«Оқушыларды бағалауда критерий құра аламыз ба?» тақырыбында өткен коучингке рефлексиялық есеп.
Оценка 4.6

«Оқушыларды бағалауда критерий құра аламыз ба?» тақырыбында өткен коучингке рефлексиялық есеп.

Оценка 4.6
Мероприятия
doc
администрации
Взрослым
23.01.2018
«Оқушыларды бағалауда критерий құра аламыз ба?»  тақырыбында өткен коучингке рефлексиялық есеп.
«Оқушыларды бағалауда критерий құра аламыз ба?» тақырыбында өткен коучингке рефлексиялық есеп. №3 мектеп-интернат мұғалімі Орынханова С.А. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының бірінші «бетпе-бет» теориялық білім алу кезеңінде коучинг пен коуч туралы білімімді әрі жалғастыру мақсатында өзім қызмет атқаратын мектебімде «мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы және қоғамдастық жоспарына» сай мұғалімдермен «Оқушыларды бағалауда критерий құра аламыз ба?» тақырыбында коучинг өттім. Алдымен мектеп әкімшілігінен іс-тәжірибені өткізуге рұқсат алдым.Алғашқы күні ақпараттық коучинг өткізіп, осы бағдарламаның жалпы мазмұнымен, мақсат, міндеттерімен және де орта және қысқа мерзімді жоспарлар құрудың жаңа әдістерімен таныстырдым. Ұжыммен өткізген алғашқы тақырыптық коучингті өткізу барысында әріптестермен келесі өткізетін коучингімнің тақырыбы мен уақытын белгілеп алдым. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» аясында «Оқушыларды бағалауда критерий құра аламыз ба?» деген тақырыпта коучинг өткіздім. Коучинг сабағымды өткізу үшін алдыма мақсат қойдым: оқу мен оқытуда бағалаудың әртүрлі формалары мен әдістерін қолданудың маңыздылығын және объективті бағалау үшін бағалау критерийн жасаудың қажеттілігін түсіну, әрі жасай білуге үйрету. Оның нәтижесінде: күнделікті өздері қолданатын бағалаудың қаншалықты дұрыс екендігін саралай отырып, бағалауға негізделген критерий жасауды үйренеді, әрі болашақта сабақта қолдануға бейімделеді.Тапсырмаларды орындау барысында бағалау түрлерін, бағалау критерийлерін, өзін- өзі бағалау және өзара бағалау әдістемесін түсінеді. Коучинг сабағымды жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру әрі көтеріңкі көңіл күй орнату мақсатында «Бақыт коридоры» тренингін өткізумен бастадым. Мұғалімдер екі қатарға тұрып, бір-біріне комплимент айтып , көңілдері көтерілді.Мұғалімдерді тұрған қатарлары бойынша төрт адамнан үш кіші топтарға бөлдім . Топта жұмыс жасау ережесін бекіттік. «Миға шабуыл» әдісі арқылы коучинг тақырыбын анықтау үшін «Тағы да екілік» видеосюжетін көруді ұсындым.Көріп болған соң өз ойларын ортаға салды, нәтижесінде бүгінгі коучингтің тақырыбы «баға» туралы екенін анықтады.Әрі қарай тақырыпты толығырақ ашу үшін «Ой қозғау» мақсатында бірнеше түрткі сұрақтар бердім. Бағалау дегеніміз не? Бағалаудың қандай түрлерін білесіздер? Сіз сабақта нені бағалайсыз? «5», «4», «3», «2» деген бағаларды қалай қоясыздар?Бұл бағаларды қойғанда нені ескересіздер? Бағалауыңыз үнемі әділ әрі нақты болады деп ойлайсыз ба? Топ мүшелері өз ойларын айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Қорытындысында бүгінгі коучингтің тақырыбы «Оқушыларды бағалауда критерий құра аламыз ба?» екенін анықтады.Бұл тақырыппен кеңірек танысу үшін POWER POINT бағдарламасымен дайындап келген бағалау туралы «Бағалау және критерийлер» таныстырылымын ұсындым.Мұғалімдер көрсетілім арқылы бағалау түрлерімен, критериалды бағалау ерекшеліктерімен танысты. Мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін айқындау негізінде критериалды бағалауды толық үйреніп, критерий арқылы бағалауға жетелеу мақсатында екі түрлі тапсырма бердім. 