ОҚУШЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТЫ
Оценка 4.9

ОҚУШЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТЫ

Оценка 4.9
Руководства для учителя
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
12.02.2017
ОҚУШЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТЫ
ОҚУШЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТЫ Рахметова Батима Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектебің « Өзін – өзі тану» пәнінің мұғалімі Қазақ ұлты тарихында көптеген қиындықты бастан кешті, аяусыз шабуылға ұшырады, қырғыннан қырғынға, босқыннан босқынға... талай азапты көрді. Дегенмен « тәуелсіз » деген мағынаны білдіретін « қазақ » деген атына сай әрқашанда азаттыққа қол жеткізу үшін талпынды, осы жолда күресті һәм шайқасты. Талай батырларымыз бен ұлт қайраткерлеріміз халқын бостандық таңына жеткізуді армандап жанын пида етті, шәһид болды, арманда кетті. Қазақ « мың өліп, мың тірілсе де» қазақ болып қала берді, әр ұрпақ өзінен кейінгілерге тәуелсіздікті арман етіп, ұлттық мақсат ретінде аманат етті. Осы аманатты көздің қарашығындай сақтау қазақтың әрбір домалағының міндеті мен парызы. « Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін, қандай да қасіретке қабырғасы қайысса да қаймықпай төзе білген, қажырлы да қайсар қазақ халқының алдында мен бас иемін... Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ... Осы елдің Президенті ретінде, осы ұлттың бір перзенті ретінде де дәйім көңілімнің төрінде тұратыны – туған халқым » деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүрек жарды сөздері оқушылар үшін де айқын мысал бола алады. Аса қиыншылықпен қол жеткізген тәуелсіздігіміздің қадірі мен қасиетін өскелең жас ұрпақтың, яғни мектеп жасындағы оқушылардың бойына сіңіру, яғни оларды патриоттыққа тәрбиелеу мектептің, ұстаздардың басты міндеті болып табылады. « Қазақстан – 2030 » Жолдауында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес « қазақстандық патриотизм » оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып қарастырылады. Бүгінгі тәрбиенің басты міндеті – адамзат мәдениетінің сан ғасырлық өркениеттік жетістіктері мен ұлттық рухани, мәдени байлықты кіріктіре отырып меңгерту, сөйтіп оқушыларды нарықтық экономикаға бейімделген, өмірге икемделген, жан – жақты жетілген, қабілетті, кез – келген тұтқиыл жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да талантты, Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Адам баласының әрқайсысының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі үдеріс. Әр ұрпақ өзінің бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғанынан өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді. «Қазақстан – 2030» стратегиялық жолдауында көрсетілгендей, алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақтың абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай – талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ еліне ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақты өсіріп, тәрбиелеу қажет екені осы тақырыптың өзектілігін құрап отыр. « Патриотизм » гректің «patris» Отан, ел деген сөзінен шыққан. Кейінірек, ол Отанға, елге, туған жерге, халыққа де,ген сүйіспеншілікті білдіріп жиынтық ұғымға ұласқан. Патриоттық идея, отаншылдық сезім адамға туа біткен қасиет емес. Ол – жүре түзілетін адамның саналы өмірінен қабаттас қалыптасқан психологиялық, саяси – әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласына тән адами түйсік – қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Туған жерді, елді қорғауға қазақтың халық педагогикасынан нәр алған, ата дәстүрінен сусындаған ақылды да айбынды халық перзенттері – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абылау, Наурызбай, Жәнібек, Райымбек т.