты;
- өзгенің пікірін тыңдауға дағдыланды;
- теория мен практиканы байланыстыра алды.
3) миға шабуыл; “жауап іздеймін” “ойланамын” Қаржы және салық құқығының негіздері, Логика, Құқық негіздері пәндері бойынша бір мезгіл студенттерге тест белгілеуге, эрудит тапсырмаларын орындауға беремін.
Нәтижесінде студент:
- есте сақтау қабілеттері нығайды;
- көп ізденуге бағыт- бағдар алды;
- шапшаңдыққа үйренді;
- өз бетімен жұмыс істеуге бейімделді;
- үнемі дайындықпен жүруді үйренді.
4) дөңгелек үстел; “талқылаймын” “пікір алмасамын”. Бұл әдісті «Құқықтану» мамандығының студенттері арасындағы өткізген " Қазақ балаларын шет мемлекетке беру дұрыс па, бұрыс па? " атты тақырыпта қолдандым.
Берілген тапсырма:
- студенттермен бірлесіп топтасу;
- дебат ойынының ережесімен танысу;
Нәтижесінде студент:
- топпен жұмыс жасау қабілеті артты;
- әр сөзді байыппен тыңдай білуге дағдыланды;
- жауапкершілікті сезіне алды;
- білімдерін шыңдады;
- ізденуге талпынысы күшейді.
Сонымен қатар студенттерді конференцияларға қатыстырған кезде пайдаландым. Берілген тапсырма:
- конференциясы тақырыбы аясында өз баяндамаларының тақырыбын қарастыру;
- конференция ережесімен танысу;
- тақырыптар төңірегінде материалдар жинау;
- өздерінің субъективтік пікірлерімен ұсыну.
Нәтижесінде студент:
- өз бетімен ізденуді үйренді;
- мазмұнды қорыта білуді меңгерді;
- басқа студенттердің көзқарастарымен санаса алды;
- аудиторияда сөйлей білуді үйренді.
5) іскерлік ойын әдісі; “рөлді сомдаймын” “мамандықты меңгеремін”. Жас мамандардың немесе пәндік циклдік комиссияның апталығында студенттер арасында сот процестерін өткізген кезде қолданып жүрмін.
Берілген тапсырма:
- студенттер өз рөлдерін таңдап алу;
- таңдап алған рөлдері бойынша толық ақпаратпен танысу;
- сот процесінің жүру барысын меңгеру;
- іскерлік қабілеттіліктерін молайту.
Нәтижесінде студент:
- өз рөлі бойынша толығымен ақпаратты меңгерді;
- маман ретінде өздерін орнықты ұстай білді;
- мамандыққа деген қызығушылықтары молая түсті;
- белсенділіктері артты.
НӘТИЖЕСІ: Интербелсенді
оқыту технологиясының әдістерін пайдалану кезінде:
• тиянақты білім;
• қиялдау мен шығармашылық;
• тез тіл табысу;
• белсенді өмірлік көзқарас;
• командалық рух;
• жеке; дербестік құндылық;
• өз пікірін білдіру, еркіндік;
• іс - әрекетке ерекше назар аудару;
• өзара сыйластық дағдылары дамыды.
Дәстүрлі сабақ |
Интербелсенді әдіс |
1.
Оқытушы уақыттың көп бөлігінде белсенді
сөйлейді |
1. Білімалушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырманы талқылайды 2.
Оқытушы – бағыттаушы. Пікірталас кезінде көмектеседі,
сұрақтар қояды |
Кез-келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.
Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» - деп мақсат қойып отыр. [5]
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз. Сондықтан да мұнымен шектеліп қалмай алдағы уақыттарда да өз білімімді жетілдіріп, жаңа технологияның тағы да белсенді, тиімді жолдарын білуге, сонымен жұмыстануға әрекеттенемін.
«Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға,
Бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда»,-деп ұлы Абай атамыз айтқандай білімді әрі тәрбиелі білімалушыларымыздың қатары көбейе берсін.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Күншығарова Т. Жаңа технологияларды пайдалану // Бастауыш мектеп №5, 2003, 36 – 39 б
2. Баймұханова Б Оқытудың жаңа технологияларының негізгі ерекшеліктері // Бастауыш мектеп № 8, 2000, 3 – 6 б
3. Мамырова К. Оқытудың жаңа технологиялары // Қазақстан мектебі №10, 2001 67 – 68 б
4. Тұрлығұл Т Жаңа педагогикалық ақпараттық технологияларға бет бұрсақ // Қазақстан тарихы №4, 2003, 15 – 19 б
5. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2012 ж. 14 желтоқсан
6. Таубаева Ш.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп №8, 1999, 5 – 12 б
«ТжКБ ұйымдарының индустриалды-инновациялық даму жағдайындағы білім мазмұнын жаңғырту» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясына қатысуға
Өтінім
1 |
Қатысушының аты-жөні (толығымен) |
Шайдоллаева Айсулу Нургабыловна |
2 |
Ғылыми дәрежесі/ғылыми атағы, санаты |
9-разрядты |
3 |
Лауазымы (толығымен) |
Құқықтану мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы |
4 |
Жұмыс орны (толық атауы, қала, облыс) |
Атырау облысы, Атырау қаласы, Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі |
5 |
Материалдың тақырыбы |
Интербелсенді оқыту технологиясын қолданудың тиімді жолдары |
6 |
Жұмыс бағыты |
Жалпы білім берудегі жаңа технологияларды қолдану стратегиялары |
7 |
Байланыс телефоны |
8 702 959 95 35 |
8 |
Электрондық поштасы, E-mail |
aidyn_suluy@mail.ru |
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.