1. Ән айту. 2. Түрлі түсті қағаздардан гүлдің апликациялық бейнесін салу. Мұғалімдерге алдын ала сурет салуға және ән айтуға критерийлер құруды ұсындым . Ән айту бойынша критерийлер: 1. Әннің тақырыпқа сай болуы. 2. Бір куплеті мен қайырмасын толық сөзімен айтып шығу. 3. Әннің әуенінің дұрыс сақталуы. Гүл жасауға қатысты критерийлер: 1. Гүл бөлімдерінің толық сақталуы. 2. Әсем безендірілуі. 3. Түсті қағаздарды толық пайдалануы. Ән тақырыбын таңдау үшін топ басшылары түрлі түсті конверттерге жасырылған тақырыптырды таңдады , онда «ана», «әке», «хит» сөздері жасырылған.Басқа топтар өзге топтарды критерийлер бойынша бағалап отыру. Берілген бес минут ішінде топ мүшелері өзара ақылдасып , өздері таңдаған тақырыпқа сай ән айтуға дайындалды. Екінші тапсырманы орындау үшін қосымша тағы бес минут берілді. Топ мүшелері біріге отырып түрлі түсті қағаздардан гүлдің апликациялық бейнесін жасауға кірісіп кетті. Белгіленген уақыт аяқталған соң коучингке қатысушылар шеңбер құрай отырды да тапсырманы бірінші орындап болған топтан бастап ән айтты.Бірінші болған топ «ана» тақырыбында ән салды.Топ мүшелері түгел қатысты, әннің әуеніне қарай баяу ырғалып қозғалып тұрып, ән шумақтарын қағазға қарамай айтып шықты. Екінші топ « хит» ән ретінде «Қызыл өрік» әнін орындады. Әнді қағазға қарап айтқанмен топтың бірнеше мүшесі ортаға шығып билеп берді. Үшінші топ «Әке толғауы» әнін орындады, олар қағазға да қарады әрі топ мүшелері толық қатыспай қалды.Әр топтың тапсырманы қалай орындағаны алдын-ала анықталған критерий бойынша бағаланды. Екінші тапсырма өз қолдарымен жасалған апликациялық гүлдерді алдымен топ мүшелері таныстырып шықты , содан кейін басқа топтар бағалады. Соңынан бір-біріне ризашылықтарын білдіре отырып , өздері жасаған гүлдерін ұнатқан топ мүшелеріне сыйлады. Тапсырманы орындау барысында смайликтермен бағалап отырдым. Әрі қарай коучингке қатысып отырған мұғалімдерді пән бойынша қайта топтастырып, сабақтың бір кезеңіне бағалау критерийлерін құруларын сұрадым. Олар топпен ақылдаса отырып сабақтың бір кезеңіне бағалау критерийлерін құрады.Өздері құрған критерийлермен басқа әріптестерімен бөлісу мақсатында , топтың бір мүшесі ортаға шығып қорғады.Басқа топ мүшелері түсінбеген жерлерін сұрақтармен толықтырды және шапалақ ұру арқылы мадақтап отырды.Коучингті қорытындылау мақсатында әр топ мүшесінен бағалау және критерийлер құру туралы түйінді идея айтуды сұрадым.Түйінді идеяны айту коучингке қатысып отырған жас мамандарға тиді. Сабақтан алған әсерлері , не үйреніп білгендері мен ұсыныстарын білу үшін рефлексияның екі түрі алынды: 1. Танымдық рефлексия, онда мұғалімдер сұрақтар жазылған үлестірмелерге өз ойларын жазып берді. 2. Эмоциялық рефлексияда сабақтан кейінгі көңіл-күйлерін стикерлерге жазу,сурет салу арқылы білдіріп, «Табыс ағашына» апарып ілді. Бағалаудың түрлі тәсілдерін сабақта қолданамыз, бағалау туралы көп ойланамыз, талдаймыз, кейде қиындықтар болады. Бірақ мен өз тәжірибемнен мынадай нәрселеге көз жеткіздім: • оқушыларға әр кезде жұмыстың мақсатын және критерияларын айтып отыру, немесе естеріне салу; • өзін-өзі бағалауға уақытты жоспарлау; • оқушылардың мақсатқа жету жолдарын нақты көру үшін мұғалім сабақтаң мақсатын, бағалау критерийлерін тақтаға немесе стендтерге көрсетіп қою тиіс!!!
С есеп коучинг.doc