б. шықты. Ең бастысы – елдің бірлік, халықтың қасиет қазыналарын қастерлеу мен ертеңге деген сенім сияқты сезімдерді оятатын да осы патриотизм. Оның қоғам дамуына айрықша орын алатын құдіретті рухани факторға айналуының сыры да осында жатыр. Патриоттық рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып дүние жүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден – бір күш. Отансыз адам – қай жерде де бейшара адам. Тіпті миллиардқа малынып, бай болып шетелде жүрсең, сен бәрібір шетелдіксің. « Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол » деп ата – бабамыздың өсиеті жарқырап, одан әрі жалғасын тауып отыруы қажет. Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім – тәрбие дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын тәрбиелеуде оқу – тәрбие үрдісінде ұтымды қолдану – уақыт талабы. Тарихты парақтасақ, қазақ патриотизмі ерте кезден қалыптасты. Себебі, сонау сақ дәуірінен Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде туған жер үшін білектің күшімен, найзаның ұшымен күресіп, келешек ұрпағына Отанымызды, « қазақ » атауын бізге мұра етіп қалдырған батырлар, билер, хандар заманында хатқа « қазақ патриотизмі » деп жазылмаса да, ауызекі түрде кейде жыр, өлеңнен тараған отансүйгіштік өсиеттердің негізінде жеткен. Демек, « Қазақ патриотизмі – рухы биік жеке тұлғаны қалыптастырудағы ата – бабаларымыздың қаһармандық, батырлық, ерлік, отансүйгіштік тәлім – тәрбие беру идеалдарының жиынтығы » деп айтуымызға болады. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны – туған жер, ұлттық тіл, ұлттық дәстүр, тарихи ескерткіштер, т.б. Бұлардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы болады. « Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп М. Әуезов айтқандай, ел болашағы қазіргі жасөспіріміздің қаншалықты білімді, тәрбиелі болуына байланысты. Бүгінгі таңда осы мақсатта мектепте атқарылып жатқан барлық жұмыстардың нәтижесін, педагогикалық ұжымның жаңашылдықпен ілгерілеуін үнемі бағалап, зерттеп, қорытынды жасап отырудың маңызы зор. Әрбір оқушыға өз мемлекетіне, оның бай тарихына, болашағына деген жауапкершілігін сезіндіретін әрекет жүйесін жасасуымыз керек. Яғни, әрбір адам балалық шағынан бастап « Қазақстан – менің Отаным, оның алдында борыштармын »деген ойларды сіңіріп өсуі қажет. Патриоттық тәрбиенің мазмұны мынадай қасиеттерді қалыптастыруды көздейді: - Отанын сүю, Отанға деген құрмет; - Өз Отанының болашағы үшін, амандағы үшін қызмет ету; - Мемлекеттік рәміздерді бағалау, оларға құрмет көрсету; - Ұлттық нақыштарды, рухани құндылықтарды сүю және өзінің қасиеттерін, мәдениетін тану, білу; - Өз ана тілін жетік меңгеру және сүю; - Халқының салт – дәстүрін, ерекшеліктерін білу, сақтау, дамыту; - Тарихи мұраларға құндылықпен қарау; - Өз отандастарына, сондай – ақ басқа ұлт өкілдеріне ізгілікті көзқарас білдіру. «Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды» демекші, заман ағымы талап етіп отырған ата – бабаларымыздан қалған әдеби мұраларды, халқымыздың өсиетін, өнегесін дәріптеп, дәстүрін, таңғажайып тапқырлығын, олардан қалған ескірмейтін көне сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді, нақылдарды бүгінгі ұрпаққа үлгі – өнеге болатындай, келер ұрпаққа тәлім – тәрбие беретіндей ғасырлар қойнауынан сыр шерткен асыл мұраларымызды рухани – адамгершілік білім беруде тиімді қолдану – «Өзін – өзі тану» пәнінің еншісінде десек те қателеспейміз. Сондықтан да « Өзін – өзі тану» пәнінің бастауы бұрыннан болған, біздің арғы ата – бабаларымыздан келе жатқан жақсы дәстүрлеріміздің жалғасы іспеттес деуге болады. Ал «Өзін – өзі тану» пәнінің «Шаттық шеңбері», «Жүректен жүрекке», «Дәйексөз», «Бейнематериалдар көру», «Сахналау» сияқты әдіс – тәсілдері арқылы да оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуге болады. Бұл сабаққа арналған оқулықтардың өзінде де отансүйгіштікке тәрбиелейтін арнайы тараулар бар. Сондықтан да патриот оқушыны қалыптастырудың бірден – бір маңызды жолы – «Өзін – өзі тану» пәнінің рөлін арттыру, оны дамыту. «Өзін – өзі тану» пәнін жүргізімен қатар, патриоттық тәрбие беруді төмендегі тәсілдермен де жүргізуге болады: - туған жер, Отан тақырыптарындағы дөңгелек үстелдер, баспасөз конференциясы, т.б. ұйымдастыру; - патриоттық тақырыптарда әдебиеттер оқу, жаттығулар орындау, сөзжұмбақтар шешу, көрнекі құралдар пайдалану, қабырға газеттерін ілу, суреттер салу, қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастыру, т.б. - мемлекеттік және ұлттық мерекелерде ( Тәуелсіздік күні, жеңіс мерекесі, Наурыз айт, т.б. кештер ) ертеңгіліктер, кездесулер, пікірталастар , тәрбие сағаттарын, т.б. ұйымдастыру. В. Сухмолинский патриоттық тәрбие туралы «Мен бүгін біз еңбек етіп жатқан мына бір төбе үшін батыр қанын төкті деген ойдан бала жүрегінің бұлқына соққанына қол жеткіздім. Сезім сенімді бекітеді. Отан үшін туған жеріңде жасаған еңбек – бұл ұлы бақыт, адамдар сол үшін қиян – кескі соғысқа барған. Адам жүрегінің түбіндегі ар дауысы оянады; сен жарық күннің астында жүрсің, ашық аспанға қарайсың, мұның барлығының бір ғана себебі үйеңкі мен қайыңдардың астында сен үшін өмір мен жарықты сақтағандар жатыр» деп толғанады. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, патриоттық тәрбие күнделікті отбасынан, сыныптағы тәрбие сағаттарынан бастау алады. Тәрбиелік маңызы бар шараларды мектепте өткізіп, оқушыларға тәлім – тәрбие беру әдетке айналып келеді. Осындай шаралардың бірі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы аясында өткен мектепшлік «Желтоқсан – қасіретім, ар – намысым, мақтанышым » атты шара болды. Мақсаты еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарына жету барысында өздерінің елі, халқы үшін өмірін, жастығын қиған аға ұрпақтың ерлік істерін үлгі тұта отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру болды. Шара барысында оқушыларға тарихқа танымал боп кеткен ұлы бабаларымыз Абай, Шоқан, Махамбет, Асан Қайғы, Бөгенбай мен Қабанбай, Райымбек батырларды сомдаттырып, оларды жыр арқауымызға айналған тәуелсіздің біз үшін оңайлықпен келмегеніне көз жеткізуге және оны қастерлей білуге тәрбиелеу міндеті қойылды. Шараға дайындық басталғаннан бастап, оны өткізу барысында да оқушылардың өздері жасаған жұмыстарына қызығушылықтарының оянуы арқасында шараның мән – мағынасы анық ашылып, оқушылардың алған әсерлері де керемет болды. Себебі, кітап беттерінен оқып, ұстаз әңгімесінен естіліп жүрген алты алашқа танымал азаматтарды оқушылардың өздері сомдауы оларға үлкен әсер қалдырып, тек сөздерін ғана жаттап алмай, олардың сол кезде сезінген сезімдері мен толғаныстарын өз бастарымен сезінуге мүмкіндік берді. Өйткені бұл азаматтардың да аңсағаны қазақ даласына, қазақ еліне тұғырлы тәуелсіздіктің орнауы еді. Ендеше бабалар көксеген арман қазіргі кезде шынайы өмірге айналды, еліміздің қазіргі жағдайы онық анық мысалы бола алады. осыны көріп, өткенмен салыстырған оқушы өз елін, өз тілі мен ділін, дінін ешқашанда жек көрмек емес, керісінше оның өткені мен келешегіне толғанатын азамат болып өспек. Сондықтан да мектеп оқушыны отансүйгіштікке тәрбиелеуден жалықпауы керек, ұстаз оның қашан да бастауышы болуы тиіс. Әрбір мемлекеттің болашағы мектепте қалыптасады, шыңдалады. Ертең елімізге ие болып, тізгігіг ұстар азаматтар бүгін біздің алджымызда отырған білімгерлер. Осы орайда елбасымыз « Болашаққа еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет ауыр » екенін баса айтқан болатын. Олай болса, « жұмыла көтерген жүк жеңіл » демекші, тәрбие басында жүрген азаматтар бір – бірімізден үйреніп, бір – бірімізбен бөлісіп, өзімізге сеніп тапсырылған ең жоғары құндылық – жас жеткіншектердің өркендеп өсуіне, қанат жаюына қолайлы жағдай туғызайық.