«Педагогикалық   қоғамдастықтағы   мұғалім   көшбасшылығы»   бағдарламасының  бірінші «бетпе­бет» теориялық білім алу кезеңінде коучинг пен коуч туралы білімімді әрі жалғастыру мақсатында өзім қызмет атқаратын мектебімде   «мұғалім   жүргізетін   дамыту   жұмысы   және   қоғамдастық жоспарына»   сай   мұғалімдермен   «Оқушыларды   бағалауда   критерий   құра аламыз ба?»  тақырыбында коучинг өттім.   Алдымен мектеп әкімшілігінен іс­тәжірибені өткізуге рұқсат алдым.Алғашқы күні   ақпараттық   коучинг   өткізіп,   осы   бағдарламаның   жалпы   мазмұнымен, мақсат, міндеттерімен  және де  орта және қысқа мерзімді жоспарлар құрудың жаңа   әдістерімен     таныстырдым.   Ұжыммен   өткізген   алғашқы   тақырыптық коучингті   өткізу   барысында     әріптестермен   келесі   өткізетін   коучингімнің тақырыбы мен уақытын белгілеп алдым. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»  аясында  «Оқушыларды бағалауда критерий құра аламыз ба?»  деген тақырыпта коучинг өткіздім. Коучинг сабағымды өткізу үшін алдыма мақсат қойдым:   оқу   мен   оқытуда   бағалаудың   әртүрлі   формалары   мен   әдістерін қолданудың маңыздылығын және объективті бағалау үшін бағалау критерийн жасаудың қажеттілігін түсіну, әрі жасай білуге үйрету. Оның   нәтижесінде: күнделікті   өздері   қолданатын   бағалаудың   қаншалықты   дұрыс   екендігін саралай   отырып,   бағалауға   негізделген   критерий   жасауды   үйренеді,   әрі болашақта   сабақта   қолдануға   бейімделеді.Тапсырмаларды   орындау барысында бағалау түрлерін, бағалау критерийлерін, өзін­ өзі бағалау және өзара бағалау әдістемесін түсінеді. Коучинг   сабағымды   жағымды   психологиялық   ахуалды   қалыптастыру   әрі көтеріңкі   көңіл   күй   орнату     мақсатында   «Бақыт   коридоры»   тренингін өткізумен бастадым. Мұғалімдер  екі қатарға тұрып, бір­біріне комплимент айтып , көңілдері көтерілді.Мұғалімдерді тұрған қатарлары бойынша   төрт адамнан   үш кіші топтарға бөлдім . Топта жұмыс жасау ережесін бекіттік. «Миға   шабуыл»   әдісі   арқылы   коучинг   тақырыбын   анықтау   үшін   «Тағы   да екілік» видеосюжетін көруді ұсындым.Көріп болған соң өз ойларын ортаға салды,   нәтижесінде   бүгінгі   коучингтің   тақырыбы   «баға»   туралы   екенін анықтады.Әрі қарай тақырыпты толығырақ ашу үшін «Ой қозғау» мақсатында бірнеше түрткі сұрақтар бердім.  Бағалау дегеніміз не? Бағалаудың қандай түрлерін білесіздер? Сіз сабақта нені бағалайсыз? «5», «4», «3», «2» деген бағаларды қалай қоясыздар?Бұл бағаларды қойғанда нені ескересіздер? Бағалауыңыз үнемі әділ әрі нақты  болады деп ойлайсыз ба? Топ мүшелері өз ойларын айтып,  тәжірибелерімен бөлісті. Қорытындысында бүгінгі коучингтің тақырыбы «Оқушыларды бағалауда критерий құра аламыз ба?» екенін анықтады.Бұл тақырыппен кеңірек танысу үшін   POWER POINT бағдарламасымен  дайындап   келген  бағалау   туралы  «Бағалау   және критерийлер»   таныстырылымын   ұсындым.Мұғалімдер  көрсетілім   арқылы бағалау   түрлерімен,   критериалды   бағалау   ерекшеліктерімен  танысты. Мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін айқындау негізінде критериалды бағалауды толық үйреніп, критерий арқылы бағалауға жетелеу мақсатында екі түрлі тапсырма бердім. 1. Ән айту. 2. Түрлі түсті қағаздардан гүлдің апликациялық бейнесін салу. Мұғалімдерге алдын ала сурет салуға   және ән айтуға критерийлер құруды ұсындым . Ән айту бойынша критерийлер: 1. Әннің тақырыпқа сай болуы. 2. Бір куплеті мен қайырмасын толық сөзімен айтып шығу. 3. Әннің әуенінің дұрыс сақталуы. Гүл жасауға қатысты критерийлер: 1. Гүл бөлімдерінің толық сақталуы. 2. Әсем безендірілуі. 3. Түсті қағаздарды толық пайдалануы.   Ән   тақырыбын   таңдау   үшін   топ   басшылары   түрлі   түсті   конверттерге жасырылған   тақырыптырды   таңдады   ,   онда   «ана»,   «әке»,   «хит»   сөздері жасырылған.Басқа   топтар   өзге   топтарды     критерийлер   бойынша   бағалап отыру.   