Публикация является частью публикации:
оқушы - тәуелсіз қазақстанның патриоты.docx
ОҚУШЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТЫ Рахметова Батима Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектебің « Өзін – өзі тану» пәнінің мұғалімі     Қазақ ұлты тарихында көптеген қиындықты бастан кешті, аяусыз шабуылға ұшырады,  қырғыннан   қырғынға,  босқыннан   босқынға...   талай   азапты   көрді. Дегенмен « тәуелсіз » деген мағынаны білдіретін « қазақ » деген атына сай әрқашанда азаттыққа қол жеткізу үшін талпынды,   осы жолда күресті һәм шайқасты. Талай батырларымыз бен ұлт қайраткерлеріміз халқын бостандық таңына   жеткізуді   армандап  жанын   пида   етті,  шәһид   болды,  арманда   кетті. Қазақ « мың өліп, мың тірілсе де» қазақ болып қала берді, әр ұрпақ өзінен кейінгілерге тәуелсіздікті арман етіп, ұлттық мақсат ретінде аманат етті.      Осы аманатты көздің қарашығындай сақтау қазақтың әрбір домалағының міндеті   мен   парызы.   «   Садағаң   кетейін,   айналайын   халқым!   Сенің   мүддең жолында бойда қуат, ойда нәр – бәрін  аянбай сарп етуге пейілмін, қандай да қасіретке қабырғасы қайысса да қаймықпай төзе білген, қажырлы да қайсар қазақ халқының алдында мен бас иемін...  Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының   Мемлекеттік   тәуелсіздігін   нығайтудан   басқа   мақсат   та, арман да жоқ...      Осы елдің Президенті ретінде, осы ұлттың бір перзенті ретінде де дәйім көңілімнің   төрінде   тұратыны   –   туған   халқым   »   деп   Елбасы   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүрек жарды сөздері оқушылар үшін де айқын мысал бола алады.       Аса қиыншылықпен қол жеткізген тәуелсіздігіміздің қадірі мен қасиетін өскелең жас ұрпақтың, яғни мектеп жасындағы оқушылардың бойына сіңіру, яғни оларды патриоттыққа тәрбиелеу мектептің, ұстаздардың басты міндеті болып табылады. « Қазақстан – 2030 » Жолдауында Республика Президенті еліміздің   ұлттық   қауіпсіздігін,   тәуелсіздік   пен   егемендігін   танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес  « қазақстандық   патриотизм   »   оқушылардың   тәрбиелік   деңгейін   бағалаудағы көрсеткіш болып қарастырылады.       Бүгінгі   тәрбиенің   басты   міндеті   –   адамзат   мәдениетінің   сан   ғасырлық өркениеттік   жетістіктері   мен   ұлттық   рухани,   мәдени   байлықты   кіріктіре отырып   меңгерту,   сөйтіп   оқушыларды   нарықтық   экономикаға   бейімделген, өмірге икемделген, жан – жақты жетілген, қабілетті, кез – келген   тұтқиыл жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да талантты, Отанын   сүйетін  азамат   етіп  тәрбиелеу   болып  табылады.    Адам   баласының әрқайсысының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез келген халықтың,   қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік  көшінде сан алуан кейіпте   көрініп   келе   жатқан   күрделі   үдеріс.     Әр   ұрпақ   өзінің   бұрынғы ұрпақтың   жалғасы   болғанынан   өз   дәуірінің   шыңырауына   үн   қосып,   өз соқпағын   іздейді.   «Қазақстан   –   2030»   стратегиялық   жолдауында көрсетілгендей,   алда   әлі   ұзақ   жол,   үлкен   асулар   бар.   