Берілген   бес  минут   ішінде   топ   мүшелері   өзара   ақылдасып  ,   өздері таңдаған тақырыпқа сай ән айтуға дайындалды. Екінші   тапсырманы   орындау   үшін   қосымша   тағы   бес   минут   берілді.   Топ мүшелері   біріге   отырып   түрлі   түсті   қағаздардан     гүлдің   апликациялық бейнесін жасауға кірісіп кетті. Белгіленген   уақыт   аяқталған   соң   коучингке   қатысушылар   шеңбер   құрай отырды   да   тапсырманы   бірінші   орындап   болған   топтан   бастап   ән айтты.Бірінші болған   топ «ана» тақырыбында ән салды.Топ мүшелері түгел қатысты, әннің әуеніне қарай баяу ырғалып қозғалып тұрып, ән шумақтарын қағазға қарамай айтып шықты. Екінші топ « хит» ән ретінде «Қызыл өрік» әнін орындады.   Әнді   қағазға   қарап   айтқанмен   топтың   бірнеше   мүшесі   ортаға шығып билеп берді. Үшінші топ «Әке толғауы» әнін орындады, олар қағазға да қарады әрі топ мүшелері толық қатыспай қалды.Әр топтың   тапсырманы қалай   орындағаны   алдын­ала   анықталған   критерий   бойынша   бағаланды. Екінші тапсырма өз қолдарымен жасалған апликациялық гүлдерді алдымен топ   мүшелері   таныстырып   шықты   ,   содан   кейін   басқа   топтар   бағалады. Соңынан бір­біріне ризашылықтарын білдіре отырып , өздері жасаған гүлдерін ұнатқан   топ   мүшелеріне   сыйлады.   Тапсырманы   орындау   барысында смайликтермен бағалап отырдым. Әрі   қарай   коучингке   қатысып   отырған   мұғалімдерді   пән   бойынша   қайта топтастырып,   сабақтың   бір   кезеңіне   бағалау   критерийлерін   құруларын сұрадым.   Олар   топпен   ақылдаса   отырып   сабақтың   бір   кезеңіне   бағалау критерийлерін   құрады.Өздері   құрған   критерийлермен   басқа   әріптестерімен бөлісу   мақсатында   ,   топтың   бір   мүшесі   ортаға   шығып   қорғады.Басқа   топ мүшелері   түсінбеген  жерлерін  сұрақтармен  толықтырды   және  шапалақ  ұру арқылы   мадақтап   отырды.Коучингті   қорытындылау   мақсатында   әр   топ мүшесінен   бағалау   және   критерийлер   құру     туралы   түйінді   идея   айтуды сұрадым.Түйінді  идеяны  айту  коучингке  қатысып  отырған  жас  мамандарға тиді. Сабақтан алған әсерлері , не үйреніп білгендері мен ұсыныстарын білу үшін  рефлексияның екі түрі алынды: 1. Танымдық   рефлексия,   онда   мұғалімдер   сұрақтар   жазылған үлестірмелерге өз ойларын жазып берді. 2. Эмоциялық рефлексияда сабақтан кейінгі көңіл­күйлерін стикерлерге жазу,сурет салу арқылы білдіріп, «Табыс ағашына» апарып ілді. Бағалаудың түрлі  тәсілдерін сабақта қолданамыз, бағалау туралы көп  ойланамыз, талдаймыз, кейде қиындықтар болады. Бірақ мен өз тәжірибемнен  мынадай нәрселеге көз жеткіздім: ∙        оқушыларға әр кезде жұмыстың мақсатын және  критерияларын айтып отыру, немесе естеріне салу; ∙        өзін­өзі бағалауға уақытты жоспарлау; ∙         оқушылардың мақсатқа жету жолдарын нақты көру үшін   мұғалім сабақтаң мақсатын, бағалау критерийлерін тақтаға  немесе стендтерге көрсетіп қою тиіс!!!

«Оқушыларды бағалауда критерий құра аламыз ба?» тақырыбында өткен коучингке рефлексиялық есеп.

«Оқушыларды бағалауда критерий құра аламыз ба?»  тақырыбында өткен коучингке рефлексиялық есеп.

«Оқушыларды бағалауда критерий құра аламыз ба?» тақырыбында өткен коучингке рефлексиялық есеп.

«Оқушыларды бағалауда критерий құра аламыз ба?»  тақырыбында өткен коучингке рефлексиялық есеп.

«Оқушыларды бағалауда критерий құра аламыз ба?» тақырыбында өткен коучингке рефлексиялық есеп.

«Оқушыларды бағалауда критерий құра аламыз ба?»  тақырыбында өткен коучингке рефлексиялық есеп.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.01.2018