Сол   асулар   мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақтың абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай – талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ еліне ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақты өсіріп, тәрбиелеу қажет екені осы тақырыптың өзектілігін құрап отыр.      « Патриотизм » гректің «patris» Отан, ел деген сөзінен шыққан. Кейінірек, ол   Отанға,   елге,   туған   жерге,   халыққа   де,ген   сүйіспеншілікті   білдіріп жиынтық ұғымға ұласқан.       Патриоттық идея, отаншылдық сезім адамға туа біткен қасиет емес. Ол – жүре   түзілетін   адамның   саналы   өмірінен   қабаттас   қалыптасқан психологиялық, саяси – әлеуметтік құбылыс.       Патриоттық сезім жалпы адам баласына тән адами түйсік – қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады.     Туған жерді, елді қорғауға қазақтың халық педагогикасынан нәр алған, ата дәстүрінен   сусындаған   ақылды   да   айбынды   халық   перзенттері   –   Төле   би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абылау, Наурызбай, Жәнібек, Райымбек т.б. шықты.      Ең бастысы – елдің бірлік, халықтың қасиет қазыналарын қастерлеу мен ертеңге   деген   сенім   сияқты   сезімдерді   оятатын   да   осы   патриотизм.   Оның қоғам дамуына айрықша орын алатын құдіретті рухани факторға айналуының сыры да осында жатыр.      Патриоттық рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып дүние   жүзілік   қауымдастықтан   лайықты   орын   алуына   мүмкіндік   беретін бірден – бір күш.    Отансыз адам – қай жерде де бейшара адам. Тіпті миллиардқа малынып, бай болып   шетелде   жүрсең,   сен   бәрібір   шетелдіксің.   «   Басқа   елде   сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол » деп ата – бабамыздың өсиеті жарқырап, одан әрі жалғасын тауып отыруы қажет.       Қазақ   елінің   ғасырлар   бойы   қалыптасқан   отансүйгіштік   тәлім  –  тәрбие дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын тәрбиелеуде оқу – тәрбие үрдісінде ұтымды қолдану – уақыт талабы. Тарихты парақтасақ,   қазақ   патриотизмі   ерте   кезден   қалыптасты.   Себебі,   сонау   сақ дәуірінен Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде туған жер үшін білектің күшімен, найзаның ұшымен күресіп, келешек ұрпағына Отанымызды, « қазақ » атауын бізге мұра етіп қалдырған батырлар, билер, хандар заманында хатқа « қазақ патриотизмі » деп жазылмаса да, ауызекі түрде кейде жыр, өлеңнен тараған отансүйгіштік өсиеттердің негізінде жеткен. Демек, « Қазақ патриотизмі – рухы биік жеке тұлғаны қалыптастырудағы ата – бабаларымыздың қаһармандық, батырлық, ерлік, отансүйгіштік тәлім – тәрбие беру идеалдарының жиынтығы » деп айтуымызға болады.     Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны – туған жер, ұлттық тіл, ұлттық дәстүр, тарихи ескерткіштер, т.б. Бұлардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік   істердің   қайнар   көзіне   айналуы   патриотизмге   тәрбиелеудің   арқауы болады.    « Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп М. Әуезов айтқандай, ел болашағы қазіргі   жасөспіріміздің   қаншалықты   білімді,   тәрбиелі   болуына   байланысты. Бүгінгі таңда осы мақсатта мектепте атқарылып жатқан барлық жұмыстардың нәтижесін,   педагогикалық   ұжымның   жаңашылдықпен   ілгерілеуін   үнемі бағалап, зерттеп, қорытынды жасап отырудың маңызы зор. Әрбір оқушыға өз мемлекетіне,   оның   бай   тарихына,   болашағына   деген   жауапкершілігін сезіндіретін   әрекет   жүйесін   жасасуымыз   керек.   Яғни,   әрбір   адам   балалық шағынан бастап « Қазақстан – менің Отаным, оның алдында борыштармын »деген ойларды сіңіріп өсуі қажет.        Патриоттық   тәрбиенің   мазмұны   мынадай   қасиеттерді   қалыптастыруды көздейді: ­ Отанын сүю, Отанға деген құрмет; ­ Өз Отанының болашағы үшін, амандағы үшін қызмет ету; ­ Мемлекеттік рәміздерді бағалау, оларға құрмет көрсету; ­ Ұлттық   нақыштарды,   рухани   құндылықтарды   сүю   және   өзінің   қасиеттерін, мәдениетін тану, білу; ­ Өз ана тілін жетік меңгеру және сүю; ­ Халқының салт – дәстүрін, ерекшеліктерін білу, сақтау, дамыту; ­ Тарихи мұраларға құндылықпен қарау; ­ Өз отандастарына, сондай – ақ басқа ұлт өкілдеріне ізгілікті көзқарас білдіру. «Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды» демекші, заман ағымы талап   етіп   отырған   ата   –   бабаларымыздан   қалған   әдеби   мұраларды, халқымыздың өсиетін, өнегесін дәріптеп, дәстүрін, таңғажайып тапқырлығын, олардан   қалған   ескірмейтін   көне   сөздерді,   мақалдар   мен   мәтелдерді, нақылдарды бүгінгі ұрпаққа үлгі – өнеге болатындай, келер ұрпаққа тәлім – тәрбие беретіндей ғасырлар қойнауынан сыр шерткен асыл мұраларымызды рухани – адамгершілік білім беруде тиімді қолдану – «Өзін – өзі тану» пәнінің еншісінде десек те қателеспейміз. Сондықтан да « Өзін – өзі тану» пәнінің бастауы   бұрыннан   болған,   біздің   арғы   ата   –   бабаларымыздан   келе   жатқан жақсы дәстүрлеріміздің жалғасы іспеттес деуге болады. Ал «Өзін – өзі тану» пәнінің   «Шаттық   шеңбері»,   «Дәйексөз», «Бейнематериалдар   көру»,  «Сахналау»   сияқты   әдіс  –   тәсілдері   арқылы   да оқушыларды   патриотизмге   тәрбиелеуге   болады.   Бұл   сабаққа   арналған оқулықтардың өзінде де отансүйгіштікке тәрбиелейтін арнайы тараулар бар.   «Жүректен   жүрекке», «Өзін   –   өзі   тану»   пәнін   жүргізімен   қатар,   патриоттық   тәрбие   беруді Сондықтан да патриот оқушыны қалыптастырудың бірден – бір маңызды жолы – «Өзін – өзі тану» пәнінің рөлін арттыру, оны дамыту.   төмендегі тәсілдермен де жүргізуге болады: туған   жер,   Отан   тақырыптарындағы   дөңгелек   үстелдер,   баспасөз конференциясы, т.б. ұйымдастыру; ­ ­ патриоттық   тақырыптарда   әдебиеттер   оқу,   жаттығулар   орындау, сөзжұмбақтар   шешу,   көрнекі   құралдар   пайдалану,   қабырға   газеттерін   ілу, суреттер салу, қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастыру, т.б.  ­ мемлекеттік   және   ұлттық   мерекелерде   (   Тәуелсіздік   күні,   жеңіс   мерекесі, Наурыз айт, т.б. кештер ) ертеңгіліктер, кездесулер, пікірталастар , тәрбие сағаттарын, т.б. ұйымдастыру. В. Сухмолинский патриоттық тәрбие туралы «Мен бүгін біз еңбек етіп жатқан мына бір төбе үшін батыр қанын төкті деген ойдан бала жүрегінің бұлқына соққанына қол жеткіздім. Сезім сенімді бекітеді. Отан үшін туған жеріңде жасаған еңбек – бұл ұлы бақыт, адамдар сол үшін қиян – кескі соғысқа барған. Адам   жүрегінің   түбіндегі   ар   дауысы   оянады;   сен   жарық   күннің   астында жүрсің, ашық аспанға қарайсың, мұның барлығының бір ғана себебі үйеңкі мен қайыңдардың астында сен үшін өмір мен жарықты сақтағандар жатыр» деп толғанады.    Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, патриоттық тәрбие күнделікті отбасынан, сыныптағы   тәрбие   сағаттарынан   бастау   алады.   Тәрбиелік   маңызы   бар шараларды мектепте өткізіп, оқушыларға тәлім – тәрбие беру әдетке айналып келеді. Осындай шаралардың бірі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы аясында өткен мектепшлік «Желтоқсан –  қасіретім,  ар  –  намысым,  мақтанышым  »  атты  шара   болды. Мақсаты еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарына жету барысында өздерінің елі, халқы үшін өмірін, жастығын қиған аға ұрпақтың ерлік істерін үлгі тұта отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру болды. Шара барысында оқушыларға тарихқа танымал боп кеткен ұлы бабаларымыз Абай,   Шоқан,   Махамбет,   Асан   Қайғы,   Бөгенбай   мен   Қабанбай,   Райымбек батырларды сомдаттырып, оларды жыр арқауымызға айналған тәуелсіздің біз үшін   оңайлықпен   келмегеніне   көз   жеткізуге   және   оны   қастерлей   білуге тәрбиелеу   міндеті   қойылды.   Шараға   дайындық   басталғаннан   бастап,   оны өткізу   барысында   да   оқушылардың   өздері   жасаған   жұмыстарына қызығушылықтарының   оянуы   арқасында   шараның   мән   –   мағынасы   анық ашылып,   оқушылардың   алған   әсерлері   де   керемет   болды.   Себебі,   кітап беттерінен   оқып,   ұстаз   әңгімесінен   естіліп   жүрген   алты   алашқа   танымал азаматтарды оқушылардың өздері сомдауы оларға үлкен әсер қалдырып, тек сөздерін   ғана   жаттап   алмай,   олардың   сол   кезде   сезінген   сезімдері   мен толғаныстарын   өз   бастарымен   сезінуге   мүмкіндік   берді.   Өйткені   бұл азаматтардың да аңсағаны қазақ даласына, қазақ еліне тұғырлы тәуелсіздіктің орнауы   еді.   Ендеше   бабалар   көксеген   арман   қазіргі   кезде   шынайы   өмірге айналды,   еліміздің   қазіргі   жағдайы   онық   анық   мысалы   бола   алады.   осыны көріп, өткенмен салыстырған оқушы өз елін, өз тілі мен ділін, дінін ешқашанда жек көрмек емес, керісінше оның өткені мен келешегіне толғанатын азамат болып өспек. Сондықтан да мектеп оқушыны отансүйгіштікке тәрбиелеуден жалықпауы керек, ұстаз оның қашан да бастауышы болуы тиіс.      Әрбір мемлекеттің болашағы мектепте қалыптасады, шыңдалады. Ертең елімізге ие болып, тізгігіг ұстар азаматтар бүгін біздің алджымызда отырған білімгерлер. Осы орайда елбасымыз « Болашаққа еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет ауыр » екенін баса айтқан болатын. Олай болса, « жұмыла көтерген жүк жеңіл » демекші, тәрбие басында жүрген азаматтар бір – бірімізден үйреніп, бір – бірімізбен бөлісіп, өзімізге   сеніп   тапсырылған   ең   жоғары   құндылық   –   жас   жеткіншектердің өркендеп өсуіне, қанат жаюына қолайлы жағдай туғызайық.

ОҚУШЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТЫ

ОҚУШЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТЫ

ОҚУШЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТЫ

ОҚУШЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТЫ

ОҚУШЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТЫ

ОҚУШЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТЫ

ОҚУШЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТЫ

ОҚУШЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТЫ

ОҚУШЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТЫ

ОҚУШЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.02.2017